Қазақстан республикасының ОҚу-ағарту министрлігі



бет1/6
Дата10.06.2024
өлшемі41.62 Kb.
#502503
  1   2   3   4   5   6
Ашық сабақ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
«АВИМЕД» МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
Колледж әдіскері Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
_______ Байдосова Ж.О. __________ Аскерова С.Ю.
«___»_______2024 ж. «___»_______2024 ж.

Тақырыбы: Балалардың әртүрлі жас кезеңіне байланысты анатомиялық физиологиялық ерекшеліктері және олардың дамуы кезіндегі ауытқуымен байланысты ауруларды алдын алу


Пәні: «Педиатриядағы мейіргер ісі»
Топ: МІ 301-21қ
Оқытушы: Абдурасул Ақсулу Кенжетайқызы


Жоспары:
Негізгі бөлім
1.Бала организмінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері
2. Бала дамуының психологиялық ерекшеліктері
3.Дамуындағы ауытқуы бар балалардың жалпы және өзіндік ерекшеліктері


Қорытынды


Пайдалынылған әдебиеттер

1)Бала организмінде туған уақыттан 14-18 жасқа дейін оның өсуі мен дамуына байланысты бірқатар анатомиялық және физиологиялық өзгерістер болады. Әсіресе бұл ерекшеліктер нәрестелерде және емшек жасындағы балаларда айқын көрінеді. Организм өсіп, қалыптасу кезеңдерінде де бұл өзгерістер әр түрлі дәрежеде білінеді.


Нерв жүйесі
Бала дүниеге келген кезде орталық және шеткі нерв жүйесі әлі толық жетілмеген болады. Балалар инфекцияларға, улануларға және психикалық жарақаттарға өзгеше ауыр жауап береді. Жергілікті белгілер жиі білінбейді. Бірінші орынға жалпы белгілер шығады (дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өту). Сонымен қатар жарақатқа байланысты жалпы ауырғандық туындайды және психикалық реакциясы ұзақ уақыт сақталады. Сондықтан дөрекі жасалған манипуляциялардан кейін, жансыздандыру дұрыс өткізілмеу салдарынан ақыл – есі сақталу жағдайында болған балаларда жиі тұтықпа, қорқыныш сезімі, кіші дәретін түнде ұстамау – энурез жиі ұшырасады.
Бала психикасының жетілмегендігінен, науқас дәрігердің іс-әрекетін өткізуіне қарсылық білдіреді, шағымдарын айтпайды. Вегетативті нерв жүйесінің жетілмегендігі мен эндокриндік өзгерістердің болу салдарынан науқас балаларда ішек перистальтикасының бұзылыстары, іш қату, іш өту, аллергиялық реакциялар кездеседі.
Жүрек – қан тамыр жүйесі
Бала дүниеге келген кезде жүрек-қан тамыр жүйесі басқа жүйелерге қарағанда жақсы дамыған болады, сондықтан оның компенсаторлық мүмкіндіктері едәуір үлкен. Балаларда жүрек соғысының жилігі үлкендерге қарағанда жоғары, ал артериялық қан қысымы төмен. Ересектермен салыстырмалы қарағанда балаларда қанның көлемі көп, ол 80-150 мл/кг тең (ересектерде 60 мл/кг). Ал қан ағу жылдамдығы кіші жастағы балаларда 2 еседей жоғары. Нәрестелер мен емшек жасындағы балаларда қанның көп бөлігі ішкі ағзалардың орталық қан тамырларында шоғырланған, ал перифериялық қанмен қамтамасыз етілуі төмен. Барорецепторлар нашар дамыған, сондықтан кішкентай топтағы балалар қан жоғалтуға және ортостатикалық бұзылыстарға өте сезімтал. Жаңа туған нәрестелердің 50 мл қан жоғалтуы, ересектердегі 600-1000 мл қан жоғалтуға тең, демек аз мөлшерде қан жоғалтудың өзі міндетті түрде толық қалпына келтірілуі керек.


Тыныс алу жүйесі
Емшек жасындағы балаларда тыныс алу жүйесі жетілмеген болады. Өкпедегі тыныс алу бетінің көлемі кішкентай. 1 кг дене салмағына шаққанда ересектерге қарағанда едәуір төмен, ал оттегіге мұқтаждығы жоғары. Балалардың қабырғалары көлденең орналасқан. Кеуде қуысы тыныс алу актісіне аз қатысатындықтан, балаларда диафрагма арқылы дем алу басым. Дем алуға қатысатын бұлшық еттердің әлсіз болуынан тыныс алу жүйесінің жетілмегендігі айқын білінеді.
Ересектерге қарағанда балаларда тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылулары жиі. Бұл кішкентай балалардың тыныс алу жолдарының тарлығы, кілегей қабықтың болбырлығы және ісінуге бейім болып келетіндігімен түсіндіріледі. Тыныс алудың кедергілері жас балада жоғары. Көмейдің, кеңірдектің (трахеяның) 1 мм кіші болуының өзі кедергіні одан әрі жоғарылатады.
Салыстырмалы қарағанда үлкен тіл, мен бадамша бездері тыныс алу жолдарының өткізгіштік бұзылыстарының қауіптілігін арттыра түседі. Тыныс алу жолдарының кілегей қабықтары тітіркенуге өте сезімтал, өткізгіштікті бұзатын сілекей тез жиналады. Тыныс алу эпителиінің қызметі және сілекейді жөтелу арқылы шығару қабілеті әлсіз.
Кіші жастағы балалар тез шаршағыш. Тыныс алу орталығы өте өзгергіш. Тыныс алу жүйесінің анатомиялық және функционалды жетілмеу салдарына газ алмасудың қажетті көлемін сақтау үшін едәуір күш жұмсауы қажет. Тыныс алудың аздаған бұзылыстарының өзі газ алмасудың өмірге қажетті мүшелердің қызметтерін тез нашарлатады, өзгерістерге әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет