Қарағаш селолық округінің әкімі А. Абдуалиеваның
2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі.
Қарағаш селолық округі бойынша 2013 жылы бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Қарағаш селолық округіне Самбай, Нұрбұлақ, Құмдақтықыр елді мекендері кіріп, 257 аулада 311 жанұя тұрады. Жалпы халық саны 1362 адам.Қарағаш селолық округінің жалпы жер көлемі – 50955 гектарды құрайды, оның ішінде жеке шаруа қожалықтарының меншігінде - 31795 га, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің меншігінде – 5935 га, оның ішінде егістік көлемі – 7758 га. 2013 жылдың 9 айында жергілікті салықтарды жинау бойынша мүлік салығы - 27493 теңге ,жер салығы – 101940 тн.,көлік салығы - 7125394 теңге жиналып,100 % орындалды.
Селолық округ аумағында 81 шаруа қожалығы жұмыс жасайды, оның ішінде мал шаруашылығымен –23,егін шаруашылығымен –20, бау – бақша өсірумен – 3, қалған шаруа қожалықтары шөп дайындаумен айналысады.
Егін шаруашылығы саласында үстіміздегі жылы 1808 га жерге дәнді дақылдар, 1855 га жерге судан шөбі егілді.Егін жинау барысында 1050 га арпа жиналып,265 тонна өнім алынды.295га бидай алқабынан 42 тонна өнім жиналды. Мал азығын дайындауда 3100 тонна шөп жинап,жоспар толықтай орындалды.
Биылғы жылы Нұрбұлақ ауылының тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету өз жалғасын тауып, көгілдір отын қіргізілмеген үйлер толық қамтамасыз етіліп,Шибаевка орта мектебі газдандырылды..Екі айлық санитарлық тазалық айы жарияланып, 180 тонна күл-қоқыс шығарылып.елді мекендерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Елді мекндерді жасылдандыру мақсатында 150 түп ағаш отырғызылды. Мал басын бірдейлендіру бойынша деректерді компьютерге енгізу жұмыстары жалғастырылуда. Бүгінгі таңда ірі қара-705,жылқы-319 бас, ұсақ жандық – 2537 бас,шошқа-110 бас бірдейлендіру бойынша компьютерге енгізілді.
«Сыбаға»Бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалық «Құлагер»,«Ақжол»,«Қаршыға» 29,5 млн.теңге несие алып,170 аналық мал басын сатып алды.Өнімділігі төмен малдарды ығыстыру мақсатында 9 шаруа қожалық басшысы 16 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.
«Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасының бір бағыты шаруашылықтардың объект нысандарына инфрақұрылым жүргізу болса,сол бағыт бойынша 4 шаруа қожалыққа газ құбыры,электр жарығы,су жүйесі тартылды.Осы бағдарламалардың орындалуына көз жеткізу барысында Облыстық мәслихат хатшысы С.Қалдығұлова бастаған бір топ депутаттар мен «Нұр Отан»ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Жалғасбаев,облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы М.Балмұханов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры облыстық филиалының директоры Ж.Мырзағалиевтер Қарағаш селолық округінің бірқатар шаруа қожалықтарын,кәсіпкерлік нысандарды аралап,шағын және орта бизнес субъектілерінің даму қарқынымен танысып, нысандардың кәсіби мүмкіндігінің жоғары екендігіне көз жеткізді. Оған дәлел Ақтөбе газетінің 2013 жылдың 23 мамырындағы № 61 санында «Өңірдің өркенді істері» атты мақала.
Селолық округтегі ірі-ірі шаруа қожалықтарына тоқталып өтсек :
«Құлагер» шаруа қожалық иелігінде 186 бас ірі қара,356 бас қой,180 бас жылқы өсіріп отыр.Шаруа қожалық қарамағында мал сою алаңы, бірнеше техника,мал базы,малшылар үйі бар,жаңадан жылыжай кешенінің құрылысын бастап жатыр,ауылдың 11 адамын жұмыспен қамтып отыр,2012 баржылы Республикалық «Парыз» конкурсының иегері болды.
«Ақжол» шаруа қожалық иелігінде164 бас ірі қара,265 бас қой,10 бас жылқы өсірумен айналысады.Қарамағында барлық инфрақұрылым жүргізілген мал қорасы,малшы үйі,бірнеше техникасы бар,8 адамды жұмыспен қамтып отыр.
«Жансая» шаруа қожалық иелігінде 70 бас ірі қара,587 бас қой,300 бас жылқы бағылып,бие сауып,қымыз ашытып ауыл тұрғындарын қымызбен қамтамасыз етіп,9 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жаңадан қымыз өңдеу цехының жобасын жасалынып жақын арада іске қосылады.«Бизнестің жол картасы -2020»бағдарламасы бойынша «Даму» қорынан инфрақұрылым жүргізуге 10,0 млн теңгеге сметалық жоба жасалынып жатыр.
«Аманбай» шаруа қожалығына сүт өңдеу цехы,мал шаруашылық кешенінің құрылысын жүргізуге жер телімі бөлініп,құрылыс жұмысы жүргізілуде. Жоба іске асырылған соң 18 адамға жұмыс орны ашылады.
«Бесата» шаруа қожалық иелігінде 125 бас ірі қара,1230 бас қой,77 бас жылқы өсіріп отыр.Қарамағында мал қорасы,малшы үйі,бірнеше техникасы бар,5 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Бруцеллез ауруына оң нәтиже берген 64 бас ірі қара сойылып,15 бас ұсақ жандықтың көзі жойылды.Мал қоралары толық тазартылып,дизенфекцияланды.
Халықтың әл-ауқатының жақсаруына орай бала туу санының жылдан-жылға өсуі,туберкулезбен ауыратын адам санының азайуы осының айғағы.Скринингтік тексеруден қан айналымы бойынша 192 адам тексеруден өтіп,42 адам қан қысымы ауруымен анықталды,тоқ ішек рагы бойынша 28 адам,емшек рагынан 21тексеруден өтті.Су қараңғы көз ауруынан 72 әйел тексеруден өтіп,1адамның ауруы анықталды.
А.Байтұрсынов орта мектебінде 25 мұғалім жұмыс жасайды,оның 21 жоғарғы білімді, 4 арнаулы орта білімді мамандар.2012-2013 оқу жылы 146 оқушы оқу жылын аяқтап,білім сапасы 62 пайызды құрады.ҰБТ-ға 8 оқушы қатысып,орташа балл -69,3-ті құрап,аудан бойынша 2 орында.Мектеп бойынша жоғарғы балл – 89. Жоғарғы балл иеленген 5 оқушы ЖОО-ның ,3 оқушы арнаулы оқу орнының оқу грантына ие болды. Мектепте 2 топқа арналған кіші орталық жұмыс жасайды.Ыстық тамақпен азқамтылған отбасынан- 36 бала,бастауыш сынып оқушыларынан- 50 бала тегін және жоғарғы сынып оқушылары төмендетілген бағамен толық қамтамасыз етілген. 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алатын отбасы саны – 14.
Шибаевка орта мектебінде 25 мұғалім жұмыс жасайды,оның 23 жоғарғы білімді, 2 орта арнаулы.Биылғы жылы 104 оқушы мектепті аяқтап,білім сапасы 63,4 пайызды құрады. 1 оқушы ҰБТ-ға қатысты.Орташа балл -58,3
4 оқушы ақылы негізде колледжде оқиды. Мектеп бойынша 104 оқушының барлығы ыстық тамақпен толық қамтылған,оның ішінде 31 оқушы тегін,қалғаны төмендетілген бағамен ақылы негізде.2 топты қамтитын ұзартылған күндік кіші орталық жұмыс жасайды. 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алатын отбасы саны – 13.
«Өңірлерді дамыту» Бағдарлама аясында биылғы жылы көшені жарықтандыруға 1264,0 қаражат бөлініп,Самбай селосының көшесі жарықтандырылды.
Самбай ауылдық кітапханасында 11177 кітап қоры бар.Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының кітапқа деген қызығушылықтарының арқасында оқырман саны артып,түрлі мәдени шаралар өтуде. Спорттық шаралардың үздіксіз өтуімен қатар аула клубының жұмысы да жақсы жолға қойылған.Ауыл жастары салауатты өмір салтын қалыптастыруда кешкі уақыттарын тиімді пайдаланып,түрлі спорттық шараларға қатысуда.Биылғы жылғы маусым айында облыстық спартакиада бағдарламасы бойынша жасөспірімдер арасында өткен «Шұбар доп» жарысында І орынды иеленіп, республикалық жарысқа жолдама алды. Округ аумағында СВИМ және Қазақтелеком байланыс желісімен байланыс орнатылып,округ тұрғындарының 100 пайызы байланыс жүйесімен және интернет желісіне қосылды.
Елді мекендерді көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөнінде екі айлық барысында ұжымдардың қатысуымен көшелер, мектеп ауласы тазартылды.Нұрбұлақ ауылына қоныс аударушылардың саны артуына орай жер телімдері бөлініп, екі көше бой түзеп, электр желісі тартылды.Нұрбұлақ ауылына қарасты «Жаңа бұлақ» шаруа қожалық басшысы Айтанов Қанат Маратұлы халықтың игілігі үшін ауыл орталығына жаңа наубайхана,дүкен тұрғызып,құрылыс жұмысы аяқталуға жақын.
Елбасының «Қазақстан -2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи жолдауы біздің алдымызға ұзақмерзімді тапсырмалар қойды.Ұлт көшбасшысының саяси көрегендігінің,шоқтығы биік озық ойының арқасында Қазақстан бәсекеге қабілетті қуатты мемлекетке айналып, ауыл халқы күн санап өркениеттің игілігін көруде.
Достарыңызбен бөлісу: |