ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ
АКАДЕМИК С.ҚИРАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
МӨЖ
Орындаған: Жумабек А.Р.
Мамандық: 7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті Қабылдаған: Рауандина А.Қ., п.ғ.к., ассоц.проф.
2024 оқу жылы
1-тапсырма.
Сөйлеу онтогенезін зерттеуге байланысты отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінің тізім:
В.Н.Коргачина, А.Е. Оксенчук Коргачина В.Н. Речевой онтогенез: методические рекомендации. Витебск: ВГУ имени П.М. Машерова 2014
А.А. Леонтьев. Слово в речевой деятельности. –Москва, 2006.
Аяпова Т.Т. Сөйлеу онтогенезі. – Алматы, 2003. – 277 б
Онтогенез барысында ана тілі жүйесінің қалыптасуы: монография/ Өмірбекова Қ.Қ., Тасжурекова Ж.Т., Сейсенова А.Д., Ибатова Г.Б., Оспанова А.С. – Алматы: АИБД ҰҒПО, 2021. – 166 б
Онтогенез барысында дыбыс айтуды меңгеру заңдылықтары. Қазақ тілі дыбыстарының сөз тасқынында айтылуы/ құраст.: Ибатова Г.Б., Нұрсеитова Ж.Ж. – Алматы АИБД ҰҒПО, 2022.- 44 б.
С.Н.Цейтлин. Язык и ребенок: Лингвистика детской речи. – Москва, 2000.
Сөйлеу әрекетінің онтогенезі: синтаксистік семантиканың дамуы : Филол. ғылым. д-ры ғылыми дәреж. алу үшін жазылған дисс. авторефераты мамандығы бойынша 10.02.19 - тіл теориясы / Аяпова, Таңат Танибердина ... – Алматы, 2003. - 54 б
2-тапсырма. Ә.Жүнісбектың "Қазақ тіл білімінің мәселелері" (– Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2018. – 368 бет) еңбегінің:
а. Жазылым: "Әлем тілдерінің жіктелімі" (19-24-беттер) тараушасын оқып, тілдердің жіктелімін кестеге түсіру.
Белгілері
|
Тілдер
|
географиялық
|
Үнді-европа құрлығы
|
Оңтүстік-шығыс азия құрлығы
|
Орталық-батыс азия құрлығы
|
Ұлы туыстық
|
Үнді-европалық
|
Тай-қытайлық
|
Орал-алтайлық
|
Орта туыстық
|
славияндық
|
қытайлық
|
түркілік
|
Кіші туыстық
|
орыс
|
қытай
|
қазақ
|
Морфологиялық
|
қопармалы
|
жағадай
|
жалғамалы
|
Просодиялық
|
екпінді
|
әуенді
|
үндесімді
|
Құрылымдық
|
Көп қарқынды
|
Көп деңгейлі
|
Көп әуезді
|
Бөлшектік
|
фонемдік
|
тоннемдік
|
сингемдік
|
Түрленім бөлшектік
|
аллофондық
|
аллотондық
|
аллосингемдік
|
ә. Жазылым. Айтылым: "Тілдердің жіктелім белгілерінің моделі" (24-26-беттер) тараушасын оқып, қазақ тіліне қатысты түйінді тұжырымдарды анықтау, талдау.
Тілдердің айырым белгілері олардың жіктеліміне негіз болып қана қоймай, кейбір пікір-талас тудырып жүрген мәселелерді шешуге де септігін тигізеді. Ең бастысы қазақ
тілтанымында орнығып қалған «еуропацентристік» ұстанымдардан арылуға мүмкіндік береді. Жоғарыдағы кестеде келтірілген тілдерді жіктеудің кез келген айы-
рым белгілерін модельдеп шығуға болады. Алайда бүгінгі зәру зерттелім сөз просодикасының моделін жасау болып отыр. Өйткені қазақ тілтанымындағы «еуропацентризм» орыс тілінің сөздік екпінінен басталып отыр. Өйткені «қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі» деген жаңсақ ереже қазақ тілінің оқулықтарында әбден қалыптасып қалған.Сөздік екпін немесе акцент тілдерді жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, ол тек бір тілдің ғана, яғни орыс тілінің құрылымына ғана тән. Ендеше, сөздік екпінді, мысалы, қазақ не қытай тілінің құрылымынан іздемеу керек
б. Жазылым. Айтылым: "Қазақ тіліндегі кірме әріптердің дыбыс мәні" (48-53-беттер) тараушадан ғалымның түйінді ойларын анықтап, қазіргі қолданыстағы емле ережелерімен салыстырып талдау
Салыстыру
Ә.Жүнісбектың емле жайлы ойы
|
Қазіргі қолданыстағы емле ережелері
|
кірме әріптердің тіл бұзар әсері күшейіп барады:
- бірінші, қазақ сөзінің үндесім әуезін бұзып барады;
- екінші, қазақ тілінің буын жігін бұзып болды;
- үшінші, қазақ тілінің морфем желісін бұзып болды;
- төртінші, қазақ сөзінің тасымал ретін шатыстырып бітті
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |