Қызметі бойынша ақпараттандыру, келісімін алу парагы
Қазақстан Республикасы Оку-ағарту Министрлігінің 25.08.2022ж. №377 бүйрығына сәйкес мектептегі педагог-психолог өз қызметін келесідей бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) диагностикалық бағыт білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және топтык кызметін. олардың жеке ерекшеліктері мен бейімділіктерін, оқыту және тәрбиелеу процесінде, өзін-өзі кәсінтік түрғыдан айқындауда әлеуетті мүмкіндіктерін айқындауды, сондай-ақ оқытудағы,дамудағы, әлеуметтік бейімделудегі бүзушылықтардың себептері мен тетіктерін анықтауды көздейді.
2) консультациялық бағыт білім беру процесіне туындаған киындықтардын табигатын немесе себептерін түсінуінде, психологиялық проблемаларды талдау мен шешуде, жеке срекшеліктерін айқындауда; жаңа көзкарастарды қалыптастыруда және өз шешімдерін қабылдауда көмек көрсету: тұлғааралық қатынастардағы, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудағы қиындықтарға байланысты проблемаларды шешуде жеке және топтық қызметті көздейді:
3) дамытушы (түзету) бағыт жаңа білімге, дагдылар мен икемдерге қатысты уәждемені қалыптастыру. Оқу материалын меңгерудегі қиындықтарды жену, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психикалық және (немесе) физикалық жай-күйін түзету бойынша (ата-ананың немесе қамқоршының келісімімен) жұмысты ұйымдастыруды камтиды :
4) психологиялық-педагогикалық ағарту ісі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің. педагогтердің жеке кәсіби өсуіне, өзін-өзі анықтауына жәрдемдесуді (сынып сағаттары, семинарлар, ата-аналар жиналыстары, педагогикалық кеңестер, ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер үшін интерактивті әдістер мен лекториялар өткізу) көздейді;
5) ұйымдастыру-әдістемелік бағыт білім беру және дамыту ортасының жағдайына мониторинг жүргізу, оқу-тәрбие процесіне ұсынымдар әзірлеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық сүйемелдеу технологияларын меңгеру бойынша семинарлар. тренингтер мен консультациялар ұйымдастыру және өткізуді көздейді. Ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер. білім алушылар. педагогтер психологиялық- педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін мамандарға (мектеп директорының орынбасары. әлеуметтік педагог, психолог) жазбаша немесе ауызша түрде жүгіне алады. Ата-ананың (қамқоршының), білім алушының, педагогтердің жүгінуі мен немесе диагностикалық зерттеулердің нәтижесінде анықталған мәселелерге байланысты білім алушымен жеке жоспар қуру арқылы жумыстар жургізу кестесін, форматын педагог-психолог ата-аналармен немесе өзге де заңды өкілдерімен жазбаша келіседі.
Психолог міндетті: - Білім алушының ата-анасына (қамқоршысына) психологиялық зерттеулер нәтижелерін жүгінген кезде ұсынуға міндетті.
- Білім алушымен және оның ата-анасымен (қамқоршымен) жеке әңгімелесу барысында алынған жеке ақпаратты жария етпеуге міндетті.
Құпиялылық келесі жагдайларда бұзылуы мүмкін:
1) Егер бала өзіне немесе басқаларға ауыр зиян келтіру ниеті туралы хабарласа:
2) Бала өзіне немесе басқаларға зорлық-зомбылық жасалғаны туралы хабарласа;
3) Жеке жұмыс материалдарын құқық қорғау органдары сұратқан жағдайда.
Мұндай жагдайлар бойынша Сізге хабарланады.
Ата-аналар (қамқоршылар) құқыгы:
• Баласы туралы өздерін қызықтырған мәселелер бойынша мектеп психологына жүгіну
қажетті ақпараттар алуға:
• мектеп директорының атына бас тарту туралы арыз беру арқылы балаға психологиялық қол
көрсетуден (немесе оның кейбір құрамдас бөліктерінен) бас тартуға.
Білім алушының аты-жөні ____________
Мен, ата-ана (қамқоршы) _________________ білім беру йымында білім алушыларға психологиялық қолдау корсету қызметімен таныстым, келісемі
«01» қыркүйек 2022 жыл _______________ ата-ана (қамқоршы) қолы