Сурет 3. костюмнің ішкі мүшелену сызықтарының көркейтілуінің матрицасы
Тігістер үш түрге бөлінеді - құрастыру, сәнді және құрастыру-сәнді болып. Бұлардың барлығын костюмнің көркем жобалауында мүшелеу сызықтар дейді. Мүшелеу сызықтарға безендіру элементтерде (ою-өрнек, кесте, жапсырма) жатады.
Құрастыру мүшелеу сызықтарға киімнің жазықтық бөлшектерін тігу аркылы біріктіріп, көлемді тұйық пішінді тудыру жатады. Бұның негізгі мағынасы, құрастыру мүшелеулердің пішін құрылымы бұйымның адам тұлғасындағы ыңғайлығына әсер етеді.
Сәндік мүшелеу сызыктар бұйымның сыртқы көрінісіне эстетикалық әсер береді. Эстетикалық әсер әр түрлі киімдердің бөлшектерінің бетін көркемдеу, бір тегісті немесе жарым-жартылай әшекейлеу, оны геометриялық, өсімдік т.б. элементтермен толтыру, жазыктықтың шетін кестелеу оюлау аркылы пайда болады.
Құрастыру-сәнді мүшелеу сызықтар екі қызмет атқарады. Біріншіден, ол киімнің, бұйымдардың пішінін біріктіріп тігіс арқылы қарастырып тұрса, екінші жағынан атап кеткен бұйымдардың бетін әшекей элементтермен безендіріп отырады.
Жүргізілген талдау костюмдерді көркемдік-композициялық сипаттама аркылы пішіндердің құрастыру және сәнді мүшелену түрлерін анықтайды. Ішкі мүшелеу сызықтардың салыстырмалы дәрежелі белгілері, олардың маңыздылығы және костюмнің пішінінің аппроксимациясы үш баздық пішіндерді – тік төртбұрышты, трапециялық, овалды түрлерге бөлуге мүмкіндік береді. Осы пішіндердің элементтері түрлі геометриялық денелер, кластар, топтар, болып бөлінеді.
Талдаудың нәтижесінде талдамалық костюмдердің ассортименттері киімдерді толтыратын мүшелеу сызықтары арқылы көп түрге бөлінеді. Осы жағдайда пішінді толтыру негізгі тәсілдері мен әдістерін байқау қажеттілігі пайда болады да, сонымен бірге костюмнің ішкі пішінінің толтыру заңдылықтарын анықтай отырып, үлгілерге эстетикалық және техникалық толық анықтама беру қажет болады.
Мүшелеу сызықтарды қолдана отырып ұшынан бойлата және көлденең мүшелеп көрініс иллюзиясы арқылы пішіннің қысқаруын және кеңеюін байқауға болады. Сонымен бірге пішінді түрлі сызықтар арқылы құрастыру кезеңдерінде бұйымның құрылымында статика және динамика түрлері айқындалу мүмкін.
Сонымен, киімнің пішіннің элементерінің қорытынды құрылымын байқасақ барлық мүшелеу сызықтардың көпшілігі аз деформациялық аудандарда жиналады яғни үлгінің материалы утилитарлық қызмет атқару кезеңінде белсене деформацияға ұшырамайды. Екіншіден орталық орналасу заңдылығы арқылы костюмнің барлық бөліктері көлемді-жазықтық пішінінің орта орналасқан бастапқы композициялық бөлікке бағынышты болады. Композициялық шешім белгілі бір ереже және теңсіз қасиеттер арқылы шешілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |