Н е бқму 23-20-07-19. Бақылау- өлшегіш құралдары (ағымдық және межелік бақылау арналған). Бірінші басылым



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата07.03.2024
өлшемі189.68 Kb.
#494670
  1   2   3   4   5   6   7
Гистология 209АБ



Н Е БҚМУ 23-20-07-19. Бақылау- өлшегіш құралдары (ағымдық және межелік бақылау арналған). Бірінші басылым. 
Ф П ЗКМУ 23-20-07-19. Контрольно-измерительные средства (для текущего и рубежного контроля). Издание первое. 
F P WKMU 23-20-07-19. 
Measuring instruments (for current and midterm control)
. First edition. 

Гистология 209АБ 
1.Пренатальді онтогенезінің 35-36 апталарында сурфактант синтезі және уақытында оның 
ыдырауы жүретіні белгілі. Егерде нәресте уақытынан ерте туылса, өкпе альвеолаларының 
түсуі ықтимал. Сурфактант адекватты синтезделуі үшін қандай жасушалар жетілуі 
керек?//
2-ші типті альвеолоциттер 
2.Ауа жолдары гистологиялық препараттарын зерттегенде, онда ірі және орташа 
бронхтардың қабырғасында тірек құрылымдарының тіндік құрамы бірдей емес екендігі 
анықталған. Орташа бронхтардың (ірі бронхармен салыстырғанда) фиброзды-шеміршекті 
қабықшасының құрамында гиалинді шеміршектің орнында қандай тін пайда болатынын 
көрсетіңіз:// эластикалық шеміршек тіні пайда болады 
3.Өкпенің 1 типті альвеолоцитінің қызметі:// транспорттық 
4.Өкпенің 2 типті альвеолоцитінің қызметі:// секреторлық 
5.Құрылымдық компоненті сурфактант болып табылатын барьер-сүзгі қайсысы:// 
Аэрогематикалық 
6.Аэрогематикалық барьер-сүзгінің болатыны:// Респираторлы альвеолациттердің 
жұқарған бөлігі 
7.Плевра препараты берілген. Серозды қабықшаны жабатын жасушалар жазық, пішіні 
көпбұрышты, шеттері тегіс емес. Жасушаның ядросы орналасқан бөлігі қалыңырақ. 
Жасушалардың бос бетінде микробүрлері анықталады. Сипатталған эпителидің түрін 
анықтаңыз.// бір қабатты жазык эпителий, мезотелий 
8.Өкпенің гистологиялық препаратын зерттеу барысында ауа өткізу жолдарының 
қабырғасында эластикалық шеміршектің аралшықтары бар бір бөлігі көзге түсті. 
Құрылымды анықтаңыз:// Фиброзды-шеміршекті қабықша 
9.Меншікті мұрын қуысының тыныс алу беткейінің ішкі беткейі кілегей қабықпен 
жабылған. Эпителиінде 4 түрлі клетканы ажыратады. Эпителийдің бокал тәрізді 
клеткалары қандай қызмет атқаратындығын көрсетіңіз.// Секреторлық (шырышты) . 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет