Сабақ:
Қазақ әдебиеті
|
Қарағанды қ. ХББ НЗМ
|
Уақыты:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова М.М.
|
Сыныбы: 11 T1
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Тарау:
|
О. Бөкей «Атау кере» повесі
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты
|
10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау
|
Сабақ мақсаты
|
Шығармадағы кейіпкерлердің даралық және типтік сипаттарын талдайды.
|
Бағалау критерийлері
|
Кейіпкердердің типтік бейнесін шығармадан дәлелдер келтіру арқылы талдайды.
Кейіпкердердің даралық сипатын талдайды.
Кейіпкерлердің типтік бейнесінің бүгінгі күндегі көрінісіне қатысты тұжырым жасайды.
|
Тілдік міндеттер
|
Білім алушылар істей алады.
|
Типтік образ, даралық сипаты, реалистік образ
|
Құндылықтарды қалыптастыру
|
Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, қазақ тілі
|
АТҚ қолдануы
|
Таныстырылым
|
Алдыңғы білімі
|
Оқушылар алдыңғы сабақта шығарманың сюжеттік желісіне талдау жасады.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған қызмет түрлері:
|
Ақпарат көздері
|
|
Басы
4 мин
|
Қызығушылықты ояту
«Бес қадам» ойыны
Сыныптан 5-6 оқушы өзеркімен шығады. Мұғалім әр оқушыға бір-бір сұрақ қояды.Оқушылар едендегі әр табан суреттерін жылдам-жылдам басу арқылы мұғалім қойған сұраққа 5 жауап айтады.
Ерікке қатысты 5 эпизодты әңгімелеңіз.
Тағанға қатысты 5 ақпарат айтыңыз.
Нүрке кемпірге қатысты 5 ақпарат айтыңыз.
Айна мен енесінің арасындағы сыйластықты дәлелдейтін 5 аргумент айтыңыз.
Өзіңізге ерекше әсер еткен кейіпкердің бойындағы 5 жағымды қасиетін атаңыз.
Өзіңізге ерекше әсер еткен кейіпкердің бойындағы 5 жағымсыз қасиетін атаңыз.
|
Табан суреттері
|
Ортасы
33 мин
|
Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.
Ой шақыру сұрағы:
Кейіпкердің типтік бейнесі мен даралық сипатының қандай айырмашылығы бар?
Теориялық білім.
Жұптағы оқушыларға типтік және даралық сипат туралы ақпараттық мәтін таратылады.
Тапсырма 1.
Мәтінді оқып, маңызды ақпараттар бойынша ментальді карта әзірлеп, жұбыңызға кейіпкер бейнесі туралы ақпарат беріңіз.
1-оқушы:
Көркем әдебиеттегі жинақталған адам образы – типтік бейне деп аталады. Көркем шығармада адам өмірі, басқа адамдармен өзара қарым-қатынасы, наным-сенімдері, ойы мен сезімдері мінез-құлықтары жиналса суреттеледі. Жазушы өз шығармасында бір адамның ғана сипатын көрсетіп қоймай, сол адамның өмір сүрген ортасына, оны қоршаған адамдарға тән сипаттармен толықтырып, жинақтайды.
Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп суреттейді. Көркем бейненің типтік өзгешелігі қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралық, жекелік сипат-белгілері адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылық қалпында көріп-білу үшін сондайлық қажет. Көркем бейнеге тән типтік және даралық сипат-ерекшеліктер – тұтас ұғым. Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік сипат-белгілер өзінің даралық, нақтылық қалпын сақтай отырып, типтік мағынаға да ие бола алады. Кейіпкердің типтік бейнесін суреттеу үшін қоғамдық өмірді жан-жақты, терең зерттеп, білу шарт. Өйткені, көркем бейненің типтік қасиет-сипаты неғұрлым жоғары болған сайын, оның танымдық күші де соғұрлым арта түседі.
Жинақтау дегеннің өзі-әдеби тип жасау әрекеті. «Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уақытпен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы болып табылады» дейді академик З.Қабдолов.
Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласады.
2-оқушы
Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Реалис – сөзінің латын тіліндегі мағынасы заттық деген ұғымды білдіреді. Сонымен қатар, «шындық, шыншыл, шынайы, ақиқат» деген сияқты ұғымдарды да білдіреді. Демек, өнер түрлеріне қатысты қалыптасқан реалистік образ ұғымы өмірлік шындыққа негізделген, эстетикалық-тәрбиелік мәні зор, қоғамдық сипаты айқын, өз бойына жалпылық және жалқылық белгілерді қатар дарытқан, сонымен бірге қоғамдық, көркемдік дамуға байланысты ұдайы өзгеру, жетілу үстінде көрінетін шыншыл бейне деген түсінікті білдіреді.
Реалистік образ – нанымды образ:оның мінез-құлқа, іс-әрекеті, оны қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға, бәрі өлшеулі. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды. Реалистік образ – типтік де образ. Ол бізге күнделікті көріп жүрген етене таныс болғаынмен, «таныс бейтаныс», көптің бірі секілді болғанымен ол – бірегей. Өйткені әдебиеттегі шыншыл образ өмірдегі бір адамның бейнесінен көшірілген жоқ. Ол бірнеше адамның типінен безендіріліп отырып жасалған. (Massaget.kz)
Оқушылар кейіпкерлер аттары жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы 5 топқа бөлінеді: Ерік, Таған, Айна, Нүрке кемпір
|
Достарыңызбен бөлісу: |