Модульдік оқыту технологиясын Көмірсутектер тақырыбын оқытуда қолдану



Дата21.08.2022
өлшемі47.48 Kb.
#459994
Ìîäóëüä³ê î?ûòó òåõíîëîãèÿñûí Ê?ì³ðñóòåêòåð òà?ûðûáûí î?ûòóäà ?î


Модульдік оқыту технологиясын Көмірсутектер тақырыбын оқытуда қолдану

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

I ӘДЕБИ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Модульдік оқыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...6
1.1.1 Модульдік оқыту технологиясы ұғымы туралы жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1.2 Модульді оқыту технологиясының мақсаттары, принциптері және
ғылыми
идеялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..11
1.2 Органикалық заттарды оқып үйрену
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .15
1.2.1 Органикалық химия пәні және оның даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.2.2 Органикалық химия пәнінің міндеттері, мазмұны мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.3 Көмірсутектер класына жалпы сипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
1.3.1 Қаныққан
көмірсутектер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..23
1.3.2 Қанықпаған
көмірсутектер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...26
1.3.3 Қанықпаған ацетиленді көмірсутектер
(алкиндер) ... ... ... ... ... ... . .29
II ЭКСПЕРИМЕНТТІК
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 31
2.1 Модульдік оқыту технологиясын Көмірсутектер тақырыбын
оқытуда
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .31
2.2 Модульдік оқыту технологиясын
Қанықпаған көмірсутектер тақырыбын оқытуда
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..52

КІРІСПЕ


Қазіргі таңда жалпы мұғалімдердің алдында тұрған негізігі міндет –
ұлттық менталитеті жоғары, сана-сезімі дамыған,өзіндік жеке көзқарасы бар
жеке түлғаны қалыптастыру болып саналады.Осы бағытта жоғары мектепте
берілетін ғылымның теориялық және әдістемелік негіздерінің, яғни сабақ
түрлері мен оның сапасын арттыру жөнінде әр түрлі жұмыстар атқарылуда.
Соның негізінде жалпы жаратылыстану пәндерінің ішінде химия ғылымы жоғары
санатта оқытылатын негізгі пәндердің қатарында.
Технология – грекше шеберлік деген ұғымды білдіреді. Жаңа
технология дегеніміз – педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары деген
түйінге тоқтауымызға болады. Сабақты түсіндіру барысында белгілі бір
технологияны қолдану мұғалімнің шеберлігін көздейді. Осындай жаңа
технологияның бірі – модульдік оқыту жүйесі болып табылады.
Жаңа модульдік технология мынадай негізі үш бағыттан тұрады:
- жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескеру;
- оның адамзат және өркениет мәдениетіне деген қызығушылықтарын ескеру;
- оны тәрбие процесінің басты объектісі ретінде алып қарау.
Осындай жаңа технология бағыттарын қолдану, оқып үйрету, меңгеру
және өмірге енгізу сабақты дамыту кезеңдері арқылы жүзеге асады.[1]

Тақырып өзектілігі: Қазіргі кезде орта мектептерде органикалық химия курсы


терең мағыналы теориялық негізде құрастырылған. Демек, бұл мұғалімнің жан-
жақты және тиянақты дайындығын талап етеді.
Біздің елімізде химия және химиялық-технологиялық білімдер мен
ғылымдарға деген қызығушылық белең алуда. Оның себебі түсінікті де –
елімізде химиялық шикізат көздері, атап айтқанда, мұнай, газ, көмір,
металдар т.б кен байлықтары көп.Өкінішке орай, сол байлықтардың көпшілігі
сан жылдар бойы шикізат ретінде ғана пайдаланылып келеді, тек қана сырт
мемлекеттерге шығарылады. Осыған орай, жер байлықтарын шикізат емес, дайын
өнім түрінде іске асыру мақсатында көптеген химиялық өнеркәсіп орындары
салынып, біразі іске қосылуда. Бұл тұрғыда органикалық химия пәнінің
атқаратын маңызы зор.
Осыған байланысты таңдап алынған зерттеу жұмыстың тақырыбы табиғат
байлықтарының іргетасын құрайтын көміртек элементінен тұратын
Көмірсутектер тақырыбын модульдік технология негізінде оқыту жүйесі.

Осыдан барлық табиғат шікізатының қорларының негізгі көзін құрайтын


неге бір ғана көмірсутек деген сұрақ туындайды, осы және басқа да сұрақтар
бойынша таңдап алынған зерттеу жұмысының тақырыбы өзекті болмақ.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Жұмысты жазу барысында модульдік оқыту


технологиясына түсінік бере отырып, Көмірсутектер тақырыбын оқытуда
оқушының өз бетінше барынша ізденіп жұмыс істей алу мүмкіндігін саралап
дамыту, оқу материалдарын өңдеудің жекелей тәсілдерін қолдану арқылы жұмыс
істей білуге үйрету.
Сол үшін төмендегідей міндеттерді орындау қажет:
➢ Тақырып бойынша әдеби материал жинау және жүйелеу;
➢ Модульдік оқыту технологиясына жалпы сипаттама беру;
➢ Органикалық химия пәнінің шығу тарихы және оны оқып үйрену
әдістемесін зерттеу;
➢ Көмірсутектердің негізгі үш класына жалпы сипаттама беру;
➢ Модульдік оқыту жүйесін пайдаланып практика негізінде өткізген бір
сабақ жоспарымен таныстыру.

.Дипломдық жұмыстың зерттеу нысанасы: Органикалық химия сабағында


Көмірсутектер тақырыбын оқытуда модуьдік жаңа технологияны пайдалану.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңызы: Берілген зерттеу әдістемесін


студенттер және мектеп мұғалімдері, сонымен қатар жоғары оқу орындарында
органикалық химия пәнін оқыту барысында модульдік технологияны кеңінен
қолдануға мүмкіншілігі бар.Барлық білім алушыларға органикалық химия пәні
бойынша білімдерін жүйелі қайталап, нығайтуларына көмектеседі.

Дипломдық жұмыстың базасы: Қостанай мемлекеттік педагогикалық


институтының жаратылыстану ғылымдары кафедрасы және Қостанай ауданы білім
бөлімінің басқармасы, Алтын дала ауылы, Красный октябрь орта мектебі.

I ӘДЕБИ БӨЛІМ


1.1 Модульдік оқыту технологиясы
1.1.1 Модульдік оқыту технологиясы ұғымы туралы жалпы сипаттама

Қазіргі заман ғылым мен техниканың, білім мен танымның біте


қайнасқан,күш біріктірген заманы. Әлемнің алтын ғасыры атанған XXI
ғасырда бірде-бір технологиясыз сабақ өткізу мүмкін емес.Мінекей, қазіргі
кезде тек әлемде ғана емес, елімізде де жаңа білім беру жүйесінің бағыты
қалыптасып жатыр.Осыған орай, алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды
практикалық біліммен байланыстырып жаңа әдістер негізінде жаңа технологияық
бағыттар жүргізілуде.Болашақ маман иесі, яғни ол студенттер қазіргі
замандағы оқыту технологияларының түрлерін біліп, меңгеріп, соны өз
мақсатына сабақта тиімді қолдана білуі керек. Осындай қазіргі заманның
педагогикалық технологияларының біріне біздің қарастырғалы отырған
модульдік оқыту технологиясы жатады.
Модульдік оқыту XX ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап Европа,
нақтырақ айтсақ, ағылшын тілді елдерде қарқынды дами бастады.Оның негізгі
мәні – сабақтың жоспары, ақпараттар банкі және сабақтың дидактикалық
мақсаттарына қол жеткізуге бағытталатын,сонымен қатар, әдістемелік
нұсқалары бар оқу бағдарламасын оқушыларға ұсынып, сол бойынша оларға өз
беттерімен жұмыс жасауға баулу, мұғалім тек қана бағыт – бағдар беруші,
көмекші рөлін атқарушы. Осыған орай педагогтың қызметі әр түрлі болған;
олар, оқушыларға ақпаратты игеруге көмектесу, қажетінше кеңес беріп отыру,
бағыт беріп оқушының жұмысын ұйымдастырып, қажеттілігінше мейлінше бақылап
отыру.
Модульдік оқыту модуль сөзінен шыққан. Модуль – бұл белгілі бір
функционалдық жүктемесі бар қандай да бір жүйенің өз алдына жеке бөлігі,
бөлшегі болып саналады. Оқыту теориясында функционалдық жүктеме болашақ
маманның кәсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыруға қажетті әрекеттердің
және ақпараттың белгілі бір мөлшері – дозасы болып табылады. Осы
айтылғандарды ескере отырып, модульге мынадай анықтама беруге болады:
Оқытушы модуль – бұл оқу пәнінің танымдық және кәсіби аспектілерден
тұратын мазмұндық бөлігінің жүйелі түрде аяқталған формасы, ол оқушының
берілген модульді толық меңгеру нәтижиесінде қалыптасатын білім, білік,
дағды, танымдарын бақылап, тексерудің тиісті формасымен аяқталуы тиіс.
Модуль
• ақпараттардың аяқталған блогынан;
• оқушы іс–әрекеті бағдарламасынан;
• бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген мұғалімдердің айырықша
нұсқауларынан тұрады.
Модульдер белгілі бір ережелерге сәйкесті сүйеніп жасалады, оларға
атап айтсақ мыналар жатады:
1) оқытудың мақсаттарын айқындау;
2) қойылған мақсаттарға сәйкес оқу материалының мазмұнын тақырыпқа сай
іріктеу және құрылымын жасау;
3) оқу нәтижиелерінің бағалау критерийлерін анықтау;
4) өзін-өзі тексеруге арналған тесттік тапсырмаларын дайындау.
Модульдік оқыту кейбір философиялық, әлеуметтік, психологиялық,
физиологиялық және педагогикалық теориялар мен тұжырымдарға негізделген.
Оларға ізгілендіру, оқыту мен оқуда, іс-әрекетте жетістіктерге міндетті
түрде қол жеткізу және де жеке тұлғаға бағдарлай оқыту идеалары тән.
Сондай–ақ модульдік оқыту технологиясы оқу үдерісін сипаттау мен
ұйымдастырудағы құрылымдық нақтылығымен және де жоспарланғандығымен
ерекшеленеді.
Оқу үрдісінде, бір жағынан, оқу мазмұнын жалпыға ортақ көлемде
ұсыну оқушыларға жеңіл тиімді түрде түсіндіру мен баяндау, барлық оқушыға
бірдей әдіс-тәсілдер, құрал-жабдықтар қолдану, уақытты шектеу мәселелері
,ал екінші жағынан, білім мазмұнын меңгерудің жеке тәсілдері, оқушылардың
әрқайсысының жеке мүмкіндіктері мен қарқындары арасындағы қарама-
қайшылықтар туатыны белгілі.Модульдік оқыту кезінде қайшы талаптарға жол
берілмейді, сонымен қатар дәстүрлі емес оқыту принциптеріне негізделген
оқыту мазмұнын таңдауда өте қолайлы, ең тиімді тәсіл болып саналады. Әрине
бұл жерде дәстүрлі оқыту формасы қайда қалады? деген сұрақ туындайды.
Бұған жауап ретінде модульік оқыту технологиясы тек қана жаңа тәсілдерді
пайдалану емес, ол дегеніміз дәстүрлі оқыту формасын жүйелі түрде
пайдалану арқылы оны жаңа тәсілдермен кірістіре отырып сабақ мазмұнын
ұштастыру.[2,3]
Модульдік технология бағдарламалық оқыту базасында пайда
болған,сондықтан да онымен сабақтастығы тығыз. Бірақта айтарлықтай
айырмашылықтары да бар. Модульдік технологияның айырмашылығы мұнда оқытудың
мақсаты айқын,яғни мақсатқа жету үшін жеткілікті көлеміне қарай ұсынылған
оқыту мазмұны,оқушының қажеттіліктері есепке алынады,оқыту үрдісі оқушының
дайындығына сәйкес құрастырылады.
Модульдік оқытудың мәнісі оқушы оқытудың әртүрлі жұмыс формаларын
және амалдарын қолданып өз бетінше білім алуынан тұрады, ал мұғалім
оқушының іс-әрекеті арқылы модульдік бағдарламада көрсетілгендей
ұсыныстарды, сонымен қатар оқушының іс-әрекетін басқарып отырады.
Модульдік оқыту үрдісі бірнеше сатыларға бөлінуі мүмкін:
1.Оқушының алған білім деңгейін анықтау және оқыту мақсатын нақтылау;
2.Жеке себебін анықтау.Оқушылардың оқу іс-әрекетінің жалпы жоспарын игеруі;
3.Өзіндік оқу іс-әрекеті;
4.Оқытылған материалдарды және іс-әрекет тәсілдерін жалпылау;
5.Білімнің жалпы деңгейін және алдағы оқыту шешімін қабылдауды анықтау.
Бұл технологияның бір ерекшелігі – білімді меңгеруде емес, жеке
тұлғаның қабілеттерін және танымдық үрдістерін арнайы жасалған оқуды
дамытуға, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі бекітуге, қарым-қатынас
жасауға, химия пәні бойынша шығармашылық қабілеттерін қанағаттандыруға
негізделген.
Модульдік оқыту технологиясының дәстүрлі оқыту формасына
қарағанда бірқатар ерекшеліктері бар. Соларға тоқтала өтсек:
• модульдік оқытуда басты назар оқушылардың іс-әрекетіне бағытталып
жүргізіледі;
• әрбір оқушы өзіне оқу бағдарламасын таңдай алады;
• оқушылардың даму, ойлау, сөйлеу, зейіні және тағы да басқа
қабілеттері ашыла түсіп, өз сөзіне, пікіріне нақты жауап бере алады;
• педагогпен қарым-қатынасы күшейеді;
Модульдік оқытудағы ең басты артықшылығы, оқу материалдарын қандай
да бір деңгейде прагматикалық деп айтуға болады. Оқу материалының
прагматикалығы деп оның оқушыны ойлауға, оқуға, нұсқаларды таңдай білуге
және оларды талдай білу қабілетіне бағытталуынан көрінеді.
Модульдік оқытудың басқа оқыту жүйелерінен айырмашылығы да
кездеседі:
1. Оқу мазмұнының меңгерілуі қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын
жекеленген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылып, онда
тек оқылатын мазмұн мен оның көлемі ғана көрсетіліп қана қоймай, оны
толық және еркін меңгерудің деңгейі де анықталады. Сонымен қатар оқушы
мұғалім арасындағы қарым-қатынаспен жұмыс істеу стилінің тиімді
жолдары жазбаша нұсқада көрсетіледі.
2. Мұғалімнің оқушылармен арасындағы қарым-қатынасы өзгереді. Ол
модульдер арқылы,басқарушы мен бағынушы баламасында жеке қарым-қатынас
процесі арқылы жүзеге асады.
3. Оқушы көп уақыт өз бетінше жұмыс жасауды меңгереді, ол өз алдына
мақсат қоюға,жоспарлауға,ұйымдастыруға.өзі н-өзі бағалауға үйренеді.

Химия пәнінде модульдік бағдарламамен жұмыс жасағанда мына


кепілдемелерді қолдану қажет:
• Әр модульді оқытқан кезде интегративті мақсаттардан бастау алу қажет,
ол оқушыға берілу керек. Мұны көбінесе дәріс оқыған кезде жасауға
болады.
• Ауқымды дәріс модульдің негізгі элементі болып саналады. Оқушының
қызығушылығын тудырып, оларға анық мәселе ұсынуы қажет.
• Мұғалім оқушыға үй тапсырмасы ретінде модульдік бағдарламамен
байланыстыра отырып беруіне болады.
• Оқушының өзінің оқып жатқан материалын меңгергенін білу үшін аралық
бақылау немесе ашық тексеру жүргізу керек. Бақылаудың қорытындысын,
оқушының жіберген қателіктерін келесі оқу процесінде жібермеуі үшін
қатемен жұмыс жүргізу керек.
• Жалпы сағат саны, меңгеруге тиісті сол және де басқа модульдің
игерілуне жұмсалатын уақыты, берілген бағдарламадан аспау керек.[4]
Модульдік оқыту теориясы оқу үрдісін оған қатысушы екі жақтың әр
қайсысы өзіне тиісті функцияларды атқаратын, яғни мұғалім – басқарушы, ал
оқушы – өзін-өзі басқарушы болатын, оқушы мен педагогтың мақсатты, екі
жақты, белсенді әрекеті қарастырылып түсіндіреді.
Модуль нақты дидақтикалық мақсаттарға қол жеткізуге, оқу материалын
білу мен игеруге байланысты оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін басқаруға
негізделген.Оқыту үрдісінің бірлігі ретінде модуль мынадай функцияларға ие
болып,сол арқылы жұмыс жасайды. Ол функциялар атап айтсақ мыналар: мақсат
қою, ақпарат көзі, дамыту және басқару. Осы функцияларға сәйкес әрбір
модульдің мазмұны бір-бірімен байланысқан төрт блоктан тұрады. Осы төрт
блокты төмендегі кестеден көруге болады.

Кесте-1 Модуль функцияларының блоктармен сәйкестігі

№ Модуль функциялары Модуль блоктары
1 Мақсат қою Дидактикалық мақсаттар (оқушыларға арналған
әрекеттің мақсатты бағдарламасына айналады)
2 Ақпарат көзі Берілген оқу материалдарын меңгерудің мүмкін
жолдары мен тәсілдері туралы ақпарат
(оқытудың жоспарланған нәтижиесіне қол
жеткізеді)
3 Дамыту Оқу материалдарын тереңірек қарастыру
( мұғалім қосымша тапсырмалар ұсынады)
4 Басқару Тексеру және өзін-өзі тексеру

Сонымен, дидактикалық мақсаттар блогы мақсат қою функциясынан


бастау алады да әрі қарай оқушыларға оқудың жақын көкжиектерін ғана емес,
алысты, болашақта, өз бетімен өмір сүру, өмір табалдырығын аттағанда қол
жеткізуге тиісті жетістіктерін сезіне білуге, ауыртпалығын көтере білуге
көмектеседі. Модульдік оқытудың мақсаттары оқушыларға танымдық іс-әрекет
барысында қандай нәтижие көрсетіп тұрғанын айқындайды. Мұндай жағдай
оқушылардың оқу үрдісіндегі оң мотивациясын қалыптастырады, өзіндік іс-
әрекетін дамытады, белсенділігі мен санасын қамтамасыз етеді.Оқушы өз
жағдайын үнемі назарында ұстап, жете бақылауға алып, өзін-өзі тексере
білген жағдайда ғана оқу үрдісінде тең құқылы қатысушы яғни басқару
функциясын атқара алады.
Модульдік оқыту өзінің көпжылдық өмір сүрген тарихында айтарлықтай
өзгерістерді бастан кешірді. Оны қолданудың мақсаттары ғана өзгеріссіз
қалды, олар: оқыту үрдісін жеке оқушыға бағыттау, оқу іс-ірекет құрылымын
белсендіру, оқушылардың өзіндік әрекетін және мотивациялық әрекетін
арттыру. 1967 жылы Америкалық педагогикалық зерттеулер институты орта білім
беретін мектептерге арналған оқу пакеттерін дайындауды көздеді, осы
мақсатта модульдік оқытудың негізін салушы педагогтардың бірі Дж. Д.
Расселдің пайымдауынша, модуль оқу материалдарының тұжырымдық бірлігін
қамтитын оқу пакеті болып табылады. Бұл пакеттің құрамына мына өзекті
мәселелер кіреді:
✓ қоршаған орта (заттар, құбылыстар, әдістер, тәсілдер, үдерістер,
құрылымдар мен сапалар әлемі) туралы түсініктердің тізбесі;
✓ оқыту мақсаттарының тізімі, осы мақсаттарға жетуге байланысты
міндеттердің сипаттамасы;
✓ жеке модульдер мен бөліктерге бөлінген, жеке сабақтар мен сабақтан
тыс жұмыстар өткізуге арналған оқу құралдары: мұндай модульдер білімі,
меңгеру қарқыны мен қабілеттері әр түрлі оқушылар деңгейіне арналған
қиындығына қарай бірнеше бөлікті оқу материалдарын қамтиды;
✓ әрбір оқушының оқуының тиімділігін тексеруге байланысты жеке
жұмысты немесе щағын топтағы жұмысты ұйымдастыру туралы педагог
қажеттілігіне арналған арнайы әдістемелік нұсқаулықтар;
✓ оқушының өз жұмысының сапасын бағалауына арналған дидактикалық сызба-
нұсқалар.
Кеңес педагогикасында модульдік оқыту XX ғасырдың соңғы 10-
жылдығында жаңа оқыту технологияларының бәсең алуымен байланысты дамыды.
Көптеген зерттеушілер (В.П.Беспалько, О.В.Долженко, В.Л.Шатуновский,
П.А.Юцявичене т.б) жаңа оқыту технологияларын құрылымдық –мазмұндық жағынан
алдын-ала жоспарланған оқу-танымдық үрдістің тәжірбиеде жүйелі және
бірізділікке сүйеніп қарастырды. Олардың ойынша, модульдік оқыту
технологиясына мүлдем басқаша анықтама сәйкес келді.
П.А.Юцявичене модульдік оқытудың мәні оқудың субъектісі, оқушы мен
оқытушы арасында негізінен модуль түрінде ұсынылған оқу материалдарымен
өздігінен жұмыс істеу принципінде деп көрсеткен болатын. Жеке алынған
модуль әрекетінің мақсатты бағдарламасын, ақпарат банкін және де
оқушылардың алдына қойылған мақсаттарға жетудің әдістемесін қамтиды.
Модульдік оқыту технологиясының бір ерекшелігі – оның білімді
меңгертуде, жеке тұлғаның танымдық қасиет-қабілеттерін және танымдық
үрдістерін: яғни зейіннің сан алуан түрлерін (есту, көру, қимыл,
сөйлеу,ойлау және т.б.) ынта, жігер, қабылдау қабілетін арнайы жасаған оқу
және танымдық жағдайлар арқылы тануға, сондай-ақ индивидтің қауіпсіздігін,
өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау, ойын танымдық және шығармашылық даму
қабілеттері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын
(ауызша тілде және жазбаша тілде) дамытуға бағытталып жүргізіледі.
Модульдік оқыту технологиясының екінші бір ерекшелігі – дарынды
балалармен тұрақты және жүйелі түрде жұмыс жасауға мүмкіншілік
туғызады.[5,6]

1.1.2 Модульді оқыту технологиясының мақсаттары, принциптері және ғылыми


идеялары

Модульдік оқыту ХХ ғасырдың 60-жылдарында қалыптасып, ағылшын


тілді елдерде тез-ақ дами бастады. Біз бұл жұмыста П.Юцевичененің
идеяларына сүйенеміз.
Модульдік оқыту технологиясы оқушылар өздігінен мақсатты, жеке
бағдарламамен білім алатындай етіп оқыту процесін өзгертуді және қайта
құруды көздейді.
Модульдік оқытудың өзегі-оқу модулі.
Ол:
✓ ақпараттардың жиынтығы;
✓ оқушы іс-әрекеттерінің міндеттелген бағдарламасынан;
✓ бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген бекітілген
мұғалімнің нұсқауларынан тұрады.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс
істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың
дербестігін қамтамасыз етеді.
Модульдік оқытудың мақсаты – оқушының өз бетінше барынша ізденіп
жұмыс істей алу мүмкіндігін саралап дамыту, оқу материалдарын өңдеудің
жекелей тәсілдерін қолдану арқылы жұмыс істей білуге үйрету.
Бастапқы ғылыми идеялары:
1. Модульдік оқыту іс-әрекет принципіне негізделген: оқушының кейде ғана
емес, жүйелі түрде белсенді іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны
саналы меңгеріледі. Сондықтан мұғалім тапсырмаларды дайындағанда
оқушыларды оқу мақсатына бағыттайды, оның қабылдануына жағдай жасайды,
баллардың өзін-өзі бақылауын қадағалап, бақылау жүйесін саралау, сол
арқылы өзін-өзі басқаратын рефлексивті оқыту процесін қамтамасыз
етеді.
2. Дамыта оқыту идеясына негізделген: егер оқушы тапсырманы оқытушының
немесе сыныптастарының көмегімен орындайтын болса, онда ол өзінің
жақсы даму аймағында деп есептейді. Бұл баланың психологиялық
функциясының жетілуіне септігін тигізеді, себебі ол ертеңгі күні
басқалардың көмегімен орындаған тапсырманы өзі де үй жағдайында
орындай алады,яғни бір айналым аяқталады да, оқушы актуальді даму
аймағына енеді.Осылайша жаңа деңгейге өтуі басталады.
Модульдік оқытуда бұл цикл мұғалімнің оқушыға берілетін көмегінің
мөлшері мен мазмұнын саралап, оқу әрекетін әр түрлі формада
ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
3. Бағдарламалап оқыту идеясы: бағдарламалы оқытудың мынадай белгілері:
іс-әрекеттің нақтылығы,логикасы, белсенділік пен оқушының өзінше жұмыс
істеу мүмкіндігі, жеке жұмыстың қарқындылығы, нәтижиелерін салыстыру.
4. Модульдік технологияның қарқындылығы, интенсивтілігі оқыту процесін
оңтайландырады,яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жұмсай отырып жоғары
нәтижеге қол жетуді талап етеді.
Модульдік оқыту технологиясы іс-әрекет принципіне негізделген:
Оқушы кей уақыттары ғана емес, жүйелі түрде, уақытында сабаққа ден
көңіл бөліп, жүйелі түрде белсенді іс-әрекет болғанда ғана білім мазмұны
сапалы меңгеріледі. Сондықтан мұғалім тапсырмаларды дайындаған кезде
оқушыларды аса ұқыптылықпен оқу мақсатына бағыттайды, оның жеткілікті
қабылдауына жағдай жасайды, балалардың өзін-өзі бақылау мен бағалау жүйесін
анықтай отырып, сол арқылы өзін-өзі басқара алатын рефлексивті оқыту
үдерісін қамтамасыз етеді.

Модульдік оқытудың негізгі прнициптері:


✓ модульдік принципі;
✓ оқыту мазмұнынан ерекше мәселелер жүйесін бөліп алу принципі;
✓ динамикалық принципі;
✓ білім жүйесінің жылдамдығы;
✓ икемділік принципі;
✓ болашақ міндеттерді саналы түсіндіру;
✓ жан-жақты методикалық кеңес беру және шолу;
✓ паритеттілік принципі.
Осы принциптердің маңыздыларына жеке-жеке тоқталайық.
Модульдік принцип. Нақты дидиактикалық мақсатқа жету үшін бұл
принцип бойынша оқытудың функциональдық түйіні модуль түрінде құрылады.
Оқытудың мазмұнын,формасын және әдістерін анықтайды.
Оқыту мазмұнынан ерекше мәселелер жүйесін бөліп алу принципі.
Кіріктірілген мақсатқа жету үшін бұл принцип оқу материалының әрбір
модульінің ауқымын біртұтас жүйе деп қарастырады.Әрбір элементтің алдына
дидактикалық мақсатты іс-әрекет қойылады.
Динамикалық принцип. Әлеуметті тапсырысты ескере отырып, модульдің
мазмұнын еркін өзгертуге болатындығын қамтамасыз етеді,яғни оқу
материалының нақты бір бөлімін өзгертуге,толықтыруға және дамытуға болады.
Білімнің ұтымдылық, шапшаңдық және олардың жүйелілік принципі сақталуы
тиіс.Бұл принцип оқытудың мақсатты түрде жүруін,соның нәтижесінде білім
алатын мотив қалыптасатынын көрсетеді.
Икемділік принцип.Білім алушының жеке қажеттілігіне бағдарланған оқу
мазмұны мен оны меңгеруге оңтайланған модуль құру.Соның нәтижесінде білім
берудің дараланған түрін қолдануға болады.
Болашақ міндеттерді саналы түсіндіру. Білім алушы білімнің аралық
және соңғы мақсатын түсінуге ынталы.Оқушылар танымдық және практикалық
әрекетте оқыту нәтижесін көрсете білуі шарт.
Жан-жақты методикалық кеңіс беру және шолу. Оқушы пәнді және
қоршаған ортаны тану үшін өз бетімен біліктілігін жетілдіру қажет. Оқушының
мүмкіндігі мен шеберлігінің арасында бұл принцип ұстанымдары елеулі нәтиже
береді.
Паритеттілік принципі. Білім алушы педагогикалық процесте
білімділік көрсетуі,ал мұғалім оқытуды басқаруы өзара тығыз байланысып, оқу
процесін оқушының өзі басқаруын талап етеді.[7]
С.И.Ожегов: Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның
анықталатын біршама дербес бөлігі, - деді.
Оқу модулі негізінен өтілу барысында дәстүрлі оқыту формасы
тәріздес үш бөліктен; кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды
бөлімінен тұрады. Әр оқу модулі уақыт жағынан да әр түрлі, мұнда кіріспе
және қорытынды бөлімдеріне уақыт аз беріледі де, негізгі сабақ оқыту
сөйлесу бөлімінде талқыланатын болғандықтан уақыт та көп мөлшерде бөлінеді.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларға оқу модулінің жалпы
құрылымымен, сабақ мазмұнымен таныстырады. Сондықтан оқытушы өз
материалдарын қысқа да нұсқа белгілі бір сызба-нұсқалармен, кестелермен,
таблицалармен түсіндіруге болады. Тек оқушылар түсінетіндей үлгіні қолданса
болғаны. Кіріспе бөлім – оқушыларды қызықтыру кезеңі деп те аталады.Бұл
кезеңде оқушылар сабақ тақырыбының маңызын нені оқып үйрену керек, сабақтың
маңызы мен міндеті қандай екенін түсінуі керек. Психологтар дәлелдегендей,
білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түсінуі аса
маңызды саналады. Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді
қалыптастыруда түсіндіруді сызба нұсқаулықтар және белгілік үлгілер түрінде
көрініс тапқаны тиімді, әрі түсіндіруге қолайлы екендігі эксперимент
жүзінде дәлелденіп отыр.
Сонымен, оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:
a) сабақтың негізгі тақырыбымен, жалпы құрылымы мен мазмұнымен
таныстырылады;
b) сабақ өтілуіндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттері
айқындалады, әсіресе әрбір оқушы бұл сабақты қалай қабылдап жатыр,
түсінігі қандай екеніне ерекше көңіл бөледі;
c) тірек-сызбаларға сүйене отырып тұтас тақырып бойынша оқу матермалдарын
түсіндіреді.
Сөйлесу кезеңі сабақтың ең негізгі бөлімі болып саналады, себебі:
бұл бөлім екі жақты процесс түрінде талқыланады, педагог көбінесе өзі емес
оқушыларды сөйлетуге тырысады. Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану да
осы бөлімде жүзеге асады яғни сұрау, дамыту, ойлау, әңгімелесу, диалог
сияқты жаңа тәсілдерді осы тұста пайдаланып оқытуға болады.
Бұл технологияның маңызды шарты – оқушылардың кез келген ғылыми
көздерді, оқулықтарды, оқу материалдары мен оқу құралдарын пайдалануға
болатындығын, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші, ретінде мұғалімнен
жедел кеңес ала алатындығында.Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын
қайтадан жаңғыртып, қарапайымнан күрделіге өту процесі орындалады, білік
пен дағдыны қалыптастырып оқушылар бойына сіңіру мақсатында оқытудың
белсенді формалары қолданылады.Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу
формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылданып отырғанын
біледі, өйткені мұғалім оқушыға алдыңғы кіріспе сабағында барлық жаңа
тақырыпты түсіндіреді де оқушы бұл бөлімде тек сол тақырыпты барынша
меңгеруге тырысады.Бұл бөлімде педагог сұрақ-жауап, диалог, әңгімелесу,
сұрақ қою арқылы оқушы ойын дамыта алады.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі арқылы материалды тұтастай оқып
үйренудің операционалдық- танымдық кезеңі десе артық болмайды.
Бұл бөлімді қарастырғанда Л.Фридманның ұсынған негізгі
ережелеріне сүйенуге болады.Олар:
1. Оқу оқушының жеке болсын немесе топтық, ұжымдық болсын жұмыс
барысындағы белсенділік қызметіне негізделіп қаралады.Олар оқушының
қандай деңгейде, яғни қисынды ойлау қабілетін, көзге елестету
қабілетін, жадын, шығармашылығын және т.б қабілеттерін меңгертуге,
оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталады.
2. Оқытуды басқару психологиялық негізде жүзеге асырылады және сол арқылы
әрбір оқушының жеке қанағаттанушылығын, қажеттіліктеріне бағытталады.
3. Оқуды басқару балалардың білім дәрежесенің артуына сәйкес икемді әрі
нақты бағытталады.
4. Тұлғалық басқару ережесін қолдану арқылы оқу үрдісінің ең жоғарғы
деңгейіне қарай бағытталады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара
сөйлесу қабілеттеріне баса назар аударуы тиісті.

Сөйлесу бөлімі төмендегідей негізгі қағидаларға көзделіп құрылады:


• Оқу материалын тұтастай қамту қағидасы;
• Өсу бағытымен оқып-үйрету қағидасы;
• Оқушылардың оқу материалын бөлек-бөлек емес, кешенді түрде тұтастай
қарау қағидасы.
Қорытындылай келе, бұл бөлімде оқу үдерінде оқушылардың барша
танымдық қызметінің қорытындысы болып табылатын мақсат-міндетке және білімі
мен білік дағдысының мемлекеттік білім стандартына сай келуіне қол
жеткізу.
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінде
оқушылар сабақта бір-біріне көмек көрсетіп, қолдап, бірлесіп әрекет ететін
болса, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімі
мен тәжірбесін жинақтайды және ешкімнің көмегінсіз білім дағдысын көрсетіп
педагогқа көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тесттік тапсырмалар,
бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма, мазмұндама, диктант немесе оқу пәнінің
ерекшелігіне орай қорытындылауына болады. Ол мұғалімнің өз құзіреттілігінде
болады. Сонымен қоса оқушыларды білім деңгейіне сәйкесті бағалау да осы
бөлімде жүзеге асырылады.Оқуды бағалау педагог үшін ең маңызды талап.
Сөйлесу бөлімінде оқушыларға кейбір ерекшеліктеріне қарай деңгейлеп
тапсырмалар берілетін болса, бұл бөлімде барлық оқушыға ортақ мемлекеттік
білім стандартына сай тапсырмалар беру арқылы қорытындылайды. Оқушылардың
өз бетінше ізденіп шығармашылықпен айналысуына модульдік оқыту
технологиясының көптеген пайдалы жақтары бар. Оның ерекшелігі оқушының
білім алуда тек қана мұғалімге сеніп емес, өз бетінше іздену қабілеті
ашылуына септігі зор. Оқушы мәліметтерді өз бетінше меңгеруге
ұмтылғандығы,алуан түрлі жасалған айла әрекеттер арқылы, танымдық
жағдайларын дамытуға, шығармашылық қабілетін қанағаттандыруға, сөздік қоры
мен әдеби тілін молайтуға бағытталады.
Сабақтың түсінікті, сапалы, қызықты әрі тартымды өтуі тікелей
мұғалім шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда еліміздің белгілі
ағартушысы, ғалымы А.Байтұрсынов атамыздың Шеберліктің белгісі – түрлі
әдісті болу, - деген сөзі есімізге түседі. Ендеше бір ғана минутты, яғни
ол деніміз бір сабақты қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы,
әдістерді пайдалану арқылы көптеген оң нәтижеге қол жеткізуге болады,
Мінекей осындай тиімді әдістердің бірі де бірегейі – модульдік оқыту
технологиясы.[8,9]

1.2 Органикалық заттарды оқып үйрену методикасы


1.2.1 Органикалық химия пәні және оның даму тарихы

Органикалық химия жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасында пайда


болды. Алғашқы кезеңде органикалық химия өсімдіктер мен жануарлар
организмінде түзілетін заттарды зерттейді деп қарастырылды, тек қана
организм деген атауға сәйкес органикалық химия деп есептеген.
Ал қазіргі кезде мүлдем басқаша органикалық химия деп
көмірсутектер және олардың туындыларының химиясын атайды және органикалық
заттардың қосылыстарын, құрамын, құрылысын, қасиеттерін және өзгерістерін
зерттейтін ғылым.Ал органикалық қосылыстар дегеніміз құрамында С атомы
болатын қосылыстар.
Алғашқы кезде органикалық заттар тек қана өсімдіктер мен жануарлар
организмінде ғана түзіледі деген пікірде болды. Бұл ағым витализм
(латынша: vita өмір, тіршілік сөзі) деп аталды. Бұл витализм ілімі
органикалық заттарды синтездеуді тежеді, ғылымны дамуына кедергі жасады.
Бірақ 1824 жылы неміс дәрігері және химигі Фридрих Велер тұңғыш рет
бейорганикалық газ тәрізді зат дицианды сумен қыздырып, қымыздық қышқылын
синтездеп алды. Осы тәжірбиеден кейін органикалық химиның дамуына жол
ашылды.
Өткен ғасырдың бірінші жартысында органикалық заттарды
синтездеумен қатар, органикалық заттарды анализдеу техникасы да едәуір
жетілдірілді (неміс химигі Ю.Либих). Анализдау барысында бір ерекше оқиға,
барлық синтездік жолмен алынған органикалық қосылыстардың құрамынан
көміртек атомының бар екендігі анықталды. Осы жағдай органикалық химияға
жаңа анықтама беруге негіз болды. Сөйтіп, 1848 жылы Гмелин көміртек
қосылыстарының туындысы деген жаңа анықтаманы ұсынды.
Сонымен, органикалық химия көміртек қосылыстарының пәні
болды. Неге тек бір ғана элементтің қосылыстары бүтіндей бір ғылымының
қалыптасыуына түрткі болып отыр. Оның себебі:
1) Қазіргі кезде органикалық заттардың 10миллионнан астам түрі бар, яғни
олардың көптігі және де әлі ашылып жатқан қосылыстары бар.Қазіргі
дамыған технологияның арқасында жылына 200 мыңдай органикалық заттың
қосылысы синтезделеді. Ал бейорганикалық қосылыстардың саны шамамен
650 мыңды құрайды.
2) Органикалық заттардың көп болуы біріншіден, химик-ғалымдардың
органикалық қосылыстарды синтездеу және зерттеу ісімен аса зор
қарқынмен айналысуы болса, екіншіден, көміртек элементінің бір-бірімен
және басқа да элементтердің атомдарымен ашық және тұйық циклді
тізбектер түзе отырып, шексіз көп қосылыстар түзу қабілетінің болуы.
3) Көміртек қосылыстарының практикалық маңызының болуы. Органикалық
қосылыстар тіршілік көзі – олар адам баласына қажетті.
Органикалық қосыластардың бейорганикалық заттардан өзара ерекшелігі бар:
• органикалық қосылыстардың барлығы дерлік жанады, ал бейорганиалық
заттардың көбісі жанбайды;
• шамалы сыртқы әсерден, мысалы, сәл қыздырғанда органикалық заттардың
көбісі өзгеріске ұшырайды немесе ыдырайды және т.б сол сияқты өзінің
сипатын өзгертеді.Сондықтан олармен жұмыс істеу аса сақтық талапты
қажет етеді;
• көміртек периодтық жүйедегі барлық элементтермен (инертті газдардан
басқасы) қосыла алады, ал басқа кез келген элементте мұндай қасиет
байқалмайды;
• органикалық заттардың молекуласында әр уақытта біртекті атомдардың
бірнешеуі, көміртек атомдарының бірнешеуі кезектесіп орналаса береді;
• органикалық заттардың көбісі дерлік иондарға ыдырамайды
(диссоциацияланбайды), ал бейорганикалық қосылыстардың көбісі иондарға
ыдырайды;
• органикалық қосылыстардың реакиялары бейорганикалық қосылыстың
реакцияларына қарағанда баяу жүреді және көбісінде аяғына жетпейді,
әрі шығымы аз болады;
• органикалық қосылыстарға изомерия құбылысы тән.Ол дегеніміз
молекулалық құрамы мен массасы бірдей, бірақ құрылысы әр түрлі заттар.
Қорытындылай келе, XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында
органикалық химияның дамуы бірқатар жаңа өнеркәсіп салаларының пайда болына
әкелді. Мінекей, органикалық химия пәні химия ғылым саласының маңызы
жоғары, үлкен бір саласы ретінде мектеп курстарынан бастап оқытылады.[10]
1.2.2 Органикалық химия пәнінің міндеттері, мазмұны мен құрылымы

Орта мектепте органикалық заттар немесе көмірсутек қосылыстарының


химиясы арнайы курс ретінде өтіп, бірқатар тәрбиелік міндеттерге жауап
береді.Оқушылар санасында органикалық қосылыстар туралы негізі мағлұматтар
қалыптасады.
Оқушыларда органикалық заттардың саналуандығы мен оның себептері
жөнінде алғашқы ұғымдар қалыптасады.Олар органикалық заттар мен
бейорганикалық заттар арасындағы айырмашылық пен қасиеттерін,
ерекшеліктерін біліп, ажырата алатын болады. Органикалық заттар өзімізге
белгілі саны жағынан ең көп тараған, жер шарындағы қосылыстардың ¾ бөлігін
құрайды. Органикалық заттардың негізін С элементі құраса, қосымша олардың
құрамына оттегі, сутегі, азот, күкірт және де фосфор элементтері кіреді.
Органикалық химияда заттардың құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы
тәуелділікке аса назар аударылмайды, тек бұл салада бейорганикалық химиядан
алған білімдері тереңдеп, одан әрі толықтырумен қамтамасыз етеді.
Заттардың жіктелуі жөніндегі білімі кеңейеді. Оқушылар органикалық
қосылыстардың маңызды кластары туралы жаңа ұғым алады, олардың құрамының
күрделенуімен танысып генетикалық байланыс ұғымымен танысады.
Органикалық химияның теориясын дамытуда және ғылыми жаңалықтарын
ашуда ғаламдардың ашқан жаңалықтарына тоқталып, қосқан үлесіне баса назар
аударылып интернационалдық және патриоттық тәрбие беру мақсатында
оқытылады. Бұл кезде оқушылардың теориялық білімдері дамып, тереңдеп,
толығып жаңа сатыға көтеріледі. А.М.Бутлеровтың органикалық заттардың
құрылыс теориясы, В.В.Марковниковтың атомдардың өзара әсері жөніндегі
ережесі және де Н.Н.Зининнің анилин алудағы реакциясы мен М.Т.Кучеровтың
ацетиленді гидраттау сияқты бірқатар маңызды реакцияларды түсіндіріледі.
Органикалық химия пәнінің ерекшелігі мұнда әрбір сабақты өткен сайын
ғылымаралық және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға зор мүмкіндік бар.
Органикалық химия саласы тірі организмдердің құрамына кіретін, олардың
негізін құрайтын, биохимиялық өзгерістерге қатысатын заттарды зерттейді.
Биологиялық аса маңызы бар заттарды: көмірсуларды, майларды, белоктарды,
олардың химиялық құрамын толығырақ зерттей отырып, олардың қасиеттерін
толықтай қарастырады. Сол себепті органика курсы география, биология,
өлкетану сияқты бірнеше пәндермен байланыстыра отырып кірістіріп
оқытылады. Органикалық химияны өткенде оқушылардың зертханалық, сарамандық
біліктері артады әрі дамиды. Едәуір сапасы және сан жағынан тәжірбиелер
жасауды үйренеді, күрделі эксперимент есептерді шешуге дағдыланады.
Орта мектепте оқытылатын органикалық химия пәнінің ең алғаш рет
тұрақты бағдарламасын әзірлеген, оқулығы мен оқу әдістемесін жазған
В.Н.Верховский мен Л.М.Сморгонский болатын.
Алғашқы бағдарламады оқу материалының құрамы қарапайым көмірсутек
қосылыстарынан басталады. Одан әрі олардың құрылысы мен қасиеттері сияқты
ұғымдармен толықтырылып, күрделене береді. Ал, кейінгі бағдараламасында
яғни 1956 жылдан кейін бұл пәннің бағдарламасына кішкене толықтырулар мен
өзгерістер енгізілді.[11]
Органикалық химия пәнінің құрылымы туралы айтқанда іс жүзінде
сыналған дидактикалық мәліметтер мен әдістемелік ұстанымдар жүзеге
асырылады.
Орта мектеп буынында органикалық химия курсын оқытқанда онда
оқылатын күрделі заттардың ең маңызды деген қосылыстары ғана оқытылады. Ол
қосылыстардан майлар, спирттер көмірсулар мен ақуыздар және т.б
маңыздыларына тоқталады. Сондай-ақ май карбон қышқылдары мен көп атомды
спирттердің күрделі эфирлері, көмірсулар – альдегид, спирттер, көмірсутек
радикалдары мен амин, карбоксил топтары кіреді.Демек, биологиялық активті
майлар, көмірсулар және ақуыздар кластарын қарастыру үшін көмірсутектер,
спирттер, альдегидтер мен карбон қышқылдары өтіледі. Бұл дегеніміз
органиакалық химия курсында бір тақырып келесі бір тақырыптың мазмұнымен
тікелей байланысты деген сөз. Ол себепті де бұл курста генетикалық
байланысқа арналған есептер көптеп қолданылады.
Әр класты сипаттау үшін қажетті заттардың саны мен оқылу реті
гомологтық қатар бойынша теориялық және сарамандық талаптарға сай таңдалып
алынған. Теориялық жағынан алғанда заттың құрылысы мен қасиеттері айқын
білінетін және генетикалық байланысты дұрыс ашатын, яғни оқушыларға
түсінікті болуы тиісті. Сарамандық талап кезінде мұғалім оқушыларға
органикалық заттардың әр қайсысының өзіне тән сипаттамасы мен таныстырып,
химиялық қасиетін ескертіп отыру қажет. Органикалық заттардың басы дерлік
өте қауіпті екенін түсіндіріп, сарамандық жұмыс кезінде қауіпсіздік
техникасымен қамтамасыз етіліп отыруы шарт. Гомологтық қатар жекеден
жалпыға қарай немесе жалпыдан жекеге қарай ауысу тәсілімен оқытылады.
Осы талаптарға сәйкес гомологтық қатарларға сәйкес жататын
заттардың ішінен көмірсутектердің бірінші өкілдері – метан қатары, этилен
қатары, ацетилен қатары, дивинил, бензол қатары толығымен реті бойынша
қарастырылады. Ал гомологтық қатардың екінші қатарына жататын кластардан –
спирттер, альдегидтер және карбон қышқылдары кластарының қатарына этил
спирті, сірке альдегиді және сірке қышқылы оқытылады. Әр заттың құрамы,
электрондық және кеңістік құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы
мен қолданылуы жоспар бойынша сипатталады. Заттардың құрылысы мен
қасиеттерінің, алынуы мен қолданылуы арасындағы байланыстардың ара жігі
ажыратылып толықтай мысалдар келтіре отырып түсіндіріледі, ашылып
баяндалады.
Органикалық химия курсының теориялық негізі – А.М.Бутлеров жасаған
органикалық заттардың құрылыс теориясы. Бұл теория бензолдың Кекуле
ұсынған, құрылыс формуласы мен сипатын, дивинил мен изопренге қосылу
реакцияларының механизімін және де т.б көптеген күрделі құбылыстардың мән-
жайын түсіндіре аламайды. 140 жылдан астам уақыттың ішінде бұл теория
стереохимялық және электрондық көзқарастармен толықтырылып бірқатар
жаңалықтар енгізілді. Сондықтан қазіргі құрылыс теориясы дәстүрлі
теориядан, стереохимялық теориядан және химиялық байланыстың электрондық
табиғаты жөніндегі ілімнің ізін жалғастырушы болып саналады. Осы үш
теорияның ықшамдалған көрінісі ретінде бұл құрылыс теориясы мектеп
бағдарламасында өтіледі.
Дәстүрлі құрылыс теориясының идеялары:
• көміртегінің атомдары тізбек түзіп байланысады;
• атомдар молекулаға валенттіліктеріне сәйкес белгілі бір ретпен
байланысады;
• қосылыстың қасиеттері құрамындағы атомдардың байланысу ретіне және
өзара әсерленісуге тәуелді атомдардың байланыс ретімен және химиялық
тәсілдерен анықталады;
• құрылысы құрылымдық формула арқылы көрсетіледі.
Стереохимялық теорияның негіздері:
• көміртегі атомының тетраэдр пішінді кеңістікте орналасуы;
• ковалентті байланыстардың бағытталуының болуымен түсіндіріледі;
• көміртегі тізбегінің иректі құрылысы;
• атомдардың жай, еркін айналысы;
• транц-циц изомерлер және олардың қасиеттеріндегі айырмашылықтар;
• молекулалардың ретсіз және стереоретті құрылысының болуы.
Электрондық теорияның негіздері:
• көміртегі атомының қалыпты және қозған күйлері;
• электрон бұлты, валенттік электрон бұлттарының бағыттары;
• sp³, sp², sp – гибридтену туралы ұғымдар;
• электрон бұлттарының әсерлесуі, ковалентті байланыстар;
• сигма және пи- байланыстар, олардың түзілуі мен беріктігі.
Органикалық химия курсында оқушылар санасына политехникалық
мағлұматтар көптеп беріледі. Сол себепті алғашқыда бұл мағлұматтарды
қабылдау оқушыларға ауыр тиуі мүмкін. Сондықтан мұғалім түсіндіргенде аса
сақтықпен мұқият қарапайымнан күрделіге өту сатысын пайдаланып түсіндіре
білгені жөн. Органикалық химия курсын өткенде тек қана органикалық заттар
туралы ғана емес, осы күрделі заттардың халық шаруашылығындағы және ауыл
шаруашылығындағы маңызы жөніндегі де ақпаратттармен қамтылған. Химиялық
өндірісте органикалық заттар қалай қолданылады сонымен қоса жоғары
молекулалы қосылыстар туралы оқулық соңында жеке тарау ретінде
кірістірілген.Бұл талаптарға сәйкес метил спиртін өндіру, этиленнен сірке
қышқылын алу сияқты маңызды тақырыптар кездеседі. Көптеген химиялық
реакцияларды өткенде бұл курстың еркешелігі атауларының болуы. Олардың
өндірістегі маңызына назар аударылады.[12]

1.3 Көмірсутектер класына жалпы сипаттамана

Құрамына тек қана екі элемент – көміртек пен сутек атомдары
кіретін органикалық қосылыстар көмірсутектер деп аталады.
Органикалық қосылыстарды қарапайым жүйелеудің негізінде ең алғаш
оқытылатыны көмірсутектер класы болып есептеледі. Бірақ бұл қарапайым
ғана кластың өзі бірнеше топқа жіктеледі. Көмірсутектерден басқа барлық
органикалық қосылыстарды көмірсутектер молекуласындағы сутек
атомдарымен өзара басқа атом топтары алмасқанда түзілетін басқа да
заттар ретінде қарастыруға болады. Ондай заттарды көмірсутектер
туындылары деп атайды. Сөзімізді нақтылау үшін төмендегі сызбанұсқаға назар
салыңыз.

Сызбанұсқа-1


Органикалық қосылыстардың құрамы бойынша жіктелуі

Бұл органикалық қосылыстардың құрамындағы көміртек атомына байланысты


және де басқа да қасиеттеріне байланысты бейорганикалық заттардан
бірнеше қасиетімен ерекшеленеді. 1) балқу және қайнау температуралары
төмен болады, тез көмірленіп кетеді. 2) жанғыш болып келеді, жанғанда және
шірігенде кіші молекулалы ұшқыш бейорганикалық заттарға айналып кетеді.
3) ішкі молекулалық байланысы ковалентті. 4) электролиттерге жатпайды,
яғни суда ерімейді, ал басқа органикалық қосылыстардың барлығында дерлік
ериді. 5) органикалық заттар табиғатта өте кең тараған, олар барлық
жануарлар мен өсімдіктердің құрамынан кездестіруге болады. 6) реакциялары
қайтымды процесте өтеді. 7) көміртек атомының тағы да бір ерекшелігі –
олар өзара байланысып, ұзын ашық және тұйық ( циклді) байланысты тізбектер
түзе алады, және осы қасиетіне сәйкес олардың түрлері сан алуан болып
келеді.[13]
Көміртек атомының электрондық құрылысы. Органикалық химия –
көмірсутектер және олардың туындыларын зерттейді. Сол себепті органиаклық
химияда ең басты рөлді – көміртек атомы атқарады. Осы органикалық заттардың
жер бетінде көп таралуының ең басты себебі де осы күрделі заттардың
құрамындағы көміртек атомының құрылысы мен қасиетіне байланысты болып
отыр. Осы орайда неге бір ғана шағын саланың яғни органикалық химияның
таралу мен шығуына бір ғана элемент түрткі болды? Көміртек атомының қасиеті
қандай? Тұтастай бір саланың қалыптасуына негіз болған қандай қасиет? Және
т.б осындай көптеген сұрақтар туындауы мүмкін, сондықтан осы сұрақтарға
жауап ретінде көміртек атомын жеке,дара элемент ретінде оның қасиеттерін,
ерекшеліктерін қарастырайық. Көміртек өзімізге белгілі Д.И.Менделеевтің
периодтық жүйесінде 6-реттік нөмірде орналасқан. Нақтырақ айтсақ 2-
периодта, 4-топтың негізгі топшасын құрайды.Атом ядросында 6 протон, 6
нейтрон және де сыртқы энергетикалық деңгейінде 6 электрон бар. Олар екі
энергетикалық деңгейге бөлініп орналасады: 2е,4е.
ΙV А топшасында орналасқан көміртек атомы тізбектей де, тор да,
кеңістікте ұзын тізбек жасау арқылы құрылымдарда да орналаса алады. Мінекей
сол себепті де көміртек атомы аллотропиялық өзгерістерге көп ұшырайды.
Яғни көміртектің табиғатта таралуы осы қасиетіне негізделген. Көміртектің
аллотропиялық түр өзгерістеріне: алмаз, графит, карбин, кумулен, фуллерен
және т.б заттар болып табылады. Сол сияқты көміртек атомдары кеңістіктікте
өзара байланысып, ұзын тізбек жасау арқылы күрделі кеңістікті құрылымды –
органикалық химияның негізін құрайды.
ΙV А топшасындағы элементтердің – Si,Ge,Sn,Pb ішінен көміртек
атомы ең кішісі болып саналады.Оның валенттік атомдарындағы орбиталдарының
тығыздылығы ең жоғарғы, сондықтан ол ең берік химиялық байланыстар түзеді.
Периодтық жүйеде элементтердің ең кіші атомдар ішінен валенттік
электрондары ең жоғарғы элемен болып саналады, ал топты ішінде ең кішісі –
көміртек болып келеді. Сыртқы деңгейінде төрт электрон болғандықтан,
көміртектің валенттілігі төртке тең. Органикалық химияда да осы қасиетін
сақтайды, яғни төрт валентті болғандықтан кеңістікте құрылымдық байланыс
жасайдыол дегеніміз – коваленттік байланысты құрайды. Органикалық
қосылыстарда көміртек атомы өзінің тотығу дәрежесін -4-тен +4-ке дейін
өзгерте алады. Мысалы:
-4 -3 -3 -2 -2 -1 -1
+2 +4
CH₄, ̶ , ̶ , СН≡СН , НСООН,
CСl₄
Көміртек атомы электрондарының қалыпты жағдайдағы конфигурациясы 1s²2s²2p²
күйде болады да, ал қозған кезінде 2s² электрондары ажырап, олардың бірі 2p
деңгейшесінің бос орбиталына ауысады: 2s²2p² 2s¹2p³
Көміртек атомының сыртқы деңгейіндегі төрт атомдық орбитальдарында төрт
электрон таралып, жеке-жеке орналасады: бұл жағдайды біз ереже бойынша
көміртек атомының қозған күйі деп айтамыз.Осы көміртек атомының қозған
күйі әр түрлі байланыстар түзеді. Олар: иондық байланыс, семиполярлы
байланыс, сутектік және ковалентті байланыс. Бұл дара электрондар төрт
валенттік бұрыш жасап дара орналасады, соған сәйкес ковалентті байланыс
түзеді және осы арасындағы бұрыштардың әр түрлі жағдай жасап орналасуына
байланысты органикалық химияда гибридтену ұғымы пайда болды. [14]

Гибридтену теориясы. Электрон орбитальдерінің пішіні немесе


формасы сонымен қатар энергиялары әр түрлі болады. Бірақ зерттеудің
нәтижиелеріне қарамастан, электрондардың химиялық байланыстар түзуіне
байланысты, мысалы: CH₄ метан молекуласындағы электрон орбитальдерін
алатын болсақ, барлық байланыстар бір-бірімен бағыты және энергиясы жағынан
тең болатыны дәлелденген. Бұның себебін Л.Полинг ашқан гибридтелу теориясы
арқылы түсіндіруге болады.
Химиялық байланыс таза электрон орбитальдерінен емес,
гибридтелген, яғни будандасқан электрон бұлттарынан түзіледі.
Гибридтену дегеніміз – пішіндері әр түрлі, энергиялары шамалас
орбитальдердің араласып , пішіні, энергиясы, байланыс бұрышы т.б шамалас
сипаттамалары бірдей шамада гибридтенген ... жалғасы ары карай коширилмеди

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет