(тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу
мақсатында балл және баға қою арқылы ӛткізіледі.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында математика пәнінің берілу жайы да ӛзгеше.
Бағдарлама «Сандар», «Алгебра», «Геометрия», «Статистика және ықтималдықтар
теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бӛлімдері бойынша математикалық
білім, білік және дағдыларын дамытуға жағдай жасауға бағытталған.
Оқу мақсаттары оқу
жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір – бірімен тығыз байланысты.
Бұл ұғым шиыршықты куррикулум идеясының негізіне салынған – «Әзірленген куррикулум
оқушы соған сүйеніп, ӛмір бойы қажет болатын бүкіл формалды аппаратты толық игергенше
ӛзінің негізгі идеяларына сан рет қайтып оралу керек…» Оқытудың әр түрлі кезеңдерінде
пәнді әрқашан аса күрделі деңгейде және тереңдетіп оқу қарастырылған.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Ӛйткені
қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен
анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.
Оқушыларды заманауи әдіс – тәсілдермен оқытып, ой – ӛрісі кең, саналы, еркін азамат етіп
тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін
қарқынды дамытқан бұл үдерістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы
кӛңілді қуантады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні, оқушының функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы ӛзінің мектеп қабырғасында алған білімін шынайы
ӛмірлік қажеттіліктерге асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Ӛмірмен
байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың
бойына ХХІ ғасырда ӛмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті
дағдыларды
дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы
аясында тек ӛз пәнін, ӛз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп
санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де кӛп
Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы ӛзгерісті
байқағың келсе, сол ӛзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы
бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелейміз.
5. Жаңартылған білім беру бағдарламасының маңыздылығы мен басты ерекшеліктері.
«Министрлік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен
ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
мақсатындағы жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен кӛшу жұмыстарын бастады.
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне
Назарбаев Зияткерлік
мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптан бастап
енгізілді. Осы ретте ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған
жаңартылған мазмұн 30 қанатқақты мектепте сынақтан табысты ӛткенін мәлім етті.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар,
критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын
қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі
құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің
маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын
тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану,
коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу,
функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге
асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі,
бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.
«Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізіледі: 2016
жылы - 1-сынып, 2017 жылы - 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы - 3,6,8,10-сыныптар, 2019 жылы
- 4,9,11,12-сыныптар. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім
мазмұнына кӛшу барлық сыныптарда аяқталады».
Бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген
оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.
1. Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану.
2. Сын тұрғысынан ойлау.
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
4. Коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды
пайдалану.
5. Топпен, жұппен және жеке жұмыс жасай білу.
Достарыңызбен бөлісу: