Мөңке би ауылдық округінің әкімі Ж. А. Тлеубергеновтың атқарған жұмыстары жөніндегі



Дата25.02.2016
өлшемі70.15 Kb.
#18421
Мөңке би ауылдық округінің әкімі

Ж. А. Тлеубергеновтың атқарған жұмыстары жөніндегі

ЕСЕБІ
Құрметті ауыл тұрғындары!
Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына ену бағыты айқындалған ұлттық саяси даму стратегиясын белгілеп берді. Елбасының бастамасымен жасалған «Қазақстан 2030» стратегиясы барлық қазақстандықтардың өсіп -өркендеуін, қауіпсіздігін және әл –ауқатының артуын көздеген болса, бұл меже мерзімінен бұрын орындалды.

Елбасының болашаққа арналған стратегиялық құжатты жария етуі Қазақстанды жаңа белеске шығаруға арналған. Аталған құжатта жеті бағыт бойынша нақты міндеттер тұжырымдалып берілді. Оның ең басты міндеттерінің бірі еліміздің дамуын әрі қарай жалғастыру. Бұл бағытта соңғы жылдар біраз жұмыстар жасалды. Әйтсе де ауылдық аймақтар мұндай өзгерістерден сырт қалып қойғандай еді. Енді оның орны толғалы тұр. Селолық округ әкімі аппараты Елбасының Қазақстан Халқына Жолдауынан, облыс, аудан әкімдерінің жыл бойына берген тапсырмаларының орындалу шараларын жүзеге асырды. Сіздердің алдарыңызда осы атқарылған жұмыстар туралы есебімді бергелі тұрмын. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы ауылымызда көптеген жұмыстар атқарылды. Округтің экономикалық даму көрсеткіштерінің көпшілігінің өскендігін ауыл шаруашылық өнімдерінің, атап айтқанда, мал басы, шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмысшылар саны, көрсетілген қызмет көлемі өсіп отыр. Жіктеп айта кетер болсақ:



  1. Ауыл шаруашылығы

Ауылдық округтегі 29 шаруа қожалығы мен жеке тұрғындар қолда бар малын бағып күтуде. Мал басын әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы егіліп, мал дәрігерлік байқаудан өткізіп, емдеуде, бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында округ бойынша 1800 бас мүйізді ірі қара, 6500 бас қой-ешкі, 210 бас жылқы, 126 бас түйе есепте болды. Жыл ішінде 3544 цнт ет, 6225 цнт сүт, 46,4 жұмыртқа өндірілді. Алдыңғы жылы мүйізді ірі қара малы бірдейлендіруден өтсе, былтырғы жылы қой-ешкі малы бірдейлендіруден өтті.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында 5 шаруа қожалығы мал басын көбейтуге жұмыс жасап келеді. Олардың ішінде биыл ашылған «Найман» шаруа қожалығы да бар. Бұл шаруа қожалығы биыл 12 млн теңге көлемінде несие алып шаруа қожалығының мал басын көбейтуде. Бүгінгі күнге дейін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Тұрар» шаруа қожалығы 2 бас асыл тұқымды бұқаны қоса есептегенде 52 бас, «Бақыткелді» шаруа қожалығы 1 бас асыл тұқымды бұқаны есептегенде барлығы 28 бас, «Рауан» шаруа қожалығы 2 бас асыл тұқымды бұқаны қоса есептегенде барлығы 33 бас ІМҚ сатып алды. Сондай-ақ, несиеге алынған қаржыға «Тұрар» шаруа қожалығы барлығы 291 бас, «Шаттық» шаруа қожалығы 3 бас асыл тұқымды қошқарды қоса есептегенде барлығы 238 бас қой сатып алды. «Тұрар» шаруа қожалығы лизингке МТЗ-82 тракторын алып, игілігіне пайдалануда

Округке қарасты шаруа қожалықтары округпен қоса көрші округтерді де шөппен қамтамасыз етіп отыр. 2013 жылы барлығы 7250 цнт шөп дайындалды. Шаруа қожалықтары тарапынан аз қамтылған отбасыларға тегін шөп түсіріліп, көмек беріліп тұр. Мал қыстатуға қажетті жем жылдағыдай ауыл кәсіпкерлерінің көмегімен іске асырылып отыр.

Мал күтуін бағушыларға неше жылдан бері «Көктас» АҚ-нан жұмысшы ат әкелініп беріліп отыр. 2013 жылы да 3 ат әкелініп берілді.

Мал басын бірдейлендіру – күнделікті өзекті мәселеге айналды. 2010 жылдың аяғында округімізге маман алынып және ол құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Оған қоса жаңадан ветеринариялық бөлім ашылып, онда қазірде 3 маман жұмыс жасауда. Жылқы малынан басқа мал басы толық сырғаланып, компьютерге енгізілді. ІМҚ-ны қолдан ұрықтандыру жұмысы жылда жүргізіліп келеді. Биыл 65 бас ІМҚ қолдан ұрықтандырылды.

2. Шағын кәсіпкерлік

Селода 6 дүкен, 1 тігінші, 2 шиномонтаж, дәнекерлеу пункті, 1 тойхана халыққа қызмет етеді. Ай сайын аудан әкімінің тапсырмасымен Шалқар қаласының кәсіпкері Камаз машинасымен келіп арзан бағамен азық-түлік сатып отыр. өз кәсіпкерлеріміздің де сатып отырған азық-түліктері мен басқа да тауарларының бағасы аудан орталығындағы бағамен салыстырғанда айырмашылығы жоқ деуге болады.

2012 жылы кәсіпкер Есіркегенова Роза өз кәсібін кеңейту мақсатында қоғамдық монша ашуға талаптанған болатын. 2013 жылы шағын кәсіпкерлікті қолдау аясында Облыстық Даму қорынан 3 млн теңге көлемінде. Мемлекет тарапынан ғимаратына дейінгі су және электр желісі тегін жүргізіліп берді. Қазірде құрылысы аяқталып, құжаттары дайын. Іске қосылуына газ желісінің жүргізілмеуі, ал оның жүргізілуіне қаржы тапшылығы мен несиеге жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы кедергі болып отыр. Сондай-ақ ауылымыздың тағы бір тұрғыны жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тойхана ғимаратын іске қосты. Игілігін көрген халықтың алғысында шек жоқ. Ауыл тұрғыны Бисеналин Руслан автошеберхана ашуға, Алдиярова Фая наубайхана ашуға талаптанып, құжаттарын дайындауда. «Ерік» шаруа қожалығы лизингке трактор алуға құжаттарын жинақтауда

3. Білім беру саласы

Жалпы орта білім беретін 320 орындық типтік жобада 2007 жылы пайдалануға берілген білім ордасы бар. Селодағы мектепте 285 оқушы, 54 мұғалім жұмыс жасайды. Арнаулы пәннен сабақ беретін мұғалімдердің барлығының білімдері жоғары. Мұғалімдердің әртүрлі аудандық, облыстық байқаулардан алған жүлделері, алғыс хаттар мен дипломдары, олардың еңбектерінің республикалық жинаққа енуі, олардың шәкірттерінің де әртүрлі байқаулардан, олимпиадалардан жүлделі оралуы ұстаздың білім деңгейлерінің айғағы. 2013 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында екіайлық өткізілді. Акция кезінде ауылдың жеке кәсіпкерлері Князбаева Ділда мен Князбаева Жанбикенің, әЕрік», «Бақыткелді» және «Нұрдәулет» шаруа қожалықтарының төрағаларының және ауылдың байырғы тұрғыны ақтөбелік Құдайбергенов Самат деген азаматтың демеушілігімен аз қамтылған отбасы балаларына және жартылай жетім балаларға 49000 теңге көлемінде көмек көрсетіліп, оқу құралдары, киім-кешек сатып алынып берілді. Оқушылардың 59 пайызы, яғни, 169 бала ыстық тамақпен қамтылған. Олар бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылар балалары.

Ауылымызда «Балдәурен» балабақшасында әуелгі уақытта 25 баладан тұратын аралас бір топ қана тәрбиеленіп келсе, қазірде екі топта 40 бала тәрбиеленуде. Мекеме тәрбиешілері де жоғары білімді, білгір мамандар. Оған балабақшадан мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің жақсы білімі мен тәртібі куә. Биыл жергілікті бюджеттен 513 мың теңге бөлініп, ағымдағы жөндеуден өтті. Дегенмен келешекте балабақша ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді.



4. Денсаулық сақтау саласы

Фельдшерлік-амбулвториялық пунктте 1 жоғары білімді дәрігер, 2 орта буында қызметкер жұмыс істейді. Дәрігер көрші округтен келіп жұмыс істеуде. Селолық ФАП компьютермен және телефонмен қамтылған..

2013 жылға жоспарланған профилактикалық егілу балаларға 100% жүргізілді. Бұл жылы да былтырғыдай ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. 23 ана аман есен босанып, 23 сәби округ есебіне тіркелді.

5. Мәдениет саласы

2012 жылы клубта биылғы жылы мейрам күндеріне орай мектеп, балабақша ұжымдарының көмегімен бірқатар мәдени іс-шаралар өткізілді.

Мөңке би ауылдық кітапханасында Елбасының Қазақстан халқына жолдауын оқырмандар арасында насихаттап, оны жүзеге асыру мақсатында әр түрлі тақырыпта кітап көрмелері, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды, әдеби және мерекелік кештер өткізілді. Әртүрлі тақырыпта ауызша журнал, библиографиялық шолу, әңгіме, сауалнама, танымдық сағат, оқырмандар конференциясы өткізілді

Ауылдық кітапханамызда 13059 кітап қоры бар. Жаңадан 217 кітап қосылды.

6. Әлеуметтік сала

Селолық округтегі жалғыз елді мекенде 244 отбасы, 1235 адам есепте тұрады. Олардың еңбекке жарамдысы - 743, зейнеткер - 115, тыл ардагерлері – 17, ауған соғысының ардагері-1, әртүрлі жастағы және әртүрлі топтағы мүгедектер - 26.

Округте мемлекеттік жәрдемақыларды және 18 жасқа дейінгі мемлекеттік бала жәрдемақысын заң тұрғысындағы тиесілі тұрғындар алуда. ІV тоқсанда 18 отбасы мемлекеттік бала жәрдемақысын алды.

Селода ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар жоқ. Аудандық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы әлеуметтік жұмысқа 13 адам тартылды. Жалпы село бойынша жұмыссыздардың санын өсірмеу үшін аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе жұмыс істеудеміз..



7. Инфрақұрылым

Округте сандық жүйедегі автоматты телефон станциясымен қатар сымсыз байланыс желісі жұмыс жасайды. Абонент саны – 216. Бұған қоса, бмылғы жылы көптен үміттеніп күтіп жүрген «Билайн» қондырғысы қондырылып, қазіргі уақытта үздіксіз жұмыс жасап тұр.

Былтырдан алған жерлеріне құрылыс жүргізіп жатқан да азаматтар бар.

Селолық пошта бөлімшесі газет - журналдар тарату, ай сайын тұрғындардың зейнетақы, жәрдемақы және бюджеттік мекемелердің жалақыларын беріп, әр түрлі коммуналдық басқа да төлемдерді қабылдайды.

Ауылды 4 ұңғыма сумен қамтамасыз етіп тұр. «Ұлы Борсық» сумен жабдықтау мекемесіне қарасты бір ұңғымадан ауылдың бір бөлігіне желі тартылып, көшеге бұрандар қойылған. Екіншісі мектеп балансында. Ал қалған екі ұңғыма тұрғындар жиналысы хаттамасымен бекітілген азаматтардың жауапкершілігінде. Қазіргі уақытта осы екі ұңғыманың иесін анықтау, болмаған жағдайда мемлекеттік меншікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
8. Бюджет саясаты

2013 жылы 29 шаруа қожалығы жұмыс жасап, тиісті салықтарын уақытында төледі. Сонымен қатар тұрғындардан алынатын мүлік, көлік және жер салықтары 100 пайызға орындалды.



10. Қоршаған ортаны қорғау

Елді мекеннің тазалығын «Жаңа талап», «Рауан» және «Мерей» шаруа қожалықтары тұрғындармен келісіілген бағамен жүзеге асырды. Сондай-ақ «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 1 200 000 тенге қаржыға округ орталығындағы кеңшар кезінен қалған иесіз қоқыс үйінділері шығарылып, тазартылды.

Жеке тұрғындардың күл-қоқысын, тұрмыстық қатты қалдықтарын тазарту мақсатында «Жаңа талап» шаруа қожалығының 1 тракторы жұмыс жасады.

11. Құқық тәртібі

2013 жылы да жоспар бойынша құқықтық оқу сабақтары жүргізілді. Тұрғындар арасында учаскелік полицеймен бірігіп, тәртіп жөнінде түсініктеме жұмыстары жүргізіліп отырды. 2013 жылы 22 әкімшілік хаттамасы толтырылды.

Аудандық ІІБ мен білім бөлімінің бірлесуімен жастар арасындағы қылмысты болдырмау, алдын алу мақсатында ауылымызда құрылған ерікті халық жасағы жұмыс істеп жатыр.

Учаскелік полицейдің жұмыс істеуіне жағдай жасауды қамтамасыз ете отырып, жасөспірімдер мен жастарға құқық жөнінде сабақтарды, түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізу ұйымдастырылып отыр.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет