«Музыкалық қабілеттілік» түсінігі. «Музыкалық әесқойлық» музыкалық қабілеттерінің жиынтығы мен олардың синтезі



Дата06.03.2024
өлшемі24.04 Kb.
#494591
19muz


«Музыкалық қабілеттілік» түсінігі. «Музыкалық әесқойлық» музыкалық қабілеттерінің жиынтығы мен олардың синтезі
Музыкалық қабілет – адамның өзіндік тұлғалығының психологиялық қасиеттері: музыка саласындағы оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка жазуы (шығаруы). Ал музыкалық қабілет адамда аса жоғары деңгейдегі бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді.
Музыкалық қабілет – жеке тұлғалық — психологиялық қасиетінің өз алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту «сандық аспект» емес, «сапалық аспектінің» сәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, «музыкалық әуесқойлық», ерекше қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы.
Музыкалық дарынды адамдардан «музыкаға әуесқой» адамдар басым. «Музыкалық әуесқойлықты» дамытуға болады. Ол адамның нақты ісінде дамиды және қалыптасады. Оған музыкалық есту сезімі, музыканың сұранысы, музыкалық әсерлігі, музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады.
«Амузия» деген ұғым — керісінше, музыкаға деген ешқандай қабілеті жатпайтын, ол адамдардың саны 2-3 пайызды құрайды (қабылдаудың бұзылуы және дыбыс биіктілігінің нашар сезімділігі – ой-сезім бірлігінің дыбыс бірізділігі).
Қабылдай ала алмайтындығы – адамның мінезі, музыкалық әрекетін қабылдамайтындығы, қарсылығы. Ол нәтиженің тілегі менжұмысының қажырлығы болмағандықтан.
Адамда бірдеме бар (задатки) – адамдардың қаблеттілігінің табиғи негізіндегі түрлері (ұрпақтылық, табиғи пайда болуы, жас өсуіне байланысты және әлеуметтік-мәдениеті, оларды бір-бірінен айыру қиын).
Интонацияны - әуенді есту қабілеті іс-әрекеттің кездейсоқ, алғашқы кезіндегі түрлерінде қалыптасады (музыка тыңдаудан басталады) және музыкалық құбылысты қабылдау қабілетін дамытады (мектеп жағдайында), ал жоғары оқу процесінде - жоғары деңгейдегі дамулық, нәзіктілік, саққұлақ интонацияны-әуенді есту қабілеті талап етіледі.
... интонацияны-әуенді есту қабілеті орындаушылық әрекетте қалыптасады, дамиды. Негізгі мәнерлеушілік құралдарының бірі – интонация, оны қалай сезінемін, оны қалай жеткіземін ... оған музыкалық-орындаушылық мазмұны жатады.
Орындаушылық әрекетіндегі музыка интонацияны-әуенді есту қабілеті интервалдарды алғыр қабылдауына байланысты. Ал әуенді интервал музыкалық жүрісіндегі үрдіс, мықшыңдаудың дәрежесі (степень напряжения).
Қорытындыласақ, интонацияны-әуенді есту қабілетінің кемелдігі, жаңа сапалылығы - оқушылардың музыкалық-есту әрекетінің белсенділігі, оның мықшыңдауының дәрежесі, әсерленушілігі мен музыкамен шұғылдану белсенділігі.
3 Музыкалық қабілеттілік
3.1 «Музыкалық қабілеттілік» түсінігі. «Музыкалық әесқойлық» музыкалық қабілеттерінің жиынтығы мен олардың синтезі
Музыкалық қабілет – адамның өзіндік тұлғалығының психологиялық қасиеттері: музыка саласындағы оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка жазуы (шығаруы). Ал музыкалық қабілет адамда аса жоғары деңгейдегі бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді.
Музыкалық қабілет – жеке тұлғалық - психологиялық қасиетінің өз алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту «сандық аспект» емес, «сапалық аспектінің» сәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, «музыкалық әуесқойлық», ерекше қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы.
Музыкалық дарынды адамдардан «музыкаға әуесқой» адамдар басым. «Музыкалық әуесқойлықты» дамытуға болады. Ол адамның нақты ісінде дамиды және қалыптасады. Оған музыкалық есту сезімі, музыканың сұранысы, музыкалық әсерлігі, музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады.
«Амузия» деген ұғым - керісінше, музыкаға деген ешқандай қабілеті жатпайтын, ол адамдардың саны 2-3 пайызды құрайды (қабылдаудың бұзылуы және дыбыс биіктілігінің нашар сезімділігі – ой-сезім бірлігінің дыбыс бірізділігі).
Қабылдай ала алмайтындығы – адамның мінезі, музыкалық әрекетін қабылдамайтындығы, қарсылығы. Ол нәтиженің тілегі мен жұмысының қажырлығы болмағандықтан.
Адамда бірдеме бар (задатки) – адамдардың қаблеттілігінің табиғи негізіндегі түрлері (ұрпақтылық, табиғи пайда болуы, жас өсуіне байланысты және әлеуметтік-мәдениеті, оларды бір-бірінен айыру қиын).
3.2 Музыкалық қабілеттің құрылымы. Музыкалық қабілеттің деңгейі. Музыкалық қабілет кешенін ауыстыру, өтемақысы
Психологтар музыкалық қабілетті 150 жылдай зерттеп келеді.
Бірақ та осы күнге дейін әлі біржүйелі көзқарастар жоқ, не оның табиғаты, не оның құрылысы, не негізгі түсініктерінің мазмұны, осы құралдар арқылы психологтардың музыкалық қабілет, дарындылығы дегені не?
Н.А.Римский-Корсаков: ... музыкалық қабілетке ... ырғақтық және гармониялық есту сезімін жатқызады, бұл саздылығын, күйін есту, екпін мен өлшемді сезінуі, тональдықты сезінуі т.с.с.
Б.М.Теплов: ... сазды сезінуі, есту сезімінің қабілеттілігі, ырғақ сезімі.
Америкалық психолог К.Сишор: ... қандай да болсын музыкалық қабілеттілік, ол адамның дыбыс биіктігін, бояуын, күштілігін, ұзақтылығын айыра білу қабілеті: биіктікке, бояуына, есту сезімінің әуен мен гармонияны қабылдауы және қандай да болсын дыбыс биіктігінің вариациясын сезінуі.
Неміс психологі Г.Ревеш: ... музыкалық қабілет - ол жай ғана есту сезімі, аккордты сезінуі (аккордтың негізгі түрі, оның ауысуы, дыбыс бірлестігін, тональдықты сезінуі), берілген әуенді, таныс әуенді жатқа орындауы, шығармашылық қиялы.
Сондықтан, музыкантта, жай адамда музыкалық қабілеттің психологиялық құрылысының ерекше айырмашылығы болады: музыканттарда – жеке психологиялық функция мен қасиеттерін нәзік те күрделі байланысын сезінуі, сонда жеке тұлғаның көркемдік стилі қалыптасады. Және де музыкалық қабілетінің психологиялық құрылысы нақты музыкалық мамандыққа байланысты (аспасшы, әнші, композитор), музыкалық аспаптың ерекшелігі, нақты кәсіби әрекетінде (жеке, оркестрде). Кім дыбыстың биіктігін жақсы сезеді: скрипкашы, дирижер, сыбызғышы, не пианист пе?
Осы үлгі арқылы музыкалық қабілетінің қарапайым және күрделі түрлері байқалады.
Қарапайым музыкалық қабілет (дыбыс биіктігін сезуі, сазды, ырғақты сезуі) – музыкалық қабылдауды, орындаушылық, әндетудің мүмкіншілігі.
Күрделі музыкалық қабілеттілік – кәсіби музыкалық іс-әрекетінде (композиторлық, орындаушылық), музыкалық форманы сезінуі, стильді байқауы, музыкалық дарындылығы.
Сондықтан айтуға болады – қаншама музыкалық дарынды адамдар, жай ғана музыканы сүйетін адамдар болса, соншама музыкалық қабілетінің құрылымы болады.
Музыкалық қабілет құрылым өтімінің (компенсациясының) 4 түрі бар (дамуы мен адамның қабылдау мүмкіншілігі):
- білім мен икемділік арқылы қалыптасуы (үлгі – парақтан нотаны оқуының дамуы, осы кезде білімділік пен икемділік жаңа психологиялық механизмді құрайды);
- жекеменшік стилі мен әрекетінің тәсілі (баяу оқушы өзінің екпіні арқылы еңбегінің жоғары деңгейінде ұтады (тиянақты, дәл жоспарлауы, бірізділігі, мақсат бағыттылығының әрекеті);
- өтімінің (компенсация) қабылдаушылығы арқылы мүмкін (қабылдауының жылдамдығынан зейінін реттеуі);
музыкалық қабілетінің жеке компонентінің қатысы арқылы болуы мүмкін (бір музыканта гармониялық есту сезімі фактура-гармониялық жағынан, ал басқа музыкантта - әуенділік не сазгармоникалық).
3.3 Музыкалық қабілет мәселелеріндегі адамның ұжырымдамасы
Музыка – адам мен ұрпақ арасындағы қарым-қатынас формасы, басқа адамды түсіну тәсілінің ерекшелігі және өзінің басқаға мәнерлеушілігі. Музыка ерекше қарым-қатынас мәдениеті, ерекше тілі. Музыкалылығы – адамның музыкалық тілін ерекше сезінуі, музыкалық тілінің ерекше стилі.
3.4 Музыкалық ырғақты сезіну және оның әр кезеңдегі қалыптасуы
Ізденіс жұмысының арқасында балада музыкалық ырғақ қатынасы ерте қалыптасады (9-10 айда – Б.М.Теплов). Балада музыкалық ырғақ элементі дене қимылынан бастап музыканың ырғақ қысымына қосылады.
Г.А.Ильин: ... баланың бірінші музыка туралы түсінігі ырғақтық қабылдауы. 2,5 – 3 жаста бала музыка уақытының теңдігін байқайды, қарапайым ырғақтарды қабылдайды (екі кішкене ұзақтық және бір ұзағырақ ұзақтықты). 3 - 5 жаста әндеткенде ырғақтық қимылмен жүреді. 6 – 7 жаста, біріншіден, музыканың әсерлік (динамикалық) және ырғақтың жағын сезеді, ал әуені мен гармониясын нашар қабылдайды.
Музыкалық-ырғақтық үлгілер жүйесі арқылы музыкалық ырғақ сезімі дамиды және қалыптасады. Олар: екпіні жай, орташа, жылдам. Екпін, метр және ырғақтық сурет – міне, ол музыкалық сипатын білдіреді (6 – 7 жасар балалар). Метр - 2/4, 4/4 және ¾ ырғақ өлшемдер арқылы. Екпіндік сезімі – дыбыс қатарларының жүрісін қабылдау (екпіні жай, орташа, жылдам). Балалардың ырғақтық сурет сезімі баяу дамиды, ауырлау. Музыкалық әрекетіндегі басты және тез алда дамуы – ол музыкамен музыкалық жүріс. Музыкалық жүріс – бұл ерекше әрекет, барлық музыкалық қабілет жүйесінің дамуы, алда жүретіні – ырғақ сезімі.
Музыкалық жүріс – халықтық, тұрмыстық, сахналы би және ырғақтық гимнастика мен аэробика т.б.
3.5 Музыкалық есту қабілет және мектепке дейінгі мен бастауыш оқушыларында қалыптасуы
Музыкалық есту сезімі - музыкалық қабілетінің негізі. Ол дыбыс биіктік есту сезімі, оның ішінде тембрлік, динамикалық. Дыбыс биіктік есту сезім бірдауысты әуен болса, оны әуенді дейміз. Сондықтан, баланың әуенді таза алуының қалыптасуы мен дамуы 6 кезеңнен тұрады.
Бірінші - бала жай ғана әннің сөзін бір қалыпты ырғақта айтады, ол берілген әннің ырғағымен сәйкес келсе.
Екінші – бала әуеннің бір-екі дыбысын таниды, сол бір-екі дыбысқа әуенді әндетеді.
Үшінші - әннің жалпы жүрісін таза алуда.
Төртінші – жалпы жүрісіндегі таза алудағы әуеннің кей бөлімдерін таза алады.
Бесінші - әуен таза алынады. Осы бес кезең фортепиано сүйемелдеумен қалыптасады.
Алтыншы – сүйемелдеудің керегі жоқ; бала әуенді сүйемелдеусіз таза орындайды.
3.6 Ішкі есту сезімі және музыкант-орындаушы мамандығында алатын ролі
Біреулері ішкі есту сезімді есту елесінде ертеде естілген дыбыстарды, әуендерді жаңадан сезінуі.
Екіншілері – есте сақтау мен елеске байланысты.
3.7 Есте сақтау қабілетінің дамуы және қалыптасуы
Балалардың музыкалық қабілетінің дамуы мен қалыптасуында музыкалық әсердің қоры жиналуда, репертуардың кеңдігі пайда болады. Осы жинақтаған сезімдік қоры, оның сақталуы және де оны іс-әрекетте қолдануы музыкалық есте сақтауы болып табылады.
Мектепке дейін және бастауыш мектеп балаларының музыкалық есте сақтау элементтері біркелкі және теңсіздік дамиды.
Кәсіби-музыканттың есте сақтауы - бұл есте сақтау мен сезім сақтауының музыкалық материалды түсіне білуі - келесіде қабылдауының қайта орындауы.
3.8 Түсінік арқылы есте сақтауы. Оқушы-музыканттың орындаушылық есте сақтау тәсілінің жолдары және дамуы
Музыканы есте сақтау процесіндегі маңызды ерекшеліктері - мазмұны, сипаты, осы әрекетті орындау тәсілдері.
Қысқаша – музыкант-оқушының музыкалық шығарманы қай, қалай, қандай деңгейде кәсіби сауатты жаттау. Тәжірибе көрсеткендей оқушылардың көбісі музыкалық шығарманы жаттайтыны шығарманы қайта-қайта қайталау мен орындауында. Осы қайталау кезінде есте сақтау бірізділігі қалыптасады.
Қайта-қайта қайталау – автоматикалық есте сақтау болады, оның мазмұнын түсінбесе, музыкалық түсінігі болмайды. Мынадай жаттығу жағдайда адамның миы жұмыс істеу керек.
Көркем-интелектуалды және эмоционалды белсенділігі ойлап жұмыс әрекеті мен музыкалық шығарманың мазмұнды жұмыс істеудің әдісі арқылы нәтижелі болады, есте сақталады, түсінетін болады.
3.9 Баланың көркем-шығармашылық мүмкіншілігі 
Адамның көркемділік дарындылығы неде? Бала дарынды болу үшін қалай білім беру керек? Баланың көркем-шығармашылық бейнесін қалай көруге болады және де қалай бағалауға болады? Өйткені ол (көркем-шығармашылық бейнесі) өнермен ұштастыру деген мағынада.
3.10 Көркем-шығармашылық қабілеті: іс-әрекетте қалыптаса ма, әлде одан пайда бола ма (шыға ма)?
Психологтар мен педагогтар әрбір баланың бойында шығармашылық потенциалы бар деп санайды, шығармашылық - адамзат өмірінің шамасы. Шығармашылық қасиет – адамзат негізінің «таңбасы».
Күнделікті өмірде, педагогикалық тәжірибеде, «аспаннан жерге, уақыт талабына» түсу, танымал шектеулікті өтуді қажет етеді.
Біріншіден, шығармашылық қабілеттілікті білім не икемділік ретінде жеткізу, «айтып беру» болмайды. Қазіргі кездегі ол мұғалім мен оқушының арасындағы бірлескен тәжірибелік-шығармашылық іс-әрекеті.
Екіншіден, бір саладағы шынайы шығармашылық психологиялық доминантаны құрып, адамды тұтастай баурап әкетеді. Сондықтан, жалпы білім жүйесіндегі балаға көмек ретіндегі шығармашылықпен айналысу болып табылады: өз-өзінде, «музыкант» болу, жан тәжірибесін сезінуі т.б.
Кезінде Б.М.Теплов қабілеттілікті, адамның психологиялық қасиеті, оның қандай да болсын іс-әрекетінің нәтижелігінің қатынасы және осы іс-әрекет процесінің меңгеруі – деген.
Шығармашылық қабілеттілік – ол сапалы музыканың тууы, өзгеруі, музыканың дамуы т.б. Б.М.Теплов Н.А.Римский-Корсаковтың балалық шағын жазған кезінде: «Болашақ композитор музыкалық сабақтарға аса зейіні болмаған, бірақ та қабілеттілігінің арқасында «жұмысы» нәтижелі болды» - деген пікірді айтқан.
Ал, келесі бір дәстүрлі психологиялық қасиеттің бірі - адамның қабілеттілігі психологиялық сапа қатарының үйлесуі, не компоненттері, әрбіреуі әрекет талабына сәйкес келеді де жеке қабілеттілік бола алады.
«Негізгі», «басты» қабілеттілік бөлімдерінің алды, олардың бірлігі, оның ішіндегі бөлімдерінің психика сапалығын көрсете алатыны, толтыратыны және де оның статусы мен көркемдік, музыкалық, бейнелеушілік не басқадай қабілеттілігінің сипаттамасы. Теплов Римский-Корсаковқа музыкалық мінездеме бергенде «толық» түсінік бере алды. Римский-Корсаковта көзге елестету дамуы, табиғатты сезіну мықты болған, «оның көз елестетуі музыкалық, табиғатты сезінуі музыкалық» болды. Мынандай қорытындыға келді: оның жалпы тұлғалық бағыттылығына байланысты адамда ешқандай қаблеттілік болмайды. Римский-Корсаковқа қоршаған әлем музыкалық құбылыс, көрініс болып сезілген.
Осы кезде екі кезеңді қарастырайық: бірінші маңызды кезең – не бір белгілі әрекетінің емес, өмір тұтастылығына ерекше қатынасы. Екінші маңызды кезең – тұлғаның жалпы бағыттылығы, не әлемге адамның үстем болғаны, адамның түрлі психикасы сапалы қабілеттілікке айналуы.
Ал, шығармашылық қабілеттілікке келер болсақ, адам психикасындағы әрекеттілік талабы адамның МЕН деген берілген әрекетіндегі өз-өзіндік шығармашылық қабылдауы. Ол деген, адам қоршаған әлемге ерекше, эстетикалық, көркемдік қатынасы түрлі көркемдік шығармашылығының қабілеттілігінің негізі болып табылады. Ал, жеке қабілеттілікті ауыстыру, үйлестіру не басқадай тәсілмен онда эстетикалық тәжірибе қатынасы әлемде ештеңемен ауыстыруға болмайды. Онсыз құнды көркем шығармалар тумайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет