Қазақтың ұлттық ойындары Пәні: Дене шынықтыру



бет1/11
Дата01.12.2022
өлшемі124.16 Kb.
#466190
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Авторлық бағдарлама Қазақтың ұлттық ойындары



Қазақтың ұлттық ойындары

Пәні: Дене шынықтыру


Үйірмеге сабақтарына арналған

Қаңтар, 2017 ж.



Авторлықбағдарлама

ҚАЗАҚТЫҢҰЛТТЫҚОЙЫНДАРЫ

(Дене тәрбиесі пәнінен 7- сыныпқа арналған)

Қазақтың ұлттық ойындары

Бұл авторлық бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 7-сынып оқушыларымен жұмыс істеуге арналған. Құралда оқушыларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру, ойын ережелерін түсіндіру, салауатты өмір салтын сақтау жолдары қарастырылған. Бағдарлама орта мектептердің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде пайдалануға ұсынылып отыр.

Түсінік хат.

Ұлт ойындары ертеден-ақ жалпыэтнографиялық әдет-ғұрыптармен бірге дамып жетіліп, ендігі кезде өз алдына бір үлкен ғылымның саласына айналып отыр. Ұлттық ойындар Қазақ Совет этнографиясының бір бұтағы бола тұра, кеңестік дәуірде көп қолға алына бермеген шара. XVIII ғасырдан XX ғасырға дейін қазақ хандықтары өмір сүрген дәуірде ұлттық ойындар жаңа кезең алып, халық арасына біраз таралды. Орыстандыру саясатының нәтижесінде заманның бүркемесінің астында қалып қойды. Бүгінгі күні ұлттық ойындарды Қазақ этнографиялық ғылымының бір саласы ретінде қарайтын заман туып отыр. Ал ғылымның қай саласы болмасын тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Зерттеуді өз тарихынан бастау – ғылым жетістіктерін игерумен қатар оның одан ары алға басуына мүмкіншіліктер туғызу. Мен бұл бағдарламаны құрғанда ұлттық ойындарға бір жаңалық енгізейін, жаңа ойындар ойлап табайын деп емес, ұлттық мұрамызды жаңғыртып, халқымыздың өткені мен бүгінгісін жалғастырайын деген ойдамын. 

Қазақтың ұлттық және спорттық ойындары өзінің шығу тарихы мен тәрбиелік мәні зор, денсаулықты нығайтуға көп себін тигізер бір шежіре. Кезінде қазақтың ұлттық ойындарының шығуын, адамға тигізер пайдасын, ережесін зерттеген өте көп ғалымдар болған. Олар Қазақстандық ғалымдар М.Таникеев, әйгілі ғалым-этнограф Ә.Диваев, халық мұғалімі Байтоғайұлы Балқай, орыс ғалымдары И.И.Рычков, А.Алектров, ертеде Қазақстанға саяхат жасаған ағылшын ғалымы Э.Маккей, Венецияның саяхатшысы Марко Поло, неміс ғалымы А.Гумбольт, неміс этнографы Рихтер Каргуц, француздың атақты жазушысы А.Дюма, ұлы Абайдың достары А.Янушкевич пен С.Гросс және тағы көптеген атақты ғалымдар өз еңбектерінде қазақтың ұлттық ойындары туралы шеберлікпен баяндаған. Атақты орыс ғалымы, дәрігер - педагог Покровский А.А.: «ойын – күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірдің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады» дей келіп, қазақ халқының ұлттық ойындарының, дене тәрбиесінің халық тәрбиесіндегі алатын орнын жан-жақты зерттеп, дәлелдеген. Халық мұғалімі Байтоғайұлы Балқайдың айтуынша, «адамның басынан өтетін өмірінің әр уақытындағы жазғы, күзгі, қысқы істелетін кәсібі сияқты тіршіліктің түрлері бар. Сол сияқты балалардың да өзіне меншікті бала кезінде істелетін істері бар. Ол ісі – жас уақытындағы ойын».

Спорттық ойындардың көбі адамзат қауымдастық құрып күн көру кезінен басталған. Олар табиғатта кездескен әртүрлі қиыншылықтарды жеңе білу үшін, өз бетінше тіршілікке қалыптасу үшін дене бітімінің мықты, денсаулығының жақсы болуы маңызды болған. Бұл шара адамдардың есейіп, өскен кезінде емес, жас кезінен бастап тәрбиенің нәтижесінде қанына сіңген. Бұл құбылыс бірте-бірте дами келіп, жеке бастың өз бетінше денесін шынықтыру жүйесін тудырады. Ал мұндай дене шынықтырулар өз кезегінде дамып, қалыптасып, әр түрлі ойындар мен дене жаттығуларын тудырды. Осылай ұлттық ойындар пайда болып, бір жүйеге келтіріліп, өз ережесі, шарттары пайда болды. 

Әрбір ұлттық ойын балалардың бойындағы бір қасиетін дамытуға көмегін тигізеді. Олар: аяқ-қолдарының күшті болуы, ойлау қабілетінің жоғары болуы, шапшаңдық, алғырлық, табандылық, күштілік, ұжымшылдық, батылдық, қайраттылық, жігерлілік,мергендік, сезгіштік, т.с.с. адам бойындағы қасиеттердің көбі жас бала бойына ойын арқылы сіңеді. Ойын болғаннан соң оған қажетті құралдар қолда бар нәрселерден жасалған: ағаш, малдың сүйегі, малдың құмалағы, тас, мата, балшық. Халық арасында ұлт мәдениетінің бір саласы ретінде қалыптасқан ұлттық ойындар әлеуметтік – экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты өзгеріп, дамып, жетіліп отырған.

Қазақ халқында ұлттық ойындардың көбі халық ауыз әдебиетімен тығыз байланысты болған. Себебі, көптеген ойындардың қимылы өз шартына байланысты сөздермен бірге жүргізіледі. Және ұлттық ойындардың бір ерекшелігі, ойын түрлері тек қана жыл мезгілдеріне байланысты болмай, баланың жасына да байланысты болған. Жас сәбилермен бір ойын ойналса, жасы есейе келе ойын түрлері өзгеріп, шарттары күрделеніп, атқаратын қимылдары да қиындай түседі. Осы дәстүрлі қағиданы ескере отырып ұлт ойындарын төрт топқа бөлуге болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет