Мұсаева әлия алтай-қызы көркем жобалау жүйесіндегі костюмнің пішін құру принциптерін зерттеу



бет1/15
Дата19.05.2022
өлшемі3.2 Mb.
#457380
түріАвтореферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Көркем жобалау жүйесіндегі костюмнің пішін құру


ӘОЖ 687(086.5) Қолжазба құқығында
МҰСАЕВА ӘЛИЯ АЛТАЙ-ҚЫЗЫ


Көркем жобалау жүйесіндегі костюмнің пішін құру принциптерін зерттеу

ЭДББ – Жеңіл және текстиль өнеркәсібі бұйымдары мен


тауарларының технологиясы
(PhD) философия докторының академиялық дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты

Қазақстан Республикасы


Тараз 2009
Жұмыс М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде орындалған.

Ғылыми кеңесшілер: техника ғылымдарының докторы,


профессоры Бринк И. Ю.
техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Уалиев Б.М.
Эксперттік кеңес: техника ғылымдарының докторы
Мырқалықов Ж.Ү.
техника ғылымдарының кандидаты,
доценті Қуатбекова Л.К.
техника ғылымдарының кандидаты
Сүлейменова Т.Н.

Жетекші ұйым: М.Әуезов атындағы Оңтүстік


Қазақстан мемлекттік университеті
Қорғау «___»___________2009 жылы сағат ________ М.Х Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті 1-ші корпус. Мекен-жайы: Тараз қаласы Төле би көшесі, 57.

Диссертациямен М.Х Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті кітапханасында танысуға болады.


Автореферат «___»___________ 2009 жылы таратылды.
Мемлекеттік аттестациялық кеңес
хатшысы э.ғ.к. Келесова Ү.С.
КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының президенті халыққа жолдауында: «Қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете беру. Сонымен қатар, ұлт аралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамассыз ету».
Киім мәдениетінің басқа элементтеріне қарағанда ұлттық өзгешелігі және де этникалық нышаны тұрақты. Терең ойдағы дәстүрлі киім пішіні, дарыптау ерекшелігінің әсері, тарихы, этностық қатынасы, халық этносын зерттеудің тарихи қайнар көзі болып табылады.
Қазіргі егемендік алған заманымызда, ұлттық дәстүр, ұлттық киім кеңінен қолданылатын болды. Әр ұлттың күнделікті тұрмысында, киімінде, бүкіл өмірінде өзіне – тән ерекшеліктері болады. Сол ұлттық мотивтер бұйымдардың сыртқы түрін, бет әлпетін өзгертетін, жаңартатын негізі. Ұлттық киім халықтардың қарым-қатынастарын, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін бір-бірінен айырып көрсетеді. Айырмашылықтарын киімнің пішінінде, өңдеуде, ою-өрнек әшекейлерінде және кестелеуінен байқауға болады.
Қазіргі уақытқа дейін қазақ ұлттық киімінің пішін құру үрдісі толық қаралмаған. С.Ж. Асанова, М.А. Нұржасарова, Л.К., Б.М. Уалиев Шилдебаева, Э.К. Тоғызбаева, Қ.Ж. Кучарбаева ғылыми зерттеулерде тек құрылыстық-технологияляқ бірізділігі мен композициялық шешім негізі қарастырылған. Жұмыстың ғылыми зерттеулер нәтижелерін мәліметтік қорды толықтырумен айқындалады. Қазіргі таңда ұлттық нышандар дамып келе жатқан кезеңінде костюм пішін құру үрдісін зерттеп сипаттама беру қажеттілігі туындауда. Сол сияқты ұлттық киімді безендіруде ою өрнектердің тек классикалық симметриясының түрленуі ғана талданған. Қарастырылған жұмыста классикалық, афиндік, қисық сызықты симметрия түрлеуінің әдісі компьютерлік бағдарламасы жасалынды.
Киім ерекшелігі жасқа, әлеуметтік жағдайына, өмірге деген көз қарасына, қуанышты немесе қайғылы оқиғаға, күнделікті тұрмысқа байланысты анықталған. Бұл нормалар мен талаптар қолданатын матаға, сурет бейнесіне, түсіне, көлеміне, пішініне және киім бөліктеріне әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет