Мұнайды фонтанды тәсілмен өндіру



бет1/3
Дата01.04.2023
өлшемі205.36 Kb.
#471522
  1   2   3
Атқылау


Мұнайды фонтанды тәсілмен өндіру
Скважинадан өнім өндірудің негізгі мақсаты- жер бетіне өнімді үздіксіз және максималды тиімді көтеру болып табылады.
Мұнайды өндіру үрдісі келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Мұнайдың қозғалысы скважина түбі мен қабаттағы пайда болған жасанды қысымның айырмашылығы нәтижесінен ұңғымаға құйылу;

  2. Мұнай скважинасын пайдалану- скважина түбінен жер бетіндегі сағаға дейінгі мұнайдың қозғаласы;

  3. Ілеспе мұнайлы газды жинау, қабаттағы суды өңдеу, мұнайдан минералды тұздарды бөлу, мұнайды жинау.

Келесі энергия түрлерінің көмегімен жер қойнауындағы мұнайды шығаруға болады: скважинаға берілетін энергия мен қабаттың табиғи энергиясы.
Қандай да болмасын жаңадан ашылған мұнайгаз кен орнын игеру кезінде скважинадан мұнайды көтеруге қабат қысымы жеткілікті болады. Скважинамен сұйықты көтеру тек қабат энергиясының есебінен жүзеге асатын пайдалану әдісін – фонтанды әдіс деп атаймыз. Қабат қысымы төмендеуі кезінде немесе скважинаның сулануы жоғарылаған жағдайда, скважина пайдаланудың механикаландырылған әдісіне (газлифтілі немесе сорапты) ауыстырылады.
Скважинаның фонтандауы жаңадан ашылған, қабат қысымы жоғары, мұнай кен орнындағы скважиналарда болады. Скважинадағы түптік қысым, сұйық бағанының гидростатикалық қысымынан, үйкеліс қысымынан және сағадағы кері қысымнан үлкен болуы керек [6].
Кез-келген фонтанды скважиналардың жұмысы үшін жалпыға ортақ шарт бойынша негізгі теңдеу төмендегідей:

РС= РГТР+ РУ


мұндағы РС – скважина түбіндегі қысым; РГ , РТР , РУскважинада тігінен есептелген сұйық бағанының гидростатикалық қысымы, сорапты компрессорлық құбырдағы (СКҚ) үйкеліске кеткен қысым және сәйкесінше сағадағы қарсы қысым.


Мұнайды жердің бетіне арнайы құрылғылардың көмегімен көтеру тәсілін механикаландыру деп атаймыз. Механикалық тәсілді пайдалану компрессорлық және түрлі сораптардың көмегімен іске асады.
Компрессорлы тәсіл кезінде скважинаға мұнаймен араластырылып компрессормен газ айдалады. Мұнайдың тығыздығы төмендеп, түп маңы қысымы қабат қысымынан төмендеп, сұйықты қозғалысқа келтіріп жер бетіне шығарады. Компрессорлы тәсілді Батыс Қазақстан кен орындарында кеңінен қолданады.
Сорапты тәсілді пайдалану кезінде сораптар белгілі бір тереңдікке түсіріледі де, түрлі тәсілдермен берілген энергия есебінен қозғалысқа түрленеді. Мұнай өндіретін кен орындарында штангалы сораптар кеңінен қолданылады.
Сонымен қатар мұнайды шығарудың тәсілдерінің бірі штангісіз сорапты қолдану арқылы жүзеге асырылады. Осы кезде скважина СКҚ бойымен сорапқа кабель арқылы электр энергиясы жалғанады. Біздің елімізде кеңінен таралған қондырғылардың бірі ортадан тепкіш электр сорабы.
Сонымен қазіргі кезде мұнайды өндірудің негізгі үш тәсілі қолданылады:

  1. Фонтанды - сұйық пен газ қабат энергиясының әсерінен скважина оқпаны арқылы түп аймағынан жер бетіне көтеріледі;

  2. Газлифтілі - жер бетіне мұнайды көтеру үшін скважинаға компрессор көмегімен сығылған көміртекті газ бен ауа айдалады немесе жіберіледі;

  3. Сорапты - скважинаға түсірілген сораптар көмегімен жер бетіне сұйықты көтеру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет