Музыка теориясының негіздері «Музыкалық білім»



Дата07.07.2016
өлшемі94 Kb.
#183877
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Орындаушылық өнер кафедрасы

МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

«Музыкалық білім» бойынша күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлердің дәріс жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау

Павлодар
УДК 78. 01 (07)

ББК 85. 31 я 7

М78

С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған
Пікірсарапшы:

Педагогика ғылымының кандидаты, доцент Сметова А. А.


Құрастырушы: Мақышбаева Г. Т.
М78 Музыка теориясының негіздері: дәріс сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау / құрастырушы: Мақышбаева Г. Т. – Павлодар, 2006ж. – 10 б.
Әдістемелік нұсқау «Музыка теориясының негіздері» пәніне арналып, күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлерге жалпы дәріс сабақтарының курстық тақырыбтарымен таныстырады.

Қосымша дәріс сабақтарына сызба нұсқалары ұсынады.

Әдістемелік нұсқау «Музыкалық білм» ГОСО РК 3.08. 006 – 2004 мамандықтары бойынша жасалған бағдарламаның талаптарына сай жасалған.

УДК 78. 01 (07)

ББК 85. 31 я 7

©Мақышбаева Г. Т., 2006

©С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті, 2006

Кіріспе
Музыка түрлі заңдылықтардан құралуына байланысты бірнеше пәндерден (бөлшектерден) тұрады: Музыка теориясының негіздері, гармония, полифония, музыкалық аспаптар туралы ұғым және олардың қолдану тәсілдері, музыка шығармаларын талдап жіктеу, музыкалық акустика және музыкалық психолгия т. б.

Музыка теориясының негізі – музыкалық білімінің ғылыми қалыптасқан қағидалары мен тәсілдерін жазып, оқуға үйретеді. Музыка теориясы – музыка ғылымының өзіне тән түпкі тамыры болып есептелінеді.

Музыка теориясы негізінің мақсаты мен міндетін былайша айиуға болады:

1. Студенттерге музыка жазумен орындау тәсілдерін меңгеруге қажетті білімді үйретіп, оны дағдыға айналдыру.

2. Студенттердің алған музыкалық білімін іске асыру – студенттердің музыкалық – эстетикалық тілектері мен ұнату қабілеттеріне дұрыс баға беру, музыкалық тәрбие мен оқудың нақтылы негізін салу.

Музыка теориясы негізін оқыту әдістерінің жағдайлары төмендегідей болу қажет:

Музыка теориясы негіздерін әрқашан музыкалық түсінікпен байланыстыру керек. Музыканы дұрыс түсініп, қабылдап, музыкалық тәсілдерді тікелей болғанда ғана іске асады. Музыка теориясын өте жақсы білу үшін батыс және орыс классикалық музыкасымен танысу керек, өйткені музыка теориясы – классикалық музыка негізінде пайда болған. Сонымен қатар көптеген тақырыптар белгілі бір жаттығуларсыз немесе тәжірибесіз түсіну қиын, мысалы: аккордтар, интервалдар, бір дыбыстарды белгілі бір тональностерде құру. Теория және сольфеджио пәндерінің арасында өте тығыз байланыс бар екенін ескеру қажет, сондықтан да музыка теориясын – нақтылы пән, ал сольфеджионы – тәжірибелі пән деп атайды. Сол үшін осы екі пәнді сабақ кезінде тығыз байланыстырып отырған жөн. Бұл теориялық мағлұматтарды теңірек түсінуге көмектеседі.

Музыка «көзбен көріп, қолмен ұстайтын» бейне жасай алмайтынды; оның басқа көркемөнерден айырмашылығы – адамның ішкі сезімін оятып, көңіл күйін дыбыс әуені, саз, ырғақ арқылы бейнелеп жеткізе білуінде.



1 Дыбыс. Ноталық жазу
Дыбыстарды екі түрге бөлуге болады:

1) музыкалық дыбыстар;

2) шулы дыбыстар.

Музыкалық дыбыстардың шулы дыбыстардан айырмашылығы – оның белгілі бір дыбыс тонының, биіктік шегінің болуында, ұзақтығы, күші және тембрі (үн бояуы) бар дыбыстар.

Музыкалық дыбыстарды жазу үшін «нота» шарты қолданылады. Нота (лат., итал., «nota» - «таңба» - деген мағынаны) білдіреді. Музыкалық дыбыстардың биіктігін жазу үшін, ноталық бес сызық қолданылады. Бес сызықтың реттік саны төменнен жоғарыға қарай санала отыра, музыкада қосымша сызықшаларда қолданылады. Нота таңбалары жазылатын бес сызыққа кілт белгісі қойылады, кілттің үш түрі пайдалынады:

1) скрипка (соль) кілті;

2) бас (фа) кілті;

3) алть (до) кілті.

Скрипка (соль) кілті музыкада қолданылатын жоғарғы регистр дыбыстарын жазуға арналған, бас (фа) кілті төменгі регистрдегі дыбыстарды жазуға, ал алть (до) кілті ортаңғы регистрдегі дыбыстарды белгілеуге қолайлы.

Тақырыпқа тапсырма:

а) дыбыстан немесе тональносте энгармонизм дыбыстарын құра білу;

б) ноталардың әріптік атауларын білу;

в) кез келген дыбыстан альтерация белгілерін ойнау;

г) әр түрлі тональністерде тізімді құрып ойнау: T – S – S6 – D – D6/5 – T.



2 Өлшем және ырғақ. Екпін
Музыкалық шығармадағы күшті және әлсіз үлестердің бірқалыпты алмасып келуін өлшем деп, ал ырғақ деген түсінік – музыканың әуенін бір уақытқа бағындыра отыра және оның дыбыс қатарын атаймыз.

Музыкалық шығармалардың жылдамдық қозғалысын екпін дейміз. Екпін белгілері негізгі үш топқа бөлінеді: жай, орташа, жылдам. Музыкадағы екпінді анықтау үшін итальян сөздері қолданылады.

Жай екпіндер:

Zargo – кең, еркін, жай

Zento – ақырын, созылыңқы

Adaqio – жай, маңғаздана

Grave – ауыр, салмақты, мұңды

Zarqietto – кең үнмен


Орташа екпіндер:

Andante – сабырмен, асықпай

Andantino – кішкене тезірек

Moderato – орташа, екпінмен

Sostenuto – ұстамды, байсалды

Allegretto – кішкене жайырақ

Allegro moderato – орташа, жылдам
Жылдам екпіндер:

Allegro – тез, жылдам

Vivo – шапшаң, тез

Vivace – Vivo- дан да шапшаң

Presto - өте жылдам

Prestissimo – жоғары дәрежеде жылдам.


3 Лад жүйесі және тональдік
«Лад» сөзінің түбі славян халықтарынан шыққан, «ладить» келісімін тауып, жатық айту, үйлесім табу, жарасу деген мағыналарды білдіреді. Лад жүйесіне енген музыкалық дыбыстар лад басқыштары деп аталған. Музыкада көп – алуан лад кездеседі, соның ішінде өте кең қолданылатындары мажор және минор ладтары.

«Мажор» деген сөз – үлкен, қатты деген ұғымды білдіреді.

Мажорлық ладтың тұрақты дыбыстары үлкен мажорлық үшдыбыстылықты құрады.

«Минор» деген сөз - кіші, жұмсақ деген ұғымды білдіреді.

Минорлық ладтың тұрақты дыбыстары кіші минорлық үшдыбыстықтылықты құрады.

Гамма – жеті дыбыстың тәртіп бойынша тоникадан келесі тоникаға дейін қайталануы. Гаммаға кіретін дыбыстар сатылар деп, рим санымен белгіленеді. Лад басқыштарына гаммадағы жоғарылық орнына қарай атаулар беріліп, басты басқыштардың функциялары (I, III, V) әріптермен белгіленген:

I басқыш – тоника, өйткені ол тоникалық үшдыбыста прима (негізгі тон) болып табылады және тональдіктің өзіндік атауын айқындайды. Мажорда ол бас әріп – Т, ал минорда – кіші «t» әріпімен белгіленеді.

II басқыш – төмен түсетін кіріспе тон.

III басқыш – медианта (ортаңғы) саты.

IV басқыш – субмедианта, мажорда «S» – бас әріппен, ал минорда «s» әрпімен белгіленеді.

V басқыш – доминанта, барлық тұрақты дыбыстардың ішіндегі ең жоғарғысы болып табылады. Мажорда – «Д» бас әріпімен, ал минорда – кіші «d» әрпімен белгіленеді.

VI басқыш – субмедианта (төменгі медианта), өйткені субдоминанта мен тоника аралығында орналасқан.

VII басқыш – жоғары көтерілуші кіріспе саты.

Тоника дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуындағы биіктік дәрежесі тональдік деп аталған.

Тональдіктің толық атауы іштей екі компонентті сақтайды:

1) тониканың атауы;

2) ладтың атауы.
4 Интервалдар

Интервал - музыкада екі дыбыстың аралығы және биіктігі. Дыбыс қатарының негізгі басқыштық аралықтары мынадай интервалдар:

1) таза прима – қысқаша таңбалануы: т. 1 = 0 т.

2) кіші секунда – қысқаша таңбалануы: к. 2 = 1/2 т.

3) үлкен секунда – қысқаша таңбалануы: ү. 2 = 1 т.

4) кіші терция – қысқаша таңбалануы: к. 3 = 1 1/2 т.

5) үлкен терция – қысқаша таңбалануы: ү.3=2 т.

6) таза кварта - қысқаша таңбалануы: т. 4 = 21/2 т.

7) ұлғайтылған кварта - қысқаша таңбалануы: ұл 4=3 т.

8) азайтылған квинта - қысқаша таңбалануы: аз 5 = 3 т.

9) таза квинта - қысқаша таңбалануы: т. 5 = 31/2 т.

10) кіші секста - қысқаша таңбалануы: к. 6 = 4 т.

11) үлкен сектста - қысқаша таңбалануы: ү. 6 = 41/2 т.

12) кіші септима - қысқаша таңбалануы: к. 7=5 т.

13) үлкен септима - қысқаша таңбалануы: ү.7 = 51/2 т.

14) таза октава - қысқаша таңбалануы: т. 8 = 6 т.

Құрамды интервалдар көлемі бір октавадан асатын кең интервалдар:

нона 9, октава + секунда

децима 10, октава + терция

ундецима 11, октава + кварта

дуодецима 12, октава + квинта

терцдецима 13, октава + секста

квартдецима 14, октава + септима

квинтдецима 15, октава + октава (2 октава)

Интервалдар консонанстық және диссонанстық деп екі топқа бөлінеді.

Энгармонизмдік немесе тепе – теңдік интервалдар – бірдей үндестікте естіліп дыбыстатылатын, бірақ түрліше жазылатын интервалдар.


5 Аккордтар
Аккордт – үш немесе одан да көп дыбыстардан тұратын, тігінен орналасқан біртұтас жүйелі үндестік. Музыка тәжірибесінде ең жиі қолданылатындары үш дыбыстықтар, септаккордтар және нонаккордтар. Аккордтағы әр дыбыстың өз атауы бар, олар орын ауыстыру кезінде өзінің атауын сақтайды да, араб цифрларымен беріледі:

негіздік тон – 1 (прима);

терциялық тон – 3 (терция);

квинталық тон – 5 (квинта);

септималық тон – 7 (септима);

ноналық тон – 9 (нона) және тағы басқалар.

Шеткі дыбыстар аралығы квинта интервалы болып екі терциядан құралған аккордт үш дыбыстық, үш терциядан құралса септаккордт, төрт терциядан құралса – нонаккордт деп аталады. Музыкада ең көбірек қолданылатын септаккордтар:

1) Доминантсептаккорд – Д7;

2) Кіріспе септаккордтар – кіші ДVII7 немесе азайтылған - ДVII7

3) Субдоминатсептаккорд – S II7;

Ладтың басқа басқыштарынан құрылатын септаккордтар (I, III, IV, VI) жанама септаккордтар.
6 Хроматизм және модуляция
Хрома – грек сөзінен, «түс», «бояу» деген мағынаны береді. Хроматизм сөзінің мағынасы кез келген ладтың диатоникалық басқыштарының жарты тонға жоғарылуын немесе төмендеуін білдіреді. Хроматикалық өзгерген дыбыстарды көп жағдайда альтериацияланған дыбыстар дейміз.

Альтерация - әрбір ладта кездесетін бүтін тонды тартылыстың жарты тонды шиелінісі. Сонымен, мажорлық, минорлық ладтың тұрақсыз басқыштарының мынадай альтерациялары болады:

Мажорда – II басқыш жоғарылады да, төмендеуі де мүмкін;

IV басқыш тек жоғарылауы ғана мүмкін;

VI басқыш тек төмендеуі мүмкін;

Минорда – II басқыш тек төмендеуі мүмкін;

IV басқыш жоғарылауы да , төмендеуі де мүмкін;

VII басқыш тек жоғарылауы мүмкін.

Әрбір мажор және минор тональностерінде алты туыс тональдіктер бар:

1) берілген мажорлық тональдіктің қатарласпалы минорлық тональдігі (яғни, VI басқыштан);

2) доминанта тональдігі (яғни,V басқыштан);

3) доминантантаның параллельдық (яғни, III басқыштан);

4) субдоминанта тональдігі (яғни,IV басқыштан);

5) субдоминантаның параллельдық тональдігі (яғни, II басқыштан);

6) дәл сол минордық гармониялық түріндегі – субдоминантаның минорлық тональділігі (VI).
c-dur


a-moll G-dur f-moll


e-moll r-dur


d-moll

Минор тональностінде:

1) берілген минордық параллельдық мажорлық тональдігі (яғни, Ш басқыштан);

2) табиғи жай доминанта тональдігі (V);

3) табиғи жай доминантаның параллельдық тональдігі (VII);

4) субдоминанта тональдігі (IV);

5) субдоминантаның параллельдық тональдігі (VI басқыштан);

6) берілген минордық гармониялық түріндегі мажорлық доминанта (Д) тональдігі.

a-moll



c-dur e-moll E-dur

G-dur d-moll






F-dur

7 Транспозиция

Транспозиция (латынша transposition – көшіру, орын ауыстыру) деп – музыкалық шығарманы қандай да болмасын бір интервалға жоғары немесе төмен, болмаса бір тональдіктен екінші тональдікке көшіруды айтады. Транспозиция яғни көшіру белгілі бір дауыстың не аспаптың характері мүмкіндігінде музыкалық швғарманың тесситурасы сай келмеген жағдайларда пайдаланылады.

Транспозицияның негізгі үш тәсілі бар:

1) берілген интервал бойынша транспозициялау – барынша кең жайылған әдіс;

2) хроматикалық жарты тонға транспозициялау;

3) кілттерді өзгерту арқылы жасалатын транспозиция қазір сирек қолданылады.



8 Әуен

Әуен, гректің melodia - ән айту, өлең, ән, әуез сөзі.

Әуен – музыкалық шығарманың негізі болып табылады, ол жеке өзі көркем бейнені терең де жан-жақты көрсете алады. Әуен шығара білу – композитордың дархан дарыны.

Әуен және тақырып (тема) ұғымдарын ажырата білу қажет. Тақырып шығарманың бейнелік (образдық) мағынасының неғұрлым жарқын да көрнекі жақтарын топтастырады.

Әуендік қозғалыс бағытының әртүрлі құрылымдары ішінен барынша кең таралғандары:

1) интервалдық секірістерден тұратын әуендер;

2) әуендік толқынмен айқын көрінген әуендер;

3) бір ғана дыбысқа қайтып оралатын әуендер.

Әуен дамуының ең жоғары сатысы – оның шиеленісуі шыңы, кульминация – шың деген мағынаны білдіреді.

9 Мелизмдер
Мелизмдер музыкада жиі кездеседі, клавесиндік музыкада кең өрістеді. Мелизмнің негізгі міндетінің бірі - әуендегі дыбысты әшекеймен безендіру. Мелизмдердің басты түрлері: форшлаг, мордент, групетто, трель.

Форшлаг – соққы , алдыңғы соққы деген мағынаны береді.

Мордент – үшкір, көмекші және негізгі – үш дыбыс айналымынан тұрады.

Групетто – төрт немесе бес дыбыстар тобынан құрайды.

Трель – сылдырлау, теңселу, тербетілу және әрқашан нотаның үстінде қойылады – tr.

Әдебиеттер
1 Әбдікәрімұлы Ә. «Музыка теориясының негіздері». – Алматы, 1993. – Б. 192

2 Агажанов Б. «Сольфеджио курсы». – М., 1973. – Б. 36

3 Алексеев Б. «Гармоникалық сольфеджио». – М., 1965. – 18 –

64

4 Вахрамеев В. «Музыка теориясының негіздері» – М., 1983. –



Б. 123

5 Вахромеев В. Сольфеджио. – М., 1966. – Б. 46

6 Хвостенко В. «Задачи и упражнения по элементарной теории музыки – М., 1973. – 3 – 64

7 Далматов Н. Музыкалық диктанттар. – М., – 1972. – Б. 123

8 Калмыков Н. Фридкин Г. «Сольфеджио» – М., – 1983. – 12 – 46

9 Ладухин Н. «Бір дауысты сольфеджио» – М., – 1983 – Б. 64

10 Рубец И. «Бір дауысты сольфеджио» – М., 1966. – Б. 122

Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................3

1 Дыбыс. Ноталық жазу........................................................................4

2 Өлшем және ырғақ. Екпін................................................................5

3 Лад жүйесі және тональдік...............................................................6

4 Интервалдар.......................................................................................7

5 Аккордтар...........................................................................................7

6 Хроматизм және модуляция.............................................................9

7 Транспозиция.....................................................................................9

8 Әуен..................................................................................................10

9 Мелизмдер........................................................................................10



Әдебиеттер.......................................................................................11






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет