«Мүмкіндігі шектеулі жас адамдарды әлеуметтік біріктіру»
(Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Ш. Газалиеваның мақаласы)
Әлеуметтік біріктірудің мақсаты кемсітпеушілік, төзімділік, көптүрлілікті құрметтеу, мүмкіндіктер теңдігі, ынтымақтастық, қауіпсіздік және барлық халықтың, оның ішінде қолайсыз жағдайдағы топтар мен тұлғалардың, осал топтар мен тұлғалардың қатысуы қағидаларына негізделген, өз құқықтары мен міндеттері бар жеке адам белсенді рөл атқаратын «барлығына арналған қоғамды» қалыптастыру болып табылады.
«Мүгедек» деген сөзді естігенде, біздің ойымызға не келеді? Әдетте мүгедек отыратын қоларба ма...? Әлде көзіне қара көзілдірік киген қолында ақ таяғы бар адамның бейнесі ме...? Немесе балдақпен жүретін кісі ме...?
Мүгедектер – мүмкіндіктері «шартты түрде» шектелген адамдар және олардың ақыл ойының, қабілеттерінің, адами потенциалыныі шектеулі болуы міндетті емес. Өмір олардың көпшілігін батылдыққа, төзімділікке, білімге деген құштарлыққа үйретеді. Олар басым бөлігі сау адамның табандылығы жетпейтін жұмыстарды істей алады. Көбісі шығармашылық жұмысқа бейім. Тарихқа бір көз шолып өтейік. Бетховен өзінің атақты 9-шы симфониясын құлағы керең бола тұра шығарған. АҚШ президенті Ф. Рузвельт державаны коларбада отырып басқарған. Ал жеңімпаз қолбасшы М. Кутузов ше? Ұлы ғалым К. Циолковский? Жазушы Н. Островский? Ұшқыш А. Маресьев? Олардың мүгедек болғандығы әр түрлі қызмет саласында зор табысқа жетуіне кедергі болған жоқ. Қазіргі заманнан мысал келтіретін болсақ, қазақстандық параолимпиадашылар ерекше назарға ие. 2012 жылы Лондонда өткен параолимпиада ойындарында 3 түрлі жарыс бо йынша алғаш рет қатысқан 7 спортшымыз үздік нәтижелер көрсетіп, батылдық, жеңіске деген ұмтылыс белгісі болып, соның арқасында өскелең ұрпаққа үлгі көрсетті.
Қазақстанның параолимпиадашылары
2008ж. Қазақстан мүгедектердің құқықтары туралы халықаралық конвенцияға қол қойды, осы құжаттың ратификациясы дайындық үстінде. Яғни біздің мемлекетіміз мүгедектіктің медициналық моделінен әлеуметтік модельге және пациенттен азаматқа қағидасына көшті. Алғашқы модель бойынша ауру немесе ақау және адам қамқорлықтың және жалпы әлеуметтік саясаттың объектісі болып табылады. Немесе азаматтардың құқықтары моделінде мәселе адамнан инфрақұрылымның, архитектураның, көліктің және т.б. сәйкессіздігіне ауысады және мүгедек әлеуметтік саясаттың субъектісі ретінде қарастырылады.
Конвенцияның мемлекет қатысушылары мүгедектікті дамушы түсінік ретінде қарастырады және мүгедектікті денсаулығында ақаулары бар адамдар мен оларға қоғамда басқа адамдармен тең өмір сүруге кедергі жасайтын қарым қатынас және қоршаған орта тосқауылдары арасындағы өзара әрекеттестіктің нәтижесі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 600 мыңнан аса мүгедек бар, ал Қарағанды облысында 62 000 мыңнан аса, олардың ішінде 5584 мүгедек 18 бен 29 жас аралығында. Олардың ішінде оқып, жұмыс істейтіндердің саны 1035, ал бұл тек 18,5%.
Қазіргі таңда, қоғам мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік портретін, ең алдымен, әлеуметтік ұтқырлығы және қарым қатынас жасау қабілеті төмен, селқос өмір салтын ұстанатын адамдар ретінде түсінеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік портреті шын мәнінде қандай екен?
Мүгедектігі бар 5584 жас адамның 3233 (57,9%) ер балалар, 2351 (42,1%) қыз балалар.
Отбасылық жағдай:
Некеде тұратындар саны 1089 (19,5%), жалғызбастылар 4244 (76,0%), толық емес отбасы 128 (2,3%), айырылысқандар 123 (2,2%).
Жас мүгедектердің отбасылық жағдайы (18 – 29 жас)
Білімі:
5584 жас мүгедектердің ішінде 1697 адамның білімі жоқ (30,4%), бастапқы - 642 адам (11,5%), толық емес - 737 (13,2%), орта -1703 (30,5%), орта - арнайы (техникалық) – 495 (8,9%), аяқталмаған жоғары - 101 (1,8%), жоғары білімі барлар – 209 (3,7%).
Жас мүгедектердің білім деңгейі (18 – 29 жас)
Жұмысқа орналасқандар және жұмысбастылар саны тек 1035 адамды құрады. (18,5%).
Жұмыс істеу саласы:
Білім беру мекемелерінде 218 (21,1%), денсаулық сақтау ұйымдарында 187 (18,1%), металлургиялық, тау саласындағы кәсіпорындарда 116 (11,3%), жеке меншік құрылымдарда 139 (13,4%), мемлекеттік мекемелерде 114 (11,1%), өз бетімен жұмыс істейтіндер 102 (9,9%), басқалары - 159 (15,4%).
Жас мүгедектердің салалар бойынша жұмыспен қамтылуы (18 – 29 жас)
Мұндай «әлеуметтік портрет» осы әлеуметтік топтағы мәселелерді айқын көрсетеді. Олар тұлғалық, кәсіби білім және жұмысқа орналасу мәселелері.
Мүгедектігі бар жас адамдардың (МЖА) қажеттіліктері олардың мүгедек емес құрдастарының қажеттіліктерінен ерекшеленбейді: бұл білімге, кәсіби дайындық пен жұмыспен қамтылуға деген қажеттілік, сондай ақ біздің қоғамның әлеуметтік, мәдени, діни және экономикалық оқиғаларына қатысу арқылы әлеуметтенуге және есеюге деген қажеттіліктер. Алайда бұл жас мүгедектердің қажеттіліктері олардың сау құрдастарына қарағанда көп жағдайда қанағаттанарлықсыз күйінде қалады. Мүгедектігі бар жас адамдардың өміріндегі ең басты тосқауыл – оларға деген алдын ала пішілген пікір және оларды әлеуметтік оқшаулау. МЖА ға қатысты олардың мүмкіндігінше үйде көп уақыт (немесе мүлдем шықпай) өткізгендері дұрыс деп саналады. Отбасында өмір сүретін бала мүгедектерге көрсетілетін жеке көмек (ең алдымен аналарының көмегі) көбінесе олардың өз өзіне қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын дамытуға кедергі келтіреді, соның нәтижесінде өз бетінше ересек өмірге көшуін қиындатады. Осындай қатынастардың нәтижесінде МЖА көпшілігінің білімі жасөспірім жасқа жеткенде олардың сау құрдастарынан төмен болады. Мүгедектер білімінің сапасы көбінесе нашар болады. Кейде кәсіби білім бағытын таңдауда шектеулер болады.
Ақырында, МЖА олардың сау құрдастарына қарағанда жұмыс таба алмай қалады: олардың білімі төмен, азырақ немесе арнайы еңбек дағдылары мүлдем дамымаған.
Көп жағдайда жұмыс берушілер оларды жұмысқа алудан бас тартып немесе қауіптеніп, біржақты пікір танытады.
Сондықтан МЖА арасында енжар, жұмыссыз және толық емес ставкіде, мерзімді жұмыстарда істейтіндер көп. Білім беңгейі өз құрдастарымен теңесіп жатса да, МЖА жұмыс табуға көп уақыт кетеді, азырақ біліктілікті қажет ететін, азырақ қорғалған, немесе мансаптық өсуге мүмкіндіктері аз жерлерде жұмыс істейді. Осы орайда, мүгедектердің барлық категорияларының арасында әлеуметтік құрылымда МЖА белсендірек, өз бетінше еңбек етуге талпынатын топ ретінде қарастырылады. Алайда ересек мүгедектерге қарағанда МЖА жұмыс тәжірибесі жоқ және еңбек нарығына алғаш рет (қайта емес) шығып тұрғандықтан, қиындықтары мол.
Оқудан жұмысқа ауысу – мүгедектерді еңбек қызметіне тартудағы ең қиын кезең. Дәл осы жерде алынған білім мен дағдыларды нақты еңбек процесінде қолдану қиындықтары, еңбек ұжымына ену және жұмыс берушімен тілдесім жасау мәселелері туындайды. Жас мүгедек адамдар үшін бұл кезең ерекше қиын. Мүгедек еңбек нарығының шынайы және қатаң шарттарымен бетпе бет жолығады.
Халықаралық сарапшылар мүгедектер арасында жұмыспен қамтылмау деңгейінің жоғары болуының үш негізгі себебі бар дейді:
• жұмыс берушілердің мүгедектерді жұмысқа алуға кедергі келтіретін мүгедектердің төмен еңбек өнімділігі туралы әлеуметтік қате пікірі;
• ашық еңбек нарығындағы көп жұмыс орындарының мүгедектер үшін қолжетімсіздігі және техникалық жағынан ыңғайсыздығы;
• мүгедектердің жұмыс берушілерге қажетті мамандықтар бойынша жалпы білімінің төмендігі және кәсіби дайындығының жоқтығы немесе жетіспеушілігі.
Осы орайда жұмыспен қамту және жұмыс іздеудің тиімділігі мүгедектің жасы және мүгедектік басталған жас, мүгедектік түрі (айқын және айқын емес бұзылыстар, шектеулердің сипаты – есту, көру бұзылыстары, психикалық аурулар және т.б.), білім деңгейі, дағдылары, арнайы білім мен қайта оқытуға қабілеті, отбасының мүгедекті қолдау мүмкіндігі сияқты факторларға байланысты.
Мысалға, Дания және басқа дамыған мемлекеттерде МЖА ға білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың оң тәжірибесі бар, ол тәлімгерлік жүйемен (жеке күтушілер немесе көмекшілер) байланысты. Аталған жүйе бойынша мүгедек баламен орта мектепте оны жұмысқа орналасуға дейін жеткізетін және мүгедектің ата анасына кеңес беретін тәлімгер жұмыс істейді.
Бұл жерде педагогтар мен пситхологтардан бастап еңбек нарығының мамандары мен жұмыспен қамту қызметкерлеріне шейін әр түрлі бағыттағы мамандардың күші қажет.
Бұл күштерді мүгедектерді жұмыс орындарымен таныстыратын, алынған білімдерді жұмыста қолдану бойынша кеңестер беретін, ұжымда өз өзін қалай ұстау керектігін үйрететін, заңгерлік кеңес беретін және жас мүгедектердің еңбек мансабының табысты болуына жауапкершілік артатын жұмыспен қамту қызметінің жанындағы арнайы орталықтарда біріктіру мүмкін болады.
Өкінішке орай, дайын кеңесші мамандар жоқ болғандықтан, біздің жұмыспен қамту қызметтерінің жұмысы тек адамдарды тіркеу мен бос орындарды іздеумен ғана шектеледі.
Жаңа технологиялардың дамуы МЖА еңбек нарығындағы жағдайын біршама жақсартты. Жас адамдар, жалпы айтқанда, компьютер мен электронды байланыс құралдарын тез меңгереді.
Компьютерлерді Брайль жолы немесе тексті дыбысқа ауыстыру және керісінше секілді арнайы мүмкіндіктермен жабдықтау, сондай ақ нашар көретін адамдарға арналған әр түрлі контраст және ірі қаріп режимдері мүгедектердің компьютерді қолдануына кең мүмкіндіктер ашады. Электронды байланыс құралдары үйде жұмыс істеуге жол ашты, соның арқасында жұмыс істеуге дене ортасының қолжетімсіздін тудыратын тосқауыл азайды. МЖА ға тәжірибемен алмасуға мүмкіндік беретін Ғаламтор арқылы байланыс орнату да тиімді бола бастады.
Бұл қызметке мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтерінен басқа үкіметтік емес және жеке меншік ұйымдарды тарту да тиімді болады. Кәсіби оңалтуға және жұмысқа орналасуға қоғамдық мүгедектер ұйымдарының, ҮЕҰ дың қызметі де маңызды рөл атқарады. Олар мүгедектердің белгілі бір категорияларының қажеттіліктерін жақсы түсінеді, инвесторлардың қаражатын пайдаланады және мүгедектердің ерекше мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оларға арналған әр түрлі жұмыстар ұйымдастырады. Сондықтан да мемлекеттік органдар қоғамдық ұйымдарға көмек көрсету мүмкіндіктерін пайдаланады, айталық, «Ақтөбе қ. сал болған азаматтардың қоғамдық бірлестігі» осыған айқын мысал бола алады, және оның төрайымы К.Б. Байменова мүгедектік мәселелеріне қатысты әлеуметтік біріктіру тәсілі бойынша көптеген идеялардың авторы болып табылады.
Біздің Департамент осы қоғамдық бірлестікпен және басқаларымен де тығыз байланыста, осы ретте қоғамдық бірлестіктермен, ҮЕҰ мен біріккен жұмыс мемлекеттік органның жұмысын жақсартып, тиімділігін арттырады.
Мүгедектерге білім беру мен жұмыспен қамту саласындағы саясат «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медицикалық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңдармен реттеледі. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңның жұмыс орындарына 3% квота бөлу туралы және жұмыс берушілер орындамай жүрген 31бабына тоқталайық.
Бұл жерде әлеуметтік парадокс туындап отыр: мүгедектердің заңнама бойынша құқықтары көбірек, алайда оларды жүзеге асыруға мүмкіндіктері аз.
ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңға кейбір толықтырулар мен өзгерістер енгізу, ал әр облыста жер жерде мүгедектерді оңалту қорын ұйымдастыру қажеттілігі пайда болды (РФ да жұмыс орындарына квота бөлудің мақсатты бюджет қоры).
Мысалға, Заңның 31б. 1т. келесі өзгерістермен толықтыру қажет: «Жұмыс беруші мүгедекті жұмысқа қабылдаудан бас тартуға құқығы бар. Осы орайда ол (мысалға) мүгедектерді кәсіби оңалту қорына квота бойынша кәсіпорынға жұмысқа орналаспаған әр адам үшін ең аз жылдық жалақы мөлшерінде ақша сомасын жыл сайын аударуға міндетті. Қордың қаражаты мүгедектерге арналған мамандандырылған жұмыс орындарын ашуға, кәсіби дайындыққа жұмсалуы мүмкін». Осылайша, жергілікті деңгейде халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде маңызды бөлім пайда болады. Мемлекетт басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларында көмекті шын мәнінде қажет ететін қоғам мүшелеріне бүкіләлемдік мемлекеттік қолдау көрсету бойынша міндеттер қояды. Бұған қажеті бір нәрсе ғана – ол Заңның орындалуы.
Біздің мүгедектерге, балаларға және қарт адамдарға қандай көзқараспен қарайтынымыз өз алдына өркениеттік пен адамгершілік санамызды танытуға сынақ секілді. Демократиялық пен дамығандығын орнықтыруға ұмтылатын бүгінгі Қазақстан үшін бұл сынақтан сүрінбей өту өте маңызды.
Егер мүгедектерге озық әлеуметтік тәсілді қолдану, олардың барынша қоғамға жұмылдыру, іс жүзінде олардың құқықтарын қамтамасыз ету біздің қолымыздан келсе, бұл мемлекетіміздің дамудың жаңа сапасына көшкендігін білдіретін ең мықты белгі болар еді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық және еңбек саласына, саясатқа, ғылымға, мәдениетке, спортқа жаппай араласуы Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік амандығының деңгейі мен сапасының өскендігін білдіретін болады.
Қолданылған әдебиет:
1«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заң, 2005 ж., 31бап.
2. « Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы 2001 ж.
3. «Мүгедектердің құқықтары туралы» БҰҰ конвенциясы 2006 ж.
4. ҚР мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру - Астана, 2005- 330б.
5.О.Синявская, С.Васин «Мүгедектігі бар жас адамдарды әлеуметтік біріктіру» БҰҰ семинарына арналған баяндама, С- Петербург, 2003 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |