Сабақтың мақсаты: білімділік: Йассауи хикметтерінің мәнін түсіну, тарихи мұраны насихаттау



Дата05.07.2016
өлшемі57.55 Kb.
#179679
түріСабақ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, ШАЛҚАР АУДАНЫ

6 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ



СҮЛЕЙМЕНОВА БАЛДЫРҒАН СҮЙЕУҚЫЗЫ


Пәні: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Сыныбы:

Тақырыбы: А.ЙАССАУИ «ХИКМЕТТЕР»

Сабақтың мақсаты:

БІЛІМДІЛІК: Йассауи хикметтерінің мәнін түсіну, тарихи мұраны насихаттау;
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Еркін ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
ТӘРБИЕЛІК: Адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу;
Әдістері: Сұрақ- жауап, талдау, жинақтау, пікір айту, іздендіру

Типі: Жаңа сабақты бекіту

Түрі: Дәстүрлі емес

Барысы: І. Ұйымдастыру

Сынып төрт топқа бөлінеді

І топ «Түркістан» ІІ топ «Тайқазан» ІІІ топ «Арыстан баб» ІVтоп «Йассауи»



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А) Сабақ ойын түрінде өтеді, әр топты бір мемлекет деп қарастырып, мемлекеттер өз тәуелсіздігін алу үшін, топтарының атын қорғайды.

Ә) Мемлекеттер өз тәуелсіздігін алды, олай болса, әр мемлекеттің өз рәміздері болу керек. Ендігі кезекте әр топ өз әнұраны ретінде А.Йассауидің хикметтерінен үзінді жатқа айтады.

ІІІ. Тапсырмалар керуені

Б) Әр топ өз туындағы бейнелерді қорғайды. Әр бейне хикметтерден үзінді арқылы түсіндіріледі.

І топ «Әзәзілдің арбауына ерме.»

ІІ топ «Кітап аш та, мәнін ұқ.»

ІІІ топ «Алланы таныған, өзін де таниды.»

ІVтоп «Жаны сергектің тәні сергек.»



В) Әр мемлекеттің өз басшысы болады. Біз де президентімізді сайлау үшін әр топ өз ішінен екі үміткер шығарсын. Берілген сұраққа тез әрі дұрыс жауап берген оқушы президент болып сайланады. Ал қалған оқушылар сайлаушылар ретінде сайлау бюллетендерін толтырады.( перфокартамен жұмыс)

№ 1 перфокарта

үзінді

ынсапсыздарда

сатқындық

өтірікшілерде

тойымсыздық

... ұят аят деген болмайды













... теріс нәпсі












№ 2


үзінді

отты

жан жылуын

ғашықтықтан

бейнеттен

... өшірме













... қашпа













№3


үзінді

кесірі

Құдай

Пайғамбар

кілтіңі

Білінбесін мінезіңнің ...













Сөзіне беріктерге... де сенген












№4


үзінді

тәкәппарға

менмендерге

көркіңе

бейнеңе

Мейірімі жоқ ... қаспын мен













Өз ... өзің малдана берме












Үміткерлерге арналған тапсырмалар:



І топ

А) Қандай (қысыр) сөзге жолама?

В) Дүниеге не (құл) болма?

ІІ топ

А) Ұстазына қызмет қылмаған кім (надан)?

В) Өтірікшінің орны не (тозақ) ?

ІІІ топ

А) Құдайдан қорыққан қандай (ынсапшыл) болады?

В) Дінсіз жанда не (иман) жоқ?

ІV топ

А) Неден (білімнен) бейхабарлар Алланы да білмейді?

В) Кісінің несін (ақысын) жеме?

Г) Мемлекет арасындағы әртүрлі саяси жағдайларды шешетін адамды кім дейді?

Олай болса, біз де өз арамыздан елші шығарып, берілген тапсырмаларды орындайық. Елші мемлекеттің сыртқы мәселелерін шешіп жүргенде, қалған оқушылар депутат болып, алдымыздағы маңызды сұрақтарға жауап іздеп отыралық( «Авторлық галлерия»)

Елшілерге арналған тапсырмалар:

І топ Күнә қылсаң тәубәңә кел.

- Нені күнә деп есептейсің?

-Қандай себептер күнә жасауға итермелейді?

-Тәубе деген не?

ІІ топ Ынтасыздың күні қараң

-Ынтасыз деп қандай адамды айтар едіңіз?

-Ынтасыз болуға не себеп?

-Ынтасыздың күні қалай қараң болады?

ІІ топ Аяқ қолыңды жерге түсірмей мақтағандарға қуанба.

-Мақтауға кімдер лайық деп ойлайсыңдар?

-Адамның сыртынан мақтаған дұрыс па, көзінше мақтаған дұрыс па?

-Не үшін мақтауға қуанбау керек?

ІVтоп Арың сақта, болсаң да малға кедей

-Ар тазалығы деп нені есептейсің?

-Арыңды таза сақтап, баю мүмкін бе?

-Бұл хикмет қазақтың қай мақалымен үндес?



«Авторлар галлереясы» үшін тапсырма:

-Не де болса, сабыр қыл.

-Ғашық болсаң, таза бол.

-Кекірейген кердеңдерден қаш.

-Тас жүрекке құдай назар салмайды.

-Пасық сөзден тұла бойға шаншылар мұң.

-Уа, дариға,арманмен өтер өмір.

-Заман азар уағында патша айналар залымға.



Cалыстыру: Ахмет-Абай (5 нәрсе)

IV. Қорытынды

А)«Авторлар галлериясында» жазылған ойларды өз көршілері оқып, оған өз ойларын қосып жазады, президент ең үздік ойтолғауды анықтайды.

В) Үйге тапсырма : Жыраулар поэзиясы

С) Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет