«Мұрағаттану» пәні бойынша оқытушы үшін оқу-әдістемелік кешені №1басылым 30. 09. 2010 ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет2/3
Дата29.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#165260
1   2   3

7.3 Курс саясаты:

Барлық тапсырамаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемін ұлғайтылады; Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алыдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі.


7.4 Кеңестер: оқу үрдісінде, қарым-қатынаста компетентті болыңыз; топта және оқытушылармен ашық, сыпайы, шыншыл болыңыз; оқу процесіне белсенді қатысу, топпен жұмыс істей білуіңіз керек; тапсырманы шығармашылылықпен орындаңыз.
7.5 Курсқа қойылатын талаптар. Курсты толықтай игеру мақсатында студенттер қойылған талаптарды орындаулары тиіс.

7.6 Сабақа қатысу: дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу. Егер студент белгілі бір себептер мен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беру тиіс.

7.7 Тәртіп: сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі және барлық курс бойынша «қанағаттанғысыз» бағасы қойылады.

7.8 Бақылау жұмыстары: бақылау жұмысын студент міндетті түрде орындап, белгіленген уақытта тапсыру тиіс.
7.9 Межелік бақылау: межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруінескере отырып ойылады.
7.10 Емтихан: қорытынды мемлекеттік емтиханға барлық студенттер үшін билеттік жүйе негізінде жүргізіледі. Билеттің әрбір нұсқасы үш сұрақтан тұрады.
8 СӨЖ және ОжСӨЖ тақырыптарының тізімі

Таблица 4





Тапсырма тақырыптары

Оқыту түрлері

Сағат саны

1

Музееведение как общественная наука. Сөздіктермен жұмыс.

картотека

3

2

Археологиялық деректер мұражай жәдігері ретінде.

конспект

3

3

Этнографиялық деректер мұражай жәдігері ретінде.

тест

3

4

Мұражай ісіндегі жинақтау жұмысы үшін ескертпе құрастыру: а)факультеттің тарихы бойынша деректер кешені;

баяндама

3

5

«Мұражайтану» пәні бойынша негізгі ұғымдарға түсініктеме сөздік жасау.

таблица

3

6

Мұражай жүйесі және жіктелуі.

тест

3

7

Тарихи мұражайлар экспозициясының тақырыптық құрылымы

тест

3

8

Өз өлке мен жалпы Қазақстан тарихы бойынша синхронистикалық кесте құру.

кесте

3

9

Қор жұмысының негізгі бағыттары

тест

3

10

Мұражай жәдігерлері – экспозицияның негізі.

реферат

3

11

Мұражай ісіндегі жинақтау жұмысы үшін ескертпе құрастыру: мектептің тарихы бойынша деректер кешені;

баяндама

3

12

Мұражай ісіндегі жинақтау жұмысы үшін ескертпе құрастыру: мекеме немесе кәсіпорын тарихы бойынша деректер кешені.

баяндама

3

13

Мұражай заттарының ғылыми сипаттамасын құрастыру: а) қол өнер бұйымы (кілем, текемет, сырмақ, білезік, сырға, т.т.) ә) кітап, газет, журнал

баяндама

3

14

Мұражай педагогикасы.

реферат

3

15

Негізгі қордың құрамындағы коллекциялық және дублеттік қорлар.

реферат

3



8.1 Тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:

Таблица 5



Жұмыс түрі


Тапсырма мақсаты мен мазмұны

Әдебиет-

тер


Орын-

дау ұзақты

ғы


Баллдар

рейтинг-шкала бойын

ша


Бақылау формасы

Тап-

сыру мерзімі



Ауызша

жұмыс



Студент-

тердің өткен материалды естерінде қайта жаңғырту, білімнің сақталуы деңгейін бағалау.



1-35

5-6 апта

10 балл

Коллок-

виум


алу

7 – ші

аптада


Жазба ша жұмыс:

реферат.


Студенттердің әдебиет

термен жұмыс істей алу дағдысын бағалау.



1-35

1-7апта аралығында

8-15 апта аралығында



4 балл;

Реферат –6 балл.



1-кредит:

бақылау жұмысын жазу;



2-кред.

реферат қорғау.



7-ші

аптада


15 –ші аптада.

Жазба-

ша жұмыс:

тест



Студенттердің өткен материал

ды игеру деңгейін бағалау.



1-35

13-14 апта

10 балл

Тест тапсыру

15- ші апта




4. Межелік бақылау:

1 – ші – 50б

2 – ші – 50б


5. Реферат (уақытында тапсырылса)

+ 10 балл

(уақытында тапсырылмаса)

- 10 балл



Семестрдегі жалпы бағалау жүйесі: 75 (дәріс)+75 (семинар)+(75 сөж)+ 100 (межелік бақылау)+ 20 (реферат)=345 бал

6. Межелік және қортынды бағалау жоғарыда аталған жүйе бойынша жүзеге асырылады

6.1. Межелік – 172,5б (100%)

6.2.Қортынды – 345б (100%)


7. Апелляция

7.1. Қортынды бағалауды қайта қарау студенттердің оқытушыларға ауызша, офис регистратора мен кафедра меңгерушісіне жазбаша арыз беруі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін

7.2. Қортынды бағалауды қайта қарау Шәкәрәматындағы СМУ – дың Кредиттік технология негізінде оқу процесін ұйымдастыру туралы қаулысына сәйкес (Семей, 2004 75 бөлім) жүзеге асырылуы мүмкін.



8.2 Бағалау саясаты
Курсты оқу барысында алынған барлық балдар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған ақтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама мен рейтинг бақылауынан алынған баға мен емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі.


8.3 «Мұражай» пәні бойынша

оқу үрдісінің күнтізбелік жоспары

Таблица 6





Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Бақылау түрі

Кар

К

Т

С

Таб

Т

РК 1.

Т.


Сх

Т

Р

С

С

С

Р

РК 2. Р

2

Баллдар

5

5

5

5

5

5

10

5

5

5

5

5

5

5

5

Белгілер: Р- реферат;

Б-баяндама К- конспект;

Сх-кесте;

Таб.- таблица.

Кар.- картотека

Т. – тест

9. Күнтізбелік кесте:


Жұмыс түрі


Тапсырма мақсаты мен мазмұны

Әдебиет-

тер


Орын-

дау ұзақты

ғы


Баллдар

рейтинг-шкала бойын

ша


Бақылау формасы

Тап-

сыру мерзімі



Ауызша

жұмыс



Студент-

тердің өткен материалды естерінде қайта жаңғырту, білімнің сақталуы деңгейін бағалау.



1-35

5-6 апта

10 балл

Коллок-

виум


алу

7 – ші

аптада


Жазба-

ша жұмыс:

реферат.


Студенттердің әдебиет

термен жұмыс істей алу дағдысын бағалау.



1-35

1-7апта аралығында

8-15 апта аралығында



4 балл;

Реферат –6 балл.



1-кредит:

бақылау жұмысын жазу;



2-кред.

реферат қорғау.



7-ші

аптада


15 –ші аптада.

Жазба-

ша жұмыс:

тест



Студенттердің өткен материал

ды игеру деңгейін бағалау.



1-35

13-14 апта

10 балл

Тест тапсыру

15- ші апта

10. Қысқаша дәрістер мәтіні

Дәріс. Мұражайтану ғылыми пән ретінде

Мұражай – арнайы жабдықталған, қоғамдық қажеттіліктерді өтеуге арналған, тарихи – ғылыми дерек ретінде жәдігерлерді сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізетін, әлеуметтік ақпарат құжаттарын жинайтын, эстетикалық құндылықтары бар мекеме.

Мұражай ісі – қоғамдағы өзгерістермен, қоғам дамуымен тығыз байланыстағы ерекше сала. Ол – ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына тікелей әсер ететін ғылыми мекеме. Барлық музей ісіне байланысты жинақталған тәжірибе мен музей ісінің мәселелерін көтеретін арнайы әдебиеттерде жарық көрген ғылыми білімдер жиынтығын “музейтану” деп атайды. Бұл термин ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана пайда болғанымен, көптеген тілдерде ертерек орнығып қалды. Ғылымда бұрынғы қолданылған “музеография” деген термин музейге қатысты барлық шығармаларда қолданылып келеді, ал ХХ ғасырдың ортасынан бастап тек музейді ғана сипаттауға ғана пайдаланылды. “Музейтану” терминін көбінесе “Музей ісіндегі ғылыми ілім” немесе “Музей теориясы” деп қарастырады. 1997 жылы Кеңес Одағында өткен музей ісіне байланысты Халықаралық ХІ шешуші басты конференциясында Халықаралық музеология комитеті құрылды. Онда іргелі ғылыми – зерттеу еңбектерді жазуға бағдарламалар қабылданып, музейтануды университеттерде оқытуға ұсыныс жасалды.

Мұражай ісінің негізгі белгілері – музей жәдігерлерін жинау, есепке алу, сақтау, консервациялау, зерттеу. Музей арқылы ақпарат тарату қоғамдағы байланыстың айрықша жүйесі болып табылады. Жұмысты ұйымдастыру формалары әртүрлі. Оған заттық көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, дәрістер оқуды ұйымдастыру тағы басқалар жатады.

Мұражайтану – қоғамдық ғылым, әлеуметтік ақпараттың сақталу процестерін, музей жәдігерлері арқылы танымдық білім беріп, эмоциялық әсер қалдыратын және әртүрлі қоғамдық – экономикалық жағдайдағы әлеуметтік заңдылықтардың формалық қызметін музей жәдігері, музей ісі арқылы зерттеп, жүзеге асыратын пән.

Мұражайтанудың зерттеу нысанасы – мұражай, мұражай ісі, мұражай жәдігері. Музей және музей ісі тарих, мәдениет, өнертану, социология және басқа ғылыми салаларда зерттеу нысанасы ретінде қарастырылады. Сондықтан зерттеу пәні үнемі өзіндік, арнайы заңдылықтарды анықтайтын ғылыми жүйе ретінде қарастырылуы қажет. Зерттеу пәні арқылы белгілі бір саланы зерттеуге қызығушылық тудырып, гносеологиялық міндеттерді шешуге болады. Музейтану пәні негізінен “Музей жәдігері”, “Музей”, “Музей ісі” сияқты терминдердің төңірегінде оқытылып, зерттеледі.

Мұражайтану пәні деп - әлеуметтік информацияны жинайтын және сақтайтын процестерге музей заттары арқылы танымдық білім беретін, дәстүрді, эмоцияны, көріністерді жеткізетін, музей ісінің шығу, даму және қоғамдақ қызмет ету функцияларына қатысты объективті заңдылықтардың ауқымын айтамыз.

1997 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІ конференциясында 18 мамыр музей күні болып қабылданды. Өткен заманның көптеген ұлы ғалымдары әуесқой ынтық коллеционерлер болды. “Коллекциялау” деген ұғымды осыдан 2000 жыл бұрын көне Рим шешені Марк Тулий Цицерон енгізді деп есептеледі. Ол өзінің атақты шешендік сөзінде бұл ұғымды “коллекция – шашыраған заттарды бір топқа біріктіру” деп атады.

Музейлер ХVІ – ХVІІІ ғғ. ғана пайда бола бастады. Музейдің өнерлік мәнін алғаш ашқан француз суретшісі Жан Луи Дэвид болды.
Дәріс. Тарихи мұражай атқаратын ролі және оның әлеуметтік функциялары. Мүражай ісінің негізгі ұғымдары: мұражай жәдігері, мұражай, музей ісі.

Музей өзінің әлеуметтік қызметін музей жәдігерлерін жинау, сақтау, үйрену, зерттеу және қолдану арқылы жүзеге асырады.

Белгілі бір затты жасауда да, қолдануда да оның функционалдық мәні болады. Музей әлеуметтік институт ретінде қоғамдағы өзгерістерді көрсетеді, олардың тарихилығын тереңдетеді. Әрбір жәдігердің қоғамдық мәнін, музейлік құндылығын көрсетеді.

Жәдігерлердің ақпараттық потенциалы екіге бөлінеді. Бірінші – ішкі хабарламалық кеңестік, екінші – сыртқы хабарламалық кеңестік. Біріншісі заттың өзіне байланысты мәлімет көрсетсе, екіншісі жәдігердің айналасындағы ортаға қатысты мәліметтерді көрсетеді.

Музей жәдігерлерінің семантикалық (мәндік), аксиологиялық (бағалылық), коммуникативтік (хабарламалық) аспектілері бар және де әрбір музей жәдігері аттрактивтік (көңіл аудару, назарды күшейту), семантикалық (мәнерлілік, дәлділік, мәндік), экспрессивтік (толқыту, көңілде әсер қалдыру қасиеті), репрезентативтік (ұқсас жәдігерлердің артықшылығын анықтай білу) қасиеттерге ие. Музей жәдігерлері тек дерек қана емес, мәдени – тарихи ескерткіш ретінде бағалылығы зор қоғам мен мемлекет, мекеме байлығы деп саналады.

Музей жәдігері – нақты өмірден алынған, музейге қоюға құндылығы бар, музей қорына тіркелген, ұзақ сақтауға бейім зат. Ол әлеуметтік, тарихи, қоғамдық өмірдің дерегі ретінде, ұлттық құндылықтың бөлігі ретінде қарастырылады. Музей жәдігері – бүкіл музейдің қызметін, оның бағыттарын, жоспарын жүзеге асыратын негіз болып табылады.

Кез келген музей жәдігерін зерттеу ғылымға негізделеді. Қазіргі кезде музей ісі адам қызметінің ғасырлар бойы қол жеткізген нәтижесі ретінде, табиғаттың сыйы мен ерекшелігін көрсетіп (табиғи музей, қорықтар), ғылыми құжаттармен негізделіп, түрлі профильді салада жұмыс істейтін жұмыс ретінде қарастырылады.

Музей ісінің негізгі құрамдас бөлігіне музейдің практикалық ісі, ескерткіштерді қорғау, музей жүйесі, музей саясатын заңдастыру, музей ісіндегі кдрларды дайындау да кіреді. Ғылыми - әдістемелік, көпшілік жұмыс орталықтарының жұмысы, арнайы тақырыптардағы журнал, газеттер шығару да музей ісінің басты бағыттағы шаралары.

Музейтанудың зерттеу әдістерінің негізгі бағыттарына тоқталсақ, олар мынадай:


  1. Ақпараттық дерек көзі ретінде, жәдігерлердің мәдени- тарихи құндылықтарын зерттейтін бағыттарда жұмыс істеу:

а) музей құндылықтарына жататын жәдігерлерді анықтау (ғалымдар, лаборратория);

б) музей жәдігерлерінің мәндік мағынасын, ерекшеліктерін анықтау ісі;

в) музей жәдігерлеріне байланысты ғылыми анықтамалық, жүйелеу жұмыстарын ұйымдастыру;

г) сақтау режимін, консервация және қайта қалпына келтіру жолдарын анықтау;

д) музейдің тәрбиелік, білімдік міндеттерін атқару әдістерін қарастыру, жүйелеу.


  1. Музей ісі, оның атқаратын қызметі, қоғамдық, мемлекеттік институт ретіндегі бағыты:

а) музейдің шығу тарихын , жүйесін, типін, музей ісінің тарихын жүйелейді;

б) ішкі ұйымдастыру жұмыстарын қарстырады;

в) музей қызметінің арнайы бағыттарын анықтайды;

г) музейді басқару жүйесін қарастырады, болашақ жоспарын талдайды.



Дәріс. Музей және музей ісі құрылымы:

Музейтану ғылыми пән ретінде білім жүйесі қалыптасқан, өзіндік ұрылымы бар сала. Музейтануға тарихи, теориялық, қолданбалы элементтер кіреді. Музейтану құрылымы төмендегідей:



  1. Музейтанудың тарихы мен тарихнамасы

  2. Музейтану теориясы

  3. Музейлік дерекнама

  4. Қолданбалы музейтану



Музей жүйесі және жіктелуі.

Музейлер жабық жүйедегі, мемлекет пен қоғам алдында музей заттарын сақтау, қорғау, пайдалану функцияларына жауап беретін мекеме. Музей жүйелері әртүрлі профильдегі, типтегі музейлерден тұрады.

Музейлер негізгі профилі жағынан төмендегідей топтарға бөлінеді:


  1. Тарихи музейлер – тарих білімі мен ғылымына негізделген жүйе бойынша бөлінеді. Олар:

а) жалпы тарихи

б) археологиялық

в) этнографиялық

г) нумизматикалық

д) тарихи – экономикалық

е) білім мен ағартушылық тарихы

ж) арнайы тарихи музей (спорт тарихы, музыка тарихы

т. б.)


  1. Көркемөнер музейі. Өнер мен өнертануға қатысты барлық музейлер. Мысалы, өнертану музейі, картина галереясы, мүсін музейі, қолөнер музейі, қолданбалы өнер музейі, гравюра кабинеті, театр, музыка, кино өнері музейлері т. с. с.

  2. Табиғи – жаратылыстану тарихи музейлері - өз жұмыстарында жаратылыстану ғылымы пәндеріне сүйенеді. Оған биологиялық, ботаникалық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палентологиялық, антропологиялық және экологиялық т. с. с. музейлер жатады.

  3. Техникалық музейлер – техника ғылымымен тығыз байланысты музейлер, оған: политехникалық, техникалық, авиация, автокөлік, байланыс, кеме жасау, тау – кен ісі, темір жол көлігі, жеке өнеркәсіптер музейі, техника ескерткіштері т. с. с. музейлер жатады.

  4. Әдеби музейлер - әдебиет салаларына бағытталған, белгілі жазушылардың өмірі мен қызметіне арналған музейлер.

  5. Комплексті музейлер – екі, үш профильде жұмыс жүргізетін музейлер. Мысалы, тарихи – көркем, тарихи – архитектуралық, ауыл шаруашылығы музейі т. с. с. Комплексті музейлердің кең тараған түрі - өлкетану музейлері. Олар тарих пен жаратылыстану бағытын біріктіріп жұмыс істейді. Ал типтік жағынан музейлер 3 – ке бөлінеді:

    1. ғылыми зерттеу;

    2. көпшілік – ағарту;

    3. зерттеу, академиялық – оқу.

Қазіргі музей жүйесінде ғылыми зерттеу типі кең тараған. Ал академиялық оқыту музейлері белгілі бір ғылыми салаға байланысты зерттеу жұмысын терең жүргізеді. Әсіресе, музей қорларын жинақтаған кезде далалық экспедиция жұмыстары, бірлескен археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі кеңінен қолданылады. Музей жұмысы тек өткен дәуірдің ескерткіштерін жинап қана қоймай, қазіргі заамн тұрғысынан да үнемі ізденушілік, зерттеу жұмыстарын үзбейді. Ғылыми жұмыстардың көп міндеттері экспозициялар арқылы шешіледі.

Дәріс. Музей қорларын сақтау.

Музей қорларында сақталатын жәдігерлердің барлығы дерлік физикалық – механикалық, химиялық өзгерістерге ұшырайды немесе табиғи ескіреді. Бұл өзгерістер негізінен ауа мен жарықтың әсерінен болады. Жәдігерлер биологиялық зиянды жәндіктердің: шыбын – шіркейлер, құрт – құмырысқалардың және кеміргіштер мен микроорганизмдердің де әсерінен бұзылуы мүмкін. Температураның белгілі бір деңгейі және ылғалдылық дәрежесі жәдігерлердің табиғи көнеру процесін тездетуі, немесе бәсеңдетуі, не баяулатуы мүмкін. Ауаның жоғары дәрежедегі ылғалдығы, егер ғимаратта, бөлмеде газды ластанған заттар болса зиянды химиялық қоспалардың пайда болуына әкеп соғады. Жоғары дәрежедегі ылғалдылық шаң – тозаңның да таз (грибковые) ауруларын, яғни микроорганизмдердің қозуынан туатын ауруларды тудырады. Осындай қолайсыз жағдайлардан сақтау үшін музей жәдігерлерін сақтау тәртібі, ережесі болады. Ол температуралық ылғалдылық режимі, ауадағы зиянды заттардан қорғау, биологиялық және механикалық бұзылудан, нұқсаннан қорғау, апаттан алдын ала сақтандыру шаралары, экстремальдық (аяқ астынан шыққан қиындық) жағдайларға байланысты алдын – ала дайындық шаралары жасалынады.

Тарихи мұражайлардың қорларына енетін заттар әртүрлі. Сондықтан оларды дұрыс сақтай отырып, әрбір заттың қолданыс аясын да естен шығармаған жөн. Бұл міндетті қорды сақтау жүйесі шешеді.

Режим (тәртіп, ереже) мен сақтау жүйесіне негізделген қор жұмысының бағыттарын “музей қорларын сақтауы» дейді. Әрбір мұражайдың өзіндік ерекшеліктері болуы себепті, сақталу режимдері соған сәйкес жасалынады. Ол жәдігердің мазмұнына, қордың құрылымына, сапасына, санына, сақталған мерзіміне сай ерекшеленеді. Әрбір мұражай, әрбір қор сақтау қоймасы өзінің арнайы бағытына қарай жұмысын ұйымдастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет