Жүйкелік үдерістердің (қозу мен тежелу) сипаттамасы:
1) күші – ми қыртысы нейрондарының тітіркендіруге жауап қайтару және
пайда болған рефлекстерді дер кезінде тежеу, яғни жұмыскерлік қабілеті;
2) теңдестігі – ми қыртысы нейрондарының қозуы
мен тежелуі арасындағы
қатынастары, яғни тең жағдайда болуы;
3) жылжымалылығы – қозудың тежелумен немесе тежелудің қозумен алмасу
жылдамдығы. Басқаша айтқанда, бір әрекеттен басқа әрекетке ауысу қабілеті.
Ми қыртысы орталықтарындағы шартты рефлекстердің қалыптасуы мен
олардың тежелуі туралы мәліметтерді толық зерттеген И.П.Павлов, жоғары
жүйке жүйесінің негізгі төрт типтерін ажыратады: І-ші - күшті, теңдескен,
ширақ (жылжымалы); ІІ-ші - күшті, теңдескен, енжар (инертті):
ІІІ-ші -
күшті, теңдеспеген (ұстамсыз); IV-ші - әлсіз тип. Мұндай типтер адам мен
жануарларға да тән.
ЖЖЖ-нің типтері мен темпераменттер арасындағы байланысты, грек
ғалымы Гиппократтың (460-377 ж.б.з. дейінгі),
осы уақытқа дейін маңызын
жоймаған, адам мінезін 4 темпераментке бөлген жіктеуімен салыстыра
байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: