Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2008 жылғы «25» шілдедегі
№ 132 бұйрығымен
бекітілген
Мұнай және газ ұңғыларын жерасты жөндеуі кезіндегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
1-бөлім. Жалпы талаптар
1. Осы Талап мұнай және газ ұңғыларын (өндіруші, сығымдау, іздестіру және бақылау) жерасты жөндеу жұмыстарының барлық түрлеріне таратылады.
2. Негізгі түсініктер:
1) ұңғы басу – қыртыстан ұңғымаға ағындылар ағуын тоқтатуға арналған жұмыстар;
2) ұңғы – жерастылық (тау-кен техникалық) құрылғы, тереңдігі көлденең қиындысына қарағанда аса үлкен, тік немесе қиғаш цилиндр тәріздес тау қазбасы.
3. Ұйымдар технологиялық операцияларды қауіпсіз жүргізуді анықтайтын технологиялық регламенттерді жасап, техникалық жетекшімен бекітеді және өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы аумақтық өкілетті органдармен келісіледі. Технологиялық регламенттер жаңа ережелер және нормалар енгізілген жағдайда, жаңа технологиялық процесстер, қондырғылар, машиналар, аппаратуралар қолданысқа енген жағдайда қайта қаралады.
4. Рұқсат қағаз арқылы орындалатын аса қауіпті жұмыстар тізбелері мекеме арқылы жасалады. Осы жұмыстар тізбелері ұйымның техникалық жетекшілерімен бекітіледі.
5. Ұйыммен апаттарды жою жоспары жасалады. Жоспарда апаттық алдын алу және жою үшін қызметкерлердің оперативті қимылдары және АҚҚ бірге жұмыс жасау тәртіптері қарастырылады.
6. ҰЖЖ бөлімдері жұмысшылары өздігінен жұмысты негізгі және қосымша мамандықтар негізінде жүргізу үшін арнайы мамандықтары болуы тиіс.
2-бөлім. Дайындық және қондырғы орнату жұмыстары
7. Жерасты жөндеу жұмыстарына берілген және жөндеу жұмыстарынан қабылдап алынған ұңғыларға актілер рәсімделеді.
8. Әрбір жөнделетін ұңғыға жұмыс ұйымдастыру тәртібі (бұдан әрі – ЖҰТ) жасалады, ұйымның техникалық жетекшісімен бекітіледі. Қыртыс ағынында күкіртсутегі болғанда, ашық бұрқақ немесе мұнай – газ көтерілуі қаупі болған жағдайда апаттық құтқару қызметімен (бұдан әрі - АҚҚ) келісіледі.
ЖҰТ құрайды:
1) ұңғы құрылымы және тізбек бекіту шегені туралы ақпар;
2) жерасты және жерүсті қондырғылар түрлері;
3) ұңғыны пайдаланудың қысқаша мінездемелері, қыртыстық қысымы және температурасы, қыртыстық қысымды соңғы рет өлшеу уақыты және оның шамасы;
4) жөндеу жұмыстарынан соң күтілетін ұңғы технологиялық көрсеткіштері;
5) жұмысты қауіпсіз жүргізу жағдайлары, өндірістік, өрт және пайдалану қауіпсіздігі, еңбек және қоршаған ортаны қорғау, мұнайгаз көтерілуі және ашық бұрқақтың алдын алу шаралары қарастырылады;
6) көтеру қондырғысын, ұңғы үстілік және лақтыруға қарсы қондырғылар, қосымша қондырғылар және ұңғыдағы жұмыс алаңы орналасу сызбалары;
7) ұңғы басуға және шегендеуге қажетті сұйықтықтар көлемі мен тығыздығы;
8) жуу сұйықтықтарын өңдеу және газсыздандыру құралдары.
9. Ұңғы ерекшеліктеріне сәйкес мұнай және газ ұңғыларын жөндеу кезінде, өрт сөндіру, байланыс, қауіпті және зиянды өндіріс факторларын бақылау құралдары, санитарлық–гигиеналық жағдайлар, электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұңғы үстін жабдықтауы, улы компоненттері көрсетілген (күкіртсутегі және басқалар) қауіпті аймақтар, өрт жарылыс қауіпсіздігі жағдайы, санитарлық – қорғау аймақтары жұмыс ұйымдастыру тәртібімен қамтылады. Сыртқы ауаның шектік температурасына, аталған ауданның жағдайына байланысты жел жылдамдығына сәйкес ұңғыларды жерасты жөндеу жұмыстары тоқтатылады немесе жұмыс арасында үзілістер ұйымдастырылады. ҰЖЖ ұңғы ерекшеліктеріне сәйкес ұңғы басу есептері енгізіледі. Жерасты жөндеу жұмыстары алдында жұмыскерлер ҰЖЖ қол қою арқылы таныстырылады.
10. Осы жұмыстарды тікелей жүргізетін жұмыскерлерге техника және атқылау қауіпсіздігі нұсқаулығына сәйкес, журналға тіркеу арқылы нұсқаулықтар жүргізіледі.
11. Жұмыс басталар алдында қондырғылар, құрылғылар және құралдар жарамдылығын, оларды тиеу, түсіру және орнатылуын тексеру, ұңғы үстіне қондырғыларды, көпірлерді, стеллаждарды, жұмыс алаңдарын орнатуды, болат арқандарды, кронблокты және талдік механизмдерді және олардың майлануын, кермелер және сатылар орналасуын бақылау және тексеру жұмыстары жүргізіледі. Ұңғы жөндеу орнатылған тәртіппен, бекітілген технологиялық регламенттерге сәйкес жүргізіледі.
3-бөлім. Көтеру агрегаты
12. Көтеру агрегаты, мұнара рұқсат етілген жел жүктемелігіне, жөндеу жұмыстары кезінде күтілетін жоғары жүктемелік күшке сай келуі тиіс. Ұңғы жөндеуге қажетті қондырғыларды, агрегаттарды тасымалдау және орнату – жинау жұмыстары төменгі жағдайлар орындалған жағдайда ғана жүргізіледі:
орнатылған тәртіппен бекітілген ҰЖЖ болуы;
қондырғы тасымалдау жолы жарамдылығын тексеру және электрлік желілерді, темір жолды, құбырларды және басқа мұнай – газ коммуникациялары арқылы жүрген кезде қызығушы мекемелермен келісім қағаздары болуы;
тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапты тұлғаларды бекіту.
Қондырғыны тасымалдау және монтаждау, орнатылған тәртіппен бекітілген бақылау тұлғасы басшылығы арқылы жүргізіледі. Қондырғыларды тасымалдауға және монтаждауға жұмылдырылған қызметкерлер тасымалдау жолымен, қауіпті аймақтармен және қауіпсіздік шараларымен таныстырылады.
Көру мүмкіндігін шектейтін және жұмыс қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін қолайсыз ауа райы жағдайында қондырғыларды тасымалдауға және монтаждауға тыйым салынады, ЖҰТ көрсетіледі.
Қондырғылар, құрылғылар және көмекші құралдар бекітілген сызбаға сай орнатылады. Жұмыскерлерге арналған орындар қауіпсіз аймаққа орнатылады және мұнара биіктігіне 10 м қосқан қашықтықтан жақын орналастырылмайды.
Жерасты және жерүсті коммуникациялар орналасу сызбасы ұйымның маркшейдерлік қызметімен бекітіледі және ұңғы жөндеу жұмыстары алдында жөндеуші ұйымға сызба беріледі.
13. ҰЖЖ алдында ұңғы үстіне көлемі 4×6 м немесе 3×4 м жұмыс алаңы орнатылады.
14. Жұмыс алаңы талаптары:
1) жұмыс алаңы едені 4 мм кем емес бұдырланған, торлы немесе дәнекерленген темір қаңылтырдан жасалады;
2) жұмыс алаңы сенімді тіреуішпен және көтеру агрегатына бекітілу тетігінен қамтамасыз етіледі;
3) жұмыс алаңы ұңғыдан төгілген және ағып жатқан сұйықтықтар ағатын немесе жиналатын ыдыспен немесе бағыттау құрылғысымен жабдықталады;
4) жұмыс алаңын ұңғыға қарағанда жел жаққа қаратып орналастырады;
жұмыс алаңы көпіршелер және стеллажбен қамтамасыз етіледі;
5) көпірше ені 1 м биік орналасса оларға баспалдақтар орнатылады;
6) стеллаждар екі жағынан құбырлар және штангалар иіліп кетуін болдырмайтындай етіп орнатылады. Құбырлардың өздігінен құлап кетуін болдырмау үшін стеллажға қорғағыш бағаналар орнатылады.
15. Агрегаттың жұмыс алаңы биіктігі превенторды ұңғыға орналасуын қамтамасыз етеді.
16. ҰЖЖ жылжымалы агрегаттары жасаушы зауыт нұсқауларына сай жұмыс алаңдарына орнатылады. Агрегат қондырғылары жарылыстан қорғау талаптарына сай жасалады.
17. ҰЖЖ агрегаты жабдықталады:
1) түсіріп көтеру операцияларын басқаратын жүк көрсеткіші және бақылау - өлшеу аспаптарымен жабдықталған пультпен;
2) көрінетін жерге бекітілген темірден жасалған белгісі бар мұнарамен. Белгіде жасалған уақыты, жасаушы зауыт, зауыттық саны, жүк көтеру мүмкіндігі, келесі техникалық тексеру уақыты жазылады;
3) мұнаралар болат арқан бекітетін кергіш орнату орындарымен жабдықталады. Кергіштер орны, диаметрі, саны агрегаттың техникалық құжатымен анықталады;
шығыршықтан, шығыршықты басқару схемасы:
3 – 1) жүк көтеру шектегіші;
3–2) талдік блок биіктігін автоматты түрде шектегіштен және шығыршық барабаны қозғалысын шектегіштен тұрады;
3 – 3) тежегіш жүйе;
4) агрегат шассиінің көлденең орналасуын қамтамасыз ету аспабынан;
5) тальдік блокты бекіту және жылжу кезінде мұнара зақымдануын болдырмау құрылғысымен;
6) гидроқондырғы элементтері істен шыққанда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қашықтан басқару құралымен;
7) іштен жану қозғалтқыштарының ұшқынын өшіргішпен және қозғалтқыштың ауасын апаттық жағдайда жабу құрылғысымен;
8) қозғалтқышты апаттық жағдайда өшіру құралымен;
9) жарықпен, жарық беру жарылысқаупі жоқ шамдармен жүзеге асырылады. Ротор алаңы – 100 лк, шығыршық – 75 лк, талдік блок – 30 лк, қабылдау көпірлері – 10 лк жарықтан кем болмауы тиіс.
Жұмыс орны және жөнделіп жатқан ұңғы аймағы жарығы санитарлық және өнеркәсіптік қауіпсіздігі талаптарына сай келуі тиіс.
Әуелік және кабельдік электр желілері, трансформаторлар және тарату құрылғылары, электрлік қондырғылар және электр қауіпсіздігі құралдары электрлік қауіпсіздік талаптарына сай келуі тиіс. Электрлік кабельдер жер астымен жүргізілгенде жер бетінде, жол қиылысында және басқа коммуникация жанында қауіпсіздік белгілер орнатылады.
Электр желілер, мұнайгаз өткізгіштер және жарылыс қаупі бар нысандардың қауіпті аймақтарындағы жұмыстар, ұңғы жөндеуге жауапты жетекші беретін рұқсат қағаздар арқылы жүргізіледі.
Қондырғы және жер үстілік құрылғылар электр қуатымен қамтылған жағдайда электр қондырғылары өнеркәсіптік қауіпсіздігі талаптарына сай жерлендіргішпен және жайқашырғышпен қамтамасыз етіледі. Қондырғыда жұмыс жасаушы тұлғалар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай рұқсат қағаздар алуға тиіс.
Шоқтық ұңғылар жұмыс алаңдарындағы жұмыстар мұнайгаз өткізгіштеріндегі қысым шығарылып, оларға бітегіштер орнатылып болған соң, жүргізіледі және журналға тіркеледі. Ажыратып, бітегіш орнатылған жерлерге қауіпсіздік белгілер соғылады.
Электрлік сораппен жабдықталған ұңғылардағы жұмыс кезінде электрлік кабелдер ажыратылып, жұмыскерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатына оқшауланып жабылады.
Қондырғыны және құрылғыларды орналастырып болған соң, қауіпсіз аймақтағы ұңғылар қайта жұмысқа қосылады;
10) жоғарыда жұмыс жасаушының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін сатымен және апаттық құтқару құрылғыларымен қамтамасыз етіледі;
11) гидравликалық тіреуішпен, оны механикалық бекітпемен және оның астына іргетаспен қамтамасыз етіледі;
12) жұмыс алаңын жабу үшін биіктігі 2,5 м кем емес жабындымен;
13) кронблокпен, кронблок қосымша шығыршықтық болат арқан өтетін қосымша бір машиналық және гидравликалық кілттелінетін 2 кем емес дөңгелектермен жабдықталады;
14) дыбыстық және жарықтық дабыл белгілерімен;
15) ауаны электрлік кептіретін ауа жүйесімен;
16) агрегат мұнарасына кабель ролигі орнатылатын тетікпен;
17) диаметрі 60, 73, 89 м СКҚ және диаметрі 19, 22, 25 м штангаларды тікелей орнататын балконмен;
18) құбырларды және штангаларды қатайтып – шешу механизмдерімен және ұңғы жөндеудегі қауіпсіздік қамтамасыз ету құралдарымен;
19) ұңғы жөндеуге арналған агрегат шығыршығындағы болат арқандар сапасы жүк көтеру крандар пайдалану Талаптарына сай келуі тиіс және сертификаты мен сынау актісі болуы шарт.
Сертификаты жоқ болат арқандар жоғарыда аталған ереже талаптарына сай сыналады.
Сынау актісі мен сертификаты жоқ болат арқандарды пайдалануға тыйым салынады.
18. Болат арқан мықтылық коэффициенті екі еседен кем болмауы тиіс.
19. Болат арқанның пайдаланылуы бақыланады. Тексеру жиілігі болат арқан пайдалану жағдайына, болат арқан жағдайына сай техникалық жетекшімен анықталады.
20. Агрегат шығыршығына, мұнара көтеріп – түсіруге, кергішке, жүк көтергіш және сақтандырғыш ретінде шашырап кеткен арқандар пайдалануға болмайды.
21. Тальдік болат арқанды электрлі дәнекер арқылы кесуге болмайды.
22. Көтеру агрегатын құру, жинау, жөндеу, көтеріп–түсіру операциялары ашық мезгілде, жел жылдамдығы 15 м/с төмен болғанда жүргізіледі.
4-бөлім. Ұңғы бастыру
23. Ұңғы үстінде жұмыс бастар алдында ұңғыны бастырады (қажет болса). Бастырудың кейінгі күту уақыты 1 сағаттан кем болмайды.
24. Ұңғыны қабылдап алу актісі жасалып, ЖҰТ дайын болған соң ғана ұңғы бастырылады.
25. Ұңғы бастырар алдында ұңғы құрылғыларына ұзындығы 25 м кем емес құбыр өткізгіштер жалғанады. Құбыр өткізгіштер кері жібермейтін клапанмен және бақылау–тіркеу аппараттарын жалғау тетіктерімен жабдықталады. Құбыр өткізгішті және ұңғы үсті қондырғыларын келетін жоғарғы қысымнан 1,5 есе үлкен қысымға сынайды. Сығымдау құбырлары тез шешілетін жалғамалармен жабдықталады.
Қондырғының жуу құбыршегі ұзындығы бойына 1 – 1,5 м сайын жұмсақ болат арқанмен байланады. Болат арқан шеттері жалғану флянцтеріне қатырылады. Құбыршек жарылуының алдын алу үшін сораптық агрегатқа құбыршектің рұқсат етілген қысымынан 25 % аз қысымға реттелген сақтандыру клапаны орнатылады. Бұрандалы жалғамалардың өздігінен ажырап кету мүмкіндігі болмауы керек.
26. Ұңғыны бастырар алдында бастыру сұйықтығы көлемін, жөнделетін ұңғы көлемінің екі көлеміне тең болатындай қылып дайындайды. Сұйықтық қоры ұңғы жанында немесе құбырөткізгішке жалғау мүмкіндігі бар жақын жерге орналастырады.
27. Ұңғы қыртысы қысымы гидростатистикалық қысымнан жоғары және гидростатистикалық қысымы төмен бола тұрып, газ–мұнай атқылауы мүмкін барлық ұңғылар бастырылуға жатады.
28. Ұңғы бастыру сұйықтық тығыздығы гидростатистикалық қысым тізбегінің қыртыс қысымынан мына шамаға артық болуын талап етеді:
10–15 % тереңдігі 1200 м дейінгі ұңғылар (интервал 0 – 1200 м дейін), бірақ 15 кгс/см 2 (1,5 МПа) артық болмауы тиіс;
5–10 % тереңдігі 2500 м дейінгі (интервал 1200 – 2500 м дейін), бірақ
25 кгс/см 2 (2,5 МПа) артық болмауы тиіс;
4–7 тереңдігі 2500 м артық ұңғылар (интервал 2500 м жобалық тереңдікке дейін), бірақ 35 кгс/см 2 (3,5 МПа) артық болмауы тиіс.
29. Ұңғы бастыру кезінде гидростатистикалық динамикалық қысым (ұңғыдағы мұнайды бастыру сұйықтығымен ығыстыру) жасалуы керек, бірақ бұл қысым қыртыс айырылуына немесе сұйықтықты қыртыстың жұтуына әкеп соқтырмауы тиіс.
30. Құрамында күкіртсутегі бар ұңғыларды күкіртсутегін залалсыздандырғыштар қосылған сұйықтықтар арқылы бастырады.
31. Бастырусыз ҰЖЖ жүргізуге, ұңғыға өздігінен қыртыс сұйықтығы құйылмайтын таугеологиялық жағдайлары бар ұңғыларды болады.
32. Бастырғаннан кейін ұңғы үстін атқылауға қарсы қондырғылармен жабдықтайды, ол ЖҰТ көрсетілген сызбаға сай орнатылады.
33. Атқылауға қарсы сызбаны мекеме жасап өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы аумақтық өкілетті органмен және АҚҚ келісіледі.
34. Атқылауға қарсы қондырғы орнатылған соң, оны сумен күтілетін қысымға сай сынайды, бірақ эксплуатациялық құбыр сынау қысымынан аспауы тиіс. Атқылауға қарсы қондырғыны эксплуатациялық құбыр техникалық жағдайына, ұңғы қыртысы сұйықтық құрамына (газдық фактор) және қондырғы құжатына сай АҚҚ өкілі қатысуымен жүргізіледі.
35. ҰЖЖ кезінде мұнайгаз көтерілуі байқалса жұмыс тоқтатылып, ұңғы қайта бастырылады. Қайта жұмыс бастау ұйымның техникалық жетекшісі рұқсатымен жүргізіледі.
36. ҰЖЖ кезіндегі үзілістерде ұңғы аузы мықтап бекітіледі.
37. Мүмкін болатын мұнайгаз атқылауының алдын алу және жою үшін бастыру сұйықтығын құю блогы орнатылып, оны ұңғыға сұйықтық өздігінен құйылатындай етіп немесе сорап арқылы жалғанады. Ұңғыдағы құбырлар шығарылу кезінде ұңғыдағы сұйықтық деңгейін ұстау үшін бастыру сұйықтығы құйылып тұрады. Құю ыдысын деңгей өлшегішпен жабдықтайды.
38. Ұңғы үстіндегі арматурларды шешу үшін құбыр ішіндегі және сыртындағы қысымдар атмосфералық қысымға теңестіріледі.
39. Ұңғы үстіндегі қондырғыларды шешу газ бөлінуі тоқтап, ұңғы ішіндегі сұйықтық деңгейіне көз жеткізген соң жүргізіледі. ЖҰТ ұңғы қондырғылары шешілген соң, технологиялық күту қанша уақытқа созылатыны анықталады (ұңғыдан сұйықтық көтерілмеуіне көз жеткізу).
40. Жұмыскерлер газ – мұнай – су көтерілуін тұрақты бақылайды және ұңғы үстін технологиялық регламенке сай бекітеді.
41. Құбырлық кеңістікті бекіту үшін көпіршеде шарлық, кері жібермеу клапаны немесе ашық жағдайдағы ыстырмалар дайын болуы тиіс және олар сыналып, қызыл түске боялады.
42. Ұңғы түбі клапан – ажыратқышпен жабдықталса, ЖҰТ алдын–ала бастыру көзделмесе, қысымы атмосфералыққа дейін төмендетіліп, ұңғыға клапан – ажыратқыш немесе басқа жолдар арқылы сұйық ағындысы жоқтығына үш сағаттан кем емес уақытқа дейін бақыланады.
43. Клапан – ажыратқышты жасаушы – зауыт нұсқауына сай тексереді.
5-бөлім. Көтері–түсіру операциялары
44. Ұңғы жөндеуге арналған көтеру агрегаттарының көтеріп–түсіру операцияларын басқару пульті қауіпсіз жерге орналастырылады және ол жерден мұнара, ұңғы үсті, шығыршық және агрегатта және жұмыс алаңында орналасқан басқа да механизмдер анық көрінеді.
45. Салмақ өлшеуінсіз (индикатор) ұңғыдан СҚҚ көтеруге және түсіруге, құбырларды керіп–тартуға болмайды. Индикатор жарамдылығын ҰЖЖ алдында тексереді.
Көтеріп – түсіру операцияларын жүргізуге болмайды:
1) қондырғылар және құралдар, бақылау-өлшеу приборлары (индикатор, монометр және тағы басқа) жарамсыз болса;
2) ауысым құрамы түгел болмаса;
3) жел жылдамдығы 15 м/с жылдам және көру мүмкіндігі мұнара және қар жауған кезде төмендесе;
4) мұнайгаз көтерілгенде;
5) ЖҰТ болмаса.
46. Көтеріп–түсіру операциясы кезінде мұнайгаз көтерілсе, ҰЖЖ бригадасы ұңғыны қайта бастырады және одан әрі ЖҰТ сәйкес қимыл жасайды. Қайта бастыру мүмкін болмаса, ұңғы аузын бекітіп, апатты жою жоспарымен жұмыс жасайды.
47. Мүмкін болатын мұнай – газ – су көтерілуінің алдын алып, жою үшін сұйықтық айдау агрегаты және құю ыдыстары құбыр сырты кеңістігіне жалғанып тұрады, ал ұңғы үстіне атқылауға қарсы қондырғы орнатылады.
48. СКҚ ұңғыға түсірер алдында әрбір құбырды жалғар алдында бұрамасын темір қапшықпен тазартып, ЖҰТ көрсетілгендей қорғау қабығымен майлайды.
49. СКҚ барлық бұрандасына дейін бұрап, тірелгенге дейін қатайтады.
50. ҰЖЖ алдында ұңғы үстіндегі мұнай тарту станогы, тальдік блок өту мүмкіндігін жасау үшін ажыратып, балансирін бұрып қояды.
51. Мұнай тарту станогы балансирін бұрау, қозғау үшін арнайы құралдар қолдану керек. Жұмыскерлердің станокқа шығуын болдырмау қажет.
52. Талдік блок пен ұршық габариттері қозғалуы мүмкін болмаса, олар көтеріп–түсіру операциясы кезінде мұнай тарту станогына тиетін болса, шатунды кривошиппен босатып балансир басын ең жоғарғы қалыпқа қою керек. Сонымен қоса, білекке ілінетін болат арқанның жұмысқа зиянын тигізбеу мақсатында, оны мұнай тарту станогы негізіне қатайту қажет.
53. Ұңғыны жөндер алдында ортадан тепкіш электрлік сорабын кабелді тоқтан ажыратып, кабель ролигі қатаю сенімділігі және дұрыстығы тексеріледі.
54. Электр сорабы кабелінің барабаны көтеру агрегаты басқару пультінен және жұмыс алаңынан айқын көрінетін жерге орналастырылады.
55. Кабель ролигі, ұңғы үсті және орау барабаны бір қатарға тізіліп орналастырылады және кабелді орау механикаландырылады. Кабель қатары барабанға ретпен жатқызылады.
56. СКҚ түсіру және көтеру жылдамдығын салмаққа, СКҚ техникалық жағдайына, ұңғы толтыру сұйықтығы құйылуына, ұңғыдан сұйықтық ығысуына, жел жылдамдығы және тағы басқа сияқты жағдайларға сәйкес бақылау тұлғасы анықтайды.
57. СКҚ көтеру кезінде оның санын және жалпы ұзындығын анықтайды. СКҚ түсіру кезінде оларды санап және ұзындығын өлшеп түсіреді. Ұзындық өлшемін «Құбыр өлшемі» журналына жазады. Техникалық жетекшімен бекітілген журнал формасында диаметрі, қабырға қалыңдығы және әрбір құбыр ұзындығы көрсетіледі.
58. СКҚ жалғамаларының эксплуатациялық құбырға тиіп қалуын болдырмау үшін, СКҚ түзбегі бағыттаушы воронкамен жабдықталады. Сорап штангасын түсірер алдында олардың бұрамаларын тазалап, майлайды.
59. Әртүрлі болат маркасынан жасалған штангаларды араластыруға болмайды. Штангалар көпірлерге жиналып ҰЖЖ арналған ЖҰТ сәйкес жабдықталады.
60. Өтпелі тізбек арқылы штанга түсіру ЖҰТ сәйкес жүргізіледі.
61. Ұңғыға түсірілетін штангалар өлшеніп, техникалық жетекші бекіткен «Штанга өлшемі» журнал формасына сай, диаметрі, ұзындығы, болат маркасы көрсетіліп жазылады.
62. Жарамсыз құбыр және штангалар көпірлерден, стеллаждардан алынып тасталынады.
63. Диаметрі 51 мм үлкен СКҚ көпірден алынып, көпірге тасталуын екі құбыр жалғамасымен жасауға болады, егер оның ұзындығы 16 м ұзын болмаса, ал көтеріп түсіру құрылғысы биіктігі 22 м кем болмай, екі құбыр еркін сиятын болса. Екі құбырмен жұмыс жүргізгенде, ортадағы жалғану қатайтылады.
64. СКҚ көтеріп–түсіру операциясы арасындағы үзілістерде ұңғы аузы арасындағы үзілістерде ұңғы аузы бекітіледі.
65. Мұнарамен ұңғы жөндеу кезінде тальдік арқанның қозғалмалы шеті кергіш ролигі арқылы өтеді, бірақ болат арқан мұнара бөліктеріне тимеуі керек және көпір мен жұмыс алаңы арқылы өтпеуі тиіс. Кергіш ролигі мұнара негізіне, бөлек іргетасқа немесе темір қоршауы бар арнайы құрылғыға бекітіледі.
66. Көтеріп–түсіру операциясы кезінде құбыр бұрандалары зақымданбауы үшін арнайы жолдар жасалынады.
67. Көтеріп–түсіру операциясы кезінде тежегіш жүйесінің жарамдылығы және сенімділігі тексеріледі.
68. Көтерілу ілгегі бекіту бұрандалары арқылы қатайып, автоматты түрде ашылатын сенімді ілгегі болуы тиіс, ал оған ілінген сырғалар шығып кетпейтін болуы тиіс.
69. Көпірлер арқылы құбырларды көтеру немесе түсіру кезінде жылдамдықтар рұқсат етілгеннен артып кетпей, ырғағымен жүргізіледі. Шығыршық тежегішіндегі жұмысшы, соққы алмас үшін, тежегіш тетігінің қозғалысы бағытынан тыс жерде тұруы керек.
70. Көпірлердің үстінен ұңғы аузына құбыр тасымалдау кезінде, қолын жарақаттап алмас үшін, оның шетінен ұстап, қолмен бағыттауға болмайды.
71. Қозғалып бара жатқан құбырға жақындауға және жолына тұруға болмайды.
72. Элеватор құлағына бұрандалар мұқият орнатылады.
73. Көтеріп–түсіру операциясы кезінде сырғалар, бұрандалар, спайдер, гидравликалық кілттер және тағы басқалар өздігінен қозғалып кетуінің алдын алу үшін арнайы құрылғылармен жабдықталады.
74. Техникалық талаптарға және бекітілген технологиялық регламентке сай сырғалар, ілгектер, элеваторлар, блок шкивтері және тағы басқалар болуы мүмкін жарықтар және жарамсыздықтарының алдын алу үшін ультрадыбыстық дефектоскоп арқылы тексеріледі.
75. Қосымша қондырғылар – спайдер, гидравликалық кілт және тағы басқалар өздігінен қосылып кетпеуі үшін бекітіледі.
6-бөлім. Ұңғыны жерасты жөндеу жұмыстары
76. Жерасты қондырғыларын шығарғаннан кейін эксплуатациялық тізбекті тұздар жиналуынан, шайырдан, асфальттан, парафиннен, коррозиядан тазаланып, техникалық талаптарға сай, диаметріне сәйкес үлгімен тексеріледі.
77. Қажет болса, жасанды забой тереңдігі тексеріледі.
78. Мұнайгаз өнеркәсібінде қолданылып жатқан амалдар қолданып, жасанды забойды тазалайды (қажет болғанда).
79. Фонтандық ұңғыларда мұнай – газ – су көтерілу қаупі болса, желон арқылы құм тығынын тазалауға болмайды.
80. Қажет болғанда, эксплуатациялық тізбекті бұрғылау аяқталған соңғы сынау қысымы шамасына сай, бастыру сұйықтығымен сынауға болады.
81. Ұңғыға қажетті жерасты қондырғыларын түсіруге болады (СКҚ шұңғымасы, газлифтік клапан, муфта, тереңдік сораптары және тағы басқалар). Жерасты қондырғыларын түсіру тереңдігін мұнайгаз өнеркәсібінде қолданып жүрген тәсілдермен өлшейді. Өлшеу нәтижелерін жөндеуден кейін ұңғыны пайдалануға өткізу актісінде көрсетеді.
82. Ұңғы үстіндегі қондырғыларды шешіп, ұңғы үстін жабдықтайды.
83. Ұңғы игеру жұмысын жүргізеді немесе ұңғыға түсірілген тереңдік сорабын жұмысқа қосады.
84. ҰЖЖ арналған ЖҰТ көрсетілген технологиялық параметрлері ұңғыға орнатылады.
85. Ұңғы дебиті, өндірілген мұнай сулануы, қысымы және шығу температуралары өлшенеді. Өлшеу нәтижелері ұңғыны жөндеуден пайдалануға өткізу актісінде көрсетіледі.
86. Ұңғы зерттеу (ұңғы жұмыс көрсеткіштерін өлшеу), мұнай және газ өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздігі талаптарына сай жүргізіледі.
7-бөлім. Ұңғы жөндеу кезіндегі қауіпсіздіктің басты талаптары
87. Ұңғы жөндеудің өндірістік операциялары өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы жүргізіледі. Жұмыс басталар алдында жұмысшылар нұсқамалықтан өтеді және журналға тіркеледі.
88. Жұмыс аумағының ауасы газдалуы қауіпі болғанда және технологиялық ортада өрт жарылыс қауіпі болғанда, ұңғы жөндеу жұмыстары рұқсат қағаз арқылы жүргізіледі.
89. Агрегаттарды, қондырғыларды, құрал–жабдықтарды орнату және алаңдарды жабдықтау ЖҰТ, орнатылған тәртіппен бекітілген сызба және технологиялық регламенке сай жүргізеді.
90. Көтеру агрегатының, мұнараның жүк көтергіштігі, қондырғы құжатында көрсетілген шамадан аспауы тиіс және қауіпсіздік коэффициенті, мықтылық қоры талаптары сақталуы керек. Ұңғы жөндеуге арналған қондырғы ұңғы жанындағы алаңға орнатылады және зауыт жасаушы нұсқамаларына сәйкес ұңғы үстіне сәйкес центрлейді. Қондырғыны қосу ұйым комиссиясының актісімен рәсімделеді.
Жөндеу – оқшаулау жұмыстарын жүргізу кезінде газ және мұнай қысымы арқылы қыртыс жыртылуы мүмкін интервалдарда бекіту тізбектеріне перфорациялар жасауға болмайды.
Перфорациялау кезінде ұңғы айналасында қауіпті аймақ белгіленеді, ол ЖҰТ және сызбаларда көрсетілуі керек.
91. Кустық алаңдардағы жұмыстар басқа ұңғыларды қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін қосымша шаралар орындаған соң, орнатылған тәртіппен бекітілген технологиялық регламенттерге сай жүргізіледі.
Бірнеше ұңғыларда бір мезгілде жұмыс жүргізу орнатылған тәртіппен бекітілген ЖҰТ сәйкес жүргізіледі және олардың бірігіп жұмыс жасауы өнеркәсәптік қауіпсіздік саласындағы жергілікті өкілетті органмен және АҚҚ келісіледі.
92. Қауіпті жағдай туындағанда, әрбір жұмыс жүргізуші кустық алаңдағы басқа жұмыс жүргізушілерді ескертеді. Қауіпті жағдай жойылғанға дейін жұмыстар тоқтатылады.
Пайдаланудағы ұңғы, құбырөткізгіштер, арматуралар кустық алаңдағы басқа ұңғыдағы жөндеу жұмыстары кезіндегі механикалық әсерден зақымданбайтындай етіліп қорғалуы тиіс. Қорғалу тәсілдері ЖҰТ көрсетіледі.
93. Қорғау құрылғылары немесе қоршаулар құрылымдары газ жиналуын болдырмауы керек және ұңғы басқару тетіктеріне бару мүмкіндіктерін шектемейді. Жөндеу жұмыстары аяқтаған соң, игеру жұмыстары жұмыс беруші өкілі қатысуымен жүргізіледі.
94. Ұңғы жөндеу және игеру кезінде ұңғы бағанасындағы мұнай және басқа сұйықтықтар төгілуінің алдын алу шаралары қабылданады. Тізбекті сифонмен көтеру қажеттілігі туындаса, ұңғыдағы сұйықтық деңгейі сұйықтық құю арқылы реттеледі.
8-бөлім. Аяқтау жұмыстары
95. Ұңғы жұмысы параметрлерін өлшеу нәтижелерінен соң, жер қыртысын қорғау жөніндегі өкілетті органмен келісілген тәртіппен қалған технологиялық сұйықтықтар залалсыздандырады. Жарамсыз СКҚ, штангалар, қондырғылар ұңғы жанынан жөндеу базарларына әкетіледі.
96. Ұңғыға орнатылған жөндеу қондырғылары (бастыру жүйелері, ыдыстар, көпірлер, стеллаждар, жұмыс алаңдары, көтеру агрегаты және тағы басқалар) шешіледі және ҰЖЖ жүргізу үшін кезекті ұңғыға көшіріледі немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жөндеу базасына әкетіледі.
97. Ұңғы аумағын жөндеу жұмыстары нәтижесіндегі қалдықтардан тазартады, қажет болғанда тегістейді.
98. Ұңғы үстіндегі қондырғыларды тазалайды және қажет болғанда мұнайгаз өндірісіндегі дизайнға сәйкес бояйды.
99. Барлық орындалған жұмыстар ҰЖЖ ұңғыны пайдалануға өткізу актісінде көрсетіледі.
9-бөлім. Бұта тәрізді орналасқан ұңғыларда жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері
100. Бұта тәрізді орналасқан ұңғыларда жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізу төмендегі талаптарға сай жүргізіледі:
1) бұта тәрізді орналасқан сорапты ұңғылардың ауыздары 1,5 м және одан жақын орналасса, көрші ұңғыларды керек болғанда бастырады;
2) бұта тәрізді орналасқан ұңғыларды жөндегенде, ЖҰТ қарастырылған техникалық құралдар және шаралар жүргізілгенде, көрші ұңғыларды бастырмай жүргізуге болады.
101. Көрші ұңғыда бұрғылып жатқанда, бір мезгілде көрші ұңғыда ҰЖЖ жүргізуге болады. Ұңғыда апаттық жағдай туындағанда жұмыс жүргізуші көрші орналасқан басқа қатысушыларды ескертеді. Сонымен қоса, апаттық жағдай жойылғанша бұталы ұңғылардағы жұмыстар тоқтатылады.
102. Бір мезгілде жерасты жөндеу жүргізілетін бұталы ұңғыларда ЖҰТ ұйым жасап, техникалық жетекшімен бекітеді және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісіледі.
103. Газлифті бұталары ҰЖЖ жүргізу кезінде ұңғыға газ сығымдауға арналған қондырғылар орнату алдында, жөнделетін ұңғыға көрші орналасқан, оң және сол жағындағы ұңғылар, жөнделетін ұңғы жөнделгенше тоқтатыла тұрады.
104. Жөндеуге арналған арнайы техникаларды және қондырғыларды жұмыс жасап тұрған газ, мұнай құбырлары үстіне орналастыруға болмайды.
105. Мұнайгаз өнеркәсібіндегі мұнай операцияларын жүргізуді реттейтін өнеркәсіптік, өрт, еңбек және қоршаған ортаны қорғау Талаптарына сәйкес, арнайы мамандырылған ұйымдар ұңғы жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
106. Қауіпті өндіріс аймақтарында ұңғы жөндеу жұмыстарын орындау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін өндірістік бақылау қамтамасыз етіледі.
Қысқартылған сөздер
АҚҚ – апаттық құтқару қызметі;
СКҚ – сорапты – компрессорлық құбырлар;
ЖҰТ – жұмыс ұйымдастыру тәртібі;
ҰЖЖ – ұңғыны жерасты жөндеу.
Мазмұны
Бөлім, тарау
|
Мазмұны
|
Беті
|
1-бөлім
|
Жалпы талаптар
|
|
2-бөлім
|
Дайындық және қондырғы орнату жұмыстары
|
|
3-бөлім
|
Көтеру агрегаты
|
|
4-бөлім
|
Ұңғы бастыру
|
|
5-бөлім
|
Көтеріп – түсіру операциялары
|
|
6-бөлім
|
Ұңғыны жерасты жөндеу жұмыстары
|
|
7-бөлім
|
Ұңғы жөндеу кезіндегі қауіпсіздіктің басты талаптары
|
|
8-бөлім
|
Аяқтау жұмыстары
|
|
9-бөлім
|
Бұта тәрізді орналасқан ұңғыларда жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері
|
|
|
Қысқартылған сөздер
|
|
|
Мазмұны
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |