ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
Патофизиология – 2
Тірек – қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары модулі
Модулдің мақсаты: негізгі және клиникалық пәндерді біріктіру негізінде студенттерді ересектердің және жас балалардың қалыпты және дерттік жағдайларда ТҚЖ-нің, тері және оның қосалқыларының клиникалық тексеру жүргізу барысында, оның қызметін қамтамасыз ететін физиологиялық үрдістерді және негізгі клиникалық әйгіленімдердің патофизиологиялық даму тетігін ескеріп отыруын үйрету.
Патофизиология-2 модулінің міндеттері: тері және оның қосалқылары мен тірек-қимыл жүйесінің зақымдану синдромдары және негізгі әйгіленімдері пайда болуының патофизиологиялық тетіктерін түсіндіру.
Тәжірибелік сабақтарға АРНАЛҒАН әдістемелік ұсыныстар
№ 1 тақырып. «Тері мен тірек қимыл құралының дистрофиялық және қабынулық зақымдануының патофизиологиясы» .
Сабақтың мақсаты:
-
Буындық синдромның, тері ауруларының этиологиясын және патогенезін меңгеру.
Оқыту міндеттері:
Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
-
Остеопатиялар мен артропатиялардың этиологиясы мен патогенезін сипаттауды
-
«соқыр» кестелерді толтыру және патогенездік сызбанұсқаны құрастыруды
-
Буындық синдромның патогенезін түсіндіруді
-
Тері ауруының жалпы этиологиясын сипаттауды
-
Терідегі біртектес дерттік үрдістерді анықтап, патогенезін түсіндіруді
-
Ситуациялық есептерге қорытынды жасауды
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Сүйек тіні дамуы бұзылысының этиологиясы және патогенезі.
-
Остеогенді жасушалардың белсенділігі реттелуінің бұзылыстары. Сүйектің боркеміктенуі (остеопороз) және жұмсаруының (остеомаляция) патогенезінде кәлций, фосфор алмасуының рөлі.
-
Тірек қимыл құралының біртектес бұзылыстары. Остеопатиялар туралы түсінік, түрлері (тұқымқуалайтын және жүре пайда болған), этиологиясы және патогенезі.
-
Буындардың дегенерациялық, қабынулық өзгерістері (артропатиялар). Буынның қабынуы мен шорбуын (артрит пен артроз) туралы түсінік, этиологиясы мен даму тетігі. Құздамаға ұқсас артрит туралы түсінік.
-
Тері ауруларының жалпы этиологиясы. Сыртқы және ішкі этиологиялық жайттарға сипаттама. Терінің бүлініске төзімділігі.
-
Терідегі біртектес дерттік үрдістер және олардың патогенезі.Тері аурулары патогенезіндегі жалпы және жергілікті жайттардың өзара арақатынасы.
Оқыту мен үйретудің әдісі:
Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс жасау: патогенездік тізбекті оқып үйрену, ситуациялық есептерді шешу.
Тәжірибелік жұмыс
.
|
№1 тапсырма
|
Кестені толтыру, ең жиі кездесетін остеопатияның патогенезін көрсету
|
Остеопатияның түрлері
|
Патогенезі
|
Тұқымқуалауға бейімділік
|
Ахондроплазия
|
|
Аяқталмаған остеогенез
|
|
Марфан синдромы
|
|
Мешелге ұқсас аурулар
|
|
Жүре пайда болған
|
Қарттық
|
|
Ауқаттық
|
|
Гормондық
|
|
Бүйректік
|
|
Қабынулық
|
|
№ 2 тапсырма. Остеопороз патогенезінің сызбанұсқасын оқып үйрену
БОРКЕМІКТЕНУДІҢ (ОСТЕОПОРОЗ) ПАТОГЕНЕЗДІК ЖАЙТТАРЫ
-
Тұқымқуалаушылыққа бейімділік және кәлций алмасуы реттелу жүйесіндегі теңсіздік (жыныс бездері қызметінің төмендеуі, гипертиреоз, қалқанша маңы бездері қызметінің жоғарылауы, глюкокортикоидтар өндірілуінің жоғарылауы ж.б., D витамині алмасуының бұзылуы).
-
Өсу жайттары түзілуінің азаюы
-
Цитокиндер өндірілуінің көбеюі (ИЛ-1 т.б.)
Остекластар мөлшерінің көбеюі және олардың белсенділігінің жоғарылауы → резорбцияның күшеюі
|
Остебластар мөлшерінің азаюы және олардың белсенділігінің төмендеуі → сүйек түзілуінің төмендеуі
|
Сүйек тіні қайта үлгіленуінің бұзылысы
Жас сүйек (остеоид) түзілуінің және оның минералдануының төмендеуі
Сүйек тіні минералдық тығыздығының төмендеуі (сүйек қуыстануы)
Аяқ -қол сүйектерінің, омыртқа денесінің, сан сүйегі мойнының сынықтары
|
№ 3 тапсырма. Буындық синдромның негізгі көріністерін атау, патогенезін көрсету
№ 4 тапсырма. Остеоартроздың патогенездік сызбанұсқасын оқып-үйрену
Буын шеміршегінің әдеттегі төзімділігі кезінде буынға механикалық жүктеменің шамадан тыс түсуі
|
Буын шеміршегінің төзімділігі төмендеу кезінде буынға әдеттегі механикалық жүктеменің түсуі
|
↓
Буын шеміршегінің беткейіне түсетін механикалық жүктеме мен оның осы жүктемеге қарсыласу мүмкіншілігінің сәйкес келмеуі
↓
Шеміршектің ыдырауы мен оның қалпына келуінің арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы
(қайта үлгілеу)
↓
Шеміршектің дегенерациясы және нәрсізденуі
↓
Синовит, шеміршек асты сүйектің зақымдануы
|
№5 тапсырма.
|
Ситуациялық есептерді шешу.
|
|
№ 1 есеп. Емханаға 45 жастағы науқас екі қолының білезік, саусақ буындарындағы орташа ауыру сезіміне, олардың ісінуіне және таңертең қозғалыстың шектелуіне шағымданып келді. Ауыру сезімі көбіне қимылдағанда пайда болады. Сонымен қатар кешкі уақыттарда науқастың дене температурасының 37,5-38,0ºС- қа дейін көтерілуі, жүрек қағуы, физикалық күш түскенде ентігу, әлсіздік, селқостық, арықтау мазалайды. Науқастың анамнезінен (сыртартқысынан) оның буындарындағы ауыру сезімі жедел тыныстық вирустық жұқпаны басынан өткізгеннен 3 айдан бері мазалайтындығы белгілі. Соңғы 1 айда дене қызымының көтерілуін, жүрек қағуын, арықтауын байқаған. Сол кезде тағы саусақ буындарының ісінуі мен қозғалыстың шектелуін байқаған. Ем қабылдамаған. Науқастың ата-анасы қартайған шағында өлген, бірақ ол анасының аяқ-қолдарындағы буындарының ауыратындығына жиі шағымданғанын айтады.
Зерттеу мәліметтері: бойы – 168 см, салмағы - 48 кг, дене қызымы– 37,6, АҚ – 90/60 мм.с.б.,
Пульсі (ТСЖ -тамыр соғу жиілігі) - 100/мин, ТЖ-20/мин. Бұлшық ет-сүйек жүйесі: екі қолының үстіңгі жақтық бунақ аралық алақан бунақтық және білезік буындары ісінген, пішіні шамалы жойылған, терісі қызарған, ауыру сезіміне байланысты қимылы біраз шектелген. Қол саусақтары ұршық тәрізді. Шынтақ буындарының сыртқы бетінде теріастылық түйіндер және саусақ бұлшық еттерінің шамалы семуі байқалады .
Қан талданымы:
Эритроциттер 3,0 х1012 Ретикулоциттер 5 ‰
Гемоглобин 100 г/л
Түстік көрсеткіш 0,8
Лейкоциттер 10,0 х 109 /л
Эозинофилдер 3, 0 %
Таяқша ядролы лейкоциттер 8 % ; б/я - 67 %
Лимфоциттер 14 %; Моноциттер - 4 %
Тромбоциттер 240 х109 /л
ЭШЖ 35 мм/сағ.
Қан жағындысында - гипохромия - ++;
Қанның биохимиялық талданымы: С-әсерлі нәруыз (СӘН) +++
Протеинограмма
Қалыпты жағдайда
Жалпы нәруыз 50 г/л 65 – 85 г/л
Әлбуминдер 30 г/л 40 - 50 г/л
Глобулиндер 42 г/л 30 - 40 г/л
Фибриноген 6 г/л 2 - 4 г/л
Аспаптық зерттеулер
Аспаптық зерттеулер нәтижесі: Рентгенограммада алақан-бунақтық буынды құрайтын сүйектердің буындық бөліктерінің боркеміктенуі (остеопороз) байқалады. Оң қолының II саусағының үстіңгі бунағы негізінде және III алақан сүйегінің басында жиектік өрнектер көрінеді. Оң қолдың III және II саусақтағы және алақан-бунақтық буындарының буын саңылаулық айқын тарылуы байқалады.
-
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
-
Осы науқастағы аурудың мүмкін болатын себептері қандай? Осы аурудың этиологиясы туралы кәзіргі кезде қандай көзқарастар бар?
-
Осы аурудың дамуына әкелетін жағдайларды көрсетіңіз. Аурудың тұқым қуалаушылыққа бейімділігі қандай тектерге байланысты?
-
Осы оқиғадағы буын зақымдануы патогенезінің негізгі тізбегін көрсетіңіз. Құздамаға ұқсас артрит кезіндегі буын зақымдануында иммундық зақымданудың қай түрі қатысады?
-
Осы науқастағы буын зақымдануы патогенезінің сызбанұсқасын оқып үйреніңіз. Осы оқиғадағы организмнің жалпы серпілісін туындататын және буын қабынуының дамуына қатысатын дәнекерлерді көрсетіңіз
Антиген (вирус ?) → II топ HLA антигендері (тектік бейімділік
↓
CD4+ Т-лимфоциттер
↓
Цитокиндер
↓
макрофагтардың әсерленуі
↓
В-лимфоциттердің әсерленуі
↓
антидене өндірілуі (құздамаға ұқсас жайттың)
↓
иммундық кешендердің түзілуі
↓
буынның зақымдануы
|
Цитокиндер
↓
фибробластар, сілемейлік жасуша, хондроциттер
↓
коллагеназа, эластаза, ПГ E2 және басқа ферменттердің босауы
↓
паннустың қалыптасуы, шеміршек, сүйек құрылымының бұзылуы, фиброздың дамуы
|
Эндотелиоциттердің әсерленуі
Пролиферация
(өсіп -өну)
адгезиялық молекулалардың өршуі
↓
Лейкоциттердің эмиграциясы
| -
Қандағы СӘН – деңгейі жоғарылауының тетігін түсіндіріңіз. Қанда, «жауаптың жедел кезеңінің» тағы қандай нәруыздары жоғарылаған?
-
Лейкоциттік өрнектің өзгеру тетігін түсіндіріңіз
8. Сіз көрсетілген ауруға қандай патогенездік емдеу жолдарын ұсынасыз?
№ 2 есеп
Иық сүйегі сынған 2 жастағы бала аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Тексеру барысында қабырғаның «ескі» сынықтары, буындарының өте жоғары қозғалғыштығы, тістердің өзгерістері, көз ағының көгілдірленуі байқалған. Дәрігер төмендегілердің біреуінің түзілуі бұзылысымен қабаттасқан тұқым қуалайтын аурудың бар екендігіне күдіктенді:
-
Коллагеннің I түрі
-
Коллагеннің II түрі
-
Коллагеннің III түрі
-
Коллагеннің IV түрі
-
Коллагеннің V түрі
№ 3 есеп
65 жастағы науқас М.., ұзақ уақыт бойы несеп-тас ауруына байланысты дәрігерлік бақылауда болған. Рентгенограммада сүйек тінінің фиброзды өзгерістері байқалған. Сүйек тінінің кері сорылуы сүйек түзілуінен басым. Осы науқастың қанындағы кәлций, фосфаттар және паратгормон деңгейінің өзгерісін қалай болжауға болады?
|
Са2+
|
РО43-
|
паратгормон
|
A)
|
↓
|
↓
|
↑
|
B)
|
↓
|
↑
|
↓
|
C)
|
↓
|
↑
|
↑
|
D)
|
↑
|
↓
|
↑
|
E)
|
↑
|
↑
|
↑
|
Көрсетілген өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз
№ 4 есеп
35 жастағы науқас М.., дәрігерге білезіктік буынның бүгілу беткейінде, қолтық және саусақаралық қатпарлардағы терінің қышуына, ұйқысының бұзылуына, еңбекке қабілетінің төменденуіне шағымданып келді. Тексеріп қарағанда қасыну іздері бар қабыршықтармен жабылған иректелген жолдар анықталды (суретті қараңыз): Науқаста болуы мүмкін:
-
Жанасулық дерматит
-
Қотыр
-
Қызыл жегілік дерматит
-
Есекжем
-
Пиодермия
№ 5 есеп
Дерматологтың қабылдауына 24 жастағы науқас А., саусақтарының терісіне бөртпелердің шығуына шағымданып келді.Осыған ұқсас, бірақ айқындылығы төмен бөртпе алты ай бұрын болған. Преднизолон майын жаққан соң тез жоғалып кетті. Дәрігер аллергиялық жанасулық дерматит деген диагноз қойды.
1.Бөртпенің пайда болуы науқастың кәсіптік іс-әрекетімен байланысты болуы мүмкін бе?
2.Неге преднизолон майын жаққан соң бөртпе кетіп қалды ?
3. Аллергиялық жанасулық дерматит аллергиялық серпілістің (Джелл және Кумбс бойынша) қай түріне жатады ?
4. Осы дерматиттің патогенезі қандай ?
№ 6 есеп. 28 жастағы С. науқасқа ангинасына байланысты бұрын өзі бірнеше рет қабылдаған амаксиклав дәрісі тағайындалды. Емнің екінші күнінде науқастың жалпы жағдайы жақсарып дене қызымы төмендеді, бірақ терісіне қышыну және ашу сезімімен қабаттасатын қызыл дақ түріндегі бөртпелер қаптап кетті. Дерматологпен дәрі-дәрмектік токсикодермия деген диагноз қойылды.
1. Бөртпенің шығуы амаксиклавқа аллергиялық серпілістің болуымен байланысты ма?
2. Бөртпенің патогенезі қандай?
3. Науқасқа амаксиклавты ары қарай қабылдауға бола ма?
әдебиеттер:
Негізгі:
-
Основы патологической физиологии. Руководство для врачей//В.В. Михайлов.-М.: МЕДпресс, 2004 –С. 631-650.
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2008. – с.448-450
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.- С. 716-731
-
Патологическая физиология // Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С.605 – 621
-
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 146-147, 214-216 .
Қосымша
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 337-340
-
Остеоартрит//Под ред. Лесняк О.М. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006. - 176 с
-
Остеопороз // Под ред. Беневоленской Л.И., Лесняк О.М. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2008. - 176 с
-
Тақырыптың мульдимедиялақ көрсетілімі.
Бақылау
(сынамалық тапсырмаларды орындау, мерзімдік бақылауды қараңыз )
аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа (СӨЖ) арналған әдістемелік ұсыныстар
№ 1 тақырып «Мешел патофизиологиясы»
Мақсаты:
-
Мешелдің этиологиясын және патогенезін өз бетінше оқып үйрену
Тапсырмалар:
-
Оқу материалын мына сұрақтар бойынша талдау:
-
Мешелдің этиологиясы (Д витаминінің организмге түсуінің, сіңірілуінің, оның әсер ету тетігінің бұзылыстары).
-
Мешел кезіндегі организмдегі өзгерістердің патогенезі
-
Мешел патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру
-
Сынамалық тапсырмаларды орындау
СӨЖ орындалу түрі:
Берілген әдебиеттер бойынша материалды өз бетінше оқу, сынамалық тапсырмаларды орындау, мешел патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру.
Бағалаумен орындалу критерийлерін 2.11. «Білімдерді бағалау ережелері мен критерийлері» бөлімінен қараңыз.
СӨЖ-ді тапсыру мерзімі:
«Тірек – қимыл жүйесі. Тері және оның қосалқылары» модулі бойынша мерзімдік бақылауда
Әдебиеттер
Негізгі
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: учбник : в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. 192 -193 беттер
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.- С. 534-549
Қосымша
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 255-258
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – 459-460 беттер.
Сынамалық тапсырмаларды мерзімдік бақылаудан қараңыз
Мерзімдік бақылау
«Тірек –қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары » модулі бойынша
Мақсаты: сабақ және сабақтан тыс өтілген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалау .
Бақылаудың міндеті:
-
Өтілген материалдар бойынша білімді нығайту
Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылаудың сұрақтары:
-
Сүйек тіні дамуы бұзылысының этиологиясы және патогенезі.
-
Остеогендік жасушалардың белсенділігі реттелуінің бұзылысы. Сүйектің боркеміктенуі (остеопороз) және жұмсаруының (остеомаляция) патогенезіндегі кәлций, фосфор алмасуының маңызы.
-
Тірек-қимыл құралының біртектес бұзылыстары. Остеопатиялар туралы түсінік, түрлері (тұқымқуалайтын және жүре пайда болған), этиологиясы және патогенезі.
-
Буындардың дегенерациялық, қабынулық өзгерістері (артропатиялар). Буынның қабынуы мен шорбуын (артрит пен артроз ) туралы түсінік, этиологиясы мен даму тетігі. Құздамаға ұқсас артрит туралы түсінік.
-
Тері ауруларының жалпы этиологиясы. Сыртқы және ішкі этиологиялық жайттарға сипаттама. Терінің бүлініске төзімділігі.
-
Терідегі біртектес дерттік үрдістер және олардың патогенезі.Тері аурулары патогенезіндегі жалпы және жергілікті жайттардың өзара арақатынасы.
СЫНАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
1. Остеолизисті әсерлендіреді
-
Тиреокәлцитонин
-
ауыспалы (трансформирующий) өсу жайты
-
Эпидермистік өсу жайты
-
Паратирин
-
D Витамині
2. Сүйек тінінің қайта үлгіленуі – бұл:
А) сүйек тінінің кері сорылуының тұрақты үрдісі және оның түзілуі
В) аяқ-қолдың жасанды ұзаруы
С) буындарға протез салу
D) остеобластармен сүйек тінінің кері сорылуы
Е) остеокластармен сүйек тінінің түзілуі
3. Сүйек тінінің кері сорылуын ынталандырады
А) интерлейкин -1
В) механикалық жүктеменің артуы
С) кәлцитонин
D) фибробластардың өсу жайты
Е) ß.-ауыспалы (трансформирующий) өсу жайты
4. Сүйек тінінің кері сорылуының тежегіштері болып табылады
А) өспе тіршілігін жоятын жайт
В) интерлейкин -1
С) паратгормон
D) 1,25 (ОН)2 D3
Е) эстрогендер
5. Эстрогендер
А) остеокластардың белсенділігін басады
В) сүйектен кәлцийді «жуып шығарады»
С) сүйек тінінің кері сорылуын күшейтеді
D) гипокәлциемия және гиперфосфатемияны туындатады
Е) гиперкәлциемия және гипофосфатемияны туындатады
6. Аяқталмаған остеогенездің біртектес көріністері
А) шамадан тыс созылмалы тері
В) ақыл естің кемістігі
С) «өрмекші»- тәрізді саусақтар
D) сүйектердің сынғыштығы, көздің ағы көгілдір болуы, кереңдік
Е) буындардың өте қозғалғыштығы
7. Аяқталмаған остеогенездің патогенезінде коллаген тектерінің мутациясы маңызды:
А) I түрінде
В) II түрінде
С) III түрінде
D) IV түрінде
Е) V түрінде
8. Марфан синдромының біртектес көріністері болып табылады
А) буындардың өте қозғалғыштығы және арахнодактилия
В) құрсақ ішілік сүйек сынғыштығы
С) құздамаға ұқсас артрит
D) «янтарлы» тістер
Е) шамадан тыс созылмалы тері
9. Реклингаузен ауруында (фиброзды остеодистрофия, гиперпаратиреоидизм)
-
Са 2↑, РО43-↓ , сілтілі фосфатаза↑
-
Са 2↓ , РО43- қалыпты жағдайда, сілтілі фосфатаза↑
-
Са 2 қалыпты, РО43- қалыпты, сілтілі фосфатаза қалыпты
-
Са 2 қалыпты, РО43- қалыпты, сілтілі фосфатаза↑
-
Са 2↓, РО43-↓ , сілтілі фосфатаза ↓
10. Остеопатия дамымайды
-
Д витаминінің тепе-теңдігі бұзылғанда
-
Гиперпаратиреоидизмде
-
Сүйек тінінің қабынуында
-
Бүйрек қызметі бұзылысында
-
Минералокортикоидтар тепе-теңдігі бұзылғанда
12. Сенильді остеопатиялардың патогенезінде маңызы жоқ
-
Кәлцитонин белсенділігінің төмендеуі
-
Бүйрек және теріде Д витамині түзілуінің төмендеуі
-
Ішекте кәлцийді сіңірілу қызметінің төмендеуі
-
Остеобластардың белсенділігінің төмендеуі
-
Остеокластардың белсенділігінің төмендеуі
13. Бүйректік остеодистрофияға тән емесі
-
Паратгормон деңгейінің көтерілуі
-
Гиперкәлциемия
-
Гиперфосфатемия
-
Гипокәлциемия
-
Д витаминінің белсенді түрінің түзілуінің бұзылуы
14. Баланы тексеру барысында қабырғаның «ескі» сынықтары, буындарының өте жоғары қозғалғыштығы, тістердің өзгерістері, склераның көгілдірленуі анықталған. Дәрігер төмендегілердің біреуінің түзілуінің бұзылысымен қабаттасқан тұқым қуалайтын аурудың бар екендігіне күдіктенді
А) I түрлі коллагеннің
В) II түрлі коллагеннің
С) III түрлі коллагеннің
D) IV түрлі коллагеннің
Е) V түрлі коллагеннің
15. . Сүйектің қуыстануы ( Остеопороз) – бұл
А) шеміршек тінінің деформациясы
В) сүйек тінінің жұмсаруы
С) сүйек тіні минералдық тығыздығының төмендеуі
D) остеомаляция синонимі
Е) остеоид түзілуінің бұзылысы.
16. Остеопороз дамуының қауіп – қатер жайты
A) аналық бездер қызметінің төмендеуі
B) кәлций дәрілік заттарын артық қабылдау
C) тестостерон сөлденісінің жоғарылауы
D) сүйек массасының жоғарғы шыңы
E) бүйрек үсті бездері қызметінің төмендеуі
17. Алғашқы жайылған остеопороз байқалады
А) қартайған шақта, әсіресе әйелдерде
В) глюкокортикоидпен 3 айдан артық емдегенде
С) барбитураттармен емдегенде
D) гипогонадизм кезінде
Е) ішектің резекциясынан кейін
18. Салдарлық жайылған остеопороз байқалады
A) гиперэстрогенемияда
B) өт-тас ауруында
C) гипопаратиреозда
D) ұзақ төсек тартып жатқанда
E) сүйек сынығын гипстік таңғышпен емдегенде
19. Остеопороз патогенезінде маңыздысы
А) остеобластар қызметінің күшеюі
В) сүйектерде кәлций және фосфор мөлшерінің көбеюі
С) сүйек тінінің қайта үлгіленуі белсенділігінің көтерілуі
D) остеоид түзілуі және минералдануының бұзылысы
Е) сүйек массасының жоғарғы шыңы .
20. Остеопороз патогенезінде мына өнімдердің көбеюінің маңызы бар
А) интерлейкин – 1-дің
В) Е простагландиндерінің
С) тромбоциттік өсу жайтының
D) инсулинге ұқсас өсу жайттарының
Е) кейлондардың.
21. Остеопорозға әкеледі
А) остеобластар белсенділігінің көтерілуі
В) остеокластар белсенділігінің төмендеуі
С) өсу жайттары өндірілуінің азаюы
D) сүйек тіні қайта үлгіленуінің әсерленуі
Е) остеоциттер санының көбеюі
22. . Остеопороздың салдары
А) сүйектердің сынғыштығы
В) инсульттер
С) қант диабеті
D) артериалық гипертензия
Е) аяқтардың қисаюы
23. Сүйек жұмсаруы ( остеомаляция) кезінде
A) остеоид түзіледі, бірақ минералданбайды
B) сүйек тінінің остеоиды түзілмейді
C) остеоид түзіледі және минералданады
D) сүйектерде кәлций, фосфор мөлшері көбейеді
E) ) сүйек тінінде минерализация үрдістері күшейеді
24. Буындық синдром кезіндегі ауыру сезімінің патогенезінде маңыздысы
А) буын қуысына эксудаттың жиналуы
В) синовиоциттермен брадикинин өндірілуінің азаюы
С) гистамин өндірілуінің азаюы
D) антиноцицепциялық жүйенің белсенділігінің көтерілуі
Е) эндорфиндердің артық түзілуі
25. Буындағы үзіліссіз түнгі сыздап ауыру сезімі байланысты
А) веноздық стаз және сүйек ішілік қысыммен
В) шеміршектік детрит шөгетін шеміршек беттерінің үйкелуімен
С) «буындық тышқан» буын бөгетімен
D) ГАМҚ- ергиялық қабылдағыштардың қозуымен
Е) антиноцицепциялық жүйенің белсенділігінің көтерілуімен
26 Остеоартроз – бұл
А) буынның қабынуы
В) буындық шеміршектің бүлінген-нәрсізденулік (дегенеративті-дистрофиялық) зақымдануы
С) сүйектің минералдық тығыздығының азаюы
D) сүйектердің жұмсаруы
Е) омыртқа аралық табақшалардың дистрофиялық (нәрсізденулік) өзгерістері
27. Остеоартроз патогенезінде маңызы жоғы
A) синовиттің біріншілік дамуы
B) хондроциттермен шеміршек матриксінің құнарсыз нәруыздарының түзілуі
C) шеміршекте ыдырау үрдістерінің күшеюі
D) буындардың шеміршегіне жүктеме түсуі және олардың репарациясының арасындағы сәйкессіздік
E) синовиттің екіншілік дамуы
28. Буын шеміршегі төзімділігінің төмендеуін туындатады
А) өспе тіршілігін жоятын жайт түзілуінің азаюы
В) интерлейкин – 1 азаюы
С) коллагеназа жеткіліксіздігі
D) буынның сілемейлі қабығының деструкциясы
Е) эстрогендердің артықтығы
29. Құздамаға ұқсас артрит дамуының негізінде жатқан иммундық зақымданудың негізгі түрлері
-
Реагиндік
-
Цитотоксиндік және реагиндік
-
Иммундық кешендік және жасуша қатысуымен жүретін
-
Қабылдағыштық
-
Реагиндік және иммундық кешендік
30. Құздамаға ұқсас артрит кезіндегі буын шеміршегінің ыдырауын қамтамасыз етеді
-
остеобластардың әсерленуі
В) паннус коллагеназасы
С) остеокластардың әсерленуі
D) остеоид минерализациясының бұзылысы
Е) шеміршекке жүктеме түсу және олардың репарациясының арасындағы сәйкессіздік
31. (ОН)2Д3 тапшылығы ішекте кәлций сіңірілуінің бұзылысы ? салдарлық гиперпаратиреоз сүйек тініне кәлций қосылуының төмендеуі, остеокластарды ынталандыру остеомаляция
-
Гипокәлциемия
-
гиперкәлциемия
-
гипофосфатемия
-
гипернатриемия
-
гипонатриемия
32. Мешел ауруы пайда болады
-
Е витаминінің тапшылығында
-
В тобы витаминдерінің тапшылығында
-
Д витаминінің тапшылығында
-
К витаминінің тапшылығында
-
А витаминінің тапшылығында
33. Д гиповитаминозының көрінісіне жатады
-
еңбектің ерте бітуі
-
кәлциноз
-
түтікті сүйектердің қисаюы
-
микроцефалия
-
«янтарлық тістер», көздің ағының көгілдірленуі, буындардың қозғалғыштығы
34. Ультракүлгін сәуленің зақымдаушы әсеріне тері төзімділігін қамтамасыз етеді (1)
-
су-майлық тері жабындысы
-
Лангерганс жасушалары
-
эпидермистік Т-лимфоциттер
-
меланоциттер
-
Меркел жасушалары
35. Фотодерматиттердің дамуын қамтамасыз етеді
A) мұздау
B) стероидтық емес қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау
C) еркек жынысы
D) егде жас
E) ішімдік қабылдау
36. Генотиптің дерті төмендегілердің пайда болуына әкеледі
A) пиодермияның
B) жанасулық дерматиттің
C) микоздың
D) эпидермофиттің
E) ихтиоздың
37. Іріңді қабыну мынаның даму негізінде жатады
А) меланоманың
В) базилиоманың
С) микоздың
D) ихтиоздың
Е) гидрадениттің
38 Табан эпидермофитиясының дамуын қамтамасыз етеді
A) балықты шикі түрінде жеу
B) жанұяда ауру мысықтың болуы
C) монша, душ, қауызға түсу
D) бас киімді, тарақты ортақ қолдану
E) қайнатылмаған сүтті қолдану
39. Адамның қотырды жұқтыру жолдарын көрсетіңіз
A)ауалы-тамшылы
B) оральді-фекальді
C) киім және төсек арқылы
D) жануарлар арқылы
Е) қан сорғыш жәндіктер арқылы
40. Терінің аутоиммунды ауруы
А) стрептодермия
В) күйік
С) дискоидті қызыл жегі
D) фотодерматит
Е) фолликулит
41. Аллергиялық серпілістің реагиндік түрі, патогенезінің негізінде жатыр
-
Есекжемнің
-
Жанасулық дерматиттің
-
Артюс еренінің
-
Шенлейн-Генох ауруының
-
Қызылша кезіндегі бөртпелердің
-
Желшешек кезіндегі бөртпелердің
42. Есекжемнің патогенезінде маңызы бар
A) сезімталдығы көтерілген Т- лимфоциттердің клонының түзілуі
B) сезімталдығы көтерілген Т- лимфоциттердің лимфокиндерді бөліп шығаруы
C)комплемент жүйесі нәруыздарының әсерленуі
D) мес жасушаларының түйіршіксізденуі
E) гранулемалық қабынудың дамуы
43. Аллергиялық серпілістің иммундық кешендік түрі, патогенезінің негізінде жатыр
-
Есекжемнің
-
Жанасулық дерматиттің
-
Шенлейн-Генох ауруының
-
Желшешек кезіндегі бөртпелердің
-
Квинке ісінуінде
44. Аллергиялық серпілістің жасуша қатысуымен жүретін түрі, патогенезінің негізінде жатыр
-
Есекжемнің
-
Жанасулық дерматиттің
-
Артюс еренінің
-
Шенлейн-Генох ауруының
-
Қызылша кезіндегі бөртпелердің
45. Лайелл синдромының ен жиі кездесетін себебі болып табылады
А) вирустар
В) ауыр металл тұздары
С) дәрілік заттар
D) уақ саңырауқұлақтар
Е) стафилококтар.
46. Жанасулық дерматит патогенезінің негізін құрайтын аллергиялық серпіліс түрі
-
Реагиндік
-
Цитотоксиндік
-
Жасуша қатысуымен жүретін
-
Иммундық кешендік
-
Қабылдағыштық
47. Аддисон ауруы кезіндегі гиперпигментация патогенезінде маңызы
А) глюкокортикоидтардың тапшылығы салдарынан АКТГ көбеюі
В) глюкокортикоидтардың артықтығы салдарынан АКТГ көбеюі
С) минералокортикоидтардың тапшылығы салдарынан АКТГ көбеюі
D) глюкокортикоидтардың артықтығы салдарынан меланоцит ынталандырушы гормонның көбеюі
Е) минералокортикоидтардың тапшылығы салдарынан меланоцит ынталандырушы гормонның көбеюі
48. Альбинизм кезіндегі . депигментация байланысты
А) меланоциттердің болмауымен
В) тирозиназа белсенділігінің төмендеуімен
С) меланосома түзілуінің бұзылысымен
D) кератиноциттерге меланосоманың тасымалдануының бұзылысымен
Е) меланиннің антиденелермен жойылуымен
49. Фенилкетонурия кезіндегі гипопигментация байланысты
-
тирозиназа белсенділігінің жеткіліксіздігі
-
меланоциттердің бұзылуымен
-
фенилаланиннің меланинге уытты әсерімен
-
меланоцит ынталандырушы гормон тапшылығымен
-
фенилаланиннің тирозинге айналуының бұзылысымен
50. Витилиго кезіндегі терінің депигментация байланысты
А) тирозин түзілуінің азаюымен
В) тирозиназа белсенділігінің жоғарылауымен
С) меланоцит ынталандырушы гормон тапшылығымен
D) меланоциттердің бұзылуымен
Е) кератиноциттерге меланосоманың тасымалдануының бұзылысымен
Тәжірибелік ДАҒДЫлар тізімі
Студент білуі тиіс:
-
Тері және тірек-қимыл құралының негізгі біртектес бұзылыстарының патогенезін түсіндіру
Оқыту құралдары
-
Электрондық тасымалдаушылардағы оқу- әдістемелік материалдар
-
Тақырыптың мультимедиялық көрсетілімі
-
Сабаққа демонстрациялық құралы
№
|
Тақырып
|
Көрнекі құралдардың түрлері
|
Кестелер мен папкалардың №
|
1
|
Тері және тірек-қимыл жүйесінің патофизиологиясы
|
Таратылатын материалдар
|
ЖМ 6- ТЖ
|
Ситуациялық есептердің жауаптары:
№ 1 есеп
1. Қандай ауру туралы ойлауға болады? Құздамаға ұқсас артрит туралы
2. Осы науқастағы аурудың мүмкіндік себептері қандай? Осы аурудың этиологиясы жайлы қандай көзқарастар бар ?
Болжам бойынша осы көп жайтты аурудың шүріппесі науқастың бұған дейін ауырған вирустық жұқпа. Құздамалық артриттің этиологиясы әлі толық зерттелмеген. Құздама артритінің этиологиясында әр түрлі микроорганизмдер, вирус нәруыздарының қатысы бар, бірақ артритогенді антигеннің табиғаты анықталмаған. ҚА дамуын ішкі және сыртқы жайттар: вирус нәруыздары, бактериялардың суперантигендері, темекінің уытты өнімдері, коллагеннің II түрі құрылымы өзгерісі, жауаптың жедел кезеңінің нәруыздары қамтамасыз ететіні белгілі. Аурудың шығу тегіне үш жайт: жұқпалар, иммундық жүйе бұзылыстары және тектік бейімділік - қатысуы мүмкін деген жалпы пікір бар.
-
Осы аурудың дамуына әкелетін жағдайларды көрсетіңіз. Осы аурудың тұқым қуалау бейімділігі қандай тектермен байланысты?
Осы аурудың дамуына әкелетін жағдайлар: жас, жыныстық ерекшелік (әйелдерде аурудың кездесу жиілігі 2,5 есе көп, бұл эстроген және пролактин гормондарының жоғары мөлшерімен түсіндіріледі), тұқымқуалаушылыққа бейімділік болып табылады. ҚА қандас туыстардың арасында болуы аурудың даму жиілігін 16 есеге жоғарылатады. Осы аурудың конкорданттылығы дизиготты егіздерге қарағанда монозиготты егіздерде 4 есе жоғары болады және 15-30% құрайды. Тұқымқуалаушылыққа бейімділік көптеген тектермен негізделген, бірақ олардың көпшілігі әлі күнге дейін анықталмаған. Аса жақсы зерттелген тектер: II топ HLA тегі, DR4, әсіресе DRB1⋆0401 және ⋆0404. Осы тектердің нәруыздары Т-лимфоциттермен байланысуы және оларға артритогенді антиген болуы мүмкін.
-
Осы жағдайдағы буын зақымдануы патогенезінің негізгі тізбегін көрсетіңіз. ҚА кезінде буын зақымдануында иммундық бүліністің қай түрі қатысады ?
ҚА-ның этиологиясы толық анықталмағандықтан патогенезінің негізгі тізбегін тек қана болжауға болады (вирус нәруызы → артритогенді антигеннің құрылуы). Артриттің даму патогенезінің негізгі тізбегі В және CD4 Т-лимфоциттерінің белсенділенуі, Т-хелперлердің I және II түрінің түзілуі жасуша қатысуымен жүретін және иммундық кешендік түрлерінің әсерленуін тудырады..
5. Осы жағдайдағы зақымдануға организмнің жалпы серпілісін тудыратын және буын қабынуы дамуына қатысатын дәнекерлерді көрсетіңіз.
Әсерленген Т лимфоциттермен өндірілген цитокиндер макрофагтармен және синовиальды жасушалармен цитокиндердің өндірілуін ынталандырады (ӨЖЖ-альфа, ИЛ-1, ИЛ-8 ж.б.). Өз кезегінде ӨЖЖ және ИЛ-1 синовиальды жасушалардың пролиферациясын және олармен қабынуға қарсы дәнекерлердің (простагландиндердің) синтезделуін шақырады. Цитокиндер (әсіресе ӨЖЖ –альфа) эндотелийдің прокоагулянттық қасиетін арттырады, антикоагулянттық қасиетін басады, буын қуысына бағытталған лейкоциттер эмиграциясына ықпал жасайтын лейкоциттер мен эндотелийде адгезиялық молекулалардың экспрессиясын күшейтеді, ангиогенез күшейіп, қан тамырының өткізгіштігі жоғарылайды. Шеміршек тіні құрылымының өзгерісіне әкелетін матрикстің металлопротеиназасы әсерленеді. Әсерленген Т-лимфоциттер мен синовиальды фибробластар RANKL (Receptor аctivator for nucltar factor kB ligand) нәруызын түзеді, ол сүйек тіні құрылымының бұзылысын тудыратын остеокластарды әсерлейді. Қабынулық сіңбеленуден, тыртықтық тіннен, фибробластардан тұратын паннус пайда болады, ол шеміршек тініне өседі, буынның ішкі беттерін байланыстырады және әрі қарай анкилоз шақыруы мүмкін.
ҚА патогенезінде В-лимфоциттердің әсерленуі және олардан IgG Fc фрагментіне қарсы аутоантиденелер (ревматоидты жайт) түзілуінің маңызы бар. Қылтамырлардың қабырғасына, синовииге бекітілген иммунды кешендер пайда болады, олар комплементтің құрам бөлшектерін әсерлендіреді, лейкоциттердің эмиграциясын шақырады.
Осылайша, ҚА кезінде жасушалық және сұйықтық дәнекерлер қабынудың жергілікті (домбығу, қызару, ауру сезімі, жергілікті қызымның көтерілуі, қызметінің бұзылысы– tumor, rubor, dolor, calor, functio laesa) және жалпы белгілері (дене қызымының көтерілуі, арып азу, жауаптың жедел кезеңінің нәуыздары деңгейінің көтерілуі, ЭШЖ жоғарылауы, солға жылжыған нейтрофильді лейкоцитоз) дамуын қамтамасыз етеді.
Патогенездің негізгі тізбегімен қатар иммундық жүйені артық әсерлендіретін кортизолдың биосинтезі төмендеуімен қабаттасатын , гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесінің бұзылыстары орын алады. Сонымен қатар, протоонкогендердің (RAS және басқалар) белсенділенуімен және апоптоздың ақауынан дамыған фибробласттәрізді синовиалды жасушалардың соматикалық мутацияларымен қамтамасыз етілген автономды «өспе тәрізді» үрдістердің іске қосылуы мүмкін.
-
Қанда СӘН көбеюінің тетігін түсіндіріңіз. Қанда «жауаптың жедел кезеңінің» тағы қандай нәруыздары көбеюі мүмкін?
«Жауаптың жедел кезеңінің» нәруыздарына шамамен 30-ға жуық нәруыздар жатады. Олар: фибриноген, С-әсерлі нәруыз (қалыпты жағдайда өте төмен), А және Р амилоидтары, гаптоглобин, церулоплазмин, орозомукоид, ферритин ж.б. Алғашқы үшеуі жақсы зерттелген. Бұл нәруыздар бауырда цитокиндермен, әсіресе ИЛ-6 (СӘН және фибриноген үшін), ИЛ-1 және ӨЖЖ (амилоид А үшін) белсендіріледі. Ревматоидты артрит кезінде амилоидоз дамуында А амилоидының биосинтезі артуының патогендік маңызы бар. Фибриногеннің қабыну дамуындағы маңыздылығымен қатар ЭШЖ-ң жоғарылауына әсер етеді, өйткені осы нәруыздың эритроциттерге адсорбциясы олардың агрегациясын көтереді
-
Лейкоцитарлық формуланың өзгеру тетігін түсіндіріңіз
Лейкоцитарлық формулада: ядролық нейтрофильдердің солға жылжуымен көрінетін нейтрофильдік лейкоцитоз; ИЛ-1, ӨТЖЖ және бағана ынталандырушы жайттардың түзілуінен лейкопоэз ынталанып, қызыл сүйек кемігінен лейкоциттердің қанға шығуы үдеп, салыстырмалы лимфопения дамуына әсер етеді.
-
Сіз көрсетілген ауруды патогенездік емдеуге қандай ұсыныс жасайсыз?
-
Иммундық жүйеге әсері: антидене өндірілуі және CD4 Т-лимфоциттерінің белсенділігін тежеу.
-
Дәнекерлердің түзілуіне қажетті ферменттерді тежейтін, қабыну дәнекерлерінің қабылдағыштарын тежейтін, дәнекерлердің түзілуін төмендететін дәнекерлерге қарсы дәрілік заттар (антимедиаторлық препараттар).
-
Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесінің қызметін қалыптастыратын дәрілік заттар
-
Стресс-күшейткіш және стресс-шектейтін жүйелер арасында тепе-теңдікті қалыптастыру
-
Макрофагтар мен нейтрофилдердің зақымдаушы әсерін төмендететін антиоксиданттарды қолдану
-
Мембрана өткізгіштігін төмендететін, мембрана тұрақтандырғыштар
№ 2 есеп
А жауабы. Коллагеннің I түрі сүйек тінінің матриксін құрайды. Коллаген синтезінің бұзылуы доминантты түрде тұқым қуалайтын «аяқталмаған остеогенез» ауруының негізінде жатыр, бұл кезде сүйек, тіс, тері, көздері («көгілдір» склералар) зақымданады. Болмашы жарақаттың өзінде көптеген гематомасыз сынықтар пайда болуымен сипатталады.
№ 3 есеп
D жауабы. Науқаста фиброздық остеодистрофия (Реклингаузен ауруы). Қалқанша серік бездерінің аденомасы.
Паратиреоидтық гормондар = паратирин, паратгормон, паратиреокрин (ПТГ) мөлшерінің ұлғаюы
|
|
Сүйек тіні
|
Бүйрек
|
Ішек
|
Остеокластардың түзілуі және белсенділігі жоғарылауы, олардың остеобластарға нақтылануының тежелуі
↓
сүйек резорбциясының жоғарылауы, сүйек тіні түзілуінің төмендеуі
| -
Кәлцийдің кері сіңірілуінің жоғарылауы,
-
Фосфаттардың кері сіңірілуінің төмендеуі
-
1,25-(OH)2D түзілуінің әсерленуі
|
Кәлций сіңірілуінің жоғарылауы
|
Остеопороз (сүйектің боркеміктенуі)
Сүйектің деформациясы
Көптеген сынықтар
Тістердің босауы және түсуі
|
Гиперкәлциемия, гипофосфатемия
↓
жұмсақ тіннің кальцинозы, уролитиаз
|
№ 4 есеп
В жауабы. Acarus siro қотыр кенесімен шақырылған жұқпалы ауру. Ауру қотырмен ауыратын науқаспен немесе оның киімімен жанасқанда жұғады. Емізік терісінде, еркектердің жыныс мүшелерінде, жіліншік-білезік буынының бүгетін бетінде, қолдың саусақ аралық қатпарларында жеке қара дақтары бар сұр немесе ақ түсті ирелектенген қасыну іздерінің болуымен сипатталады. Қотыр іздері салдарлық стрепто- және стафилакокктық жұқпалардың ену қақпасы болып табылады.
№ 5,6 есептерді патофизиология-1, «Аллергия» тақырыбынан қараңыз.
Сынамалардың дұрыс жауаптары
1-D
|
6-D
|
11-E
|
16-A
|
21-C
|
26-B
|
31-A
|
36-E
|
41-A
|
46-C
|
2-A
|
7-A
|
12-A
|
17-A
|
22-A
|
27-A
|
32-C
|
37-E
|
42-D
|
47-A
|
3-A
|
8-A
|
13-B
|
18-D
|
23-A
|
28-D
|
33-C
|
38-C
|
43-C
|
48-B
|
4-E
|
9-A
|
14-A
|
19-D
|
24-A
|
29-C
|
34-D
|
39-C
|
44-B
|
49-E
|
5-A
|
10-E
|
15-C
|
20-A
|
25-A
|
30-B
|
35-B
|
40-C
|
45-C
|
50-D
|
Достарыңызбен бөлісу: |