Мұсылман ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне берген жауаптары



бет3/10
Дата10.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#126830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ЕКІНШІ БӨЛІМ

МҰСЫЛМАН ӘМІРЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ШЫҒУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ШЕШІМ
Мұсылман әмірлеріне қарсы шығуға қатысты имамдардың берген жауаптары
Шейх-уль-ислам22 Ибн Тәймийә23, Аллаһ оны рахымына бөлесін былай деген: «Сондықтан да Сүннетті ұстанушылардың көпшілігі әмірлерге қарсы көтеріліске шығуды және оларға қарсы қарулы күрес жүргізуді, тіпті олар әділетсіздік (зұлымдық) көрсетіп жатса да, мүмкін емес деп есептейді, бұған сахих хадистер нұсқайды. Ұрыс-шайқастар әкеп соқтыратын бұзақылық пен бүліктердің таралуы әмірлерлердің ұрыс-шайқассыз және бүліксіз жасап жатқан әділетсіздігінен көбірек зиян әкеледі. Әмірге қарсы шығып жүрген адамдар өздерінің қарсы шығуынан келетін зиян олар себебін жойғысы келген зияннан да үлкен болуы ықтимал екендігін білмеуі мүмкін». «Минхәж әс-Сунна ән-нәбәуийә», 3/390.

Имам24 Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рахымына бөлесін: «Мұсылман әмірлеріне қатысты ықылас көрсету өшпенділік және алдаумен бірге бола алмайды, өйткені ықылас - өшпенділіктің қарама-қарсысы болып табылады. Шынайы мұсылмандар қауымдастығының жақтаушысы болу да жүректі өшпенділік пен алдаудан тазартады, өйткені, өзін мұсылман қауымдастығының жақтаушысы деп санайтын адам сол қауымдастықтың мүшелеріне де өзіне қалаған нәрсені тілейді, және өзіне қаламаған нәрсені оларға да қаламайды.

Оларды ренжітетін және қуантатын нәрселер оны да ренжітеді және қуантады, бұл жайт оны рафидилер, хауариждер, муътәзиләлар тағы солар сияқты басқа да бұл қауымдастықтан бөлініп шыққан және оларды жамандап қаралағандардан ерекшелейді. Мұндай адамдардың жүрегі өшпенділік пен алдауға толып біткен, сондықтан да сен рафидилердің ықыластан ең көп алшақтағанын, олардың мұсылман әмірлеріне және мұсылман үмметіне қатысты өте өтірікші екенін және олар шынайы мұсылмандардан ең алыста екенін көрудесің», - деп айтқан. «Мифтәх дәр әс-саәдә», 1/62.

Ибн әл-Қайим сондай-ақ былай деді:

«Пайғамбарымыз, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, өз үмметінің мүшелеріне Аллаһ пен Оның Елшісі сүйетін жақсы нәрселерге жету үшін жамандықтан қайтаруды міндетті қылғандығын мысал етіп келтіруге болады. Алайда, егер жамандықтан қайтару одан да жаман және Аллаһ пен Оның Елшісі жек көретін нәрселерге әкелетін болса, онда жамандықты қайтаруға негіз жоқ, тіпті Аллаһ мұны және мұндай істерді жақтаушыларды жек көрсе де. Бұл жерде сөз патшалар мен әміршілерді мойындамау және оларға қарсы қарулы көтерілістерде көрініс тауып жатқан жағдайлар туралы болуда, өйткені бұл - кез-келген жамандықтың және таусылмай жалғасатын бүліктердің негізі болып табылады.

Бірде сахабалар, Аллаһ оларға разы болсын, Аллаһтың Елшісінен, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, намазды бекітілген уақыттарынан кешіктіріп өткізетін әміршілермен соғысуға рұқсат сұрап: «Біз олармен соғыссақ қайтеді?» - дегенде, ол: «Олар намаздарды орындауды тоқтатпайынша - жоқ», - деп жауап берді. Муслим «Сахих», № 4800 хадис.

Сондай-ақ, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені жеткізіледі: «Өз әміршісінің қандай да бір (істерін) құптамайтын (адам) сабыр сақтасын және ешбір жағдайда оған бағынудан шықпасын...» Муслим «Сахих», № 7054 хадис.

Кез-келген адам үлкен және кіші бүліктер орын алған кезде Исламның жағдайы қандай болғандығы жайлы ой қозғаса, адамдар пайғамбардың насихаттарына құлақ аспағанын және өздері қайтаруға ұмтылған жамандыққа сабыр сақтамағанын, және бұл оларды баяғыдан да жаман нәрселерге әкеп соқтырғанын көреді». «И’ләм әл-маукаейн», 3/4.


шейх-уль-ислам Мұхаммед бин Абд әл-Уаххабтың,

Аллаһ оны рахымына бөлесін, сөздері
«Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен (бастаймын)!

Мұхаммед бин Абд әл-Уаххабтан осы жолдау жетіп баратын оның әрбір бауырына.

Сендерге Аллаһтың сәлемі, игілігі және берекесі болсын!

Сіздерде қазіргі кезде алдын бізде де орын алған нәрселер болуда, және де біреу тағы да осындай уақиғаларға тап болса, біз бауырларымызға мыналарды барынша түсініп алуға кеңес береміз. Істің арқауы мынада: діннің жақтаушыларынан болған кез-келген біреу жамандықты қайтару кезінде, өзінікі толығымен дұрыс болса да, кейде қателесіп, Аллаһ тағаланың: «Әй мүминдер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар да, мұсылман болған күйде ғана өліңдер. Түп-түгел Аллаһтың жібіне (дініне) жабысыңдар да, бөлінбеңдер. Сондай-ақ, өздеріңе Аллаһтың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, бір-біріңе дұшпан едіңдер, Ол жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен туысқа айналдыңдар. Отты бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, Ол сендерді одан құтқарды. Осылайша Аллаһ сендерге, тура жолға түсулерің үшін, аяттарын баян етеді» (Әли Имран сүресі, 102-103 - аяттар), - дегеніне қарамастан, осы мәселеге бауырларының арасын алалауға дейін апаратындай мән беріп жібереді.

Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деді:

«Расында, Аллаһ сендерге үш (нәрсені) қалайды: сендер Оған ғана құлшылық етулеріңді және ешкімді оған серік қоспауларыңды; Сендер Аллаһтың жібінен ұстанып бөлінбеулеріңді және Аллаһ өздеріңнен үстем етіп қойғандарға игі насихат берулеріңді». имам Малик «Әл-Мууатта», № 1864 хадис; имам Ахмад «Муснад», № 8134 хадис.

Ғалымдар былай дейді: «Жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтаратын адам үш нәрсеге мұқтаж: ол өзі шақырып жатқан нәрсесі және қайтарып жатқан нәрсесі туралы білуі керек; жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтаруда жұмсақтық көрсетуі және өзіне өзгелерден тиіп жатқан ренжітетін нәрселерге сабырлық таныта білуі қажет». Ал сендер осыны түсінуге деген ұмтылысқа және осыған іс жүзінде ілесуге мұқтажсындар, өйткені діннің жақтаушысы осыған іс жүзінде жеткіліксіз деңгейде ілескенде және бұл туралы түсінігі толық болмаған жағдайда, қателіктерге бой береді.

Бұдан тыс, ғалымдар мына жағдайға да нұсқайды: егер жамандықтан қайтару алауыздыққа алып келетін болса, онда оған жол берілмейді. Мен нұсқаған нәрсеге ілесуге және осыны түсінуге ұмтылуға сендерге Аллаһ көмектессін, ал егер сендер осыған ілеспесеңдер, сендердің қайтаруларың дінге зиянын тигізеді, ал мұсылман адам өзінің дін және дуние істерінде барлық нәрсені ретті етуге ұмтылады».

Шейх-уль-ислам Мұхаммед бин Абд әл-Уаххаб сондай-ақ былай деді:

«Бұл сөздер көп те емес, бірақ олар өзіне көп мағынаны қамтиды, сондықтан олар туралы ойланыңдар, олардың мән-мағынасына жетуге ұмтылыңдар және айтылғанға сәйкес амал істеңдер, және сендер осылай істесеңдер, онда бұл (осылай істегендерің) дінге көмегін тигізеді де, Аллаһтың қалауымен бәрі дұрыс болады.

Айтылғанның жалпы мағынасы мынада: егер де әмір, немесе өзге кез-келген адам, айыпталатын бір нәрсе істесе, оған жұмсақ және құпия түрде игі насихат беру керек, егер ол келіссе, барлық нәрсе жөнге келеді. Олай болмаған жағдайда, оған, өзімен жеке сөйлесіп кеңес берген кезде, оның кеңесін тыңдайтын адамды алып келу керек, егер де ол мұны да істемесе, онда оған ашық түрде сын айтуға болады.

Әмірлерден басқа барлық адамдарға қатысты да осылайша істеуге болады. Егер де әмірге игі кеңес берілсе, ал ол оны қабылдамаса, және оған басқа адамды алып келген кезде ол онымен де келіспесе, онда бұл жөнінде бізді құпия түрде хабарландыру керек.

Елдің әрбір тұрғыны бұл жолдауды көшіріп жазып алсын да, оның көшірмесін өзінде қалдырсын, ал Аллаһ бұл жөнінде жақсырақ біледі.» Ибн Ғәннәм «Тарих», 1/221.


Ғалымдар: Саъд бин Атиктің, Мұхаммед бин Ибрахимнің, Умар бин Салимнің, Мұхаммед бин Абд әл-Ләтифтің және Абдуллаһ әл-Анкаридің, Аллаһ оларға рақым етсін, айтқандары
Ислам келісімсіз діннің жоқтығына, имаматсыз25 келісімнің жоқтығына, мойынсынусыз имаматтың жоқтығына анық нұсқау береді, ал әмірдің биілігіне бағынудан шығу туралы айтар болсақ, онда бұл Аллаһтың құлдарының арасында бұзақылықтың таралуының және дұрыс жолдан ауытқудың негізгі себептерінің бірі болып табылады, ал Аллаһ Тағала былай деді: «Негізінен, Аллаһ сендерге аманаттарды өз иелеріне тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді. Расында, Аллаһ сендерге нендей жақсы уағыз береді. Шәксіз, Аллаһ, толық Естуші, тым Қырағы. Әй мүминдер, Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, пайғамбарға ұсыныңдар, егер сендер Аллаһқа, Ахирет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы - хайырлы да, нәтиже де - жақсы». (ән-Ниса сүресі, 58-59-аяттар)

Шейх-уль-ислам Ибн Тәймийә, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шариғат билігі туралы былай деді: «Ғалымдардың айтуынша жоғарыда келтірілген аяттардың біріншісінің әмірлерге қатысы бар, олар аманаттарды иелеріне қайтаруы және адамдар арасында билік жүргізуде әділетті болуы керек. Ал екінші аят жауынгерлерден және өзгелердің қатарынан болған биліктің қол астындағыларының барлығына қатысты, олар өздеріне барлық істерде басшылық ететін әмірлерге, олар Аллаһқа мойынсынбауға бұйырмаса, бағынуға тиісті. Егер олар Аллаһқа мойынсынбауға бұйырса, онда Жаратушыға қарсы шығып, жаратылғанға бағыбау керек. Егер бір нәрсе жайлы келіспеушіліктер туындаса, онымен Аллаһтың Кітабына және Оның Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне жүгініңдер, ал егер әмірлер осылай істемесе, онда оларға тек Аллаһтың әмірлеріне қайшы келмейтін нәрселерде ғана бағыну керек, өйткені осыда Аллаһқа және Оның Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, деген мойынсынушылық танылады және бұл, Кұран мен Сүннет бұйырғандай, олардың құқықтарының орындалуына мүмкіндік береді. Аллаһ Тағала былай дейді:



«Жақсылыққа, тақуалыққа бір біріңе жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа бір-біріңе жәрдемдеспеңдер...» (әл-Мәида сүресі, 2-аят).

Жоғарыдағы аят аманатты иелеріне қайтаруды және әділеттілікпен билік жасауды міндетті ететіндіктен, әділетті және жақсы билік жүргізудің мәні де осыларда». «Маджму’ әл-фатава», 28/246.

Убәдә бин әс-Самиттің, Аллаһ оған разы болсын былай дегені жеткізіледі: «(Кезінде) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізді өзіне шақырды, ал біз оған ант бердік, және өзге де нәрселердің қатарында ол бізден бізге жеңіл және ауыр болған кезде де, өзімізге заңды түрде тиісті болған нәрселерден айырған кезде де (оған) бағынатынымыз және құлшынысты болып, құлықсыздық танытпайтынымыз туралы ант беруімізді талап етті. Біз заңды әмірді билігінен құлатуға ұмтылмаймыз (деп ант бердік), ал Ол, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Тек қана (оның) айқын күпірлікке кіргенін көрмесеңдер, және бұл жөнінде сендерде Аллаһтан дәлелдер болса26», - деді. әл-Бухари «Сахих», № 7056 хадис; Муслим «Сахих», № 1709 хадис.

Абу Хурайрадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім (әмірге) бағынудан және жамағаттан бөлініп шықса, және сөйткен қалпында өлсе, онда ол жәхилиет дәуірінде өлген сияқты өлген болады27; кім өзінің надандығының итермелеуімен және өзінікі болғанға ғана соқыр әуестенгедіктен ызаланып соғысса28, немесе өзінікі болғанға ғана ілесуге шақырса, немесе өзінікі болғанды ғана қорғап өлсе, жәхилиет кезінде опат болған сияқты опат болады; ал кім менің үмметіме қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендерден сескенбей және өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай ізгілер мен пасықтарды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің - оған (еш қатысым жоқ)», - дегені жеткізілген. Муслим «Сахих», № 4848 хадис.

Myъаз бин Жәбәлдан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Әскери жорықтың екі түрі бар. Кім (әскери жорыққа) тек қана Аллаһ үшін қатысса, әмірге бағынса, ең қымбаттысын (Аллаһ үшін) жұмсаса және серігіне қатысты жұмсақтық танытса, өзінің ұйықтағаны үшін де, ояу сәттеріне де сауап алады. Ал кім мақтауға ие болу және өзгелерге көрсету үшін жорыққа қатысса , әмірге бағынбаса және жер бетінде бұзақылық таратса, мұндай (сауапты) ала алмай оралады». ән-Нәсәи «Сунан», № 3188 хадис; Абу Дауд «Сунан», №2515 хадис.

Ибн Умардан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «(Әрбір адам) әмірге бағынуы және оған ұнаған нәрседе де, ұнамаған нәрседе де құлақ асуы керек, тек ол (Аллаһқа) мойынсынбауға бұйырмаса ғана, өйткені (мұндай жағдайда)оған құлақ аспау да, бағынбау да керек болады», - дегені жеткізіледі. әл-Бухари «Сахих», №7144 хадис; Муслим «Сахих», № 1839 хадис.

Хузайфәның, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «(Бірде) Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Менен кейін менің жетекшілігіме ілеспейтін және менің Сүннетімді ұстанбайтын әмірлер пайда болады, және сендердің араларыңда адамның денесіндегі шайтан жүректі адамдар пайда болады», - деді. Мен: «О Аллаһтың Елшісі, осылар менің өмір сүруім кезінде орын алса, мен не істеуім керек?» - деп сұрадым. Ол: «Сен әмірді тыңдауың керек және оған бағынуың керек, тіпті ол сенің арқаңнан ұрса да және сенің мал-мүлкінді тартып алса да, тыңда және бағын!» - деп жауап берді. Муслим «Сахих», №1847 хадис.

Әл-Харис әл-Ашәриден, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздері жеткізіледі: «Мен сендерге Аллаһ маған (істеуге) бұйырған мына бес нәрсені (істеуді) бұйырамын: тыңдаңдар, бағыныңдар, джихад жүргізіңдер, хижрет жасаңдар және келісімді ұстаныңдар. Ақиқатында, кім келісімнен бір қарысқа кері кетсе, Исламға қарсы көтеріліске шыққан болады». имам Ахмад «Муснад», № 17344 хадис; әт-Тирмизи «Сунән», № 2863 хадис.

Шейх Абд әл-Ләтиф бин әш-Шейх Абд ар-Рахман, олардың екеуін де Аллаһ рақымына бөлесін, былай деді: «Кейбіреулер осы хадисте аталған бес нәрсені Исламның бес парызына29 қосты да, бұл бес парыз осылардың арқасында ғана тура және бекем тұра алады деп есептеді. Бұл келісім мен бағынудың жоқтығына негізделген жәхилиет дәуірінде болғандардан ерекшеленеді».

Шейх-уль-ислам Ибн Тәймийә, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шариғат билігі туралы былай деді: «Адамдардың істерін басқару ең маңызды діни міндеттердің бірі болып саналатынын білу қажет, тіпті осы ғана дін және дүние істерімен айналысуға мүмкіндік береді. Ақиқатында, адамдар бірлесіп қана игілікке қол жеткізе алады, өйткені олар бір біріне мұқтаж, ал біртұтастық басшыға мұқтаж».

Шейх-уль-ислам Ибн Тәймийә, Аллаһ оны рахымына бөлесін, сондай-ақ мынаны айтты: «Аллаһ Тағала жақсылыққа шақыру мен жамандықтан қайтаруды міндетті етті, алайда, күш-қуатсыз және биліксіз мұны іске асыру мүмкін емес. Бұл - Аллаһ тарапынан міндеттілік болып бекітілген басқа да істерге қатысты, мысалы: джихадқа; жұмысқа; қажылық жасауға; жұма және айт намаздарын орындауға; жәбір көргендерге көмек көрсетуге; немесе шариғат бекіткен жазаларды қолдануға; өйткені мұның барлығын тек күш пен биліктің көмегімен ғана іске асыруға болады. Міне, сондықтан біреу: «Әмір Аллаһтың жердегі көлеңкесі болып табылады», - депті. Ал басқа біреу: «Әділетсіз әмірдің алпыс жыл билік жүргізгені, бір күн әмірсіз болудан қайырлы», - депті, ал тәжірибе бұл сөздердің дұрыстығын дәлелдеуде. Міне, сондықтан біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдерінен болғандар, соның ішінде әл-Фудайл бин Ийәд, Ахмад бин Ханбәл және басқалар: «Егер бізде Аллаһ тарапынан қабыл болатын дұға жасау мүмкіндігіміз болғанда, біз Оған әмір үшін жалбарынар едік», - дейтін.

Шейх-уль-ислам Ибн Тәймийә, Аллаһ оны рахымына бөлесін, сондай-ақ былай деген: «Билікке діни міндеттілік және Аллаһқа жақындаудың құралы ретінде қарау керек, өйткені әмірдің Аллаһқа және Оның Елшісіне бағыну арқылы Аллаһқа жақындауға деген ынтасы жақындаудың ең жақсы құралдарына жатады, ал басшы болу және байлық үшін билікке ұмтылатын адамдар көп жағдайда бұзылады». «Маджму әл-фатава», 28/390

Ибн Раджаб: «Мұсылман әмірлеріне бағыну туралы айтар болсақ, ол бұл дүниеде бақытты өмір сүрудің кепілі болады. Оларға бағыну арқылы Аллаһтың құлдарының өмірлік мүдделері қамтамасыз етіледі, ал бұл оларға дінін ұстануға және Аллаһқа бағыныштылығын танытуға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Али ибн Абу Талиб, Аллаһ оған разы болсын, былай деген: «Ақиқатында, адамдардың істерін тек қана әмір ретке келтіре алады, ол ізгі салиқалы, немесе пасық болуна қарамастан. Егер әмір пасық болса, бұл иман келтірген адамға оның Раббысына құлшылық жасауға көмектеседі30, ал пасық (әмір) оның мерзімі жеткенше өз амалдары үшін күнәсінің ауырпалығын өзі көтереді».

Ал әл-Хасан әл-Басридің әмірлер туралы айтқан сөздері мынандай: «Олар біздің істеріміздің бесеуімен айналысады: жұма күнгі, жалпы және айт намаздарымен31; шекараларды қорғаумен және жаза қолданумен. Аллаһтың атымен ант етемін, тек олардың болуымен ғана діннің өмір сүруі сақталуда, тіпті олар адамдарға қысым жасап оларға әділетсіздік көрсетсе де! Аллаһтың атымен ант етемін, әмірлердің қолдарымен Аллаһ олардың өзі бұзғаннан көбек нәрселерді ретке келтіреді! Аллаһтың атымен ант етемін, оларға бағыну адамдарда ыза туғызса да, олардан бөлініп кету күпірліктің көрінісі болып табылады». «Жәмиъ әл-Улюм уа-ль-хикам», 2/117.

Ибн Муфлих өзінің «Әл-Адәб» кітабында Ханбәлдің былай дегенін жеткізеді: «Әл-Уасиқтың32 билік жүргізу тұсында факихтер33 Абу Абдуллаһтың34 алдына жиналды да, оған: «Іс қиындады және кең тарады35, сондықтан да біз оның басқаруы мен билігіне разы емеспіз», - деді. Оларды мұнысында қолдап, ол былай деді: «Сендерге мұндайды жүректеріңмен қайтару керек, алайда бағынудан шықпаңдар, мұсылмандар арасында іріткі таратпаңдар және істі сендердің де, өзге мұсылмандардың да қаны төгілуге дейін жеткізбеңдер, бірақ нәтиже қандай болуы туралы ойланыңдар және сабырлық танытыңдар, ізгі-салиқалы (адам) пасықтан тыныштық таппайынша». Және ол, сондай-ақ: «Бұл36 - дұрыс емес, бұл - хадисте көрсетілгендерге қайшы келеді», - деді». «Әл-адәб әш-шәрийә», 1/137.

Біз келтірген Құранның аяттары, пайғамбардың хадистері және ғалымдардың сөздері әмірге бағынудың міндетті екендігіне және оған қарсы шығуға және күрес жүргізуге тыйым салынғандығына, сондай-ақ адамдардың діни және дүниелік мүдделерін тек қана жоғары биліктің және келісімнің көмегімен қамтамасыз етуге болатындығына нұсқайды. Барлық айтылғанның мағынасын түсінген жағдайда, әмірге бағынудан бас тарту және оған қарсы бағытталған кез-келген әрекеттер, мейлі ол – соғыс жүргізу немесе басқа бір нәрсе болсын, күнә және Аллаһ пен Оның Елшісіне мойынсұнбау болып табылатыны және Сүннет пен келісімнің жақтаушыларының ұстанымына қайшы келетіндігі айқын болады.

Әмірлердің күнәлары жайлы және олар тарапынан жасалып жатқан, күпірліктің тартысуға келмейтін куәлігі болмайтын және оларды Исламның шекарасынан шығармайтын, (шариғатты) бұзушылықтар туралы айтар болсақ, онда шариғатқа сәйкес мұндай жағдайда оларға жұмсақ түрде игі насихат беру керек.

Бұдан тыс біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдерінен өнеге алу керек және кездесу-жиындарда және адамдар жиналған жерлерде әмірлерді балағаттап-жамандамау керек.

Ал егер біреу Аллаһтың құлдарына міндетті болып табылатын дұрыс емес нәрсеге сын мен сөгіс айту - осы нәрседе десе, онда мұндай пікір - үлкен қате және айқын надандықтың көрінісі болып табылады, ал осындай көзқарастарды ұстанатын адамға олар дін мен дүние істеріне қаншалықты опат әкелетіндігі беймәлім. Алайда, бұл жөнінде жүрегін Аллаһ нұрландырған және біздің бұрыңғы игі салиқалы буын өкілдері мен дініміздің имамдарына ілескедер анық хабардар.
шейх Абд әр-Рахмән бин Нәcиp әс-Саадидің,

Аллаһ оны рахымына бөлесін, сөздері
«Мұсылман әмірлері туралы және жалпы билік өкілдері туралы, жоғарғы билеушіден, әкімге дейін, және қазыдан бастап қандай да бір билікке ие болған біреуге дейін айтар болсақ, оларға, мәртебесіне сәйкес, ықылас таныту міндетті болып табылады, өйткені оларға, басқалармен салыстырғанда, маңыздырақ болған мәселелер және міндеттер жүктелген.

Бұл - әмірлердің билігін мойындауда, шариғат мақұлдаған нәрселерде оларға міндетті түрде бағынуда, оларға қарсы шығудан бас тартуда, билік қоластында болғандардан өзгелерді оларға бағынуға және олардың Аллаһ пен Оның Елшісінің бұйырғандарына қайшы келмейтін әмірлерін орындауға шақыруда, оларға игі насихат беру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануда және олар өздерінің лауазымына сәйкес өз қол астындағылары үшін не істеу керектігін түсіндіруде өз көрінісін табуы керек. Сондай-ақ, Аллаһтан Ол әмірлерді игілікке жеткізуін және оларға көмек беруін тілеу керек, өйткені олардың игілігі олардың қол астындағыларға да игілік болмақ, сол сияқты оларды қаралап-жамандаудан және олардың кемшіліктері туралы сөз таратудан аулақ болу керек, өйткені бұл ұлы зиян алып келеді.

Әмірлерге шынайы ықылас танытудың көрінісі болып сондай-ақ оларды дұрыс емес нәрселерді жасаудан ескерту де табылады, сондықтан да олардың тыйым салынған бір нәрсені істеп жатқанын көрген әрбір адам оларды бұл жөнінде жұмсақ және құпия түрде, осы адамдардың мәртебесіне сәйкес келетін және қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін сөздермен ескерту керек. Бұл әрбір адамға қатысты міндет болып табылады, әсіресе бұл әмірлер мен билік өкілдеріне қатысты, өйткені мұндай ескертулер көптеген игілік алып келеді және шыншылдық пен ықыластылықтың сипаты болып табылады». «Ар-Рийад ан-надира», сс. 49, 501.
шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың,

Аллаһ оны рахымына бөлесін, берген жауаптары
Сұрақ: «Құрметті шейх, «Кейбір әмірлердің ауыр күнәлар жасауы оларға қарсы шығып өзгерістерге қол жеткізуге оқталуды қажет етеді», - деп есептейтін адамдар бар, бірақ бұл сол елде өмір сүріп жатқан мұсылмандарға зиян тигізеді және оның салдарынан бүкіл ислам әлеміне қиындықтар келуі мүмкін. Сіз бұл жөнінде не ойлайсыз?»

Жауап: «Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен, әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ! Аллаһтың Елшісіне, оның отбасына, сахабаларына және оның басшылығының себебімен дұрыс жолға түскендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер. Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, пайғамбарға ұсыныңдар, егер сендер Аллаһқа, Ахирет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы - хайырлы да, нәтиже де - жақсы». (ән-Ниса сүресі, 59-аят)

Бұл аятта әмірлерге бағынудың міндетті екендігі туралы айтылуда, «әмірлер» деп билік иелері де, сондай-ақ білім иелері де айтылуда, ал Аллаһ Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахих хадистерінде шариғат мақұлдайтын нәрселерде оларға бағыну қажетті және міндетті болып табылатындығы нұсқалады.

Хадистер шариғат құптайтын нәрселерде бағыну туралы айтылып тұрғанын түсіндіреді. Сөйтіп, мұсылмандар әмірлерге (шариғат) мақұлдайтын нәрселерде бағынуы керек, бірақ күнәлі істерде емес, ал олар күнәлі істерге бұйырса, онда оларға бағынбау керек. Сонымен қоса, осы үшін оларға қарсы көтеріліске шығуға да рұқсат етілмейді, өйткені Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Егер адам өз әмірінің белгілі бір күнәлі іс істеп жатқанын көрсе, ол істеп жатқан сол күнәлі істі жек көрсін, бірақ ешбір жағдайда оған бағынудан шықпасын». имам Ахмәд «Муснәд», 6/24/28; Муслим «Сахих», № 1855 хадис.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай деді: ««Кім (әмірге) бағынудан және (мұсылман) жамағатынан бөлініп шықса, және сөйткен қалпында өлсе, онда ол жәхилиет дәуірінде өлген сияқты өлген болады имам Ахмәд «Муснәд», 2/296; Муслим «Сахих», №1847 хадис.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы да былай деген: «Адам (әмірге) құлақ асуы және оған ұнаған нәрседе де, ұнамаған нәрседе де бағынуы керек, тек оған күнәлі бір нәрсе істеу бұйырылмаса ғана, ал оған күнә істеу бұйырылса, ол тыңдамау да, бағынбау да керек». Муслим «Сахих», хадис №1839; ән-Нәсәи «Сунән» , 7/160.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінен кейін олардың кейбір істерін сахабалар мойындайтын, ал кейбір істерін теріске шығаратын әмірлер пайда болады деп айтқанда, олар: «Сен бізге не істеуді бұйырасың?» - деп сұрады, ал ол, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бұған: «Оларға (беруге) тиісті болғандарыңды беріңдер де, Аллаһтан өздеріңе хақтарың бойынша тиісті болған жайлы сұраңдар», - деп жауап берді. әл-Бухари «Сахих», № 7052 хадис; Муслим «Сахих», № 1843 хадис.

Убәдә бин әс-Самиттің, Аллаһ оған разы болсын былай дегені жеткізіледі: «(Кезінде) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізді өзіне шақырды, ал біз оған ант бердік, және өзге де нәрселердің қатарында ол бізден бізге жеңіл және ауыр болған кезде де, өзімізге заңды түрде тиісті болған нәрселерден айырған кезде де (оған) бағынатынымыз және құлшынысты болып құлықсыздық танытпайтынымыз туралы ант беруімізді талап етті. Біз заңды әмірді билігінен құлатуға ұмтылмаймыз (деп ант бердік), ал Ол, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Тек қана (оның) айқын күпірлікке кіргенін көрмесеңдер, бұл жөнінде сендерде Аллаһтан дәлелдер болса37», - деді. әл-Бухари «Сахих», № 7056 хадис; Муслим «Сахих», № 1709 хадис.

Осыдан мыналар келіп шығады: биліктің қол астындағыларға әмірлермен егеске түсуге де, оларға қарсы көтеріліске шығуға да болмайды, тек қана олар әмірдің айқын күпірлікке кіргенін көрмесе және бұл жөнінде оларда айқын дәлелдер болса ғана. Бұндай тыйым, әмірге қарсы шығу үлкен қасіреттерге, қоғамдық қауіпсіздіктің бұзылуына және адамдардың құқықтарының шектелуіне әкеп соқтыруы мүмкіндігімен, бірақ жәбір көрсетушіні тоқтатуға және жәбір шегушілерге көмек көрсетуге кепілдік бермейтіндігімен ғана түсіндіріліледі.Бұл - мұсылмандар әмірдің анық күпірлікке кіргенін көріп және бұл жөнінде оларда айқын дәлел болған жағдайда ғана - рұқсат етіледі. Сонда ғана олар мұндай әмірге қарсы көтеріліске шығуларына болады, егер олардың күш-қуаты бұған жетсе; кері жағдайда қарсы шығуға болмайды, өйткені бұл оларға көбірек зиян әкеледі. Шариғаттың барша мойындаған ережелерінің біріне сәйкес жамандықты одан да асқан жамандықпен тоқтатуға (жоюға) болмайды, жамандықты оны жоятын нәрсемен, немесе жеңілдік әкелетін нәрсемен ғана тойтару керек.

Осы ережеге сүйеніп, мынаны айтуға болады: егер адамдардың бір тобы, қажетті мүмкіндіктері бола тұра, күпірлікке айғақ болатын амалдар жасап жатқан әмірді орнынан алып, оның орнына ізгі және салиқалы әмірді тағайындауды қаласа және бұл (әрекет) мұсылмандарға зиян тигізбесе және бұрыңғы әмірден де асқан жамандыққа айналмаса, онда көтеріліске шығуға болады.

Ал егер көтеріліс зиян келтірсе және қоғамдық тәртіптің бұзылуына, жазықсыз адамдардың езгіге түсуіне және өлтірілуіне, сондай-ақ өзге де ұлы апаттарға әкеп соқса, онда бұған рұқсат етілмейді. Бұндай жағдаяттарда сабырлық танытып, әмірге шариғат тарапынан мақұлданатын нәрселерде бағыну керек, билік өкілдеріне игі кеңестер беріп, Аллаһқа олар үшін жалбарыну керек, сондай-ақ жамандықтың азаюы және жақсылықтың көбеюі үшін бар күш-жігерді сарп ету керек. Ал осы - жүруге тиісті болған дұрыс жол болып табылады, өйткені мұндай әрекеттер барлық мұсылмандардың пайдасына қызмет атқарады, жамандықты азайтып жақсылықты арттыруға мүмкіндік береді, Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға ықпал етеді және мұсылмандарды бұдан да үлкен жамандықтардан сақтап қалады, ал біз Аллаһтан баршаға көмектесуін және тура жол сілтеуін тілейміз.


Сұрақ: «Құрметті шейх, сіз атаған нәрселер сүннет пен келісімнің жақтаушыларының негізгі ұстындарының бірі болып табылатынын біз білеміз. Алайда, өкінішке орай, кейбір жастар бұндай идеяларды ұтылушылардың идеялары деп түсініп, оларда қорқақтықтың белгілерін көреді. Міне сол үшін олар өзгерістерді іске асыру үшін зорлық қолдануға шақырады».

Жауап: «Мұндай сөздерді айтып жүрген адамдар қателеседі және олардың түсінігі жетіспейді, өйткені олар Сүннетті түсінбейді және оны лайықты кейіпінде білмейді. Қызбалаңдығы пен құштарлы құлшыныстары оларды дұрыс болмаған нәрселерді жоюға итермелейді, осы үшін олар хауариждер мен муътәзиләлар сияқты шариғатқа қарама-қайшы шығуға тура келетіндігіне қарамастан.

Ақиқатқа көмектесуге деген қалауы, немесе діндегі ерекше құлшынысы оларды жалғанға әкелді, соның салдарынан олар мұсылмандарды істеген күнәлары үшін күпірлікте айыптай бастады, немесе күнә істегені үшін адамдар Тозақта мәңгі қалады деп айтатын болды, бұның мысалы ретінде муътәзиләлардың тұжырымдамаларын келтіруге болады.

Хауариждер күнәһарларды күпірлікте айыптап, олар отта мәңгі қалады деп тұжырымдады. Муътәзиләлар олардың күнәһарлар отта мәңгі қалады деген тұжырымдамасымен келісті, бірақ бұл дүниеде күнә жасаушылар кәпірлердің де, иман келтіргендердің де қатарында емес, үшінші басқа бір екеуінің арасындағы кейіпте болады деп айтты, алайда бұл тұжырымдардың барлығы да адасу болып табылады.

Сүннет пен жамағаттың жақтаушылары күнә жасаушыны оның жасаған күнәсі үшін, егер ол осындай күнәны жасауға болады деп санамаса, күпірлікте айыптауға болмайды деп есептейді. Мысалы, зина жасаушы да, ұрлық жасаған да, арақ ішуші де кәпір болып табылмайды, бірақ олардың әрқайсысы иманы әлсіз болған күнәһар және пасық болып табылады. Мұндай адамға шариғат бекіткен жазаны қолдану керек, бірақ оны күпірлікте айыптауға болмайды, тек ол өзі жасаған күнәсін рұқсат етілген деп есептемесе және «бұл рұқсат етілген» деп айтпаса.

Хауариждердің, адамдарды күпірлікте айыптаулары негізсіз болғандай, бұл жөніндегі тұжырымдары да негізсіз болып табылады. Міне сол үшін мұндай адамдар жөнінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ақиқатында, (алғашында) олар Исламнан ауытқып кетеді де, кейін оған қайта оралмайды», - деген. Муслим «Сахих», №1067 хадис; Ибн Мәжәһ «Сунан», 1/170.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай деді: «Олар мұсылмандармен соғысып, пұтқа табынушыларды тастап қояды». әл-Бухари «Сахих», №3344 хадис; Муслим «Сахих», №1064 хадис, Абу Дауд «Сунан», №4764 хадис; ан-Насаи «Сунан», 5/87.

Өздерінің соқыр сенімдерінің, надандығының және адасушылығының салдарынан хауариждер осындай жағдайға түсті. Ал жас және ересек адамдарға келер болсақ, олар хауариждер мен муътәзиләларға еліктемеуі керек. Керісінше, олар Сүннет пен келісімнің жақтаушыларының жолымен жүріп, шариғаттың нұсқауларын басшылыққа алып, аят пен хадистерде айтылғандарға еруі керек. Бұл дегеніміз: олар әмірге оның істеген күнәсы немесе күнәлары үшін қарсы шықпаулары керек, жоқ, олар өздерінің мақсатына жетпейінше және жамандық азайып немесе жойылып кетпейінше, ал жақсылық көбеймейінше, жақсы және дана әдістерді қолданып және ең күшті дәлелдерді келтіріп, оған игі кеңестер беруі керек, оған хат жазып онымен сөйлесуі керек.

Бұл жөнінде хадистерде айтылады, ал Аллаһ тағала былай деп айтады: «Сен оларға Алланың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді». (Әли Имран сүресі, 159-аят)

Сонымен, тура жолға шақырушылар шариғаттың шеңберінен шықпауы керек және жақсы сөздерді, даналық пен сәйкес келетін әдістерді пайдаланып, Аллаһ билікке жеткізген адамдарға игі кеңестер беруі қажет. Және олар, жақсылық көп болып, жамандық азаймайынша; өз шақыруларында зорлықты емес, ең жақсы әдістерді қолданатын, әмірлерге игі кеңестер беретін және оңашада Аллаһтан оларды тура жолға бағыттауын, игілікке жетуін, күнәлардан бас тартуын және ақиқатты ұстануын жалбарынып тілейтін Аллаһқа шақырушылардың саны көбеймейінше, осыйлайша істеуі керек.

Және олар Аллаһтан Аллаһ ісі үшін құлшыныс танытып жатқан өздерінің бауырларына да осыны тілеуі керек, олар зорлықты емес, ең жақсы нәрселерді пайдаланып, Аллаһ жолына шақырумен белсеңді айналысулары үшін, оларға үгіт-насихат беруі қажет. Осылардың себептерімен жақсылық көбее түседі, ал жамандық азаяды, Аллаһ әмірлерге игілікке апаратын жол көрсетеді және барлығы да ең жақсы нәрселерге қол жеткізеді».

Сұрақ: «Белгілі бір топтың әмірге қарсы шығуға қажетті болған шариғи негіздемелері жеткілікті делік, бірақ сол (негіздемелер) әмірдің көмекшілерін және де үкімет органдарында жұмыс істейтін адамдарды, мысалы полицияшыларды, қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін және өзге де адамдарды өлтіріп жоюды ақтайды ма?»

Жауап: «Алдын мен әмірге қарсы шығуға тек екі шарт болған кезде ғана жол беруге болады деп айтып өткен болатынмын: олардың бірі – әмір тарапынан айқын күпірлік танытылса және көтерілісшілер ол жөнінде Аллаһтан түскен дәлелдерге ие болса; ал екіншісі – әмірді орнынан жағдайды қиындатуға әкелмейтіндей етіп ығыстыру мүмкіндігінің болуы.

Сұрақ: «Кейбір жастар мұсылман мемлекеттерінде өмір сүріп жатқан немесе сапармен келген мұсылман еместермен шариғатқа сәйкес қатал қарым-қатынас жасау керек есептейді, сондықтан егер мұсылман еместердің құлықтарында ұнамсыз нәрсе көрсе, оларды өлтіруді және тонауды өзіне рұқсат етіп жүргендер де жоқ емес».

Жауап: «Елге кіруіне мемлекет рұқсат берген күнәһарлар мен мұсылман еместерді өлтіру, сондай-ақ оларға қарсы зорлық акцияларын жасау рұқсат етілмейді, ал қандай да бір келеңсіздіктер туындаған жағдайда, оларды сот органдарына тапсыру керек, өйткені тек шариғат соты ғана мұндай мәселелерді қараумен айналыса алады38».

Сұрақ: «Егер елде шариғат соттары болмаса, не істеу керек?»

Жауап: «Егер елде шариғат соттары болмаса, онда әмірлерге, олар шариғат нормаларының негізінде сот жүргізе бастағанға дейін, жақсы кеңестер беру, оларды игілікке бағыттау және олармен ынтымақтастықта болу ғана қалады, ал өз қалауымен жүгенсіз сот жүргізуге жол берілмейді. Әмірлермен ынтымақтастықта болып, ең жақсы құралдарды қолдану арқылы оларды сот үкімдерін шариғат бойынша шығаруға ынталандыру керек. Міндетті түрде ең жақсы дәлелдердің көмегімен ғана насихат беру керек және игілікке бағыттап, жамандықтан қайтару керек, ал Аллаһ Тағала былай деді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет