Ms-Dos – та жұмыс істеу технологиясы жұмыстың мақсаты



Дата21.02.2022
өлшемі58 Kb.
#455594
zert 1 (1)


Зертханалық жұмыс №1


Ms-Dos – ТА ЖҰМЫС ІСТЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Жұмыстың мақсаты: MS-DOS жүйесінде жұмыс жасауды үйрену


Командалар туралы жалпы мағлұматтар


Команда деп – қолданушының компьютермен операциялық жүйеде қарым – қатынас тәсілдерін айтады. Командалар ақпаратты жіберу, құрылғыларды қосу, ақпаратты енгізу, шығару процесстерін ұйыдастырады. Командалар не дискіде, файлдар түрінде не болмаса командалық процессор (command.com) құрамында сақталады. Кез келген бағдарлама сияқты команданың да өз нақты аты болады, типі *.com немесе *.exe болады. Команданы енгізу командалық жолда ұйымдастырылады.
Командалық жол – деп шақыру белгісі бар экрандық жолды айтады.
Команданы жазу форматы команда аты [параметрлер]
Мысалы:
C:\>DIR D:\KAT1\*.TXT /P


Командалар классификациясы
MS-DOS барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді. Резидентті (ішкі, бірге қүрылған) командалар қызмет ететін COMMAND.COM файлының құрама бөлігі болып табылады. Олар — тез орындалатын жиі қолданылатын қарапайым командалар. Бүл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY жөне т. б. командалар жатады.
Транзитті (сыртқы, шақырылып іске қосылатын) кірме командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бүл топқа мына командалар жатады: FORMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және т. б.


Резидентті (ішкі) командалар
Каталогтармен жұмыс істейтін командалар Бұл топқа DIR, CD, RD, MD командалары жатады.
1. DIR командасы — каталогтардың және файлдардың толық аттарының, көлемінің, және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді. DIR командасын қарапайым параметрсіз қолданғанда экранға ағымдағы каталогтың мазмұнын шығарады,
Ішкі каталогтың мазмұнын қарау үшін DIR командасын және ішкі каталогтың атын жазсақ жеткілікті.
Параметр деп түпкі каталогты немесе кез келген деңгейдегі ішкі каталогты көрсететін маршрутты айтады.
Мысалдар:
a) C:\> dir__ student\basic — STUDENT каталогына кіретін BA­SIC ішкі каталогының мазмұнын экранға шығарады;
є) C:\STUDENT\BASIO dir *.bas - ағымдағы STUDENT\BASIC каталогындағы заты BAS болып келген барлық файлдардың атрибутының тізімін экранға шығарады .
б) А:\> dir alma.bas — ALMA.BAS файлының атрибуттарын экранға шығарады.
Каталог мазмұнының тізімі үлкен болған жағдайда — информацияны парақтап экранға шығару үшін қосымша /Р параметрі қолданылады. Бұл жағдайда экран беті информацияға толған соң информацияны экранға беру тоқтайды, жалғастыру үшін кез келген пернені басу керек.
С:\> dir /р немесе С:\> dir student\basic /p
Информацияны экранға жинақты (бір жолға бірнеше файл жазу) түрінде шығару үшін /W параметрі қолданылады. Бұл жағдайда файлдардың аттары мен түрлері ғана экранға шығады, мысалы,
А:\> dir /р немесе C:\LEX> dir /w
DIR командасы берілген тізімді тек дисплейдің экранына шығарып қана қоймай, принтерге шығаруға және файлға жазып қоюға мүмкіндік береді.
C:\>dir > prn — С дискісіндегі түпкі каталогтың тізімін принтер арқылы қағазға басып алу;
A:\>dir > spisok — тізімді SPISOK атты файлға жазып алу;
2. MD (Make Directory — каталог жасау) - ағымдағы кез келген
каталог ішінен жаңа каталог ашу командасы, мысалы,
С:\> md student — С дискісінің түпкі каталогынан STUDENT
атты жаңа каталог ашу;
С:\> md student\basic немесе  C:\STUDENT> md basic – STUDENT каталогында BASIC ішкі каталогын ашу.
3. RD (Remouve Directory - катологты жою) - ішінде файлдары
жоқ бос каталогтар мен ішкі каталогтарды жою командасы, мысалы,
C:\STUDENT\BASIС rd tecno2 - STUDENT каталогының ішіндегі екінші дәрежелі BASIC атты ішкі каталогының үшінші дәрежелі TECN02 ішкі каталогын жою;
C:\> rd student\basic\tecno2 - түпкі каталог ағымда болған жағдайда tecno2 ішісі каталогын жою;
4. CD (Change Directory - каталог ауыстыру) — бір каталогтан екінші каталогқа көшу командасы. Жоғарғы дәрежедегі каталогтарға көшу мына параметрлер ".." , "\" арқылы іске асады. Мысалдар:
а) C:\> cd student\basic — STUDENT каталогының BASIC атты ішкі каталогына көшу;
є) C:\STUDENT\BASIС cd.. - BASIC ішкі каталогынан STU­DENT каталогына көшу;
б) C:\STUDENT\BASIC\TPOP2> cd \ - басты (түпкі) каталогқа
көшу;
в) C:\STUDENT\BASIС cd..\lex - BASIC каталогынан STUDENT
каталогына қайтып оралып LEX ішкі каталогына көшу;
г) C:\STUDENT\BASIC\ECONOM2> cd..\.. - ECONOM2 ішкі
каталогынан екі сатыға жоғары STUDENT каталогына көшу.



Сурет 1 Командная строка терезесі


Тапсырма:

  1. Пуск\Программы\Стандартные\Командные строка командасы арқылы MS DOS терезесіне көшу

  2. CD командасы туралы толық анықтама алу

  3. Түпкі каталогқа көшу

  4. Dir командасы туралы толық анықтама алу

  5. Түпкі каталогтың мазмұның экранға шығару

  6. MD командасы туралы толық анықтама алу

  7. Student атты каталог құру

  8. Түпкі каталогтың мазмұнын student каталогындағы masmun атты файлға жазу

  9. Student каталогында inf2 каталогын құру

  10. Student атты каталогтың мазмұнын шығару

  11. Student каталогындағы inf2 каталогына көшу

  12. Student атты каталогқа оралу

  13. Inf2 атты каталогты жою


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет