Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері
Салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер. Басқа мiндеттi төлемдер (алымдар, баждар, ақылар мен төлемдер) – бюджетке белгілі бір мөлшерлерде жүргізілетін ақша аударулар. ҚР 20ж. 12-маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Басқа салықтар тікелей салықтарға жатады. Салық кодексінің 60-бабына сәйкес салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі:
Салық салу объектілері бойынша;
Салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай
Пайдалану тәртібі бойынша;
Объектінің экономикалық белгісі бойынша.
Салықтарды салу объектісі бойынша салықтар тура және жанама болып бөлінеді.
Тура салықтар –салықтар төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар.Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі.
Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне (үй, жер, ақша,капиталы)
Жеке тура салықтар - бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар.
Жанама салықтар – бағаға немесе тарифкеүстеме түрінде белгеленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы, акциздер жатады.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерге шоғырландырады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады.
Мақсатты салықтардың нысаналы арналымы болады.
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады.
Табысқа салынатын салықтар - төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады.
Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуді тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау амалдарына қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық,салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы,мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |