Қатысушылар: Тілеу қарт Күдері



бет1/5
Дата08.04.2024
өлшемі24.94 Kb.
#497899
  1   2   3   4   5

Ә.Кекілбаевтың «Бір шоқ жиде» повесі бойынша сахналық қойылым сценариі
Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімдері: Мухашева Айсулу, Хасанова Инжу
Қатысушылар:

  1. Тілеу қарт

  2. Күдері

  3. Зейнеп (Тілеу қарттың кемпірі)

  4. Тұяқ (Тілеу қарттың баласы)

1-көрініс:
(Тілеудің үйі. Көрігін тықылдатып отырады. Жерге түскен шөп-шөңгені Тілеу қарт шымшуырмен шаян көргендей қысып алып, көріктің астындағы қызыл шоққа салып жібереді. Күдері есікті серпе ашып, кіріп келеді, сәлем жоқ, сауқат жоқ состиып:)
Күдері:

  • Тықытпай тасташы әрі. Басың қайтіп ауырмайды?! Күні бойы тықылдатасың да отырасың. Сен-ақ шаршамайды екенсің. (Аршындай басып төрге шығады. Кебісін сосын барып шешеді. Тілекең қолындағы шымшуырмен құрдасының аяқ киімін бір-бірлеп қысып алып босағаға жітіреді. Қонақ төрге отырар - отырмаста қалтасынан шақша суырады. Алақанына бір уыс насыбай төгеді. Өндіршегін әнтек созып, қолындағы қара барқын ұнтақты аузына лақ еткізіп құя салады. Тілеу қарт балғасына қарап, басын шайқап, бір мырс етеді, қасындағы тайпақ жез шылапшынды құрдасының алдына қарай сырғытады. Күдерінің шылапшында шаруасы шамалы. Астындағы алашаның бір жақ бұрышын көтеріп, шырт-шырт түкіріп, жантая кетеді. Аузындағы насыбайы сорыққанша үндемейді. Біраздан соң барып, шырыны кеткен көкжентекті табалдырыққа жеткізе бір-ақ ытқытып, шалқалай құлайды. Иығындағы шапанымен бетін тас бүркеніп алады да, сәлден кейін шаңқ ете қалады.)

Күдері:

  • Ау, меңіреу-ау, ең болмаса, ауыл-үйдің амандығын сұрамайсың ба? (Зергер тағы бір мырс етеді)



Күдері:

  • Ішің жарылып келгенде, бұл құлағыңды ұрайын ең болмаса, ернін қимылдатпайды-ау. Ау, меңіреу, шешең саған талғағанда, құдай біледі, сақау біреудің сарқытын жеген. (Күміске тиген ағаш балғаның тықылынан басқа үн жоқ. Күдері шыдай алмай құрдасы жақ жамбасына аударылады. )

Күдері:

  • Әй, сен біздің қатынды білесің ғой. (Зергердің қияқ мұрты жыбыр ете қалды.)

  • Оның оң жаққа түскен соң, төрт жыл жүріп барып көтерген баласы Төрткілбайды да білетін шығарсың. (Тілеу басын шайқайды.)

Күдері:

  • Оның, ең болмаса, бала қорқытатын ызғары бар-тұғын. Ортаншым Алшынбекті білетін бе едің? (Зергер құрдасына қырын бұрылып отырады. Үн жоқ)

Күдері:

  • Әне, өзіме тартқан, айналайын, сол еді ғой. Үй түгілі ел ұстайтын алтын азаматым еді ғой, балалар айтып келетін. Мына Тасқараның Төкені есеп шығарғанда, содан көшіріп алады деп. Сөйткен майқұлақ Төкен бүгінде совхоз директоры. Сол үйдегі келін әлгі әртіс қыздар көйлек қылып киетін жылытырақ матадан балағын салаңдатып, іш киім тігіп апты дейді. Төкен екеш Төкенге дейін совхоз билегенде, Алшынбекжаным дүркіретіп ауданды билеп отырмас па еді?! Бірақ жақсы құдайға да керек. Оны маңдайымызға сыйғызды ма?! (Зергер тағы мырс етеді. Күдері шапанының астынан басын көтеріп, құрдасына ала көзімен қарап, теріс аунап түседі, көпке дейін тым-тырыс жатады. Тық-тық балға дауысы. Күдері бір сарынды тықыл жүйкесіне тигендей орнынан атып тұрады. Зергердің қасында жатқан шымшуырды ап, босағадағы екі кебісті өзіне қарай тартады. Мәсінің сыртынан сұға сап, қалтасынан тағы да шақшасын алады. Тағы да аузына насыбай салады. Тағы да зергер жаққа көз тастайды. Сосын зірк еткізіп бір түкіреді. Орнынан шиыршық ата ұшып тұрып, киіз үйдің есігін тарс ұрып шығып кетеді. Тілеу сонда барып басын көтереді. Төрге қарайды. Құрдасының орнында қалған шөп-шөңге, жіптің сабағы болса, шымшуырмен іліп алып, отқа ытқытады).


Тілеу:

  • Е-е-ее, соғыс та басылды. Аман қалған ер – азаматтың бәрі елге қайтты. Жалғыз Тілепалдыжаннан еш хабар жоқ. Күлте сақал Күдеріге айтқызсам: Алтынбекжан екеуі оқуға келгенде, судай ағады. Сүйегі асыл кісіні орыс танымаушы ма еді?! Ол жақта еті пысық, көзі ашық жігіттерді алып қалып, ауылға келіп жатқандар кілең қолдарынан ештеңе келмейтіндер депті ғой мұртты шалдың өзі... Осы жерге күнде келіп бірдеңе айтып кететін құрдасым Күдері бәленің де білмейтіні жоқ-ай... Солай болса, солай-ақ болсын. Бірақ осыншама ақылымен төрт жыл қан кешіп, аман қалған боздақтарды екі көзі төрт боп отырған ата-аналарына ең болмаса, бір көрсетіп алу керек екенін неғып білмейді?!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет