«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
МӨЛДІР БҰЛАҚТАН ...
/Отбасылық шығармашылық байқау/
Орындаған: Қосымша білім беру педагогы К.Бақбергенова
2014ж.
«Мөлдір бұлақтан...» отбасылық байқау
Мақсаты: Мектеп өмірімен отбасы байланысын нығайту, ата-ананың бала тәрбиесіне деген көз қарасын қалыптастыру, бала тәрбиелеуде ата-ана рөлін арттыру, отбасында сыйластық, мейірімділік, татулық, адамгершілік сезім қалыптастыру. Ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, адамгершілік пен имандылықты бойларына сіңіртіп, ұлтжандыққа баулып, өзінің тегін таныту.
Барысы: Армысыздар, құрметті әріптестер, ата-аналар. Бүгінгі мектепішілік «Мөлдір бұлақтан...» отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!
Баланың басты ұстазы ата-ана!
Қазақ халқында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке отбасы тірегі, қамқоршысы.
Ана-отбасына береке әкеліп бақытқа бөлейді.
Бүкіл әлем ата-ананың нұрынан,
Сәлем алып болашаққа жол салған.
Отбасылар бақытын ойлап толғанамын,
Сырын ашып көрерменге жол салам.
Асқар тауы –сүйеніші әкесі,
Мөлдір бұлақ-тіреушісі анасы.
Жасыл құрақ-келешегі баласы,
Олар бірге болады мықты отбасы.
Олай болса, бүгінгі отбасылық сайысқа қатысқалы отырған үміткерлерді ортаға шақырамыз. /сазды әуенмен отбасылар ортаға шығады/
Отбасынан өнегелі тәлім алған,
Өнерлілер талай елді таң қалдырған,
Жыр жырлап, ән салып би билесе
Ешкімнен қалыспаймыз бізде енді-деп, ортамызға үкілі үміттерімен келген отбасыларға қош келдіңіздер демекпіз.
Отбасылық сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлердің өнерін бағалап, әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін. (сазды әуен)
1.
2.
3.
Бүгінгі отбасылық сайысының ең жоғарғы саны 5 балдық жүйемен бағаланады. Алдымен сайысқа қатысушы отбасыларды сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
-
«Сәлем сөздің - патшасы » таныстыру /презентация/
-
«Өнерпаз болсаң ........»
-
«Бала тілі –бал» жұмбақтар шешу,салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру
-
«Шебердің қолы алтын» сәндік қолданбалы өнер саласы бойынша қолөнер бұйымдарын көрсету /мастер-класс/ өткізу
Әр отбасы мүшелері реттік номерді алып, сайыс шарттарына дайын
болуларыңыз сұралады.
Таңдаған реттік номермен
Шақырайық ортаға.
Олай болса кезекпен
Таныстырсын өздерін –деп, бірінші кезеңге кезек берейік.
№1-------------------------------------------------- отбасы
№2--------------------------------------------------- отбасы
№3--------------------------------------------------- отбасы
№4--------------------------------------------------- отбасы
№5 ------------------------------------------------- отбасы
№6 --------------------------------------------------- отбасы
№7 --------------------------------------------------- отбасы
№8 --------------------------------------------------- отбасы
Бүгінгі сайыскерлер бәйге алуға
Тамсандырып қызықты ән салыпты
Отбасылар аянбай ән салыпты
Кәнекей көрейік өнері бар екен қаншалықты-деп,
« Өнерпаз болсаң..... »деп, таңдаған номерлеріңізге байланысты өз өнерлерін ортаға салады.
№1-------------------------------------------------- отбасы
№2--------------------------------------------------- отбасы
№3--------------------------------------------------- отбасы
№4--------------------------------------------------- отбасы
№5 ------------------------------------------------- отбасы
№6 --------------------------------------------------- отбасы
№7 --------------------------------------------------- отбасы
№8 --------------------------------------------------- отбасы
ІІІ-бөлім.
Жұмбақты шешіп көрсек қиынынан,
Бірінші топты жарып шығады кім?
Балдай тәтті балалардың бал тілін
Қай топтан жауабын тез табады кім?,- дей келе ІІІ-кезеңге де келіп жеттік. Олай болса «Бала тілі –бал» демекші жұмбақтардың шешуін табайық және де салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру
1.Сұйық едi аппақ,
Бауырдай боп қатыпты,
Iшсең дәмi тәттi ақ.
(Айран)
2.Аппақ ас, сызы бар,
Балалар қызығар.
(Балмұздақ)
1."Бастаңғы" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір!"Бастаңғы" жастардың ата-анасы үйде жоқ кезінде өзінің қатарын шақырып, жегізетін тамағы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде, ауыл жастары сол үйге жиылып, "жолаушыларды" жолда басы ауырмасын деп, бастаңғы жасататын болған. Ән айтылып, ойын сауық құрған.
3.Мұз сынды түрi,
Тәттi дәмнiң бiрi.
(Науат)
4.Әжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген?
(Құрт)
2 "Байғазы деген қандай дәстүр?«Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.
3 "Шілдехана" деген қандай дәстүр?
Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын алғашқы тойды шілдехана тойы деп айтайды.
5.Аспан түстес сұйық,
Әркiм iшер құйып.
(Су
6.Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)
4 "Тұсаукесер" деген қандай достүр? Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын гұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді.
5 Сыбаға дегеніміз не? Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады
7.Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулiм көктей шынары.
Биiгiне бойлаған,
Қанбайды адам құмары. (Бiлiм)
8.Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)
6.Енші (салт). «Оған бай қалың беріп, қатын әперді де, кейін енші беріп бөлек шығарады» (С.Мұқанов). Балаларды ержетіп, жеке үй болғанда ата – анасы оған отау тігіп, дүние – мүлікті «жасау» дейді.
7.Бәсіре (дәстүр). «Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым» (Х.Талғаров). Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң – солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепте барғанда атасы немесе өз әке – шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.
9.Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл? (Ұстаз)
10.Бiлiмнiң дәнiн тередi,
Балаға тәлiм бередi. (Ұстаз)
6.Енші (салт). «Оған бай қалың беріп, қатын әперді де, кейін енші беріп бөлек шығарады» (С.Мұқанов). Балаларды ержетіп, жеке үй болғанда ата – анасы оған отау тігіп, дүние – мүлікті «жасау» дейді.
7.Бәсіре (дәстүр). «Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым» (Х.Талғаров). Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң – солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепте барғанда атасы немесе өз әке – шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.
11. Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)
12.Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)
6.Енші (салт). «Оған бай қалың беріп, қатын әперді де, кейін енші беріп бөлек шығарады» (С.Мұқанов). Балаларды ержетіп, жеке үй болғанда ата – анасы оған отау тігіп, дүние – мүлікті «жасау» дейді.
7.Бәсіре (дәстүр). «Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым» (Х.Талғаров). Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң – солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепте барғанда атасы немесе өз әке – шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.
13.Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
14. Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
11.Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.
12.Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп атайды.
15.Шым - шытыр,
Шидай қотыр. (Жұлдыздар)
16.Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)
13.( жеті ата(дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген.Олай болса жеті ата:Бала,Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.
14. Асату(дәстүр).ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.
17.Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)
18.Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)
19.Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)
20.Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)
21.Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)
22.Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)
Ән
Қыз еркем кестесімен көркем,Ұл еркем өнерімен көркем.
Ата өнері - балаға мұра. Ұстаны соққан пышағынан таниды.
Шеберлікке шек жоқ.
Сайысымыздың келесі шарты «Шебердің қолы алтын» үйге тапсырма қол өнер бұйымдарының тақырыбын, мақсатын түсіндіріп айтып беру.
Ендігі кезекте қорытынды сөзді әділ қазылар алқасына берейік.
1.
2.
3.
Сайыс қорытындысы төмендегідей нәтиже көрсетті:
МАРАПАТТАУ:
----------------------------------------- отбасы - Бас жүлде
----------------------------------------- отбасы - І-орын
------------------------------------------отбасы -І-орын
---------------------------------------- отбасы -ІІ-орын
------------------------------------------ отбасы -ІІ-орын
-------------------------------------------отбасы -ІІІ орын
------------------------------------------- отбасы -ІІІ орын
-------------------------------------------- отбасы - ІІІ орын
Осымен бүгінгі сайысқа қатысушы үміткерлер, Сіздерге айтарымыз қасиетті жеріміздің, еліміздің салт-дәстүрін, үлгі өнегесін өз ұрпақтарымыздың бойына сіңіре білетін және балалар жүрегіне жол таба білетін әдепті де әдемі, білімді де білікті ата-ана болыңыздар демекпіз.
Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды. Қош сау болыңыздар!
«Әке ер, ана жігер отбасында екі кемеңгер-2013» отбасылық байқау
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің
Достарыңызбен бөлісу: |