ОРЫНДАҒАН; Оразбекова Нилуфар.
ҚАБЫЛДАҒАН;Мамадалиева Гулбану.
КҮНІ;28.03.2022.
Емдеу және қорғау мақсатында алдымен санитарлық талаптар сақталуы қажет
Стационардың Күн Тәртібі
Науқастардың физикалық және психикалық тыныштығын қамтамасыз ететін ең басты шарттардың бірі – аурухана ішінің тәртібін сақтау.
Біздің емдеу мекемемізде ауруханаішілік тәртіп бар – ол анықталған белгіленген тәртіп. Емдеу-қорғау тәртібінің ең басты шарты науқастың психикасын қорғау, яғни науқастарға физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ететін қолайлы жағдайлар жасау.
Ауруханалық тәртіп науқастарды уақытында және дұрыс тамақтандыруды, қажетті емдеу мен санитариялық-гигиеналық іс – шараларын қамтамасыз етеді. Әр бөлімшеде көрнекті жерде күн тәртібі ілініп тұрады, онда:
Ояну, гигиеналық емшаралардың және ұйықтауға жату уақыты;
Тамақтану;
Бөлімшені жинау, желдету;
Диагностикалық және емдеу кабинеттерінің жұмыс уақыты;
Науқастарға туыстары мен таныстарының келу уақыты сағат бойынша жазылған және келушілерге арналған тәртіп сақтау қағидалары жазылған.
Күн тәртібі:
07.00-07.30 – науқастарды ояту, дене ыстығын өлшеу, гигиеналық гимнастика (жалпы режимдегі науқастар үшін), палаталарды желдету. 07.30 -08.00 – науқастардың жуынуы, бөлімшені жинау. 07.45 -08.00 – кезекшіліктің ауысуы, науқастарды тапсыру, ауыр жағдайдағы және жаңадан түскен науқастар палаталық дәрігерімен алдын ала қарауы. 08.00-08.15 – бөлімшедегі дәрігерлердің таңертенгі конференциясы. 09.00-10.00 – науқастардың таңғы асы, таңертенгі жалпы ауруханалық конференциясы. 09.30-11.00 – емдеуші дәрігердің науқастарды қарап өтуі. 11.00-14.00 – емдеу-диагностикалық жұмысы (зерттеулер, операциялар, таңулар, консультациялар жүргізу, тағайындауларды орындау, науқастарды қабылдау және шығару). 12.30-14.30 – түскі ас, екінші жинастыру, палаталарды желдету. 14.30-16.00 – демалу. 16.00-17.00 – дене ыстығын өлшеу, тағайындауларды орындау, кезекшіліктің ауысуы. 16.00-18.30 – бос уақыт (серуендеу, туыстардың келуі), палаталарды желдету. 18.00-19.00 – кезекші тағайындауларды орындау, кезекші дәрігердің қарап өтуі. 20.00-21.30 – негізгі жинастыру, палаталарды желдету. 21.30-07.00 – ұйқы, стационардағы ауыр жағдайда жатқан науқастарға түнгі бақылау мен күтім.
Стационарда жатқан кезде науқасқа спиртті ішімдіктерді ішуге және шылым шегуге тыйым салынады.
Емдеу-күзету тәртібін бұзған жағдайда науқас стационардан шығарылады.
Емделушілерге арналған жадынама
Стационарға емделуге жатқызу кезінде:
• жеке басын куәландыратын құжат,
• белгіленген үлгідегі дәрігердің жолдамасы;
• алдыңғы емделген сырқатнамадан үзінді (бар болса),
• жеке гигиена құралдары, кесе (кружка) және қасық өзіңізбен бірге болуы тиіс.
Стационардағы киім үлгісі еркін түрде, ауыстыратын аяқ киімнің болуы қажет.
Стационарға түскеннен кейін, ең алдымен, емделушілер ең жоғары оң терапиялық әсерге қол жеткізу үшін стационардың күн тәртібін қатаң сақтау керек және белгіленген тәуліктік режиммен танысуы керек. Оларға мыналар жатады:
• ішкі тәртіп ережелерін сақтау және емшаралар мен манипуляцияларды орындау;
• қолайлы психологиялық режимді қамтамасыз ету (эмоционалдық қауіпсіздік);
• дәрігер тағайындаған емделушінің ұтымды қозғалыс белсенділігінің режимін қамтамасыз ету;
• емделуші мен медициналық персоналдың қауіпсіз қозғалысы үшін биомеханика ережелерін сақтау.
Әрбір емделушіге нақты жеке қозғалу режимі тағайындалады – қатаң түрдегі төсек режимі, төсек режимі, палаталық режим, жалпы режим.
Қатаң төсек режимі: емделушіге төсектен тұруға, отыруға, төсекте жатып белсенді түрде қозғалуға, бұрылуға (аунауға) болмайды.
Барлық гигиеналық іс-шаралар, физиологиялық шығулар төсекте жатқанда жүргізіледі. Мейіргер емделушіге күтім жасап, тамақтандырып, оның төсектен тұрып кетпеуін қадағалап, жеке гигиена ережелерін орындау үшін барлық іс-шаралар жасауға көмектеседі.
Төсек режимі: Емделушіге төсекте отыруға, бұрылуға (аунауға) болады. Төсектен тұруға рұқсат етілмейді. Тамақтандыру және жеке гигиена шараларын жүргізуге мейіргер көмектеседі.
Палатаның режимі: Емделушіге палатаның ішінде жүруге (қозғалуға), төсектің жанында орындықта отыруға рұқсат етіледі. Тамақтандыру палатаның ішінде жүргізіледі. Жеке гигиена шараларын емделуші өз бетімен немесе мейіргердің көмегімен жүзеге асырады.
Жалпы режим: Емделуші өз бетімен жеке гигиена шараларын жасайды, палатаның, дәліздің ішінде еркін жүре алады, өзі асханаға барады. Оған аурухананың аумағында серуендеуге рұқсат етілуі мүмкін.
Емделушілерге:
Емделушілер бөлімше режимін, сондай-ақ оларға бекітілген жеке қозғалыс режимдерін сақтауға міндетті және таңғы және түскі астан кейін емдік тағайындаулар мен дәрігерлік тексерулер кезінде палатада болуы керек.
Емделуші үшін тыныштық пен демалыс емдеу нәтижесіне оң әсер ететін факторлар екенін есте ұстаған жөн:
Тыныштық сағаты - 14.00-16.00
Түнде ұйықтау - сағат 22.00.
Тыныштық сағаттарында науқастар палатада болуы керек, оларға палатадан палатаға жүруге, қатты сөйлеуге және т.б. болмайды.
Емделушіге туған-туыстарының келу уақыты:
16.00-18.30 сағат (карантиндік кезеңде науқастарға кіруге болмайды, сондай-ақ ерекше режим бойынша жұмыс істейтін бөлімшелер – анестезиология және реанимация, жұқпалы аурулар және қарқынды терапия бөлімшелерінде науқасқа кіруге болмайды).
Келушілер киім өткізетін орынға сыртқы киімдерін қалдыруы керек, емделушіге ауруханаға кіруге бахиламен ғана рұқсат етіледі, ал палатадағы науқасқа барған кезде де медициналық халат немесе бір рет қолданылатын жамылғы (одноразовая накидка) кию қажет. Келушілерге науқастың төсегіне отыруға рұқсат етілмейді.
Емделушілерге тыйым салынады:
• стационар ішінде және аурухананың аумағында темекі шегуге;
• орталықтың үй-жайларында және аумағында алкогольді ішімдіктерді ішуге;
• палатада жылыту және басқа электр құралдарын пайдалануға;
• медициналық персонал және бөлім басшысының рұқсатынсыз бөлімшеден рұқсатсыз кетуге болмайды.
Емделуші дәрігердің тағайындауларын немесе медициналық ұйымның ішкі тәртібін сақтамаған жағдайда, емдеуші дәрігер медициналық ұйымның жоғары тұрған басшысымен келісу арқылы науқасты бақылаудан және оны емдеуден бас тартуы мүмкін (егер бас тарту тікелей науқастың өміріне және басқалардың денсаулығына қауіп төндірмеген жағдайда).
Емделушінің стационар режимін бұзғаны жөнінде еңбекке жарамсыздық парағына жазу арқылы ауруханадан шығарылады.
Емдеу-қорғау режимі – бұл берілген емдеу мекемсінде белгіленген нақты тәртіп. Осы режимнің негізінде бөлімшедегі науқасты күтудің дұрыс ұйымдастырылуы, науқастартың толық демалуы мен ұйқысының дұрыс болуы, дұрыс тамақтануы, теріс эмоцияның болмауын, физикалық күш түсудің болмау шорты қойылған.
Аураханадағы күн тәртібі Осы белгілеудегі бастысы рациональді күн тәртібі, қолайсыз сыртқы факторларты болтырмау (қатты сөйлеу, шуй, есікті қатты жабу). Науқасты тітіркендіретін барлық жағдайларты болтырмау, теріс эмоция дан қорғау, медиуиналық күту құралдары теріс әсер ету мүмкін ( қан тиган мақта қалтықтары, шприц, скальпель қан іздерімен, шара, лас бинт термин мақталармен толтырылған). Науқастар хабар дар болу үшін күн тәртібі ережелерін ең жақсы көрінетін жерге іледі. Емдеу –сақтантыру ережелерінің орындалуын мейірбике қадағалайты. Науқастың жазылуы ем қабылдауына ғана байланысты емс, күн тәртібін қатаң орындауына, барлық ауруханаларда қабылданған, осында науқастар туралы ережелер жазылған. Аурухананың емдеу- сақтантыру ережесін бұзса, науқас ауруханадан шығарылаты, жарамсызтық парағына бұл туралы белгі қойылаты.
Достарыңызбен бөлісу: |