Модуль қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы 1-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы



бет1/6
Дата07.11.2022
өлшемі116 Kb.
#464225
  1   2   3   4   5   6
1 лекция (1)


МОДУЛЬ 1. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ – ЖЕКЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫ
1-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы
1. ҚТОӘ ғылымының зерттеу нысаны мен пәні
2. ҚТОӘ әдіснамалық-теориялық негіздері, басқа ғылымдармен байланысы.
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары
4. Қазақ тілі әдістемесінің негізін калаушылар: Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Т.Шонанұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, Ш.Х.Сарыбаев, т.б. еңбектерінің маңызы.
5. Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы А.Ысқақов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, К.Аханов, Х.Арғынов, Ы.Маманов, А.Әбілқаев, Б.Құлмағанбетова т.б. ғалымдар еңбектерінің орны.
6. Қазақ тілі – мектепте оқылатын негізгі пән. Пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді.


«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты – мектепте қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін, тілді меңгертудің практикалық жолдарын үйрету арқылы кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы жетілген, ұлттық ділі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін жоғары маман даярлау.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәннің міндеттері:

  • студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін меңгерту;

  • студенттерді әдістеме ғылымындағы жаңа бағыттармен таныстырып, оны оқыту үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын үйрету;

  • қазақ тіл білімі салаларын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін меңгерту;

  • пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді талдап, тануға үйрету, оларды оқыту үдересінде басшылыққа алып, пайдалану бағдыларын қалыптастыру;

  • өз бетінше әлемдікпедагогика ғылымындағы жаңа әдістемелерді меңгеруге дағдыландыру;

  • білім берудің жаңа технологияларымен таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдаланудың жолдарын үйрету;

  • болашақ мамандарға қазақ тілін оқытудың жолдарын үйрету, мектеп оқушыларының білім, білік, дағдылары мен білім сапасын бақылауды меңгерту, білім нәтижелерін сараптау және оны жетілдірудің жолдарын табуға баулу;

  • өзінің кәсіби біліктілігі мен құзіреттіліктерін үздіксіз дамытуға төселдіру.

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні – жоғары оқу орындарының филология факультетінде оқытылатын міндетті пәндердің бірі. Ол «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқитын болашақ қазақ тілі пәні мұғалімін даярлауға бағытталған негізгі пән болып есептеледі. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазіргі лингвистика, педагогика, психология және әдістеме ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, болашақ маманды тілді меңгертудің әдіснамалық, ғылыми-теориялық негіздерімен таныстырады, қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесін үйретеді.
ҚТОӘ – тарихи терең; ғылыми-теориялық тұжырымдары мен заңдылықтары қалыптасқан; әдіснамалық негізі белгіленген; өзіндік ұстанымдары мен ережелері анық; білім беру мен ілімді игерудің дәстүрлі әдістерімен қоса жаңа технологияның түрлерін де зерттеп-зерделейтін ғылым. Бұл ғылымның әдіснамалық базасы барлық қоғамдық ілім негіздеріне сүйене келәп, лингвистика, психология, педагогика, әлеуметтану, философия сияқты ғылым салаларын тоғыстырады.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қолданбалы ғылым ретінде пәнді оқытудың мақсат-міндеттерін, оны жүзеге асырудың нормативтік-базалық негіздерін айқындайды. Бұл жүйе бойынша студенттер қазақ тіліне арналған білім стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдары және оқу-әдістемелік құралдармен танысып, бағыт алады.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесін» оқу арқылы болашақ мамандар пәнді оқытудың дидактикалық-технологиялық негіздерін меңгереді. Бұл мәселе қазақ тілін оқытудың әдістері мен тәсілдері, жаттығулар жүйесі, дидактикалық материалдар мен құралдар, тапсырмаларды т.б. пайдалануға арналған әдістеменің өзіндік еркешеліктеріне сәйкес танытылады.
Студенттер «Қазақ тілін оқыту әдістемесіне» сүйеніп, өзіндік ізденіс пен шығармашылыққа үйренеді. Бұл отандық және шетелдік озық тәжірибелерді талдату, салыстыру, бағалау, эксперимент арқылы өз мүмкіндігін, кәсіби шеберлігін арттыру бағытындағы жұмыстарға төселу нәтижесінде қалыптастырады.
Студенттер «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсын оқып меңгеру барысында оқушыларды тілдік фактілерді түрлі қырынан танып-білуге дағдыландыратын әдістер мен тәсілдер жүйесін меңгереді. Студент осы пәннің негізінде тіл бірліктерінің жүйелік-құрылымдық, семантикалық, нормалық, функционалдық қырларын кешенді түрде талдаудың және оны оқушыға меңгертудің жолдарын үйренеді.
Студенттер кредиттік оқу жүйесінің талаптарына сәйкес педагогика, психология, физиология, т.б. және қазақ тілінің теориясы курстарынан алған білімдерін тоғыстыра отырып, практикалық шеберліктерін өздігінен жетілдіруге үйренеді.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
Тіл білімімен байланысы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексиканы оқыту әдістемесі т.с.с. аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар - әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады.
Ендеше әдістемелік негізде мектеп грамматикасы мен ғылыми грамматика бір-бірімен тығыз байланысты, тіпті біртұтас деуге де болады.
Педагогикамен байланысы. Жалпы тұрғыда педагогика жас ұрпақтарға білім, тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылым ретінде сипатталады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі - оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Әдістеме дидактика ұсынған оқыту принциптеріне, оқыту әдістерінің теориясына сүйенеді. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап-шешуге қатысады, қазақ тілі сабақтарында берілетін тәрбиенің жолдарын (бұл тәрбиеге мазмұны сәйкес материалды, мысалдарды сұрыптау, көркем шығарма материалын пайдалану т.б.) тіл құралдары арқылы іске асыруды жан-жақты қарастырады.
Психологиямен байланысы. Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары жүйке жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.
Мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады Оқушының психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Бұл әдістер мен тәсілдер оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму процесін, жалпы жетілуін есепке алмайынша, мақсатқа жете алмайды.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихи дамуы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет