Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


Музыкалық білім берудің принциптері



Pdf көрінісі
бет17/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78
4.2 Музыкалық білім берудің принциптері
Музыкалық білім берудің мақсаты мен міндеттерінің мәні,
мазмұны мен үрдісінің маңызын ашып көрсететін маңызды
компоненттерінің бірі – музыкалық білім берудің принциптері.
Музыкалық білім беру принциптері музыка мұғалімі ұстанымының
төмендегідей бағыттарын белгілеп береді: 
1. Музыкалық білім берудегі гуманистік, эстетикалық, өнегелі
бағыттары мынадай принциптермен іске асады:
- рухани өмірдегі музыкалық өнердің көпқырлы байланыстарын
айқындау;
- музыканың эстетикалық құндылықтарын ашу;
- музыканың баланы эстетикалық, өнегелік, көркемдік тұрғыдан
дамытатын ерекше мүмкіншіліктерін мойындау;
- музыкалық өнерді жалпы тарихи контексте және өнердің басқа
түрлерімен байланыстыра зерттеу;
- музыка өнерінің жоғарғы көркемдік үлгілеріне бағытталу;
- баланың өнермен қарым-қатынасындағы өзіндік құндылығын
мойындау.
2. Музыкалық білім берудегі музыкатану бағытының принциптері:
- оқушылармен музыка өнерін халықтық, академиялық (классикалық
және қазіргі жаңа), рухани (діни) музыкаларымен бірлікте, біртұтас өнер
ретіне сүйене отырып оқыту;
- музыканы зерттеуінде, оның дыбыс ырғағына, жанрына және
стилдік ерекшеліктеріне сүйену;
- оқушылар музыканы тыңдау, орындау және музыка шығару
әрекетінде олардың музыка өнерімен бірге тыныстап, «өмір сүріп» жатқан
сезімін ашып көрсету.
3Музыкалық-психологиялық бағыттың принциптері:
- музыкалық білім беру процесін оқушының тұлғалық қалыптасуына,
музыкалық қаблетін дамытуға жұмылдыру;
- оқушыларды музыкалық қызметтің әр түрін меңгеруге бағыттау;
- балада музыкалық шығармашылықтың түрлі көріністерінің пайда
бола бастауын көре білу;
- музыкадағы және музыкалық білім берудегі арттерапевтік
мүмкіншіліктерді қолдану.
4. Педагогикалық бағыттың принциптері:
21


- оқушыларды музыкаға тәрбиелеу, оқыту және дамытудың
біртұтастығы;
- музыкалық сабақты ұйымдастырудың қызықтырушылығы,
бірізділігі, жүйелілігі, ғылымилығы;
- музыкалы-педагогикалық мақсат-міндеттердің диалектикалық
байланысы;
- музыкалық-шығармашылық процесіндегі музыкалық сабақтардың
сипаттық ұқсастыруы.
Д.Б.Кабалевскийдің музыкалық-педагогикалық концепциялық негізгі
принциптері мынандай:
1. Музыкалық сабаққа балалардың қызығушылығын қалыптастыру;
2. Музыкалық сабақты баланың рухани дамуына қарай бағыттау;
3. Музыкалық білім беру үрдісінде музыка мен өмірді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет