Музыка жетекшісі: Біздің Қазақстанымыз көп ұлтты Тәуелсіз ел. Барлық ұлт тату-тәтті, бірлікпен бір шаңырақ астында өмір сүруде. Достығы, ынтымағы мықты тәуелсіз Қазақстанымыз жасай берсін?
«Достық композициясы»
(«Біз өмірдің гүліміз» әнінің әуеніне салып орындайды)
«Киіз үй» музыкалық ән –ойыны:
Көтеріліп шаңырақ,
Керегелер керілер,
Уықтары шаншылып,
Өрімдей боп өрілер.
Қол ұстаса айнала,
Киіз үй боп көрінер- деп қимылды-қозғалыста балаларды шеңбер бойына жинайды.
(Балалар бірге мәтінге сай қимыл-қозғалыста болып қайталайды)
Музыка жетекшісі: -Еліміз еңселі болсын!
-Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
- Кең байтақ жеріміз аман болсын!
Бәрі: - Қазақстанымыз жайнай берсін!
Музыка жетекшісі: Осымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты іс-шарамыз аяқталды. Елімізде, тыныштық, бейбітшілік болсын.
Қош сау болыңыздар!
« Тәуелсіз таным атқанда»
тәуелсіздік мерекесіне арналған ертеңгілік
1-Жүргізші: Армысыздар Қадірменді қонақтар!
Екеуі : Еліміздің Тауелсіздік мерекесі құтты болсын!
Намысымның шырағы да – Тәуелсіздік
Сұрқай өмір сынағы да - Тәуелсіздік,
Жігіттіктің ұрпағы да – Тәуелсіздік,
Жаңа күннің шуағы да - Тәуелсіздік
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік мерекесі– ел мерекесі тасыған,
Қазақ деген қайран жұрт бәрін кешті басынан.
Естісін ел үніңді, дүние түгел естісін,
Көтер биік тәуелсіздік туынды!
Ортаға музыка әуенімен балалар кіреді.
Ән : Отан
Тақпақтар:
1 .Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
2-бала: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Қуаныштан қалай кеде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!
3- бала :
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Тауелсіздік туыңды
Биік көтер жасұлан
4-бала:
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін.
Ал енді Тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі – бақи желбіресін!
5-бала:
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң Қазақстаным
Елім менің тірегім
Сүйген жерім Қазақстан
6- бала Сүйем сені Қазақстан мекенім.
Мәнгі сені әнмен сүйіп өтемін.
Сендеп көтерілемін биікке.
Сен мен арманыма жетемін.
Залға 2-қатар болып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |