ҚММУ Ф 4/3-04/03
2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
«Патологиялық физиология» кафедрасы
ДӘРІС
Тақырып: «Жалпы патология пәні, әдістері. Жалпы нозология»
«Жалпы патология негіздері» пәні
«5В110100 Мейіргер ісі» мамандығы
ІІ курсы
Уақыты (ұзақтығы): 1 сағат
Қарағанды 2014
Кафедра
отырысында бекітілген
«___» ______ 2014 ж. № ____ хаттамасы
Кафедра меңгерушісі _____________ Жәутікова С.Б.
-
Тақырыбы: Жалпы патология пәні, әдістері. Жалпы нозология.
-
Мақсаты: студенттерді патологиялық физиологияның негізгі әдістерімен және талаптарымен таныстыру, оның клиникамен тығыз байланысын; студенттерді жалпы нозологияның негізгі түсініктерімен, аурудың маңызы туралы қазіргі көзқарастармен және аурулардың алдын алу мен емдеудегі патофизиологиялық негіздерімен таныстыру.
-
Дәріс жоспары:
-
Патологиялық физиология пәні, мақсаты, талаптары; медициналық жоғарғы оқу жүйесінде оның орны; патофизиология қазіргі клиникалық медицинаның теориялық негізі ретінде.
-
Патофизиология тарихынан қысқаша мағлұматтар, оның дамуының негізгі кезеңдері. Патофизиологияның негізін қалаушылар: И.М.Сеченов, В.В.Пашутин, И.И.Мечников, В.В.Подвысоцкий, А.А.Богомолец, И.Г.Савченко, Л.А.Тарасевич, Д.К.Заболотный және т.б. Қазақстанда патофизиологияның дамуы: Н.Э.Глеклер, Х.С.Насыбуллина, Я.А.Лазарис, Т.А.Назарова, Х.Е.Маманова, В.Г.Корпачев.
-
Патофизиологияның оқу курсының құрылысы; жалпы патологиялық физиология (жалпы нозология, типтік патологиялық процесстер); жеке патологиялық физиология (мүшелердің және жүйелердің патофизиологиясы).
-
Жалпы нозологияның негізгі түсініктері. Биология мен медицинадағы норма түсініктері. Денсаулық. Ауру табиғатына деген эволюциялық көзқарастар. Ауру, ауру мен денсаулық арасындағы аралық жағдай (ауру алды).
-
Патологиялық үрдіс, патологиялық реакция, патологиялық жағдай түсініктері; типтік патологиялық үрдістер.
-
Ауру критерийлері.
-
Аурулардың жіктелу принциптері.
-
Ауру көріністері, жалпы және жергілікті, спецификалық және спецификалық емес.
-
Ауру кезеңдері, соңдары. Толық және жартылай сауығу. Ремиссия, рецидив, асқыну.
-
Терминалдық жағдай. Өлім кезеңдік үрдіс ретінде. Агония алды жағдай, агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім.
-
Реанимацияның патофизиологиялық негіздері.
Жағдайлық есеп:
Гипоксия. Подагра. Қабыну. Анемия. Бул аталғандардың қайсысы ауру, жергілікті патологиялық процесс, симтомокомплекс, типтік патологиялық процесс.
Сарғыштық, ішектің шырышты қабатының ойық жарасы. Аталғандардың қайсысы-ауру, жергілікті патологиялық үрдіс, симптомкешен (синдром), типтік патологиялық үрдіс.
Патологиялық физиология — гректің pathos (ауру, дерт, кесел), physicis — (функция, қызмет), logos — (ілім, ұғым) деген сөздерінен құралған, дерттану физиологиясы деген ұғымды білдіреді. Сонда патологиялық физиология ауру организмнің физиологиясы деген ұғым. Қалыпты физиология сау организмнің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін болса, патологиялық физиология ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын тексереді. Атап айтқанда, патологиялық физиология жасушалардың, ағзалардың, жүйелердің және организмнің қалыптан тыс өзгерулерінің ең жалпы заңдылықтарын анықтайды. Сонымен патологиялық физиология дегеніміз дерттік үрдістердің пайда болу себептері, даму жолдары мен салдарлары туралы ілім. Бұл көрсетілген патологиялық физиологияның негізгі мақсаты болса, оның алдында тұрған міндеттері болып, төмендегілер саналады:
1. Аурудың пайда болу себептік байланыстарын (этиологиясын, гректің aitia — себеп, logos — ғылым деген сөздерінен тұрады) зертеу;
2. Аурудың даму және сауығу жолдарының негізгі заңдылықтарын (патогенез, гректің pathos— ауру, дерт, кесел және genesis — даму деген сөздерінен құралған) анықтау;
3. Эксперименттік емдеу тәсілдерін жетілдіру;
4. Клиникалық дүние тануды қалыптастыру;
5. Патологиялық заңдылықтардың жалпы теориясын қалыптастыру.
Патологиялық физиология жалпы биологиялық ғылымдармен тікелей байланысты және олардың, әсіресе қалыпты физиология мен биохимия пәндерінің, негіздеріне сүйенеді. Олардын айырмашылығы жоғарыда көрсетілген патофизиологияның мақсаттары мен міндеттерінде. Сонымен бірге патофизиологиялық патанатомия пәнімен тығыз байланысты. Бұл екі пән жалпы биологиялық және клиникалық пәндердің арасында тұрады. Бірақ патанатомия зерттеу үшін өліктен алынған материалдарды пайдаланады. Қазіргі жағдайда ауруды тексеру үшін патанатомия биопсия (bios —өмір, тіршілік, opsis— қарау) жиірек қолданылады. Осы әдістерді қолдана отырып, патанатомия ағзаның немесе тіннің құбылыс өзгерістерін, кеселдің белгілі бір даму сатысында ғана зерттей алады. Бұл әдістермен патанатомдар аурудың өзгерістерін даму сатыларында тексере алмайды. Ал, патофизиология болса, ол бүлінген жасушаның, тіннің, ағзаның, жүйенің және тұтас организмнің қызметтердің дерттің пайда болғанынан бастап, ең соңына дейін бақылай алады және зертеу әдістерінде патоморфологиялық тәсілдердің кеселдің кез-келген сатысында қолдана алады.
Егер патологиялық анатомия науқастың ағзалары мен тіндеріндегі жергілікті құрылымдық өзгерістерді зерттесе, онда патофизиология тұтас организмді, оның реттеуші жүйелерімен біріктіріп зерттейді. Науқас организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделу мүмкіншіліктерін, ондағы қорғаныстық-компенсациялық жағдайларды зерттеу патофизиология пәніне ғана тән өте ыңғайлы мүмкіншілік.
Патофизиология пәні клиникалық пәндердің негізі болғандықтан соңғыларды жақсы ұғу үшін оны білу мамандығына қарамай, дәрігерлердің барлығына өте қажет. Клиникалық пәндерде жекелеген аурулардың пайда болу себептерін, даму механизмдерін және салдарларын белгілі науқас адамдарда тексереді. Бұл кезде сырқат адамның жасына, жынысына, әлеуметтік орналасқан ортасына ж.б. жағдайларға қарай аурудың пайда болу себептері, даму жолдары әр түрлі арақатынастарда болу мүмкін. Сондықтан да «дертті емдемей, науқас адамды емдеу қажет» деген қағида қалыптасқан. Ал, патофизиология ауру себептерінің, даму жолдарының жалпы заңдылықтарын тексереді. Аурудың пайда болу себептеріне, организмнің қоздырғышға жауап қайтару қабілетіне және сыртқы (әлеуметтік) ортаның жағдайына байланысты организмде жасушалардың, ағзалардың жѕне реттеуші жүйелердің қызметтері өзгерулерінің әртүрлі байланыстары пайда болады.
Патофизиология тарихынан қысқаша мағлұматтар, оның дамуының негізгі кезеңдері.
Аурулардың пайда болуын, даму жолдары мен зардаптарын зерттеу үшін жануарларға тәжірибелер жасау қажеттілігі пайда болды. Бүгінгі күні қазақ жерінде жануарларға тәжірибе жасау көне заманнан басталганы белгілі болып отыр. Қазақ хандыгы Алтын Ордадан бөлініп шыққаннан кейін Әз Жәнібектің қасында болған қараүзген шипагер Өтебойдақ Тілеуқабылұлы (1397—1492) жазып қалдырған қолжазбасы осы айтылғанның толық айғағы бола алады. Бұл ұлы шипагер-ғалым қойлар мен дала түлкілеріне тәжірибе жасап, қанайналым шеңберлерін Гарвейден бұрын ашқаны айқындалды. Ол шешекке қарсы екпелер дайындау үшін таналарды егіп, олардан сау адамдарды егетін материал (вакцина) алған. Бұндай тәжірибе өте кең бабамыздың жазуы бойынша ХҮ-ғасырдың екінші жартысында, Эдуард Женнерден үш жарым ғасырдай бұрын, жасалған. Ол кісінінің вакцина алу жолы сол кездегі халықтың жергілікті тұрмыс жағдайларына толығынан сәйкес келеді. Мәселен, танадан алынған вакцина жаңа сойылған малдың бүйрек қапшығына құйылып, қараңғы жерде сақталуы өз заманының, тіпті бүгінгі ғалымдардың ойына келмейтін, үлкен ғылыми жетістігі болып есептеледі.
Сонымен бірге, бұл ғұлама шипагердің адам денесінің сусыздануын және оның сатыларын, суға кетіп өлген немесе суыққа үсіп қалған адамдарды тірілту жолдарын алғаш зерттеп шешуі өз заманының үлкен ғылыми жетістіктеріне жатады. Көрсетілген гылыми еңбек баспада басылып, кең тарамағанымен, басқа елдердің елшілері мен саудагерлері арқылы ауыздан ауызға беріліп, жер шары мемлекеттеріне тарап кетуі ешбір күмән тудырмайды. Сондықтан еуропалық ғылыми медицинаның дамуына бұл ақпараттар ықпал етпеді деуге ешбір негіз жоқ.
Медицинаның өзекті мәселелерін жануарларда тәжірибе жасап шешу еуропалық ғылыми медицинада эксперименттік дерттану (патология) немесе патологиялык, физиология деп аталды.
1819 ж. Я. Л. Гэйллиот ең алғаш патологиялық физиология атауын қолданып, «Жалпы патология және патологиялық физиология» атты оқулығын жариялады. Бұл атауды немістің ұлы патологы Р. Вирхов (1847) кеңінен қолданды.
Экспериментгік дерттанудың негізін қалаушы болып ФрансуаМажанди (1738—1855), Клод Бернар (1813—1878), В. В. Пашутин (1845—1901) есептеледі.
1878 ж. В. В. Пашутин жалпы және эксперименттік патологияны медициналык, факультеттердің оқу курсына енгізді. 1930 жылдары бүрынғы Кеңестер Одағында патофизиология медициналық пѕн деп аталып, медицина саласында жоғары білім беру бағдарламасына енгізілді.
Сонымен Ресейде бірінші жалпы және эксперименттік патология кафедрасын Қазан университетінде В. В. Пашутин (1845—1901) ашты және ол 1878 ж. патофизиологиядан алғашқы нүсқауды өзі жазды. В. В. Пашутиннің ғылыми бағыттары: зат алмасу мен энергия алмасуының бұзылыстары, патофизиологияның маңызды проблемаларының бірі болып есептеледі. Оның толық және жартылай ашығу, жылу алмасуының бұзылыстары, оттегі жеткіліксіздігі, гиперкапниялар туралы ізденістері бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ.
Ол патофизиологиядан көптеген мамандар дайындады. Ресейде патофизиологияның ілім және пән ретінде қалыптасуына орыстың ұлы физиологы И. П. Павловтың (1849—1936) қосқан еңбегі зор. Ол жануарлардың тіршілік қүбылыстарына жаңа көзқараспен қарап, патологияда нервизм ілімін дамытты, қанайналым, асқорыту жүйелері, жоғары жүйке әрекеттері туралы ілімдерді толықтырды.
Қазақстандағы бірінші патофизиология кафедрасы алматы мединститутында, яғни бүгінгі Қазақ мемлекеттік медицина университетінде 1933 жылы ашылды. 1933-1946 ж. бұл кафедраның меңгерушілері болып: проф. Глеклер Н.Э., доцент Четвертак Д.С., профессор Лейтес С.М. жѕне профессор очкур П.П. қызмет атқарды. 1946-1969 ж. кафедраны профессор Глозман О.С. басқарды. Профессор Глозман О.С. өзінің шѕкірттерімен екі үлкен ғылыми проблемалар төңірегінде шұғылданды. Оның біріншісі: уланған дененің қанын донордың қанымен ауыстыру операциясы. Кезінде оның үлкен практикалық маңызы болды және талай адамдарды өлімнен арашалап қалды. Екіншісі — тез қансырау және шок проблемасы. Бұл проблеманың ІІ-дүниежүзілік соғыс кезінде ерекше көзге түскен мѕселе екендігі және оның қазіргі бейбіт күндерде де өте маңызды екендігі ешбір күмән туғызбайды. Профессор о.с Глозман көптеген патофизиология мамандарын дайындады. Солардың ішінде профессорлар: Насыбуллина Х.С., Сѕулебекова М.С., Каримов М.А., Макашев К.М., Маманова Х.Е т.б-лар. Профессор Насыбуллина Х.С. 1969-1991 ж. Алматы мединститутының патофизиология кафедрасын меңгеріп, көптеген нѕтижелі еңбектер атқарды. Ол оқушылармен бірге, бүгінгі күннің талабынан туған, көптеген факторлардың бірігіп организмге әсер етулерін зерттеді. Мысалы, қансырау мен гипокинезияның ішімдіктің, қантты диабет пен қансыраудың т.с.с. организмге біріккен әсерлердің практикалық маңызы зор екені ешқандай күмән келтірмейді.
Профессор Каримов М.А, шәкірттерімен бірге Қазақтың онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында әртүрлі химиялық заттардың организмдегі ісіктің дамуына тигізетін маңызын зерттеуде елеулі еңбек атқарды.
Профессор Сәулебекова М.С. оқушыларымен бірге қазақтың тағам проблемалары институтында нәтижелі еңбек етуде.
1951 ж. Қарағанды мединститутында, бүгінгі медицина академиясында патофизиология кафедрасы ашылды. Бұл кафедраны ұйымдастырып, айтарлықтай еңбек еткен профессор Я.А. Лазарис (1904-1989) оқушылармен бірге екі үлкен ғылыми мәселелермен шұғылданды:
1. өкпе ісінуінің патогенезі және оны тәжірибеде емдеу жолдары; 2. қантты диабет және оның патогенезі.
Бірінші мәселе бойынша өкпе ісінуі кезінде өкпе қылтамырлары кемерлерінің өткізгіштігінің жоғарылауында нерв жүйесінің маңызы көрсетілді. Екінші мәселе бойынша қант диабеттің эксперименттік үлгісін жануарларға аллоксан енгізу арқылы алуды алғаш ұсынды. Аллоксандық және дитизондық диабеттерді тәжірибеде зерттеу арқылы қантты диабеттің патогенезін анықтауға көрнекті үлес қосты.
1955 ж. патофизиология кафедрасын Семейдің мединститутында, бүгінгі медицина академиясында, профессор назарова Т.А. ұйымдастырды. Оның негізіг ғылыми бағыты әртүрлі шок жағдайларының (травмалық, гемотрансфузиялық ж.б.) нервтік рефлекстік жолдармен дамуын терең зерттеуде болды. Организмнің сезімтал рецепторлары орналасқан әртүрлі аймақтарын ұйқы артериясының синокаротидтік аумағын, ішектердің шектерін, көкбауырды тұтас қан жүйесінен оқшаулап, оларға бөтен қанмен әсер ету арқылы шок дамуында нервтік-рефлекстік жолдардың маңызы үлкендігін көрсетті. Профессор Назарова Т.А. Қазақстанда патофизиологиядан өзінің мектебін ашқан ғалым. Оның шәкірті доцент Қ.Шаймарданов Семей мединститутының патофизиология кафедрасын ұзақ уақыт басқарды. 1997 жылдан бастап бұл кафедраны Т.А. Назарованың оқушысы профессор В.И. Кравцов басқарып келеді.
1959 ж. Ақтөбе мединститутында (медицина академиясында) патофизиология кафедрасын профессор Маманова Х.Е. (1918-1977) ұйымдастырды. Ол иммунология саласында біршама еңбектер атқарды. Оның оқушысы профессор Қасенов Қ. О. көрсетілген кафедраны меңгеріп, организмге жылан уларының өсерін, оны емдеу жолдарын іздестіруде нәтижелі еңбектер атқарды.
1967 ж. Ақмола мединститутында, бүгінгі медицина академиясында, патофизиология кафедрасы ашылды. Ол кафедраны кейін үзақ жыл профессор В. Г. Корпачев (1936—1998) меңгеріп, организмнің төтенше ауыр жағдайларын, постреанимациялық патологияны зерттеуде ғылымға елеулі үлес қосты. Ол көптеген патофизиология мамандарын дайындап қалдырды. Соның ішінде профессор Е. Д. Дәленов профилактикалық медицина академиясының академигі, Нью-йорк медицина академиясының қүрметті академигі атақтарына ие болды. Профессор Н. Қ. Хамзина қәзір патофизиология кафедрасын меңгереді.
1554ж. француз гуманист-дәрігері Ж.Фернель алғаш рет медицина облысына "патология" терминін енгізді, ауру себебін, сонымен қатар анатомиялық және функциональді бұзылыстарын оқытатын. Оның жазған еңбегі екі жүз жылға дейін патология туралы ең жақсы оқулық болып көрінген. 1758 жылы медицина тарихында И.Д.Гаубийдың алғаш рет медицинаның жалпы патология туралы басқармасы жарық көрді. Онда "ғылымның аурулары туралы жалпыны" белгілеу үшін, негізін, еркшеліктерін, себебін және ағзаның қатты және сұйық бөліктерінің қалыпты жағдайларының бұзылыстарының зардаптары қарастырылғандықтан "Жалпы патология" терминін қолданды. XVIIIғ. аяғында Дж.Гунтер тәжірибелік патологияның бастамасын қойды. "Патологиялық физиология" терминін алғаш рет 1791ж. Галледе шыққан "Патологиялық физиология негіздері" деген оқулықта Эрфурт университетінің профессоры А.Ф.Геккер (A.F.Hecker, 1763-1811) қолданды. Соңынан L.Gelliot (1819) "патологиялық физиология" терминін "Pathologie generale et physiologie pathologique" атты оқулықта қолданды.
Батыс Еуропа мен Ресейде XVIIIғ. аяғы ХІХғ. басында патология теориялық медицина курсының бөлінбейтін бөлігі ретінде оқытылды. Жалпы патологияның дамуына ХІХғ. бірінші жартысында үлкен үлесін қосқан дәрігер-философ И.Е.Дядьковский және оның Мәскеу университетінде терапия және жалпы патология курсын оқыған шәкірті К.В.Лебедев. Олардың жалпы патологиялық туындысы-"патологияның философиясы"-жалпы патология жөнінде орыс тілінде негізгі бірінші ғажайып басқармасына жатқызылды. ("Жалпы антропопатология"), 1835ж. К.В.Лебедев шығарған.
Дж.Моргань мен К.Рокитанскийдің классикалық еңбектерінің, сонымен қатар Ж.Крювельенің Париж университетінде 1836ж. патологиялық анатомия кафедрасының алғаш ұйымдастырылуы жарық көргеннен кейін патологиялық анатомия өзіндік академиялық пән ретінде құрылды.
Ресей университетінің 1835 жылғы жарғысында жалпы жалпы патологияны физиологиямен бірге оқыту енгізілді. Мәскеу университетінің физиология және жалпы патология кафедрасының профессоры А.М.Филомафитский 1835 жылдан 1847 жылдар бойы алғаш рет Ресейде жануарларда бүйректерін алып тастау және несепағарды байлау жөнінде тәжірибе қатарын енгізді. 1847-1848жж. ағзаға эфирдің, хлороформның және т.б. наркотикалық заттардың әсерінің тәжірибелі-клиникалық зерттеулерін басқарды.
1868-1869жж. Ресей университеттерінде жалпы патологияның өзіндік кафедралары ашылды. Осындай кафедраны Мәскеу университетінде ұйымдастырған А.И.Полунин оған әмбебап сипаттама беруге тырысты, бірақ зерттеудің тәжірибелік базасын жасай алмады.
ХІХғ. аяғында нақты патологиялық физиологияның жалпы патология недрасында құрылу тенденциясы көрінді. Р.Вирхов айтқан қажеттілік туралы оның шәкірті Ю.Конгейм ғылымды эмболияға, инфарктқа негізделген белгілі тәжірибелі зерттеулермен байытты, қабынудың себебі мен даму механизмін жазды. 1877-1880жж. ол жалпы патология туралы классикалық екітомдық басқарманы шығарды. 1878-1881жж. орыс тіліне аударылды. Автор негізгі зейінді патологиялық физиологияға бөлді, ол Ю.Конгейм айтуы бойынша ауру жағдайында мүшелер қызметі қандай болуы және содан кейін қалыпты өмірлік бұзылыстарының қалай пайда болғанын оқытады. 1878-1879жж. С.Самуэльдің неміс тілінен орыс тіліне аударылған "Патологиялық физиология негізіндегі жалпы патология басқармасы" шықты.
Патофизиологияның оқу курсының құрылысы; жалпы патологиялық физиология (жалпы нозология, типтік патологиялық процесстер); жеке патологиялық физиология (мүшелердің және жүйелердің патофизиологиясы).
Патологиялық физиология курсы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім-нозология немесе ауру туралы жалпы оқу. Дерт анализі кезінде дәрігер екі мәселемен соқтығысады: неліктен ауру туындады және оның даму механизмі қандай. Осы екі мәселе (этиология мен патогенез) патологиялық физиологияның басты мәселесі болып табылды және бірінші бөлімде қарастырылады. Бұл мәселелердің шешімі орта мен ағза арасындағы күрделі қарым-қатынас анализі болжамдайды. Орта түрлі, оның ішінде патогенді әсердің көзі, ал ағза-оның тектігімен және реактивтілігімен реттеудің түрлі деңгейімен биологиялық жүйе ретінде қарастырылады.
Екінші бөлім-типтік патологиялық процесстер-көптеген дерттердің негізінде жатқан процесстер туралы мәліметтер құрайды: қабыну, ісік, қалтырау, гипоксия, зат алмасулардың типтік бұзылыстары, ашығу туралы.
Үшінші бөлім-жеке патологиялық физиология. Бұнда бұзылыстар туралы әңгіме ең алдымен жеке мүшелер мен жүйелердің: қанайналым, тыныс алу, эндокриндік, жүйке жүйесі және т.б. Бұл бөлім жеке патологиялық физиология деп аталғанмен де, сонда да мұнда жалпы патологиялық аспектілер басты болып табылады. Мысалы, бүйрек патологиясын қарастырған кезде бүйрек патофизиологиясын оның қызметінің, ағзаның компенсаторлық мүмкіншіліктерінің бұзылыстарының жалпы заңдылықтарының анықтауға тырысады.
Жалпы нозология (грек сөзінен нозос-ауру)-ауру туралы жалпы ілім.
Ауру-организмнің денсаулықтан жаңа сапалық жағдайымен ерекшеленеді, қоршаған орта факторларынан зақымдалуға жауап болып табылады. Ауру тұрмыстық жағдай арқылы берілетін, қорғаныс серпілісінің бұзылуымен және организмнің қоршаған орта жағдайларына бейімделу серпілісінің бұзылуымен және еңбекке қабілеттілігінің төмендеуімен сипатталады.
И.П. ауру табиғаты жайлы ойлай отырып, байқаған: ауру тек жәй зақымдалу нәтижесі, өмірлік қызметтер бұзылысы, “қирау” ғана емес. Әрбір ауру тудырушы тітіркендіргіш зақымдалуды тудыра отырып, ауру шақырады, сонымен қатар бір уақытта қорғаныс механизмдері іске қосылады. Организмнің кез-келген қоршаған орта әсеріне серпіліс заңдылығы осындай. Организм бұл қоршаған ортаның үздіксіз әсеріне өзінің функционалдық жүйе әрекетінің өзгеруімен жауап беретін, күрделі өзін-өзі реттеуші жүйе.
Функционалдық жүйенің осы серпілістері (реакциясы) организмді қоршаған орта жағдайларының өзгерістеріне бейімдейді. Яғни бейімделу –механизмі денсаулық жағдайында үздіксіз әрекет етеді. Дәл осы механизмдер патогендік тітіркендіргіш әсерінен де іске қосылады, бірақ басқа сандық мөлшерде, ал кейде өз сапасы өзгерген түрде. Бұл бейімделу серпілістерін И.П. Павлов ауруға қарсы “физиологиялық өлшем” деп атады. Осы механизмдер сауығу үрдісіне бастау береді. Дәлірек айтқанда бұл: антидене, өндірілуінің күшеюі (кез-келген емес, берілеген микробқа қатысты арнайы), шырыш секрециясының күшеюі, бактерицидті сөлдерің күшеюі, жүрек жұмысының күшеюі, қан ағысының жылдамдауы, тынысалудың жиілеуі және тереңдеуі, лейкоциттер түзілу үрдісінің күшеюі, тер бөлудің күшеюі, кейбір гормондарың көптеп түзілуі және т.б. Аурудың әрбір белгілі жағдайында (ауру себебінің әсер ету ерекшелігіне байланысты: солардың біреуі-инфекция қоздырғышы, төмен температура, т.б.) осы аталған механизмдердің белгілі біреулері іске қосылады.
Әрине бұл бейімделу серпілістерінің күші және көлемі әрқашан организмге қажетті шекте болмайды, яғни әрқашанда оптимальді емес.
Дәрігер белгілі бір жағдайда бейімделу мәні бар организмнің серпілістерден зақымдалу “қирау” көріністерін жақсы айыра білуге міндетті. Тек дәрігер-клинецист қана аурудың кез-келген симптомын басуға ұмтылады.
Ауруалды-бұл денсаулық пен ауру арасындағы өтпелі жағдай. Ол тек қоршаған ортаның кейбір патологиялық және физиологиялық факторлар әсерінен көптүктелген қызметтің жеке компенсация элементінің бар болуынан тек прогресстеп қана қоймай, сонымен бірге регресстенуімен де сипатталады.
Дәрігерге бұл сатыда ауруды болдырмау, аурудың бастапқы кезеңіне қарағанда, айтарлықтай жеңіл. Сондықтан да ауруалды кезеңін білу, практикалық және профилактикалық медицинада, маңызы зор.
Кез-келген ауруда ауруалды кезеңнің болуы міндетті емес. Аруалды (басқаша айтқанда преморбидтік жағдай) деп физиологияға жатпайтын, бірақ әлі айқын дертке өтпеген, организмнің реактивтік қасиетінің өзгеруі. Ауруалды кезеңінде компенсация механизмдері әлі көрініс бермейді. Кейде ауруалды жағдайы, кейбір қоршаған орта факторларына организмнің төзімділігін төмендететін, бұрын ауырған аурулар аясында пайда болады.
Адамда ауруалды жағдайы тұрмыс және еңбек әрекетімен байланысты, жедел патогенді емес факторлардан пайда болады: шамадан тыс тамақтану, тұзды көп жеу, гиподинамия, тоңазу ыстықтау, шу, вибрация т.б. Олардың ауру тудырушы әсері бір нәрсенің себебінен және көп уақыттан кейін көрініс беруі мүмкін. Жиі бұл факторлардың әсері сабақтасады, мұның созылмалы нервтік-психикалық зорығуда маңызы бар.
Дерттік үрдіс ( патологиялық процесс)- бұл зақымдалған организм немесе зақымдалған ағза, ұлпаларда дертік және қорғаныс-бейімделушілік серпілістерінің сабақтасуы. Мысалы: жедел аппендецит кезінде құрт тәрізді өсіндінің флегмонозды қабынуы жергілікті дерттік үрдіс болып табылады.
Дерттік серпіліс (патологиялық реакция)-бұл дерттік үрдістің қарапайым түрі. Мысалы: аурутудырушы әсерге жауап ретінде артериолалардың тұрақты кеңеюі немесе шырыштың көп бөлінуі дерттік серпіліс болып табылады.
Дерттік жағдай (патологиялық жағдай)-дегеніміз ұзақ уақыт аралығында өте жәй дамитын дерттік үрдіс болып табылады. Мысалы: асқазанның ойық-жарасы (дерттік үрдіс) тыртықтанумен немесе кіреберіс қақпасының тарылуымен (дерттік жағдай) аяқталып, ұзақ уақыт айтарлықтай өзгермей қалуы мүмкін.
Типтік дерттік үрдіс деп жануар түріне, локализациясына, себебіне, ерекшелігіне қарамастан бірдей негізгі заңдылықтармен дамитын үрдістерді айтамыз. Басқаша айтқанда типтік дерттік үрдістер әр түрлі жануарларда, әр түрлі мүшелерде негізінде қандай дерттік әсер жатпасын, ағымы негізі бірдей заңдылықтармен өтеді. Бұл қабыну, қызба, ісік, гипоксия, ашығу, гиперэмия, тромбоз, эмболия. Жануарларда соның ішінде адамдарда да (негізінен) ашығу бірдей өтіп, оттегі жетіспеушілігіне бірдей жауап беруі, барлық жануарларда қабыну үрдісінің бірдей заңдылықтарымен өтуі, бізге бұл үрдістердің эволюция барысында қалыптасып, олардың дамуы тұқым қуалау жолымен берілетіндігін көрсетеді. Әрине, қабыну немесе ісік әр түрлі жануарлар түрінде әртүрлі ерекше қасиетке ие, бірақ патофизиология ол ерекшеліктерден ауытқып, олардың даму заңдылықтарын түсіну үшін, ортақ жалпы қасиеттеріне көңіл бөледі.
Ауруларды классификациялау принциптері
Қазіргі уақытта аурулар саны мыңға жуық (нозологиялық формалары). Уақыт ағымына қарай олардың саны өзгеріп отырады. Кейбір аурулар жоғалып, олардың орнын жаңа аурулар басады. Мысалы рентген сәулелерін қолданғанға дейін, сәулелік аурулар мүлдем болмаған. Ғарышқа ұшуға дейін ғарыштық медицина да болмаған. Аурулардың жіктелуінің негізіне кейбір нышандар кіреді:
-
Этиологиялық жіктелу. Этиологиялық жіктелу аурулар тобының пайда болу себебінің жалпылығына негізделеді. Мысалға, инфекциялық емес аурулар. Осындай принциппен даму себебінің негізі улану (тағамдық, проффесионалдық), гендік және хромосомалық мутациялар (тұқым қуалайтын), т.б. бірдей болып табылатын ауруларды жіктеуге болады.
-
Топографо-анатомиялық жіктелу мүшелік принциппен құрастырылады. Жүрек, бүйрек, құлақ т.б. Бұндай жіктелу бірнеше рет қатаң сынауларға алынған, себебі мүшелік ауру мүлдем болмайды, кез-келген жергілікті зақымдалу серпілістері бүкіл организмді қамтиды деген ойға негізделеді. Дегенмен бұл жіктелу кеңінен тарған, практикада қолайлы болғандықтан. Одан басқа бұл жіктелу қазіргі таңдағы дәрігерлік көмекті мамандандыру тенденциясына жауап береді. Бұл жіктелу қызметтік жүйе бойынша жіктеумен сабақтасады: қан жүйесі, асқорыту жүйесінің, тірек-қозғалыс аппаратының аурулары т.б.
-
Жас және жыныс бойынша жіктеу. Балалық шақ (жекелегенде нәрестелер ауруы) қарттық шақ ауруларын ажыратады. Пациенттер арасында қарт адамдардың санының өсуінен, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығының артуынан, соңғы кезде геронтология және педриатрияның жеке ғылым болып бөлінуінің қажеттілігі туып отыр. Медицинаның арнайы бөлімі-Гинекология болып табылады.
-
Экологиялық жіктеуге адамның мекен ету жағдайларынан туатын аурулар тобы кіреді. Ауа температурасы, атмосфералық қысым, күн жарығы, күн мен түн алмасуы белгілі бір аймақтың тұрғындарының денсаулығына әсер етеді. Мысалы қиыр солтүстік немесе тропика. Бұл географиялық немесе аумақтық дерт.
-
Патогенез жалпылығы бойынша жіктеу: аллергиялық, қабыну аурулары, ісіктер, шок.
Ауру көріністері (жалпы және жергілікті, арнайы және арнайы емес)
Ауруды анализдеу жалпы және жергілікті арсындағы арақатынасты түсінуде қатаң талаптар қояды, осыған ауруды емдеу шараларының эффективтілігі белгілі бір дәрежеде байланысты болғандықтан. Жалпы және жергілікті біртұтастықтың ішінен үрдіс тенденциясын анықтайтын жетекші жағын табу керек. Айталық тіс кәрезі жергілікті емдеуге келетіндіктен, пломба қою жеткілікті. Егер кәруыз минерал және ақуыз алмасуының бұзылысының нәтижесінде пайда болса, онда бәрінен бұрын емдеу жалпы түрде болуы керек.
Жергілікті және жалпылық арасындағы арақатынас уақыт ағымына қарай өзгереді. Жергілікті (фурункул) тарап, жалпыға (сепсис) айналуы мүмкін, жалпы дерттік үрдіс организмнің қорғаныс күші көмегімен шектелуі, локализациялануы немесе жойылуы мүмкін.
Аурудың арнайы немесе арнайы емес көріністері.
Ауруда әрқашан тек қана сол ауруға тән көріністерді ажыратуға болады (мысалға, стенокардия, стенокардия кезіндегі ауырсынудың иррадиациясы), сонымен қатар көптеген, я болмаса барлық ауруларға тән көріністер (симптомдар) болады. Бұл патогенездің жалпы арнайы емес жағы, эволюция барысында қалыптасқан, тұқым қуалау арқылы берілетін организм серпілістерімен анықталады. Олардың мән мағынасына дерттік жағдайда әрқашан іске қосылатын организмнің қорғаныс қасиеті кіреді. Мұндай жүйкелік немесе жүйкелік және эндокриндік мүшелермен анықталатын арнайы емес серпілістер кем дегенде бесеу: дерттік парабиоз, дерттік доминанта, неврогенді дистрофия, қыртыс-висцеральдік динамиканың бұзылуы және стресс.
Парабиоз-бұл тұрып қалған, таралмайтын қозу, қозатын ұлпаның зақымдалуынан тұрады. Мысалға кейбір жүрек блокадалары формаларының патогенезінде парабиоздың маңызы зор.
Доминанта-яғни орталық жүйке жүйесінде басқа басқарушы ошақтың пайда болуы. Бөгде басқарушы ошақ басқа орталықтарды өзіне тәуелді етіп, көптеген психикалық аурулардың дамуындағы дерттік үрдістерге әкелуі мүмкін (Мысалға аңду үрейіне). Доминантамен кейбір ауырсынулардың өткірленуін, организмге индеферентті тітіркендіргіш (мысалға, дыбыс, жарық) әсерінен де ауырсынудың пайда болуын түсіндіруге болады. Бронхиалдық астмада және гипертониялық ауруларда, бас миында кез-келген тітіркендіргішке бронхтардың тарылуымен (бірінші жағдайда) немесе тамырлардың таралуымен жауап беретін, тұрып қалған қозу ошақтары пайда болады.
Сонымен бірге жүйке жүйесінің трофикалық қызметі де іске қосылады. А.Д. Спиранский трофикалық компонент қосылмайтын бір де бір ауру болмайды деп есептеген. Қант диабеті және туберкулез сияқты айырмашылығы өте үлкен ауруларда жүйке жүйесіне, оның трофикалық қызметіне бірінші жағдайда ұлпаның инсулинге сезімталдығы байланысты болса, екінші жағдайда оның туберкулез таяқшасына резистенттілігі тәуелді.
Ауруда арнайы еместік түсінігі Сельенің стресс жайлы оқулығында ерекше дамуына жеткен. Автор әр түрлі тітіркендіргіштер жылу, суық, у, ауырсыну әрқашанда стандартты, арнайы емес серпіліс тудырады. Бұл барлық жағдайда гипофиз гормоны-кортикотропиннің бөлінуі, бұған бүйрек үсті безінің қыртысы көптеп гормон түзуімен жауап береді. Егер агенттер әсері өте ұзақ және өте күшті болмаса, бүйрек үсті безі гормондары организмнің жағдайларға бейімделуіне тек көмегін тигізеді. Егер де зақымдаушы агент әсері шектен тыс болса, онда ауру дамиды немесе өлімге әкеп соқтырады.
Патогенездегі арнайылылыққа келетін болсақ, яғни диагноз қойылатын симптомдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жерде жетекші орынды этиологиялық фактор алады. Жалпының үстіне бірдей және ерекше қабаттасады. Себептер жалпы ауады, бейне бір өз өрнегін салатындай. Одан басқа жоғарыда аталған бес факторды (парабиоз, доминанта, кортика висцеральді байланыстар, жүйкелік трофикалық қызмет, стресс) естен шығармау керек. Олар өз бетінше арнайы емес, бірақ олардың өзара күрделі құрамдасуы берілген аурудың ерекше қасиетін беруі мүмкін.
Осылайша, кез-келген ауру арнайы және арнайы еместің, жеке және жергіліктінің, ерекше және жалпының қоспасы болып табылады.
Ауру дамуының негізгі кезеңдері (периодтары) және аурудың ақыры
Ауру дамуында, әдеттеә 4 кезеңді ажыратамыз: латентті, продромальді, аурудың шарықтау шегі және соңы немесе аурудың аяқталуы. Мұндай кезеңділік баяғыда жедел инфекциялық ауруларды (іш сүзегі, оба т.б.) клиникалық анализдеуде құрастырылды. Басқа аурулар (жүрек-тамырлық, эндокриндік, ісіктер) басқа заңдылықтармен өтеді, сондықтан да келтірілген кезеңділік бұларға аз қолданылады. А.Д. Адо аурудың үш кезеңін ажыратады: басы, аурудың өзінің кезеңі, аяғы.
Латентті кезең (инфекциялық ауруларда қолданылады-инкубациондық) себептің әсер ету мезетінен бастап аурудың лорлық клиникалық көріністерінің пайда болуына дейінгі кезең. Бұл кезең қысқа болуы да мүмкін, әскери уландырушы заттардың әсеріндей және өте ұзақ та болуы мүмкін, проказа кезіндегідей (бірнеше жыл). Бұл кезеңде организмнің қорғаныс күштерінің мобилизациясы жүреді, күштер мобилизациясы мүмкін бұзылыстарды компенсациялауға, аурутудырушы агенттерді не жоюға, не шығаруға бағытталады. Латентті кезеңді профилактикалық шараларды жүргізгенде (инфекция жағдайында изоляция), сонымен бірге емдеуде, жиі тек осы кезеңде ем эффективті (құтырма), білу міндетті түрде қажет.
Продромальді кезең-бұл алғашқы ауру көрінісінен оның толық симптомдарының көрінуіне дейінгі уақыт бөлігі. Кейде бұл кезең айқын (Крупті пневмония, дизентерия), кей кезде әлсіз, бірақ аурудың дәл айқындалуымен сипатталады. Мысалы тау ауруы кезінде, бұл себепсіз шаттану (эйфория), корь кезінде-Коплик-Филатов дақтары т.б. Мұның барлығы дифференциялдық диагностикада маңызды. Сол уақытта көптеген созылмалы ауруларда продромальді кезеңді анықтау жиі қиындық туғызады.
Аурудың шарықтау кезеңі: клиникалық суретінің толық дамуымен сипатталады: қалқаншамаңы безінің жетіспеушілігі кезіндегі қалтырау, сәуле ауруындағы лейкопения, типтік триада (гипергликемия, гликозурия, полиурия) қант диабеті кезіндегі. Бұл кезеңнің ұзақтығын анықтау бірқатар ауруларда салыстырмалы жеңіл. Созылмалы ауруларда ағымның жәйлілігінен кезең алмасуы байқалмай ағымы ошақтардың жандануымен кезектеседі, жаңа жандану аурудың алғашқы көріністерінен айтарлықтай айрықша болатынын ескеру керек.
Ауру ақыры. Аурудың келесі ақырларын ажыратамыз: сауығу (толық және толық емес), рецидив, созылмалы күйге өту, өлім.
Сауығу. Аурудан туған бұзылыстардың жойылып, организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасының қалпына келуі, адам үшін ең бастысы-еңбекке қабілеттілігінің қалпына келуі.
Сауығу толық және толық емес болады. Толық сауығу деп организмдегі аурудың барлық іздері жоғалып, бейімделу мүмкіндіктерінің толық қалпына келуі. Сауығу әрқашан бастапқы күйге оралуды білдірмейді. Ауру нәтижесінде әр түрлі жүйелердің өзгеруі не сол күйінде қалуы да мүмкін, оның ішінде иммундық жүйе де. Толық емес сауығуда ауру зардаптары айқын көрінеді. Олар көпке дейін кейде өмірбақиға қалады (Мысалы, плевра жапырақшаларының бітісіп өсуі, митральді тесіктің тарылуы). Толық және толық емес сауығу арасындағы айырмашылық салыстырмалы. Сауығу тұрақты анатомиялық кемістікке қарамастан толық болуы мүмкін (Мысалы, бір бүйректің жоқ болуы, егер екінші бүйрек біріншінің жұмысын толық компенсацияласа). Сауығу алдындағы ауру кезеңдері өткеннен кейін басталады деген ой қате. Сауығу үрдістері ауру туған сәттен бастап басталады.
Сауығу механизмдері туралы түсінік сандағы жалпы жағдайдан туындайды, ауру екі қарама-қарсы құбылыс-жеке дерттік және қорғаныс-компенсаторлық механизмдерінің біртұтастығынан туындайды. Осы екі жақтың біреуінің басымдылығы аурудың ақырын шешеді. Сауығу мүмкін бұзылыстардың бейімделі кешені серпілісінің күшімен толық қалпына келуімен сипатталады. Сауығу механизмінің ішінде жедел (апаттық) және ұзақуақыттық түрлерін ажыратады. Жедел тыныс алу және қанайналым өзгерістері сияқты рефлекторлық қорғаныс серпілістері, стрестік серпілістері кезіндегі адреналин және глюкокортикойдтардың бөлінуі, сонымен бірге ішкі орта тұрақтылығын сақтауға бағытталған механизмдер (РН, қандағы глюкоза деңгейі, қан қысымы т.б.). Ұзақуақыттық серпілістер шамалы кештеу басталып, ауру ағымының аяғына дейін әсер етеді. Ең алдымен бұл-қызметтік жүйенің резервтік механизмдердің іске қосылуы. Мысалы қант диабеті панкреаттық аралшықтың ¾-ін жоғалтқан кезде пайда болмауы мүмкін. Адам бір өкпемен бір бүйрекпен өмір сүре алады. Қалыпты жағдайдағы жүрек тыныштық күйіндегі жұмысынан 5 рет күшті жұмысты жүктеме кезінде атқара алады.
Функцияның күшеюі тек мүшелердің бұрын жұмыс істемеген құрылымдық-функционалдық бірліктердің (Мысалы, нефрондар) іске қосылуынан ғана емес, сонымен бірге олардың жұмыс істеу интенсивтілігінің ұлғаюынан, осы себептен мүшеде пластикалық үрдістер күшейеді, мүше массасы (гипертрофияланып) ұлғаяды, бұл жағдай әрбір құрылымдық-функционалдық бірлікке қалыпты жүктеме күшінен аспайтын күш түскенде болады. Компенсаторлық механизмдердің іске қосылуы және әрекетінің тоқтауы, ең алдымен жүйке жүйесіне байланысты. П.К. Анохин зақымдалу тудыратын функционалдық дефектілерді арнайы компенсациялайтын функционалдық жүйе жайлы түсініктеме қалыптастырды. Бұл функционалдық жүйелер белгілі бір ұстанымдар бойынша құралады және жұмыс істейді:
-
Сәйкес компенсаторлық механизмдердің іске қосылуына жетекші, пайда болған зақымдалу туралы дабыл (сигнализация)
-
Қордағы компенсаторлық механизмдердің үдемелі мобилизациясы
-
Бұзылған функциялардың қалпына келуінің кезектескен кезеңдері туралы кері афферентация
-
Орталық жүйке жүйесінде шеткері мүшеде функцияның қалпына келуін анықтайтын қозу комбинациясының қалыптасуы
-
Динамикада соңғы компенсацияның адекваттылығын және тұрақтылығын бағалау
-
Қажеті жоқ кезде жүйенің ыдырауы
Компенсацияның кезеңдерінің кезектілігіне бір аяқ зақымдалғандағы ақсақтықты мысалға алуға болады:
-
Кіреберіс-ұлулық мүшеге тепе-теңдіктің бұзылғандығы жайлы дабыл түседі.
-
Қозғалыс және тепе-теңдікті сақтау мақсатында бұлшық ет топтары және қимыл орталықтары жұмыстарының қайта құрылуы жүреді.
-
Тұрақты анатомиялық дефекті жүйке жүйесінің жоғарғы орталықтарына түсетін тұрақы афферентация комбинацияларына әкеледі, сөйтіп оптимальді компенсацияны қамтамасыз ететін, яғни ең аз ақсаумен жүруді қамтамасыз ететін уақытша кері байланыс түзіледі.
Рецидив-бұл аурудың толық емес тоқтауынан кейін, қайта басталуы, мысалға безгек кезінде ұстаманың біраз уақыт интервалы өткеннен кейін қайтадан басталуы.
Созылмалы формаға өту деп ауру ағымының жәй ұзақ уақыты ремиссия кезеңдерімен (айлап, жылдап) өтуі. Аурудың мұндай ұзақ уақытты ағымы қыздырғыш вируленттілігімен, ең бастысы, организм реактивтілігімен анықталады. Осылайша, көптегенаурулар қарттық шақта созылмалы күйге ауысады (созылмалы пневмония, созылмалы колит).
Терминалдық жағдайлар. Өлу-кезеңді үрдіс.
Өлу (организм қызметінің өшу үрдісі) өмірден өлімге сапалық өту ғана емес, сонымен бірге ол организм қызметімен жүйесінің заңды түрде кезектесіп өтетін бұзылуының соңында мүлдем істен шығуы, өшуі. Міне осы жағдай, яғни заңды түрде біртіндеп организм қызметінің өшуі, өмірді қалпына келтіру үшін уақыт беріп, жағдай жасайды.
А.А. Неговский және соавторының анықтамасы бойынша терминальді жағдайларға преагония, агония және клиникалық өлім жатады.
Преагоналдық жағдай. ОЖЖ қызметінің бұзылысымен, науқас күрт тежелген немесе комада, қанайналым бұзылысымен-төмен (60-70 мм.с.б.б.) немесе анықталмайтын артериалық қысым әлсіз жиі пульспен, шеткері қанайналым бұзылыстарының айқын көріністерімен-цианоз, терінің бозаруымен немесе дақтануымен сипатталады.
Гемодинамика бұзылуы тынысалу бұзылыстарымен тереңдейді, тыныс-беткей, жиі кейде кезеңді болады. Мұның барлығы гипоксияның, ұлпалық ацидоздың дамуына әкеледі. Дегенмен преагональды жағдайда зат алмасу негізінен тотығу болап табылады. Преагональді кезеңнің белгілі бір ұзақтығы жоқ. Ол өте қысқа немесе мүлдем болмауы мүмкін, мысалға электр тоғымен зақымдалу нәтижесіндегі кенеттен жүрек қарыншаларының фибриляциясы немесе тәндік қанайналымның жедел бұзылуы. Басқа себептермен өлу кезеңдерінде, мысалы қансыраудан, организмнің өз компенсаторлық механизмдерін іске қосуға қосуға мүмкіншілігі бар кезде, (компенсаторлық механизм негізгі өмірлік қызметтерді қалпына келтіруге және демеп тұруға бағытталады). Преагональді жағдай емдік көмек берілмесе де бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.
Агональдық жағдай. Агония басталуы жиі (бірақ барлық өлу түрінде емес) клиникалық айқын тіркеледі, себебі преагональді жағдайдан агония жағдайына өту кезеңі терминальдық үзіліс болып табылады. Ол жиі тыныстың кенет тоқтауымен; мүйіздік рефлекстердің тез өшуімен сипатталады. Егер преагональды жағдайда ЭКГ-да айқын өзгерістер, миокардта метаболизм өзгерістерін көрсететін, пайда болса, дегенмен монотонды ритм болса, ал терминальді үзіліс кезеңінде ол интравентикулярлы немесе кейде эктопиялық сирек импульстар тіркеледі. Терминальді үзіліс бірнеше секундтан бірнеше 2-4 минөтке созылуы мүмкін.
Агония динамикасын В.А. Неговский тәжірибесінде жақсы зерттеген. Агония қысқа сериялы демалумен немесе бір ғана беткейлік дем алумен басталады. Тыныс алу актіне тек көкірек бұлшықеттері ғана емес сонымен бірге мойын, ауыз қуысы аймағының бұлшықеттері де қатысады. Тыныс алу актісінің бұзылысы, яғни бір уақытта бұлшықеттердің қозуы және босаңсуы, дем алу және дем шығарудың жүзеге асырылуын қиындатып, өкпе вентиляциясының толық тоқтауына әкеледі. Мұндай клиникалық суреттің пайда болуы ОЖЖ функциясының және жағдайының радикальді өзгеруінің салдары болып табылады. Оның жоғарғы бөлімдері, соның ішінде бас-ми қыртысы істен шығып, өмірлік функцияларды регуляциялау қызметі бульбарлы және кейбір жұлын омыртқаларына өтеді. Олардың қызметінің мобилизациясы организмнің барлық ең соңғы мүмкіндіктерін сақтау үшін бақытталады. Бұл кезде тек жоғарыда көрсетілген тынысалу қозғалыстары ғана қалпына келіп қоймай, сонымен бірге ірі артериялар пульсациясы, синустық ритм және қанайналым пайда болып, бұл корнеальдік және қарашықтық рефлкстерді кей кезде есті қалпына келтіріуі мүмкін. Дегенмен бұл өліммен күрес эффективті емес, себебі бұл жағдайдан өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ: оның энергетикасы анаэробты гликолиз арқылы толықтырылады, бірақ бұл энергия сандық жағынан жеткіліксіз болып қана қоймай, ағзада толық тотықпаған өнімдердің тез жиналуына әкеліп соқтырып, сапалық өзгерістерге әкеледі.
Агония ұзақтығы, әрине, ұзақ емес. Оның көріністерінің айқындалуы агония пайда болған аяда, организмдегі патологиялық өзгерістер сипатына байланысты. Жүрек жиырылуы және тыныс алу жылдам тоқтап, клиникалық өлім басталады. Бұл жерде айта кету керек, жүректің әлсіз функциясы тоқтаған кезде, миокардтың электрлік белсенділігі (20-30ми.) клиникалық өлім басталғаннан кейін де жалғаса береді, әсіресе егер өлім қысқа, жетекші ритмнің переодикалық өзгеруімен (бірақ заңды емес), ЭКГ-да қарынша кешенінің біртіндеп ауытқуы: қос фазалы және монофазалы және ең срңында биоэлектрлік белсенділіктің толық тоқтауымен болса.
Клиникалық өлім. Өмір мен өлім арасындағы өзіндік өтпелі кезең, бұл өлім болып табылмайды, бірақ өмір деп те аталмайды. Клиникалық өлім ОЖЖ-ң тынысалу қызметінің тоқталу мезетінен басталып, аз ғана уақыт аралығына созылады, ұлпаларда, ең бастысы мида қайтымсыз өзгерістер өрістегенше. Осы өзгерістер басталғаннан бастап нағыз немесе биологиялық өлім басталады. Осылайша клиникалық өлім өлімнің қайтымды кезеңі болып табылады. Әрбір жағдайда клиникалық өлім периодының ұзақтығын анықтау мүмкін емес, себебі ол организмнің бастапқы жағдайына тәуелді. Клиникалық өлімге дейін науқастың гипоксиясымен зорығуы, мысалы, ұзақ агонияда, метаболиттік қордың азаюына әкеледі, мұндай науқастарда өзгерістер қайтымсыздығы тез басталып, клиникалық өлім периоды қысқарады. Керісінше, егер қанайналы, организмнің қанағаттанарлық немесе жалпы жағдайы жақсы кездің аясында тоқтаса, мысалы: қарыншалардың кенет фибриляциясы кезінде, онда клиникалық өлім периоды созылады. Әдетте, адамда қалыпты жағдайда клиникалық өлім мөлшері 4-7 мин. деп есептеу қалыптасқан.
Гипотермия кезінде, яғни метаболизм деңгей төмен, осыдан ағзаның оттегіне қажеттілігі азайғанда, клиникалық өлім периоды 1 сағ. дейін созылады.
Клиникалық өлім кезінде қанайналым және тыныс алу жоқ болып, толық арефлексия бақыланады, дегенмен бұл периодта зат алмасу үрдістері жалғаса береді, бірақ, төмен деңгейде. Оттегінің түсуі азайғандықтан зат алмасу гликолиз арқылы жүреді, бұл организм нерв жасушаларының минимальді өмір сүру қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Біртіндеп мида гликоген қоры азайып, АТФ мөлшері кенет төмендейді және нерв ұлпасы өседі.
Тағы да айта кету керек, клиникалық өлім мезетінде жүректің биоэлектрлік белсенділігінің болуы (атипиялық) қарыншалық кешендер түрінде, оның жиырылу қызметін көрсетпейді.Клиникалық өлімді констатациялау үшін қанайналым тоқтау керек.
Реанимацияның патофизиологиялық аспектілері.
Ағзаны тірілту туралы ілім-реаниматология деп аталады. Негізгі міндеті болып: өлім механизмдерін, өмірден өлімге өту терминальдік жағдай өтпелі кезең жағдайының мәнін анықтап, зерттеу өмірлік функцияларды қалпына келтіру (тірілту), өлімнің алдын алу және реанимациядан кейінгі кезеңді зерттеу болып табылады.
Бірақ та реаниматологияның қазіргі түсінігі, ХІХ ғ-дың аяғында пайда болған, сол уақытта И.Р. Петров, В.А. Неговский, Н.П. Гурвич, П.Сафаров, А. Лабори, В. Ковенховен және басқалар арқылы өлім үрдістері зерттеле басталды, сонымен қатар тірілтудің элементарлық эфективді әдістері ұсынылды.
Көрнекі материалдар:
Кестелер:
1. Организмнің өлім этаптары.
2. Адам ауруы.
3. Ағзаның жүйелік құрылымы.
1. кесте
ОРГАНИЗМНІҢ ӨЛІМ ЭТАПТАРЫ
Агония алды (сағат, тәулік)
Терминалдық жағдайлар
Агония (минуттер) (қайтымды)
Клиникалық өлім (5-6 мин)
Биологиялық өлім Қайтымсыз
2. кесте
Адам ауруы
3. Кесте
Ағзаның жүйелік құрылымы
Ағза (организм)
ФЖ ФЖ
Функционалдық жүйе
А-ФЖ А-ФЖ
Анатомо-Физиологиялық жүйе
М М
Мүше
Функционалдық элемент
(құрылым және қызмет бірлігі)
|
Арнайы жасушалар
|
|
Талшық жасушалары және дәнекер ұлпаның негізгі заты
|
Микроциркулярлық бірлік: метартериолалар, прекапилярлық сфинктерлер, капилярлар, посткапилярлық вексулалар, лимфалық капилярлар
|
Жүйкелік талшықтар және аяқтамалар
|
|
Физиологиялық белсенді затар
|
|
1. Тель Л.З., Серебровская И.А. Избранные лекции по патологической физиологии// Алматы.- 1995. - 420 б.
2. Тель Л.З., Серебровская И.А. Физиология человека и общие механизмы болезней.
//Алматы»Казахстан».- 1994. - Ч.1-2. – 344 б, 167б.
3. Н±рм±хамбетов Э., Дєленов Е. Патологиялық физиология. // Алматы. - 1995 ж. – 562 б.
4. Н±рм±хамбетов Э. Патофизиология. // Алматы. - 2000 ж. – 568 б.
5. Адо А.Д., Адо М.А., Пыцкий В.Н., Порядин Г.В., Владимиров Ю.А Патологическая физиология.// М.:Триада-Х. - 2000.- 574 б.
6. Адо А.Д., Новицкий В.В. Патологическая физиология.//Томск.-1994.- 461с.
7. Воложин А.И., Порядина Г.В. Патологическая физиология // М.: «МЕДпресс». - 2000. – 525 б.
8. Зайко Н.Н. Патологическая физиология. // Элиста АОЗТ «Эсен».- 1995.- 549 б.
9. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Основы общей патологии // С.-Петербург. «Элби- СПБ». - 1999. – 470 б.
10. Литвицкого П.Ф. Патофизиология. Курс лекций; Учебное пособие.//М.-1995. – 741 б.
11. Михайлов В.В. Основы патологической физиологии // М., «Медицина»- 2001. – 703 б.
-
Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
-
Патологиялық физиология пәні, мақсаты және мндеттері; жоғары медициналық білім беру жүйесіндегі оның алатын орны; патофизиология қазіргі клиникалық медицинаның теориялық негізі ретінде.
-
Патофизиология тарихынан қысқаша мәліметтер; оның дамуының негізгі кезеңдері.
-
Патофизиология оқу курсының құрылымы: жалпы патологиялық физиология (жалпы нозология, типтік патологиялық процестер); жеке патологиялық физиология (мүшелер мен жүйелердің патофизиологиясы)
-
Жалпы нозология жайлы түсінік
-
Медицина және биологиядағы норма
-
Ауру табиғатына эволюциялық көзқарас
-
Денсаулыққа анықтама беріңіз
-
Ауру дегеніміз не?
-
Ауру анықтамасына енгізілген негізгі критерийлер
-
Ауру организмнің зақымдалу және қорғаныс-бейімделулік серпілісінің диалектикалық біртұтастығы тұрғысында
-
Патологиялық (дерттік) үрдіс туралы түсінік
-
Дерттік серпіліс жайлы түсінік
-
Дерттік жағдай туралы түсінік
-
Адам дертінде биологиялық факторлар маңызы
-
Адам дертінде қоғамдық факторлар маңызы
-
Аурудың классификациясының ұстанымдары
-
Аурудың адамның еңбекқабілетіне әсері
Достарыңызбен бөлісу: |