Cабақтың тақырыбы : Тік белдемшеге қажетті өлшемдер алу
Сабақтың мақсаты: Белдемшенің шығу тарихынан шолу,киімнің пайдалануына қарай қандай болып бөлінетіні,өзіне қонымды етіп өлшем ала білуі,белдемшені жасау үшін дұрыс өлшем ала білуді,киімнің қоғамдағы маңызы мен ролі туралы түсінігін кеңейту.
Білімділік: : Өз өлшемдерін алуға үйрету.
Дамытушылық: : оқушыларға теориялық білім бере отырып,ойын еркін дамыту, дәлдікке, тапсырманы орындауда ұқыптылыққа, тәрбиелеу дүниетанымын дамыту
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, іскерлікке, үнемділікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас білім мен іскерлікті игеру,интерактивті тақта.
Көрнекілігі: слайдтар, плакаттар, таблицалар салынған плакат.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушының сабаққа қатысын тексеру.
2. Оқушының жұмыс орнын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасы
а) Белдемшенің шығу тарихынан оқушылардан сұрау.
ә)психологиялық дайындық (Сөзжұмбақ)
1) Жазу жазып жалықпаған,
Жаза жаза арықтаған.(БОР)
2) Оқу .....мен құдық қазғандай (ИНЕ)
3) Бұйымды пішуге қажет құрал? ( ҮЛГІ)
4) Белдемшелі бұйымдардың үстіңгі бөлігі. (БЕЛДІК)
5) Үлгіні жылжытпайтын құрал. (ТҮЙРЕУІШ ИНЕ)
6) Бұйым пішілетін зат. (МАТА)
7) Екі тышқан бірлесіп, кесіп пішіп береді.
Жүрмесе егер бірлесіп, жоқ қой оның керегі. (ҚАЙШЫ)
8) Жаңартады үйіңді, тазартады киімді.
Жолыңада тиімді, не дейді бұл бұйымды? (ШӨТКЕ
|
1.
|
Б
|
|
|
|
|
2.
|
|
Е
|
|
|
3.
|
Л
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
Д
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
Е
|
|
|
|
|
|
|
|
6.
|
М
|
|
|
|
|
|
7.
|
|
|
Ш
|
|
|
8.
|
|
|
|
Е
|
| Тест алу
1) Белдемшелі бұйымға не жатады?
а) шалбар, шорты, белдемше, белдемше-шалбар
ә) белдемше, көйлек, шалбар
б) халат, белдемше, көйлек
2) Пішініне қарай белдемшелер неше топқа
бөлінеді?
а) 3; ә) 2; б) 5.
3) Бұйымға мата таңдау неге байланысты?
а) киімнің қолданылуына, жыл мезгіліне, фасонына, сұлбаның ерекшелігіне;
ә) фасонына, тапсырыс берушінің талғамына;
б) сән ағымына.
4) Белдемше неше детальдан тұрады?
а) 2; ә) 4; б) 6.
Сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын пысықтадық.
ІІІ. Жаңа сабақ . Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды 2 негізгі топқа бөлуге болады. Белдікті және иықты. Белдемше,шалбар,белдемше шорты,шалбар-белдікті топты бұйымдар,ал көйлек,блуза,қамзол,халат және басқалар- иықты топты бұйымдар.
Белдемше-белдікті бұйымдардың ішіндегі ең коп тараған, барлық жыл мезгіліне киілуге арналған киімнің түрі.Белдемше костюмның бөлігі,өзіндік бұйым немесе көйлектің бөлігі болуы мумкін.Силуэт бойынша белдемшелерді тік, етегіне кеңейе түскен және енсіз келген болады. Олар пішуіне қарай үш топқа бөлінеді: тік, қиықты және клеш. Тік белдемшелер қынамалы бір, екі немесе үш тігісті,қыржымдармен немесе оларсыз, кең, бүрмелі немесе резеңкеде болуы мүмкін. Тік белдемшелерде негізгі жіптер бұйымның ұзындығына орналасады.
Белдемшеге мата таңдағанда, оны немен киетініндігін шешіп алу керек: блузкамен , жемпірмен, қамзолмен, қажекеймен. Мата таңдауымен бұымның қолданылуына қарай
(күнделікті, үйге киюге), мезгілге ( жаз, кыс), сәнге және пішінінің ерекшелігіне байланысты.
Тік белдемшелерге және қамзолға ауыр және тығыз мата ұсынылады (жүн, джинсы матасы).
Әр түсті, сызықша немесе шатыраш. Төменге қарай кеңейе түскен белдемшелерді жеңіл маталардан тігеді: мақта, зығыр, жүн және жібек. Клеш және қиық белдемшелерді тігуге жақсы драпталатын маталар лайық мақта , жібек немесе жеңіл жүн. Белдемшенің сәні матаның еніне қарай таңдауға әсер етеді. Тік белдемшелерді пішугу енді және енсіз матаны, ал етегіне қарай кеңейе түскен немесе қыржымдары болса, енді матадан тіккен ыңғайлы.
4) Өлшем алу
Белдемше,басқа киімдер сияқты адамның бойына қарай жақсы тұруы үшін,белгілі өлшеммен тігілуі тиіс.Ең алдымен өз денеміздің немесе тігілуге тиісті адамның өлшемін алу керек.
Өлшем алу үшін сантиметрлік таспаны пайдаланамыз. Оны 1810 жылы француз тігіншісі ойлап шығарған екен. Ол – ұзындығы 150 см, ені- 2 см болатын кленкадан жасалынған.
Өлшем алу өте жауапты жұмыс. Өлшемді дұрыс түсіру үшін адам тұлғасындағы негізгі сызықтардың орналасуын білу қажет.
1) Өлшем адамның оң жағында тұрып түсіріледі.
2) Белді баумен буып қою керек.
3) Өлшемі алынатын адам түзу тұрып, өзін бос ұстау қажет.
4) Өлшем түсіргенде см.таспаны тартып немесе бос ұстауға болмайды.
5) Ұзындық өлшемдерін толығымен жазады,ені мен
айналым өлшемдерін жартылай жазады,себебі, сызбаны адамның жарты тұлғасына сәйкес тұрғызады.
БҰ-бұйымның ұзындығы. Артқы бойдың бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдемшенің ұзындығын анықтау үшін қолданылады.
АББҰ – артқы бойдың белге дейін ұзындығы, артқы бойдың бел сызығынан мойын нүктесіне дейін түсіріледі. Өлшем бел сызығынан жамбас сызығына дейінгі ара қашықтықты анықтау үшін қолданылады.
БЖО- белдің жарты орамы. Көлденеңінен тұлғаны айналдыра бел деңгейінде түсіріледі. Өлшем белбеудің ұзындығын және қымтырмалардың енін есептеуге қолданылады.
ЖЖО – жамбастың жарты орамы. Көлденеңінен тұлғаны айналдыра түсіріледі. Өлшем белдемшенің енін және қымтырмалардың енін анықтау үшін қолданылады.
5). Сарамандық жұмыс 3 оқушыдан шығып,өз өлшемдерін алып,таблица толтыру.
.
6). Сабақты бекіту сұрақтары:
1) Қандай өлшемдерді толық ,қандай өлшемдер
толық емес түрде жазылады?
2) Адам денесін қай жағынан өлшейді?
-
Қай өлшем толық жазылады?
а)ұзындық; ә) бел; б) бөксе
4) Пішуіне қарай белдемшелер неше топқа бөлінеді?
5) Қауыпсіздік ережесін айтындар.
-
Белдемшенің сызбасын құрастыру үшін қандай өлшемдерді түсіреді?
а) АБҰ, БҰ, Ие, Қү. ә) Құ, ТБұ, Жба, Жбөка.
б) БЖО, ЖЖО, АББҰ, БҰ
7). Үйге тапсырма:
Белдемшенің сызбасын дәптерлеріне тұрғызып келу.
Бағалау тақтасы.
-
Оқушының
аты -жөні
|
Үй тапсырмасы бойынша
|
Жаңа сабақ бойынша
|
Қорытынды
баға
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қарауылкеді орта мектебі
Ашық сабақ тақырыбы:
«Тік белдемшеге қажетті өлшемдер алу»
6 класс
Өткізген: Технология пәнінің мұғалімі
Шырдабаева Г.К
2011-2012 оқу жылы.
Достарыңызбен бөлісу: |