Музыкалық білім, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттері үшін єдістемелік н¦СЌаулар павлодар



Дата04.07.2016
өлшемі232.63 Kb.
#175978
указания
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы

Педагогика пәні бойынша

Музыкалық білім, қазақ тілі мен әдебиеті

мамандығы студенттері үшін



ЄДІСТЕМЕЛІК Н¦СЌАУЛАР



Павлодар


Лист утверждения Форма

к методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05



БЕКІТЕМІН

ФЖжµ¤Ф деканы

________ Сарбалаев Ж.Т.

«___» ________ 200 ж.

Құрастырушы: Ксембаева С. К.


Психология және педагогика кафедрасы

«Педагогика» пәні бойынша


ЄДІСТЕМЕЛІК Н¦СЌАУЛАР


050106 – музыкалық білім,

050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша студенттер ‰шін

Кафедра мәжілісінде ұсынылды “___ ”_____________ 200 ж.

№ _____ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Кертаева К.М

филология, журналистика жєне µнер факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды

“ __”_______ 200__ж. Хаттама №__

ОӘК Төрайымы ____________ Жуманкулова Е.Н.


Теориялық курстың мазмұны


1-тақырып Қазіргі педагогиканыњ теориялыќ-єдіснамалыќ негіздері. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылмының алатын орны, оның басты ерекшеліктері: арнайы пәні, ғылыми терминологиялық аппараты, зерттеу әдістері.

Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым. Тәрбие қоғамдық ғылым, қоғамдық қызмет ретінде. Тәрбиенің тарихи және негізгі сипаты, оның қазіргіұоғам дамуындағы көрінісі.

Педагогика пәні, оның негізгі категориялары(тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс) және олардың өзара байланысы. Қазіргі педагогиканың негізгі әдіснамалық жағдайы. Философиялық заңдар, заңдылықтар. Диалектиканың заңдары және олардың жалпы сипаты. Таным теориясы. Жүйелі әдіс-тәсілдер құбылыстар байланысының жалпылама бейнесі тәрізді. Тұлға теориясы. Іс әрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Тұтас педагогикалық процесс теориясы. Педагогикалық теория мен практиканың өзара бірліскен әрекетінің диалектикасы. Қоғамның қазіргі жағдайындағы педагогика ғылымдарының міндеттері. Мұғалімді кәсіби дайындаудағы педагогикалық теориялардың маңызы. Педагогика курсының құрылымы.

Негізгі ұғымдар: педагогика, тәрбие, білім беру, педагогикалық процесс, педагогика пәні, педагогика ғылымдарының жүйесі, әдіснамалық негіздер, педагогикалық пәнаралық байланысы.



2-тақырып Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты.

Тұлға туралы ұғым. «Адам», «индивид», «дара», «тұлға». Тұлға құрылымының көп қырлылығы, күрделілігі, оның компоненттерінің өзара байланысы. «Тұлға дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру» ұғымдарына сипаттама.

Табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүшесі, адам туралы философиялық ережелер – тұлғаның педагогикалық тұрғыдан түсінудің әдіснамалық негізі, тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің. Қалыптастырудың факторлары.

Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер етуші негізгі факторлар(тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие). Субъектілердің іс әрекеті тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың факторлары. Осы мәселені түсіндірудегі әртүрлі көзқарастар, оларға талдау жасау.

Қазіргі педагогика ғылымдары тұрғысынан және тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері және негізгі заңдылықтары.

Тәрбиенің басты мақсаты жеке тұлға. Жеке тұлға –тәрбие процесінің және өзіндік дамуының субъектісі.

Негізгі ұғымдар: индивид, жеке тұлға, дербестік, даму, тәрбие, қалыптастыру, және даму факторлары.

3-тақырып Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқутәрбие процесінде есепке алу.

Оқушының жеке тұлғалық дамуының жас ерекшелік кезендері, оларға сипаттама. Жеке тұлғаның табиғи мүмкіндігі.

Жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік жағдайаттары. Қазіргі қоғамның даму кезеніңде жеке тұлғаны қалыптастырудың ерекшеліктері. Оқушының оқуға деген шынайы мүмкіндіктерін педагогикалық процесті ұйымдастыруда есепке алу( мазмұны, құралдары, түрлері оқу тәрбие іс – әрекетінің әдістері). Оқушы тұлғасыныңдара ерекшелігіне сипаттама. Оқушының дара ерекшеліктері және қабілеттілігі. Қазіргі мектептегі даралап оқыту.

Негізгі ұғымдар: тұлға, жас ерекшелігіне байланысты жаңаша білім беру, дербес ерекшеліктер, даралап оқыту.



4-тақырып Мұғалімнің ғылымизерттеу мәдениетін қалыптастыру. Педагогика ғылымының дамуы және мұғалімнің педагогикалық іс әрекетіндегі ғылыми зерттеу жұмысынынң рөлі. Ғылыми зерттеу жұмысынынң жалпы әдіснамалық негіздері: диалектика заңдары, оларға жалпы сипаттама.

Зерттеуге жүйелі тәсіл құбылыстардың жалпы байланысының көрінісі. Жүйелі тәсілдің негіздері философиялық категориялар. Таным теориясы.

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері: педагогиканың заңдылықтары және маңызды категориялары, педагогикалық процесс, педагогикалық пән мен мұғалім іс әрекетінің педагогикалық зерттеуге жүйелі құрылымдық, тұлғалық іс әрекеттік тәсіл, тәрбие мен дамудың бірлігі, компетенттілік әдісінің мәні.

Ғылыми –педагогикалық зерттеу әдісінің мәні(теориялық эмпирикалық, эксперменталдық, математикалық).

Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесі. Педагогикалық процесті диагностикалау мен оқушыларды танып білудегі зерттеу әдістерінің ролі.

Негізгі ұғымдар: ғылымдарының әдіснамасы, ғылыми педагогикалық зерттеудің әдістері.



5-тақырып Тәрбие процесінің теориялық негіздері. Тұтас педагогикалық процесс‐педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі.

Педагогика пәні және мұғалімнің іс әрекет объектісі мектеп тәжірибесінде, оқу құралдарында, бағдарламаларында осы ұғымдардың дамуы, осы мәселелердің көрініс табуы.

Мұғалімнің іс әрекетінің объектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихы.

Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдық компоненттері. Оқушы ‐ педагогикалық процестің субъектісі.

Педагогикалық жағдайат педагогикалық процестің элементарлық «жасаушысы». Уақыт пен кеңісітегі тұтас педагогикалық процестің үш қызметінің ‐білімділік, дамытушылық және тәрбиелік өзара байланысы және бірлігі.

Жеке тұлғаның тұтастығы ‐педагогикалық процестің үш бірліктегі қызметтің іске асырудағы түсіндірудің негізі. Жеке тұлғаның шығармашылығы. Жеке тұлғаның дарындылығы:тұтас педагогикалық процестегі оқу және оқудан тыс іс әрекеттеррдің бірлігі.

Педагогиклық процестің қозғаушы күштері. Педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері. Оқу тәрбие процесінің құралдары. Іс әрекет, педагогикалық процесті іске асырудың құралы және соның ішіндегі қызметін іске асырушы. Іс әрекеттің негізгі түрлері( еңбек, қарым‐қатынас, таным, ойын) олардың мектептегі оқу‐тәрбие процесіндегі ерекшеліктері. Оқушының шығармашылық іс әрекеті.

Педагогикалық процесті басқару. Педагогикалық процесті болжау және қазіргі жағдайын диагностикалау мәселелері.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық процесс, «педагогтар‐оқушылар» жүйесі, субъект ‐объектілі қатынастар, педагогикалық жағдайат, қозғаушы күштер, тәрбиелік механизмдер, диагностика, болжау.

6-тақырып Педагогикалық процестің заңдылықтары.

Педагогикалық процесс ‐күрделі дамушы жүйе. Оның жеке тұлғаны қалыптастырудың ролі. Оқу тәрбие процесін болжау, мұғалімнің әдіснамалық бағытына тәуелді. Оқу тәрбие процесіне байланысты әр түрлі көзқарастар.

Табиғатты және қоғамдағы құбылыстардың және процестердің даму заңдылықтарының философиялық мәні. Педагогикалық процестің заңдылықтарының мәніі танып білуге тарихи шолу және олардың мұғалімнің іс әрекетіндегі рөлі.

Педагогикалық процестің тиімділігі мектептегі педагогикалық процестегі жекелеген балалардың және ұжымның даму деңгейне, оқушылардың жас ерекшеліктеріндегі іс әрекеттердің ұйымдасуына және мазмұнына сәйкестілігіне тәуелділігі: педагогикалық процестегі компоненттердің( мақсатына, міндетіне, мазмұнына, құралына, формасына, әдісіне, амалына, қарай) өзара бір біріне әсерлеуі және сабақтасуы; педагогикалық процестің бір мезеттік емес, қызмет жасау уақытының ұзақтығына байланыстылығы; бір ғана көрсеткішті емес, олардың жиынтығын, формаларды есепке алу қажеттілігі; логикалық өзара байланысы және педагогикалық процестің заңдылықтарының өзара тәуелдігі.

Оқу тәрбие процесінің принциптері, оның заңдылықтарының нақты пайда болуына әсер етеді. Принциптердің мәні және оған сипаттама. Педагогикалық процесті басқарудағы, болжаудағы заңдылықтар мен принциптерді ескерудің маңызы.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық процесс дамытушы жүйе, процесті моделдеу, болжау заңдылықтары, принциптері.



7-тақырып Тәрбиенің мақсаты, әлеуметтік келісім.

Мақсаттылық және әлеуметтік келісімділік –педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары. Педагогикалық процестің негізгі компоненті мен тірегі –тәрбиенің мақсаты. Педагогикалық ой–пікірлер тарихындағы тәрбиенің мақсаты мен мәселелері.

Қоғамдық мәдениет –жас ұрпақ тәрбиесінің мақсатының айқындаудың әдіснамалық негізі( материалдық, рухани, әлеуметтік нормативтік мәдениет).

Қазақстан Республикасының әлеуметтік –экономикалық даму тенденциялары және жас ұрпақты өз бетінше өмір сүруге дайындау. Әлеуметтендіру және жеке тұлғаны дербестендіру мәселесі. Жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігімен тәрбиенің мақсаты. Жеке тұлғаның жан–жақты және үйлесімді дамуы туралы.

Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мақсаты, жалпы адамзаттық мәдениет, жеке тұлғаны әлеуметтендіру және дербестену, жеке тұлғаны жан –жақты үйлесімді дамыту, тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі.

8-тақырып Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде.

Дүниетаным негізгі компоненттері мен мәні. Дүниетанымның түрлері. Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Философия, оның әртүрлі баұыттарының қалыптасушы тұлғаның дүниетанымдық көзқарасын бағалаудың ролі. Дүниетанымды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Жеке тұлғаның құндылық бағыттары.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен құралдары: ғылыми білімді қалыптастыруда көзқарасы мен көзін жеткізу, оқытудың әдістері мен формаларының, мазмұнының ролі; оқушыларға әлемді түсінуін қалыптастырудағы көзқарасымен қазіргі әлеуметтік жағдайаттарға талдау жасау; әртүрлі іс әрекеттер түрлеріне оқушыларды қатыстыру; оқушыны тұлғалық әлеуметтендіру мен дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудағы мектеп пен жанұяның бірлескен іс әрекеті.

Негізгі ұғымдар: дүниетаным, әлемді тану, әлеуметтік орта, дүниетаным компоненттері, әлеуметтендіру, тұлғаны дараландыру, дүниетанымды қалыптастырудың құралдары.



9 –тақырып Тұтас педагогикалық процестегі тәрбиенің мазмұны.

Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны және олардың өзара байланысы. Тұлғаның жан–жақты мазмұнды сипатта дамуы адамзаттық мәдениетті меңгеруімен байланысты.

Интегралды тұлғалық сана, әлем мәдениетімен шығармашылық байланыста болу қабілетін сипаттайтің, ақыл–ой мәдениетә, еңбекке дайындығы, тұлғаның политехникалық мәдениеті, адамгершілікке тәрбиелілігі, экологиялық, эстетикалық, дене тәрбиесі. Дүниетаным әлемге, адамдарға, өзіне деген қөзқарастардың жүйесі ретінде мәдениеттің дамуы және меңгерілуінің белсенді шарттары. Тәрбиенің түрлері:

А) жеке тұлғаның ақыл–ой мәдениеті, оның мәні. Жалпыадамзаттық мәдениет әлеміне ену процесіндегі базалық білімнің ролі. Ақыл–ой қүші және қабілеті. Сөз мәдениеті және ойлау мәдениетінің тәрбиесі. .ылыми дүниетаным жеке тұлғаның ақыл–ой компоненті ретінде. Танымдық қызығушылықтың ақыл –ой мәдениетіндегі алатын орны. Оқушылардың өзіндік білім алуға дайындығын қалыптастыру;

Ә) жеке тұлғаның адамгершілік –тұтастығын қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесінің мәні. Жалпыадамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның адамгершілік тұтастығын қалыптастырудың негізгі ретінде. Адамгершілік тәрбиесінің ерекшелігінің оқушылардың кез келген іс әрекетіне қатысы. Жеке тұлғаның моральдық нормалар мен талаптарды меңгеру логикасы және механизмнің ерекшеліктері.

Адамгершілік тәрбиесінің жағымды эмоционалдық фонын жасау арқылы өзін өзі тәрбиелеуге ынтасын қалыптастыру;

Б) мамандықты саналы таңдау арқылы еңбекке дайындығын қалыптастыру, қоғамның өтпелі кезенде нарықтық қатынасқа көшуіндегі әлеуметтік –экономикалық тенденциялар және оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің міндеттері. Балалардың потенциалдық мүмкіндіктері кейінгі өмірлік жолдарын таңдауға септігін тигізеді.

В) қазіргі қоғамның жаңа идеологиялық жағдайына байланысты жеке тұлғаның саяси және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларда саяси мәдениетті қалыптастырудың міндеттері мен мазмұны. Қазіргі кезендегі мұғалім жұмысының күрделілігі және қарама–қайшылығы. Құқықтық мәдениеттін мазмұны, міндеттері мен мәні.

Г) оқушыларды эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбиенің мазмұны, міндеттері және мәні. Эстетикалық санасын, идеалын, сезімін, көркемдік шығармашылық қабілетін қалыптастыру.

Д) оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Экологиялық тәрбиенің мазмұны, міндеттері, мәні.

Е) жеке тұлғаның дене тәрбиесі. Салауатты өмір салты. Оқушылардың дене тәрбиесінің мазмұны мен міндеттері. Адам мәдениетін меңгерудегі оқушылардың негізгі іс әрекетінің түрлері.

Негізігі ұғымдар: педагогикалық процесс, мақсат, міндеті, жеке тұлға, мәдениет, тұлғаның интегралдық санасы.



10-тақырып Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құралдарының жүйесі

Қүралдар, формалар, әдістер педагогикалық процестің қозғаушы тетіктері ретінде. Қүралдар, формалар, әдістер және тәсілдер туралы жалпы ұғым. Оларды оқуда және оқудан тыс уақытта қолданудын ерекшеліктері. Педагогикалық процестің әдістеріне сипаттама және оларды жіктеу.

Оқыту мен тәрбие әдістерінің өзара байланысы педагогикалық процестің барлық қызметінің бірлігінің көрінісі ретінде. Оөудан тыс уақытты жеке тұлғаның қалыптасу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері. Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері: түсіндіру, әнгіме, сендіру, көзін жеткізу.

Тәрбиелік жағдайаттар жасау, үйрету, тапсырма беру, жаттығу. Оң мінез құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері: іс әрекет пен мінез құлықты ынталандыру әдістері: мадақтау, жазалау, олардың түрлері. Оларды қолданудың педагогикалық жағдайы.

Педагогикалық шығармашылықың белгісі ретінде тәрбиенің әдістерін сұрыптау. Бақылау және өзіндік бақылау әдістері.

Тәрбиелік іс әрекеті тиімді ұйымдастыру жағдайы ретінде құрал, форма, әдістерінің байланысы.

Негізгі ұғымдар:

Педагогикалық процестің қозғаушы тетіктері, құралдар, форма, әдістер, әдістемелік тәсілдер.



11-тақырып Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы және өзара іс‐әрекеті

Балалар қжымы әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі. Ұжымның мәні, ұжым тәрбиенің объектісі және субъектісі ретінде. Кеңес педагогтардың (С. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский т.б.) еңбектерінде ұжымдық тәрбиенің негізгі идеялары. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы дербес және ұжымдық диалектика.

Балалар ұжымын қалыптастыру кезендері, заңдары және атқаратын қызметтері. Әрбір кезендегі педагогикалық басқарудың өзіндік ерекшеліктері. Балалар ұжымының қалыптастырудың негізіг құралдары. Қарым қатынас және іс әрекеттің ролі. Ұжымдық өмірдің байлығы, қоғамдағы оң тәжірибелерді меңгерудегі ұжымдық дәстүрдің мәні.

Әртүрлі балалар ұжымдарының типтері(сыныптық, мектептік, әртүрлі жастағы, уақытша қызығушылығына байланысты) олардың ерекшеліктері, бір біріне әсері және сабақтастығы. «Педагогтар оқушылар» жүйесіндегі балалар ұжымы.

Педагогикалық процестің қызметіндегі тәрбиелік тетіктер: педагогтар және оқушылардың әртүрлі ұжымдық іс әрекеттегі байланысы. Оқу процесіндегі ұжымдық танымдық іс әрекетіндегі ұйымдастырудағы мұғалімнің жұмысы.

Сыныптан тыс жұмыстарда әртүрлі жастағы оқушылардың ұжымдық іс әрекетіне педагогикалық басшылық жасау.

Оқушылрдың әртүрлі тіршілік әрекетімен байланысты қоғамдық тапсырмаларға сипаттама. Дербестік, топтык, ұжымдық тапсырмалар.

Жеке тұлғаның дербес және ұжымдық дамуы оқытушы және оқушының бірлескен іс әрекеттін шарттары мен құралы ретінде қарым қатынастың ролі.

Педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын оқыту әдістері.

Негізгі ұғымдар; өзара әрекет, балалар ұжымы, ұжымдық әрекет, тапсырма беру, педагогикалық ұарым қатынас мәдениеті.



12-тақырып Сыныптың тәрбиелік жүйесі, сыгып жетекшісінің шығармашылық іс‐ әрекетінің нәтижесі ретінде.

Тәрбие жүйесі туралы ұғым. Сыныптағы тәрбие жүйесі. Тәрбиелік технологиялар. Тәрбие жүйесінің моделін жасау. Тәрбие жүйесін құрудағы сынып жеткешісінің іс әрекеті. Тәрбиелік іс шараларды дайындаудың әдістемесі. Педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекетін үйлестірудегі сынып жетекшісінің ролі. Сынып жетекшісінің қызметі. Сынып оқышылардың іс әрекетін ұйымдастыру түрлеріне сипаттама. Сынып жеткешісінің іс әрекетін болжау және диагностикалау.

Сынып жетекшісінің оқушылардың отбасымен ынтымақтастығын түрлері. Тәрбие процесінде этнопедагогика материалын пайдалану.

Негізгі ұғымдар:

Педагогикалық процесс, оның жүйелері, сынып жетекшісі, үйретуші, диагностика, болжау, жоспарлау, ынтымақтастық, тәрбие жүйесі.

13-тақырып Отбасы тәрбиенің негіздері

Отбасындағы балалар тәрбиесі. Отбасы тәрбиесі туралы Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинскийдің педагогикалық идеялары.

Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістері, мақсаты, міндеті, мазмұны, құралы, формалары отбасындағы педагогикалық процестің негізігі сипаттамалары.

Отбасы және мектептің ынтымақтастығының түрлері. Отбасы мен педагогикалық қжымның жұмысындағы сынып жеткешісінің ролі. Отбасындағы этнопедагогикалық тәрбие.

Негізгі ұғымдар:

Отбасылык және қоғамдық тәрбие, отбасы және мектептегі педагогикалық процесс, ата аналардың педагогикалық белсенділігі, ынтымақтастық түрлері



14-тақырып Тұтас педагогикалық процестің құрамындағы оқыту

Оқыту тұтас педагогикалық процестің негізгі бөлігі. Білім беру мен оқытудың тәрбиелік мүмкіндіктері. Қазіргі дидактиканың проблемалары. Оқыиу процесінінң мәні. әдіснамалық негізі. Оқытудың танымдық іс әректеттің ерекшеліктері.

Оқытудың психологиялық негіздері. Оқытудың психологиялық теориялары;ассоциативтік рефлекторлық, ақыл ой әрекеттерінің сатылап қалыптастырудың теориясы. т.б.

Оқыту процесін жүзеге асырудағы педагогикалық процестін негізгі қызметі білімділік, тәрбиелік, дамытушылық. Оқыту процесін құрылымы, негізгі кезендері, оқытудың заңдылықтары және принциптері.

Негізгі ұғымдар: дидактика, оқыту процесі, оқыту функциясы, заңдылықтары, оқыту принциптері.

15-тақырып Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны.

Білім берудің мазмұның анықтаудың ғылыми педагогикалық негізі: білім беру және оның мазмұны, туралы жалпы ұғым, мектеп тарихындағы білім мазмұнының мәселелері туралы жалпы ұғым, мектеп тарихындағы білім мазмұнының мәселелері мен педагогикалық ой пікірлер; кеңес мектептерінің дамуы мен қалыптасу дәуіріндегі білім мазмұнын құраудың негізгі кезендері, жалпы адамзаттық мәдениет; әлеуметтік тәжірибе білім берудің негізгі құрамын анықтаудың негізі ретінде.

Жалпы, политехникалық, кәсіби білім берудің өзара байланысы. Білім мазмұнындағы пәнаралық байланысының мәселелері. Оқушылардың шынайы оқу мүмкіндіктері, оларды білім берудің мазмұнын анықтау мәселелері. Білім беру мазмұнын сұрыптаудағы шығармашылық қатынас. Ұлттық мектептердегі білім беру мазмұнын жаңартудың негізіг бағыттары.

Білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттарға сипаттама: оқу жоспарлары, оқу бағдарламасы, оқулықтар, оку құралдар. Шетел мектептеріндегі білім берудің мәселелері.

Негізгі ұғымдар: білім беру, білім мазмұны, мәдениет, пәнаралық байланыс, оқушылардың оқу мүмкіндіктері.

16-тақырып Оқытуды ұйымдастыру формалары. Қазіргі сабақ.

Оқушылардың оку танымдық іс әрекеті және тұтас педагогикалық процесте оны ұйымдастырудың түрлері ұғым, мұғалім мен оқушының өзара іс әрекеттінің әдісі ретінде. Оқытуды ұйымдастыру түрлері және әдістері арасындағы үйлесімділік. Оқытуды ұйымдастырудың түрлерінің дамуы мен қалыптасуына қысқаша тарихи экскурс. Мектеп тарихындағы оқытудың сыныптық сабақ жүйесін дамыту.

Қазіргі мектептегі оку жұмысын ұйымдастырудың түрлері: сабақ, экскурсия, сарамандық және семинарлар, оөушылардың үйдегі оқу жұмысы,сынак, консультация, емтихан, қосымша сабак. Оқытудың дәстүрлі емес түрлерінің қолдану педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі ретінде. Оқушылардың танымдық іс әрекетін ұйымдастырудыдағы сабақ және сабақтан тыс, фронтальды, топтық, дербестік, түрлерінің үйлесімділігі. Қазіргі сабақтың теориясы. Сабақ - логикалық аяқталған педагогикалық процестің уақыт бойынша шектелген бөлігі.

Дидактиканың міндеттері. Сабақтың типологиясы және құрылымы. Сабақтың құрылымының психологиялық және дидактикалық ара қатынасы.

Оқушылардың танымдық іс әрекетінің ұйымдастырудың топтық, дербестік, фронтальды түрлері. Оқушылардың бірін- бірі оқытуына, ұжымдық танымдық іс әрекетіне мұғалімнің басшылық ерекшеліктері.

«Авторлық сабақтар», жаңашыл педагогтардың сабақтары.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Тақырыптық және сабақ бойынша жоспарлау.

Сабақты талдау – педагогикалық процестің компоненті. Сабақты талдаудың типтері. Сабақтың талдаудың салыстырмалы сипатамасы( Конаржевский Ю., Махмутов М., Симонов В., т.б.) Педагогикалық процестің құрылымдық компоненті негізінде, сабақты талдаудың сызбасын құруды негізідеудің қажеттілігі – мұғалімнің іс әрекетінің объектсісі. Сабақты талдау және өзіндік талдау – басқару объектісінің сапасы туралы жаңа білімді алудың әдісі. Оқыту процесінде этнопедагогика материалдарын пайдалану.

Негізгі ұғымдар:

Оқытудың формалары, сабақ және сабақтан тыс, фронтальды, топтық, дербестік оқытудың ұжымдық бағыттық түрлері, сабақ.



17-тақырып Оқыту әдістеріне сипаттама

Тұтас педагогикалық процестегі оқыту әдістерінінң орны. Оқыту әдісі туралы жалпы ұғым. әдіс және әдістемелік тәсілдер. Оқытудың әдістері және құралдары. Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі және белгілері. Оқыту әдістерінің психологиялық құрылымы. Оқыту әдістерінің ерекшеліктері: тұлғаны қалыптастыру міндетімен байланысты жекелеген әдістер қолдану логикасына, сабақта оқыту әдістерінің кешендерін таңдауды негіздеу үшін пікіріне байланысты әдістерінің тәрбиелік, білімділік, дамытушылық мәні, екі жақтылық сипаты.

Оқыту әдістерінің көптүрлілігі. Қазіргі дидактикадағы жіктеудің әртүрлі тәсілдері. Оқытудың әртүрлі әдістеріне сипаттама:шығарма, әнгіме, оқулықпен жұмыс, бақылау, жаттығу, зертханалық және сарамандық жұмыс. өнер құралдары мен ойын тәсілдері, оларды оқыту процесінде қолдану.

Негізгі ұғымдар: Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, оқыту құралы, оқыту әдістерін жіктеу.



18-тақырып Оқушылардың ұжымдық танымдық іс‐әрекетінің

ұйымдастырушылық педагогикалық негіздері.

Педагогикалық процесс- жалпы адамзаттық мәдениет байлығын меңгерудегі мұғалімнің тікелей басшылығы мен жетекшілігінде оқушылармен ынтымақтастығы. Ұжымдық танымдық іс-әрекет педагогикалық процестің бөлігі.

Оқыту процесінің қарама-қайшылығы. Олардың шешімдері. Оқушылардың ұжымдық- танымдық іс-әрекетінің мәні. Ұйымдастырудың түрлері және формалары. Ассистенттер пен консультанттардың жұмысы. Жұппен, соның ішінде ауыспалы құраммен жұмыс жасау. Сабақтағы топтық жұмыс. Оқу кездесулері. Оқушылардың білімдерінің, іскерліктерінің дағдыларының қоғамдық байқаулары. Топтық сабақтың әдістемесі және құрылымы.

Негізгі ұғымдар: танымдық іс -әрекет, белсенділік, алгоритмдеу, компьютерлендіру,саралау



19 -тақырып Оқушылардың танымдық іс‐әрекетін белсендірудің қазіргі тәсілдері

Қазіргі дидактиканың жетістіктері, оларды мектептің оқу-тәрбие процесін жетілдіруде жүзеге асыру.

Оқыту процесінің әртүрлі тәсілдеріне сипаттама: проблемалық оқыту; оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегізерттеушілік тәсілдер; оқушылардың танымдық қызығушылығымен ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру; алгоритмдеп және бағдарламалап оқыту; оқытуды компьютерлендіру; ірі блокты оқыту және профильді оқыту; саралап оқыту; ұжымдық танымдық іс әрекет.

Жаңашыл педагогтардың тәжірибесіндегі оқыту технологиялары мен идеялары. Оқыту процесін жетілдірудегі дәстүрлі және қазіргі әдістерінен үйлесімділігі.

Негізгі ұғымдары: танымдық әрекет, белсенділік, алгоритмдеу, компьтерлендіру, саралау, интеграция, проблемалық оқыту,бағдарламалық оқыту.

20 -тақырып Тұтас педагогикалық процестегі оқу‐тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу

Оқу тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу қызметтері: ынталандыру,дамыту, білім беру, оқыту, бақылау, тәрбиелеу. Есепке алу қызметінің өзара байланысы мен өзара жағдай жасау. Жеке тұлғаның жетістігінің тиімділік өлшемдері. Үлгерім оқу еңбегі мен оның көрсеткіштерінің сипаттамамасы сияқты.

Оқу жұмысының нәтижелілігін есептеу мен бақылаудың теориялық негіздері. Бақылау мен оқыту нәтижесін есепке алудың түрлері.

Оқу жұмысының нәтижесін бағалау және бақылау әдістерінің жүйесі: ауызша сұрау, жазбаша жұмыстарды тексеру, үй жұмысы, өзіндік жұмыс, сыныптық бақылау, сынақ, емтихан, күнделікті бақылау.

Саралап оқытудың жағдайындағы оқушылардың білімін, білігін және дағдасын бақылау және бағалау.

Оқушылардың білімін бағалау. Оны ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Оқытудың міндетті нәтижелері. Оқушылардың білімін, білігін және дағдасын бағалау өлшемдері. Бағалау процесінде оқушылардың қатысуы. Оқушылардың бағалау процесіне өзара әсері.

Сабақтан тыс іс әрекеттің нәтижесін бақылау мен есепке алудың ерекшеліктері: табиғат қорғау, еңбек, көркемдік, спорт сауықтыру, ойын. Оқудын тыс іс әрекеттердің нәтижесін бақылау және бағалау процесіне өзара әсері.

Негізгі ұғымдар:

Педагогикалық процесті диагностикалау, болжау, үлгерім педагогикалық процестің сипаттамасы, бақылау, есепке алу, бағалау, әдістер, бағалы пікір, баға, бағалау өлшемдері.

21 -тақырып Білім беру технологиялары.

Педагогикалық технологиялар туралы ұғым. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары.

Тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы.

Білім беру технологиялары.

А) педагогикалық қатынасты демократияландыру және гуманизациялау негізіндегі педагогикалық технологиялар(Ш. Амоношвилидің ізгілік және тұлғалық технологиясы, әдебиетті оқыту жүйесі адамды қалыптастырудың пәні ретінде, Е. Ильина)

Ә) оқушылардың іс әрекетін қарқындандыру мен белсендірудің негізгідегі педагогикалық технологиялар( ойын технологиясы, проблемалық, В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдары конспектісі негізінде оқыту технологиясы, Е.И. Пассовтың қарым–қатынастық оқыту және т.с.

Б) оқыту процесін ұйымдастыру мен басқару тиімділігі негізіндегі педагогикалық технологиялар бағдарламалау, оқыту( В.В. Фирсов, Н.П. Гузик саралап оқыту технологиялары), даралап оқытудың технологиялары(А.С. Границкая, Инге Унт, В.Д. Шадриков) тірек кестелерін пайдаланып түсіндіре отырып жүргізудегі оқытудың озық әдістері(И. Первин, В.К.Дьяченко), компьютерлік, акпараттық және т.б. технологиялар;

В) материалды әдістемелік негізінде жетілдірудің педагогикалық технологиялары: дидактикалық бірліктерді ұлғайту(Эрдниев П.М.), «мәдениет диалогы» технологиясы (Библер В.С., С.Ю. Курганов) Л. Тарасовтың «экологиялық және диалектика» жүйесі, М.В. Валович және т.б. ақыл– ой әрекетін біртіндеп қалыптастырудың теориясын жүзеге асыру технологиясы.

Г) бала дамуының табиғм жаратылыс үрдісіне арқа сүйетін табиғатқа сәйкес пайдаланатын халықтық педагогиканың әдістері:Л.Н. Толстой бойынша оқыту, А.Кушнирдің салауаттық тәрбиесі, М.Н. Монтессори және тағы басқалардың технологиясы.

Д) альтенативтік: Р. Штейнердің вальдорф педагогикасы, С. Френенің еркін тәрбиесі, А.М. Лобканың білім берудің ықтималдық технологиясы.

Е) кешендік политехнологиялар( А. Тубельскийдің «өзін өзі айқындау мектебі», И. Гончаровтың «орыс мектебі», Е. Ямбургтың «барлығына арналған мектеп», «мектеп парк», М. Балабан және тағы басқалар№

Негізгі ұғымдар: технология, педагогикалық білім беру технологиялары, шығармашылық.



22 -тақырып Мектеп туралы нормативтік құжаттардың сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Конституциясындағы білім беру мәселелері. Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы Заңы. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы. Қазақстан Республикасында орта білім дамыту тұжырымдамасы(1997). Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты туралы Ереже. Базалық оқу жоспары, варианттық оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары.

Мектеп түрлері, олардың сипататмасы, ондағы оку тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Негізгі ұғымдар:

Нормативтік құжат, білім беру стандарты, әртүрлі үлгідегі мектептер.

23 -тақырып Мектептің оқу‐тәрбие процесін ұйымдастырушылық әдістемелік басқару.

Халыққа білім беру жүйесіндегі оқу орны ретінде, үлгіднгі мектептерді басқару және жетекшәләк ету. Басқару қағидалары. Әкімшілікті басқару объектісі‐мектептегі педагогикалық процесс ретінде. Басқарудың пәні ‐ мұғалімдер мен оқушылар ұжымдарының іс‐әрекет негізінде. «педагогтар‐оқушылар», «мұғалім‐пән мұғалімі‐оқушы», «сынып жетекшісі‐сынып ұжымы» және т.б. жүйесіндегі басқару қатынасының ерекшеліктері.

Мектеп басшыларына қойылатын талап. Оқу ‐тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының, орынбасарларының атқаратын қызметтері. Мектептегі педкеңес ‐ғылыми тұрғыдан педагогикалық процесті дамыту бағытындағы алқалық басқару ұйымы.

Мұғалім еңбегі ‐ мектептегі педагогтардың қжымдық іс‐әрекетінің негізі бөлігі ретінде. Педкеңес жұмысын жоспарлау ‐мәжіліс тақырыбы.

Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтерудегі кафедраның және пән бірлестігінің ролі. Оөушылардың ғылыми жұмысына басшылық, ғылыми зерттеу тақырыптарын өндеу мұғалімдердің белгілі бір мақсатқа бағытталған білімін көтеру жүйесі. Әдістемелік кеңестердің шешімдерін дайындаудағы, өткізудегі және орындаудағы әдістемелік бірлестік және кафедраның ролі.

Негізгі ұғымдар:

Басқару, педагогикалық процеске жетекшілік жасау, педкеңес, пәндік басқару, пәндік бірлестік.

24-тақырып Мектептің, сыныптың оқу‐ тәрбие процесін диагностикалау ‐басқарудың негізі ретінде. Мектеп ішілік бақылау.

Оқу ‐тәрбие процеснің әртүрлі кезендеріндегі жағдайы мен оның жұмыс істеу туралы ақпарат‐диагностиканың негізі. Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпарат түрлері. Бастапқы, тактикалық, оперативтік.

Педагогикалық процестің негізгі сипаттамасы және оның көрсеткіштері. Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпаратты талдау, жүйелеу, жинақтау әдістері. Мектептегі іс‐әрекеттерді болжау, нәтижелерін көрсету.

Педагогикалық процесті басқару мен оның жағдайын зерттеу үшін ақпараттарды таңдау өлшемдері. Мектепшілік бақылаудың түрлері және әдістері. Мектептегі педагогикалық ұжымның іс‐әрекеттерін бағалау өлшемдері педагогтарды аттестациялаудың негізі. Педагогикалық ұжымның іс‐әрекетінің өлшемдері және көрсеткіштері. Педагогикалық процесті сипаттау мектептегі педагогикалық ұжымның іс‐әрекет өлшемдерін айқындаудың негізі.

Негізгі ұғымдар:

Педагогикалық процесс, мектеп ішілік бақылау, диагностика, ақпарат



25-тақырып Мектеп жұмысын жоспарлау

Мектеп жұмысының барлық түрін жоспарлау үшін педагогикалық процесс туралы ақпаратты пайдалану.

Болашақ және жылдық жоспар. Мектеп жұмысының барлық жоспар түрлерінің орындалуына бақылау жасаудың формалардың мазмұндық бірлігі.

Мектеп құжаттары. Мектептегі басқарудағы мектеп құжаттарнынң ролі. Негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы. Бұйрық кітаптарына, сынып журналдарына және басқа да құжаттардың жүргізілуіне қойылатыг талаптар.

Негізгі ұғымдар: мектепті басқару, мектеп жұмысын жоспарлау,

26-тақырып Мұғалімдерді аттестациялау және мектептегі әдістемелік жұмыс

Мектептегі әдістемелік жұмыс ‐педагогтың кәсіби шеберлігі мен мамандығының жоғарлатудың негізі. Мұғалімдердің әдістемелік дайындығымен тұтас оқу‐тәрбие процесін тиімділігін арттырудың өзара байланысы. Мұғалімдердің теориялық дайындығын жетілдіру ‐ оның әдістемелік жұмысынынң сапасын арттырудың кепілі.


Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері және әдістері. Мұғалімдерді аттестациялау ‐мамандық шеберлігін шынайы деңгейін айқындайтын құрал.

Мұғалім қызметінің шеберлігін диагностикалау. Педагогикалық қызметті өзіндік диагностикалау. Мұғалімдерді аттестацыялау, аттестацыяланатын мұғалімдердің педагогикалық іс-әректін сараптау үшін мектептегі оқу - тәрбие жұмысының жағдайын диагностикалаудың өлшемдерін және көрсеткіштерін қолдану, мұғалімдердің кәсіби іс әрекетін диагностикалау әдістемесі.

Сараптаудың мазмұны, ұйымдастырырылуы, өткілілуі.

Негізгі ұғымдар:

әдістемелік жұмыс, әдістемелік жұмыс түрлері, педагогикалық әрекетті диагностикалау, педагогикалық іс әрекеттерді өзіндік диагностикалау, педагогикалық іс әрекетті сараптау, мұғалімдерді аттестациялау.

Негізгі әдебиеттер

1. Государственная программа развития образования в РК до 2010г.

2. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990

3. Педагогика. Алматы: Print – S, 2005. – 364б

4. И.П. Подласый, Педагогика: курс лекций, М., 2000

5. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев Педагогика, А,2000

6. Педагогика. Курс лекций, Алматы: Нұрлы Әлем, 20037

7. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М., 1998

8. Харламов И.Ф. Педагогика – Минск 2002

9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе.- Алма-Ата: Мектеп 1984

10. Пидкасистый П.И. Педагогика. –М., 2001

11. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса. –Алматы. 2005

12. Бордовская Н.В., Реан А.А., Педагогика « Серия учебник нового века» СПб 2000

Қосымша әдебиет

13. Каракулов К.Ж. Школоведение.Алматы

14 Конаржевский Ю.А. Анализ урока. М. Центр «Педагогический поиск», 2000. 336с.

15. Коркина В.И. Дидактика в схемах и таблицах: Уч.пособие. КарГУ. Караганда: Изд-во КарГУ, 2004

16 Краевский В.В. Введение в научное исследование по педагогике: Уч.пособие М., 1999

17 Харламов И.Ф. Педагогика: Учеб.пособие для пед.вузов. М., 2000

18 Ильина Т.А. педагогика: курс лекций/ Учеб.пособие для пед.вузов. М., Просвещение 1984

19. Мудрик А.В. Социальная педагогика: учебн для вузов. М. 1999

20. Константинов Н.А. История педагогики М.,Просвещение 1982

21. Жумабаев М. Педагогика Алматы: Анна тілі. 1992

22. Джуринский А.Н. История педагогики: Учебное пособие для студ пед.вузов. – М.: Владос, 1999

23. Педагогика и психология одаренности школьников: Учебное пособие/ Арын Е.М., Жексенбаева У.Б., Иванова Н.Д. и др. Алматы: Дарын, 2002

24 ПФейфер Н.Э. Профессионально-педагогический потенциал педагога.-Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2003. – 198с.

25. Кертаева К.М. «Жаңа ғасырға жаңа мектеп» /Павлодар. ПГУ им. С. Торайгырова, 2005

26. Жуматаева Е. Этнопедагогика: оқу құралы Павлодар. ПГУ им. С. Торайгырова, 2004.- 73б.

27. Основы современной дидактики: учебное пособие/ Н.Пфейфер, Е.Жуматаева, Е. Бурдина.- Павлодар. ПГУ им. С. Торайгырова, 2006.- 147б.



28. Ксембаева С.К., Старжинская Е.С.Организация внешкольной работы/учебно-методическое пособие. Павлодар. ПГУ им. С. Торайгырова, 2007.- 83с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет