169
тарихшы және философ. Туған жері – қазіргі Шығыс Қазақстан облысының
Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктері. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді
Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған.
Әкесі Құдайберді оның 6 жасында қайтыс болды. Шәкәрімді Абай өз
қамқорлығына алған. Арнайы оқу орындарын бітірмесе де Абайдың
басшылығымен және өз бетінше іздену нәтижесінде Шәкәрім поэзиямен қатар
тарихи,
философиялық шығармалар жазып, әдебиет пен ғылымға мол үлес
қосты. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгерген ғалым сол
халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан қазыналарына еркін бойлап, озық
үлгілерін қазақшаға аударып, халқының игілігіне айналдырды. Аудармамен
бірге өзі де сүбелі еңбектер жазып, бар өмірін ғылым мен білімге сарп етті.
Ресей империясы шегіндегі барлық ұлт өкілдері үлкен үімт артқан 1905
жылғы алғашқы орыс төңкерісінің жеңіліске ұшырауы Шәкәрім санасына,
оның өмірге, қоғамдық қызметке көзқарасына ерекше әсер етті. Шәкәрім
тіршілік, тағдыр туралы сауалдарына жауап іздеді. Оқу, іздену аймағын кеңейте
түседі.
Дінтану емес, жер көру мақсатында қажыға барып қайтады. Бұл сапар
оның ой-өрісін кеңейтеді, ақын қазақ халқы дін қуған мұсылманшылдық жолын
емес, ғалым білім қуған еуропа халықтарының жолын таңдау керек деген ойға
беки түседі. Осы кезде өзі көптен әуестеніп жүрген толстойшылдық идеясына
біржола берілген ақын өмірден баз кешіп, жұрттан аулақтады да, Шыңғыстың
күнгей сыртындағы Шақпақ дейтін жерде таза әдеби қызметпен ғана
айналысып, қысы-жазы жападан жалғыз жатты.
Шәкәрім даланың ауызша тарих айту дәстүрінде көптеген мәліметтер
жинақтап, нәтижесінде «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» атты
еңбегін жазды. Еңбекте келтірілген мағлұматтардың құндылығы сонда оларды
күні бүгінге дейін тарихшы, шежірешілер пайдаланып, сілтеме беріп, өздерінің
зерттеулеріне арқау етеді.
Шәкәрімнің аталған еңбегі 1911 жылы Орынбор қаласында басылып
шыққан. Шәкәрім шежіресіне арқау болған ой желісі – халқымыздың ғасырлар
бойы ауызша айтылып келе жатқан аңыз-әңгімелері, батыс, шығыс
ойшылдарының, тарихшыларының еңбектері.
Шәкәрім Құдайбердіұлы бұл
еңбегінде түркі елдерінің ата-тегін әңгімелей отырып, қазақ халқының
шежіресіне кеңінен тоқталып, тарих түкпірінен ой екшейді. Шәкәрімнің бұл
еңбегінің ерекшелігі сол – шығарма өзіне дейін халқымыздың ата-тегі жайлы
ауызша айтылып келген шежірелерді бір жүйеге түсіріп, хронологиялық
тәртіппен арнайы түрде баяндап берген. Ш.Құдайбердіұлы
ежелгі дәуірдегі
үйсін тайпаларынан бастап, оның бер жағындағы түркілер туралы қытай
деректеріне сүйене отырып жазған. Сол түркі тайпаларының тарихы жайында
айтылар тұста қазақты құраған ру-тайпаларға тоқталған. «Қытай жазушысы Си-
иуэн-Шауу-ми-ши сөзінше, Шыңғыс ханнан 850 жылдай бұрын қара қытай мен
шүршіт билеп тұрғандағы Моғолстан жұртының тұрған тұрағы мынау: оңтұс
күншығысында Татаби, яғни Ониют, оның сол жағында татар, оның сол тұс һәм
күнбатысында Керейт, Жалайыр, мұңғұл, онан Керулен де оның солтұсында
меркит және Қосакөл менен Таннуолада Ойрат һәм Тува және әр түрлі тоғайлы
170
атанғандар. Енисейде қырғызбенен оған қараған ұсақ ел бар. Оның
күнбатысында Телес бар еді» - деген мәліметі осының дәлелі. Шежіреші ғалым
осы еңбегінде қазақтың шығу тегі туралы егжей-тегжейлі айтып өткен. «... Сол
ұйғырдан қырғыз, қаңылы, қыпшақ, арғынут, найман, керейт, дулат, үйсін
деген таптар шығып, солардың нәсілінен шыққанбыз. Ақырында Шыңғыс хан
татам татар мағолды алып, төрт
баласына ел бөліп бергенде, үлкен баласы
Жошыменен онан кіші баласы Шағатайға татар атанған елдерді бергенде,
соның ішінде татар атанып және Жошыға тигені; Жошы ұлысы, Шағатайға
тигені, Шағатай ұлысы атанған, онан кейін
біздің Жошы ұлысындағы
аталарымыз Жошы нәсілінен Өзбек хан мұсылман болғанда, барша Жошы
ұлысы өзбек атанып, онан кейін Әз Жәнібек ханға еріп, Ноғай ханнан
бөлінгенде қырғыз, қазақ атанған елміз, ол кезде ол атпен атанған ел, жалғыз
ғана біздің үш жүздегі қазақ емес, көп ел еді. Оның көбі отырықты өмірге кіріп,
әр жерге барып бірталайы ноғай, башқұрт атанып, бірталайы өзбек, сарт атанып
кеткен. Ақырында қазақ деген ат бізде қалған». Шәкәрім қазақ этногенезін ғұн,
үйсін, қаңлы дәуірінен бастап, Әбілхайыр хандығымен аяқтаған. Қазақ
хандығының құрылуына байланысты бұл ұзақ әрі күрделі үдерістің
аяқталғандығын Ш.Құдайбердіұлы қарапайым сөздермен жеткізген. Өзінің
шежіресінде Ш.Құдайбердіұлы қазақтың үш жүзіне жеке-жеке тоқталып,
олардағы тайпаларды атап өткен. Жүздердің рулық-тайпалық құрамы туралы өз
ой-тұжырымдарын түйіндеуде Шәкәрім Н.А. Аристов, М.Тынышбаев,
Рашид-
ад-Дин, Әбілғазы, А.Левшин, Березин, Маевский тәрізді ғалымдардың
зерттеулері мен шежірелеріне, солардың көзқарастарына сүйенген. 73 жастағы
қарт ойшылды большевиктердің жендеттері 1931 жылы атып өлтіріп, денесін
құдыққа тастаған.
Достарыңызбен бөлісу: