Мүмкıндıгı шектеулı түрлı категориялардағы балаларға инклюзивтı бıлıм беру жолдары



Дата09.04.2024
өлшемі4.47 Mb.
#498184
English Analysing Themes and Ideas Presentation Beige Pink Lined Style


Тақырыбы: Мүмкıндıгı шектеулı түрлı категориялардағы балаларға инклюзивтı бıлıм беру жолдары.
Қабылдаған: Данияров Т. Ә.
П.ғ.к. профессор Орындаған: ФАҚ-211 Б тобының
2-курс студенттерı
Түркістан-2024
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрıк университетı Филология факультетı
Педагогикалық шетел тıлдерı кафедрасы

Жоспар:

I Кіріспе.

  • Негізгі бөлім.
    • Бүгінгі таңдағы инклюзивті білім беру мақсаты.
    • Көру,сөйлеу,тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға инклюзивті білім беру.
    • Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен саралап оқуды ұйымдастыру.
  • Қорытынды.

Мүмкıндıгı шектеулı балаларды қалыпты балалармен бıрге бıлıм беру.


Қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе инклюзивті білім беру туралы айтылуда. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мысалы әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі.

Бүгıнгı таңдағы инклюзивтı бıлıм берудıң мақсаты:


даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Ол адамның жыныстық ерекшелігіне, діни нанымына, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп( интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналықпедагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы»[4] № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған

Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім беру


Көру қабıлетı бұзылған бала жалпы бıлıм беретıн мектепте оқытылса, сол сыныпқа сабақ беретıн педагог баланың қабıлетıн жıтı тексерıп және денсаулығына байланысты қойылған диагнозына қарай оқытуы тиıс.
Бұл баланың көзı көрмейдı, не нашар көредı деп ысырып тастауға мүлдем болмайды. Бұл топтағы балалардың диагноздары, көзıнıң көру мөлшерлерı, қабылдауы, ойлау ерекшелıктерı, зейıнı, есте сақтау қабıлеттерı әр түрлı деңгейде болып келедı.
Көру қабıлетı бұзылған балалар үш топқа бөлıнедı.

Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім беру


Қазıргı уақытта статистикалық көрсеткıштерге жүгıнсек,жылдан жылға сөйлеу тıл кемıстıгı бар балалар саны және логопедиялық көмектı қажет ететıн балалардың пайызы өсуде.Кез келген жаста сөйлеу тıлıнıң бұзылуы танымдық ıс- әрекеттıң және адамның әлеуметтıк бейıмделу мүмкıншелıгıн шектейдı. Инклюзивтı мектептегı логопедиялық қызмет жүйесı бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тıлı бұзылыстарын түзету үрдıсıнде маңызды орынның бıрıн алады. Логопедиялық қызмет жүйесıнıң негıзгı мақсаты сөйлеу тıлıнıң әртүрлı ауызша және жазбаша бұзылыстары бар мектеп оқушыларына логопедиялық көмек көрсету, сонымен қатар олардың тıлдıк дамуының ерекшелıктерıне сәйкес даму мүмкıндıгı шектеулı балаларды оқыту, тәрбиелеу және әрı қарай әлеуметтıк бейıмдеу мен қарым- қатынасының жағымды әрı тиıмдı жағдайларын құру болып табылады.

Тıрек-қимыл аппараты бұзылған балаларға инклюзивтı бıлıм беру


Қимыл - тірек аппаратының жүйесі бұзылған балалардың негізгі кемістігі - кимыл–қозғалысының ауытқуы . Осы сияқты аутқулары бар балалардың көпшілігін балалардың церебральдық сал ауруымен ауратын балалар құрайды (89%). Бұл балаларда қимыл - тірек аппаратының кемістіктері көбінесе психикалық бұзылулармен, тіл мүкістіктермен тіркесе жүреді, сондықтан олардың кµпшілігі тек қана медициналық - әлеуметтік жәрдемді ғана емес, сонымен қатар психологиялық - педагогикалық және логопедтік көмектерді де қажет етеді.

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН САРАЛАП ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ


Саралауды ııске асыру шеңберııнде шартты түрде үш топ айқындалады Бұл топтардың құрамы өзггерııп тұруы мүмкııн

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет