Мусина Айнұр Асхатқызы



Дата11.12.2023
өлшемі18.37 Kb.
#486141
МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ


Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Баяндама

Тақырыбы: МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ


Тексерген:Мусина Айнұр Асхатқызы
Орындаған:Жақсылықова Жанар
( 6В01301,2 курс студенті)

Атырау 2023 жыл


Бүгінгі бастауыш мектеп басшысының көшбасшылық сапалары оның педагогикалық тәжірибесі, адамдарды ынталандыруы, ұжымды дамытуды жоспарлай алуы, басқару шешімдерін қабылдауға қабілеттілігі сияқты кәсіби құзіретіліктерінен тұрады. Менеджмент теориясы мен тәжірибесі туралы зерттеулерде қазіргі заманғы ұйымдарды тиімді басқаруға қажетті сапалар мен дағдылар терең талданған. Олар бүгінгі қоғамда, ұйымдар мен мекемелерде болып жатқан күрделі өзгерістерге басшыларға аса қажетті сапалар мен қабілеттіктерге, дағдыларға назар аударады. Менеджербасшылар қызметінің төрт негізгі түрі айқындалған: коммуникативтік қарым - қатынас (өзара араласу, ақпарат алмасу, есеп беру, кеңселік қызметтер, т.б.); дәстүрлі менеджмент (жоспарлау, шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, тағы басқалар); адам ресурстарын басқару (мотивация, қолдау, келіспеушіліктердің алдын алу, кадрлармен жұмыс, персоналды дамыту); байланыстар орнату (әлеуметтік- саяси байланыстар және басқалармен қарым – қатынастар орнату) . Бастауыш мектеп әкімшілік тарапынан болатын бақылаулар мұндай арнаулы тексерулер жоғарғы орындардан келген бұйрықтарға, нұсқауларға байланысты жүргізіледі. Максаты-пән бойынша оқушылардың білім сапасын тексеру, мұғалімнің жұмысындағы ғылыми және әдістемелік сипаттағы істердің дұрыс бағытта жургізілу дәрежесін анықтау. Бастауыш мектеп мұғалімінің біліктілігін анықтау үшін жүргізілетін бақылаулар оқыту мен тәрбиелеудің соңғы ғылыми жаңалықтары туралы мұғалімнің не білетіндіігін анықтау мақсатында жүргізілетін сауалнамалар мен сұраныстар. Бұл жұмыс түрі мектеп ішінде немесе білім бөлімдері, біліктілікті арттыру институттары тарапынан да жүргізілуі мүмкін.Ондағы жұмыс түрлері: мұғалімнің сабақтарына қатысу баяндамаларын тындау, шығармашылық есептерін тыңдау, педагогикалык оқуларға дайындаған материалдарын талдау, ғылыми жұмыс жобаларымен танысу бұрынғы жасаған еңбектерімен танысу т.б.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің деңгейін тексеру. Аталған тексеру мұғалімнің жұмысына баға беруді көздейді. Бастауыш мектеп мұғалімінің күнделікті іс-әрекеті бала, әріптестері ата-аналар мен жұртшылықтың алдында өтіп жатады. Ұстаздың шығармашылың есебі жүріп жаткан кезде олардың пікірлері есепке алынып, мұғалімнің еңбегіне жан-жакты баға берілуі тиіс.Осы баға ұстаздың кәсіби қалыптасуының бағасы болып табылады.
2. Өзара бакылаулар Бастауыш мектептегі басқарушылық қызмет мұғалімінің өсу деңгейі оның теориялык, іскерлік дайындығымен өлшенеді. Оны есепке алу үшін әдіскерлер, мектеп басшыларының орынбасарлары, әріптестері бакылау жасап зерттейді. Арнаулы дәптер бастап мұғалімнің жұмыс барысындағы жетістіктерін, кемшіліктерін, дамуын, шығармашылық касиеттерін тіркеп, осы жолда жеткен жетістіктеріне қорытынды жасап, оны мұғалімнің өзіне хабарлап отырады. Мектеп басшылары тарапынан болатын осындай ұсыныстардың жүйелі негізді болуы бастауыш мектеп мұғалімінің ісәрекетінің сапалы болуына әсерін тигізеді.
3. Ұстаздың өзін-өзі бакылауы. Мұғалімнің өзін-өзі бақылауының мазмұны өз шеберлігін ұштауға бағытталады. Мұнда әрқашан өзіне сын көзбен қарай білу, өзін-өзі тексеру, сынау, өзгемен салыстыра білу, біреудің өзіңде жоқ касиетін қабылдай алу. т.б. сияқты моральдық-этикалық касиеттер басым болуы кажет. Бұлпсихологиялық жағынан алып қарағанда, бақылаудың ең қиын түрі.Ұстаздың өзін-өзі бақылауының жолдарына теориялық дайыңдық дәрежесі. Өз пәні бойынша жеткілікті білім дәрежесі бола тұра, осы ілімге қосылган жетістіктерді. оның қолданылуы аясын жете білуі керек. Сонымен қатар оқу-әдістемелік әдебиеттерді оқып, талдау және оны өз жұмысыңда басшылыққа ала білуі әдісін жетілдіру. Тәжірибеде әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, кажеттісін сұрыптап ала білу және окыту. Тәрбиелеу жұмысында өз жолын тауып, зерттеу, шығармашылықпен жұмыс жасау. Бастауыш мектептегі педагогикалық менеджментте білім беру сапасын баскару. Білім сапасы- білім түрлерінің (заңдар, теориялар, қолданбалы, әдіснамалық, бағалау білімдері) білім мазмұны элементтерімен және меңгеру деңгейлерінің арақатынасы. Әрбір-білім оны қолдану тәсілімен потенциалды түрде байланысқандықтан ол шығармашылық процеске қатсып қандай да бір маңызға ие болғандықтан мұндай арақатынасты белгілеу қажет. Білім сапасы адамның білімді меңгеруімен түрлі іс-әрекетте қолданудың көп жақты талдауы нәтижесінде айқындалады және толықтық, тереңдік, жүйелілік, шапшандық, икемділік, нақтылық, түйіндеу сипатына ие болады. Сол сияқты ол түйінделу және өрістелу, сапалылық және беріктігімен сипатталады.Білімнің барлық сапасы өзара байланысты және өзінше дербес, себебі бірін-бірі алмастырмайды. Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени жаңғыруы ұжымдық, қоғамдық, мемлекеттіктен жекелік, идеялық, жеке тұлғаның белсенділігі, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі реттеуге ауысуда. Сондай-ақ қоғамда орын алып отырған түрлі әлеуметтік құбылыстар, мәселелер оны шешуге қабілетті, қоғамдағы өзгерістерге қарамастан шығармашылықпен шешім қабылдайтын, идеялы көшбасшыларды талап етуде. Демокартиялық принциптер негізінде дамушы қоғамда көшбасшылық қоғамдық дамудың, әлеуметтік прогрестің тиімді құралына айналып отыр. Көшбасшылық қажеттілігі қоғамның барлық саласында орын алуда, соның бірі білім беру саласындағы көшбасшылық. Жалпы білім беру мазмұнындағы жаңарулар мұғалімдер мен білім алушылардан көшбасшылық сапаларды қажет етуде. Қазіргі жағдайда бастауыш мектепте білім беру жүйесін басқарудың көшбасшылары жеке дамудың жоғары деңгейі мен ұйымдастыру қабілетіне ие болып қана емес, жаңа идеяларды ойлап табу, жаңа технологияларды жасап шығару, педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға жаңаша келу, ішкі мүмкіндіктерді ашу, адамдарға өзін дамытуларына ықпал ету, бағыттау қабілетіне де ие болуы тиіс. Білім беруді басқару саласының менеджерінің көшбасшылық құзыреттіліктері мен когнитивті құзыреттіліктер басқару саласында білім беру мекемесінің дамуы жайлы білім мен дағдыларды қамтиды. Қызмет құзыреттілігі жаңашылдықты тәжірибелік қызметте қолдану жайлы білім мен дағдыларды қамтиды. Әлеуметтік құзыреттілік- білім беру мекемесін басқаруға қатыстылық ұстанымын жүзеге асырумен білім беру мекемесінің ашықтығы жайлы білім мен дағдыларды қамтиды. Интербелсенді құзыреттіліктер білім беру қызметі саласы субьектілерінің өзара іс қимылын ұйымдастыруда білім мен дағдыларды қамтиды. Зерттеушілер құзыреттіліктің көп деңгейлі иерархиялық моделін: интегративті құзыреттілік, эмоционалды, перцептивті, концептуалды, мінезқұлық құзыреттілік деңгейлерін ұсынады. Білім беру саласы менеджерінің көшбасшылық сапаларына: өзіне деген сенім; эмоционалды тұрақтылық; өзін-өзі ұстай алу; өзін басқару; стреске қарсы тұра білу; басымдылық таныту; қызметкерлерге ықпал ете алу; шығармашылық , мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешу, шешуде жауапкершілікті мойнына алу, тәуелсіз болуды жатқызуға болады. Жоғары зияткерлік сапалардың когнитивті құзыреттілік "білу" қызмет құзыреттілігі "жасау" әлеуметтік құзыреттілік "біріктіру" интербелсенді құзыреттілік "өзара әрекеттесу"; мақсатқа жетуге тырысушылық; тәуекелдерге бара алу қабілеті; тапсырмаларды орындаудағы жауапкершілігі, сенімділігі, шыншылдығы, уәдеде тұра алу; жағдайларға байланысты мінез-құлқын өзгерте алуға икемді болу; қарым-қатынасқа тез түсе алу, көпшілдігі; инновациялық үрдістердегі белсенділігі; педагогикалық үрдіске қатысушыларды көшбасшылыққа бастай алу қабілеті; өз қызметінің қоғамдық мәнін түсіну жатады. Әлемдік менеджмент теориясы басқарудағы көшбасшылық арқылы адам ресурстарын дамыту мәселесіне көп көңіл бөлуде. Бұл ХХ ғасырдың аяғына қарай қоғамның экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамуындағы өзгерістерге сай менеджменттің дамуына байланысты. Мемлекеттің өркениеті адами ресурстарының әлеуетіне және оны дамыту үшін жасалатын жағдайға байланысты екені белгілі. «Адам бір-бірінен тек білімі арқылы ғана оза алады» деп, өткен ғасырда ғұлама Мұхтар Әуезов айтып кеткендей, әлемнің алдыңғы қатарлы елі болудың маңызды тұғыры – адам капиталы, оның рухани биігі, ақпараттық сауаттылығы, экономикалық білімі. Білімді адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппаратты құру, қолайлы бизнес ортаны қамтамасыз ету мүмкін емес. Көшбасшылық арқылы адам ресурстарын дамыту мәселелері соңғы кездерде кеңінен қарастырылуда. Әлеуметтік жүйелерді зерттеумен айналысатын «Мак Кензи» компаниясы адам ресурстарын дамытудың бүгінгі заман талабына сай жеті факторын ұсынып отыр. Олар: стратегия, құзыреттік, ортақ құндылықтар, құрылым, жүйелілік, қызметкерлер, басқару стилі ретінде тәжірибеге енуде. Мектеп басшысының көшбасшылығы арқылы ұжымдағы адам ресурстарын дамытудың мазмұнының құрылымдарына тоқтала кетейік. Стратегия яғни адам ресурстарын басқарудың стратегиясын жасау. Жүйелілік адам ресурстарын басқарудың жүйесі оның мақсаты, қызметі, құрылымы, тиімділігін бағалау болып саналады.. Қызметкерлерді таңдауға бейімдеу, баға беру, дамыту, босату, ынталандыру, басқарушылардың қызметкерлерді ынталандыру мен мотивациясын арттырудағы біліктіліктері,ортақ құндылықтар, ұйымда корпоративтік мәдениет пен ортақ құндылықтарды қалыптастыру және оны басқару жатады . Менеджмент дегенді негізінде өз еңбегін пайдаланып, интелектісін және басқа да адамдардың тәртібін пайдаланып жетекшінің қойылған мақсатқа жете білуі. Басқаша айтқанда бұл ғылым саласы және адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнері. Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару. Білім беру процесінің астарында оны құраушы үш процесс бар: Оқу-тәрбиелік, оқу- танымдық және өзіндік білім алу процестері. Педагогикалық менеджмент анықтамасына қарап, кез келген оқытушы оқу -танымдық процесінің менеджері екенін көреміз (оларды басқару субъектісі ретінде) ал, орта білім беру мекемелерінің жетекшісі- жалпы алғандағы оқу- тәрбиелік процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде). Педагогикалық менеджметтің (білім беру процесін басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді. Менеджер еңбегінің құралы- білім беру процесіндегі басқарылатын субъектінің қызметі болып табылады.Еңбек қажеттілігі- ақпарат.Еңбек қаруы- сөз, тіл, сөйлеу. Оқу-танымдық процесі менеджерінің еңбегінің нәтижесі оқушылардың білім алу , тәрбиелену және даму дәрежелері болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей орта білім беру мекемелерінде білім беруді басқарудың төмен болу себебіжүйеге немқұрайлықпен қарау. Ол осы жүйедегі бір-бірімен байланысты субъектілердің арасында қарама-қайшылық туғызады. Соның нәтижесінде субъекті және объекті болып бөлінеді. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан осы орта білім беру мекемелері жетекшілері мен оқытушыларының қызметі оқу-тәрбие, оқу-танымдық процесінің менеджері ретінде осы немқұрайлық пен шығармашылық арасындағы қарама-қайшылықты шешу болып табылады. Бастауыш білім беру мекемелеріндегі оқушылардың оқу-танымдық процестерін оқытушымен басқару проблемасын жақсартудың бірден-бір шарты олардың жете білушілігі мен оқытушыға лайықты кәсіби шеберліктермен қамтамасыз ету.Менеджмент субъектісі ретінде оқытушының жете білушілігі оның кәсіби функцияларын орындау даярлығымен, әлеуметтік құрылулармен үйлесімді бірлікте болуымен және оның психо-педагогикалық дайындалуымен сипатталады. Мұндағы ең бастысы – педагогикалық шеберлік.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет