Әдебиет
-
Кушербаев А. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының ерекшеліктері //Дефектология. 2011. №3. 17 б.
-
Воронкова В.В. Воспитание и обучение детей во вспомогательной школе. М., 1994.
-
Кальпебаева Г. Психикалық дамуы тежелген балаларды ақыл-есі төмен балалардан ажырату». //Дефектология. 2010. №4. 15 б.
-
Гаврилушкина О.Н. Об организации воспитания детей с ЗПР. //Дошкольное воспитание. 2004. №8.
-
Пашков А.Г. Педагогические основы социальной реабилитации детей с органиченными возможностями (методические рекомендации). 2006.
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ
ӨЗІН ӨЗІ БАҒАЛАУЫНЫҢ ДАМУЫ
Есмуратова У. А.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистранты
Тұлға – психология зерттеулеріндегі негізгі объект болып саналады. Онда тұлғаның психикалық құрылысы, жеке және жалпы жүйелерінің даму және қалыптасу процессінің ерекшеліктері зерттеледі. Маңыздысы, осы зерттеулердің арқасында мақсатталған және нәтижелі тәрбиелеу мен тұлғаның қоршаған ортаға бейімделуіне әсер ету мүмкіндігінің жоғарлауы.
Адам дамуында және оның қалыптасуында қоршаған орта мен қоғам, әлеуметтік тұқымқуалаушылық маңызды орынға ие.Дегенмен де, адамның белсенді өзін-өзі дамытып, өзін-өзі тануы үшін, алдымен өзіндік «Мен» кейіпін қалыптастыру керек.
Бүкіл әлемдегі психологтар мен ұстаздарды жалпы білім беру мектептерінде оқитын нақты клиникалық диагнозы жоқ, бірақ оқуы мен мінез-құлқында айқын қиындықтары бар оқушылар популяциясының көбеюі мазалайды.
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің көрсеткіштері бойынша бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 60% -да соматикалық және психофизикалық дезадаптацияның қаупі бар, және де олардың 35%-да психикалық жүйке-жүйесінің айқын бұзылысы балабақшаның кіші топтарында анықталған. Бұл балалардың арасында есту қабілеті бұзылған балалар ерекше орын алады. Бұл балалардың өмірде өз орныны табуы, әлеуметтік бейімделуі өзін тұлға ретінде қалыптастыруы, өзін –өзі бағалауы мен дамытуы – қазіргі таңдағы ең күрделі мәселенің бірі.
Осыған байланысты бұл категориядағы балаларды оқытуда оқытудыудың шарттарын анықтау және де оқытудың барлық кезеңдерінде психологиялық қолдап отыру ерекше маңызды.
Оқытудағы түзету-дамытушылық жүйе - білімді меңгерудегі қиындықтары бар балаларды оқытуда белсенді көмек беретін бірден-бір жүйе.Дұрыс педагогикалық ықпал ету – психикалық дамуында ерекшеліктері бар балаларға тиімді көмектің басты және негізгі шарты болып табылыды.
Есту қабілеті бұзылған балалардың тұлғалық және танымдық қызметінің жүйелі психолог иялық зерттеуі, психикалық дамудағы бұзылыстарын анықтау арқылы ғана, дамуында бұзылысы бар балалардың барлық психологиялық танымын қалыптастыратын кешенді түзету – дамытушылық бағдарлама құрастыра алады.
Есту қабілеті бұзылған балалардың олардың тұлғалық және психикалық дамуын жан-жақты қарастыратын жұмыс бағыты қажет. Бұл жағдайда танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері,онтогенездегі психиканың дамуы, екіншілік кемістіктің айқын дәрежедегі көрінісі және тұлғаның жеке қалыптасуы – тіл кемістігі бар балалардың психикалық дамуының негізгі мәселесі болып табылады.
Ғылыми әдебиетттерде дамуында ауытқуы бар балалардың тұлғалық сапасының ерекшеліктері туралы айтылғанымен,арнайы мектеп-интернаттарда оқитын есту қаб ілеті бұзылған балалардың өзін-өзі бағалауының қалыптасуы туралы терең психикалық зерттеулер жоқ.
Есту қабілеті бұзылған балалардың өзін-өзі бағалау жағдайы кейбір авторлардың зерттеу мәселесі болып табылады, бірақ өзін-өзі бағалауының қалыптасу ерекшеліктері арнайы білім беру саласында әлі зерттелмеген. Бұл жағдайда біріншілік кемістік пен екіншілік бұзылыстың өзара байланысы түзетушілік ықпал үшін маңызды, себебі бұл есту қабілеті бұзылған балалардың әлеуметтік бейімделуі мен үйренуінде негізгі мәнге ие.
Кемістігі бар балалардың психикалық дамуын зерттеудің арнайы психологияда алатын орны ерекше. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың психикалық дамуын зертеумен Л.С.Выготский(1956), В.И.Лубовский (1963), В.Г.Петрова (1971),Ж.И.Намазбаева (1976), Н.Л.Коломенский (1972), Ю.А.Кулагин, Т.В.Розанова (1983), М.М.Нудельман (1976), В.Петшак, Р.К.Луцкина, Л.О.Сарсенбаева, А.Д.Шарапиева (1999), т.б. ғалымдар айналысқан.
Сурдопедагогтар мен психологтардың ескерулері бойынша есту қабілеті зақымдалған балалардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктері маңызды проблемаға айналды. Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің дамымауы салдарынан балалардың сезімталдық жай-күйін, олардың тұлғалық ерекшеліктерін байқау өте қиынға соғады.Бұл, есту қабілеті зақымдалған балаларда әлеуметтік-эмоционалдық жетілуінің, моральді-этикалық көзқарастарының дамуының, өз достарының немесе қоғамның ортасында өзгеге және өзіне деген қатынасының дамуының тежелуіне әкелуі мүмкін.
Жоғарыда айтылған ерекшеліктер, алдымен, есту қабілету бұзылу салдарынан және сөйлеу тілінің қалыптаспауы салдарынан басқа адамдармен қатынастың бұзылуына, әлеуметтік бейімделудегі қиындықтарға әкеледі. Есту қабілеті бұзылған бала әрқашанда өзінің кемістігі салдарынан қиын жағдайға ұшырайды, өзін қолайсыз сезінеді.Көп жағдайда ,бұл, баланың қатардан қалып қоюына, өз мүмкіндігіне сенбеуіне әкеледі.
Көп жағдайда бала қалыпты дамыған баламен салыстырылады немесе белгілі-бір шарттарға, нормаларға,қалауларға «кездеседі». Осының салдарынан, есту қабілеті бұзылған балада дамымаушылық сезімі жоғарылап, тұлғалық және өзін-өзі бағалауының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Өзін-өзі бағалауының айқын төмендігі есебінен баланың әлеуметтік бейімделуі мен қоғамға енуінде қиындықтар туындайды.
Белгілі кемістіктің бар болуына байланысты, мүмкіндігі шектеулі бала мен оның қауымы арасында өзіне тән қатынас пайда болады. Көп жағдайда кемістік баланы оқшаулап, оны шеттетеді.Сондықтан да есту қабілеті бұзылған балалардың отбасындағы тәрбиелену, оқу қоғамға бейімделу процессіне бағыныштылығы, сау баламен салыстырғанда әлдеқайда көп.Сонымен қатар өзін-өзі бағалауының қалыпты дамуына баланың өз ортасымен,достарымен қарым-қатынасы өте маңызды болып табылады. Белгілі бір іс-әрекеттердегі жетістіктерін басқа балалардың нәтижелерімен салыстыра отырып, бала өз мүмкіндіген дұрыс және тура бағалауға үйрене бастайды. Бұл жерде баланың өз мүмкіндіктерін бағалауға оның ата-анасы көмек беруі тиіс, бірақ ешбір жағдайда баланың өзі туралы ой – пікірін жоққа шығармау керек.
Жеке өзін–өзі бағалау үлкендердің бағалауы және баланың өзіндік тәжірибесі негізінде қалыптасады. Есту қабілеті зақымдалған балаларда өзін-өзі бағалауы барлық кезеңдерге сай өтеді, бірақ әр кезеңде белгілі-бір тежеулер бар. Бұл сырттан келген ақпараттың көлемінің ерекшелігіне байланысты. Себебі, кемістік аумағы есту аппараты болса, бұл өзі –өзі бағалаудың қалыптасуының негізігі орталығы. Себебі, есту қабілеті бұзылған бала үлкендер немесе айнадағылар оны не деп бағалап жатқаын естімейді. Сондықтан да қалыпты дамыған баланың өзін-өзі бағалауының қалыптасуында пайда болатын мәселелердің барлығы, есту қабілеті зақымдалған балалардың қлаптасуында әлдеқайда қиын процесс болып табылады.
Баланың мектепке барғанына дейін оның дамуына отбасы тікелей әсер етсе, мектепке барған соң баланың тұлғасына әсер ететін көптеген жаңа жолдар ашылады, олар: достары, мұғалімдер, қоршаған ортасы, оқу процессі. Бірақ бұл отбасының қатынасының төмендеуіне әкеледі деген сөз емес, отбасы қатынасы әркезде де ең маңызды фактор болып табылады.
Қалыпты дамыған балаларға қарағанда есту қабілеті бұзылған балалардың өзін-өзі бағалауда кезеңнен кезеңге өтуінде өзіндік тежелулер болады, және де бұл паталогия болып саналмайды. Психология тұрғысынан қарасақ, сурдопсихологияда есту қабілеті бұзылған балалардың мінезінің өзіндік ерекшеліктерін айқындап көрсетеді. Олар, невротикалық жағдайларға, астено-невротикалық және психопатиялық жағдайларға бейімділігі. Л.М.Барденштейннің зерттеулері бойынша эмоционалды-танымдық жетілмеушілік 7 – 13 жас аралығында айқын көрінеді.
Т.Н.Прилепскаяның айтуы бойынша, есту қабілеті бұзылған балалар қоршаған орта жағдайына бейімделуде әлеуметтік жетілу жағынан еститін балалардан артта қалып қояды. Оларда белгілі іс-әрекет пен қажеттілік ерекшеліктерімен байланысты эмоционалды-әрекеттік бұзылыстар көп кездеседі. Себебі, мұндай балалардың көбі арнайы мектеп-интернат жағдайында болады, яғни «еститін әлемнен» оқшауланған. Ал мектеп-интернаттар арнайы есту қабілеті бұзылған балаларға арналғандықтан, мұнда жеңілдетілген талаптар мен қолпаштаулар балада өзі туралы алдамшы пікірлердің пайда болуына әкеледі. Мектепті бітіргенше балалар өз кемістіктеріне байланысты қандай да бір қиындықтарға ұшырамайды. Мұның өзі де балада өзі туралы, өзін-өзі бағалау туралы қате пікірлердің қалыптасуына әсер етеді.
Жоғарыда айтылғанға сүйенсек, адекватты өзін-өзі бағалауының қалыптасуы үшін, түрлі факторлар әсер етеді. Ол факторларға – отбасындағы тәрбие, оқудағы жетістіктер мен дағдылар, оқыту жағдайлары, коммуникативтік дағдылардың даму дәрежесі жатады.
Естімейтін ата-аналардың естімейтін балалары мен еститін ата-аналардың естімейтін балалардың өз-өзін бағалауынын салыстырмалы түрде алғанда, алғашқысында өзін-өзі бағалау адекватты екенін көрсетті (К.Мидоу, 1980).
Сонымен қатар әр түрлі мектеп жағдайындағы балалардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктері салыстырмалы сараптамадан жүргізілді. Арнайы мектеп-интернаттағы есту қабілеті бұзылған балалардың өзін-өзі бағалау дәрежесі, жалпы мектептердегі арнайы сыныптарда оқитын балаларғақарағанда әлдеқайда жоғары екенін көрсетті.
Осылайша есту қабілеті бұзылған балалардың өзін-өзі бағалауын зерттеуде психологтар көптеген қиындықтарға кезігеді. Соның бірі әдістемелік қамтамасыз ету, зерттеудің сайма-сай әдістемесін таңдап алу қиындығы. Бір жағынан, әдістеменің көбісі еститін психолог пен естімейтін зерттелушінің арасында қол жетімді бола бермейтін коммуникативті қатынастың жоғары дәрежесін талап етеді (Е.Ливайн, 19981). Екінші жағынан қолданылып жүрген әдістемелердің кері,дұрыс емес нәтижелер беруінде. Мысалы, Гудинаф-Харистің «Адамның суретін сал» тестін қолдануында есту қабілеті бұзылған бала мен сау баланың суреттерінде кейбір өзгерістер байқалса (басы немесе құлағының үлкендігі), кейде ешқандай айырмашылық байқалмады. Сондықтан да, есту қабілеті бұзылған балалардың өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау үшін нақты, жүйелі әдістемелер әлі толыққанды дамымады десек те болады.
Әдебиет
-
Мухина В.С. Возрастная психология. М.2001.
-
Петрова В.Г. Отношение глухих учащихся с товарищами и самооценка. Психология глухих детей. Под ред. И.М.Соловьева и др. М.1971.
-
Прилепская Т.Н. Особенности самооценки и уровня притязании у глухих и слышащих школьников (Дефектология. 1989-№5).
-
Богданова Т.Г. Сурдопсихология. М.2002.
ЕЛІМІЗДЕ СУИЦИДТІК ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ОРЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жанибекова Г. О.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан мемелекеттік университетінің магистранты
Елімізде суицидальді фактілерінің көбейгені, шын мәнінде қоғамдық және әлеуметтік проблемаға айналып отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында көрсетілгендей, «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі»-деп көрсетілгендей, сол қымбат қазынаны көзіміздің қарашығындай қорғау әрбір азаматтың алдындағы, қоғамның алдындағы тұрған өзекті мәселе.
Суицид (лат.: sui caedere — өзін өлтіру) – адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Суицид деген термин XVII ғасырда пайда болған, бірақ XVIII ғасырдың ортасына дейін бұл ұғым қоғамда кеңінен пайдаланылған емес. Тек XX ғасырдың басында адамдардың өз-өзіне қол жұмсауының етек алуына байланысты ғылымда «Суицидология» атты дербес зерттеу саласы қалыптасты. Бұл терминді 1947 жылы итальян психологы Г.Дэзен енгізген. Ол бұған «өзін-өзі өлтіруге әрекет ету» деп түсінік береді. Социология, психология мен медицина және демография мен психиатрияның тоғысында пайда болған суицидалогия өзін-өзі өлтіруге баратын адамның ерекшелігін, оның әрекеті мен себептерін зерттейді.
ХІХ ғасырда өзін-өзі өлтіру деген түсінікке «Самоубиство -социологический этюд» деген еңбегінде француз социологы Эмилем Дюргкгейм классикалық тұрғыда анықтама берді. Оның осы түсінік туралы пікірінде, тікелей немесе жанама болса да, оң немесе теріс қылықтардың нәтижесі болып табылатын әрбір өлім жағдайын жәбірленушінің өзі жасаса, және ол оның нәтижесі туралы білсе, онда ол өзін-өзі өлтіру әрекеті болып табылады дейді. Өзін-өзі өлтіру-философиялық (өмірдің мәнін жоғалту), психологиялық (психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік (әлеуметтік жағынан өз орнын таппау, қанағаттанбау сезімі, әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б.), медициналық (күрделі ауру, психикасының бұзылуы), адамгершіліктік және құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен.
ХХ ғасырдың басында осы мәселеге баса назар аударған австриялық психолог Зигмунд Фрейд адамның өзіне-өзі қол жұмсауы ызақорлық, агрессиядан болатынын мәлімдеген. Ал, америкалық психолог Карл Менниндер суицидтің барлығын санадан тыс жасалатын өзара байланысты үш негізгі себеппен: өш алу, жеккөрушілікпен, тығырықтан шығатын жол таппағандықтан және кінәлі сезімнің күштілігімен түсіндірген.
Суицидті зерттеп жүрген мамандардың пікірінше, дүниежүзінде әрбір 40 секунд сайын бір адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Тіпті жылына 1 миллион адам өзін ажалға қиып, шамамен 20 миллион тұрғын өмірмен мәңгілікке қоштасуға әрекет жасайды. Бұлардың ішінде 8 мыңы қазақстандықтардың еншісінде екен. Бұл дегеніңіз, республика бойынша сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қоштасады деген сөз. Қазақстандағы суицид саны жалпы әлемдік стандартпен салыстырғанда, өте жоғары деңгейде. Қазір әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да суицид пен нашақорлық проблемасы маңызды мәселеге айналып отыр. Өйткені, бұл мәселе адам санына тікелей байланысты болғандықтан, мемлекетті моральдық және экономикалық жағынан шығынға ұшыратып отыр. Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Қазақстанда адам өміріне қастандық жасауға қарағанда, өзін- өзі өлімге итермелеуге бейім тұратындардың саны әлдеқайда көп көрінеді.
Суицид типологиясының үш түрі бар:
1. Шынайы суицид- Оған барған адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз болып жүреді, өлгісі келеді. Дәлірек айтсақ өмірдің мәнін жоғалтады.
2. Жариялық суицид- Өзін-өзі өлтіргісі келгендердің көбі өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді (мысалы, біреумен ренжіссе, қолына суық қару алып, болмаса «өлем» деп арқан, жіп ала жүгіруі, т.б.)
3. Жасырын суицид- Бұл түрінде адам өз-өзін өлтіру жақсы іс еместігін түсінеді, бірақ қиындықтан шығар шара, жол жоқ болып көрінгендіктен, өлімге апаратын істерге бас тігеді (мысалы, нашақорлық, алкоголизм т.б).
Қазақстан психоаналитиктер ассоциациясының президенті Анна Құдиярова: «Өз-өзіне қол салу – түсініспеушілік пен жалғыздықтан туындайтын проблема. Әрдайым адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында түсініспеушілік орын алып жатса, ата-ана баласын түсіне алмаса, күйеуі әйелін түсінбесе немесе керісінше дегендей, жақын жандардың бір-бірін түсінбеуі осындай қайғылы оқиғаларға алып келеді», – деп түсінік берген болатын.
Суицидальді әрекетті–суицидальді активтіліктің, ойын білдіру, суицид жасауға талпыну және қол жұмсау деп айтуға болады.
А. Е. Личконың пікірінше жасөспірімдердегі суицидальді әрекеттің түрлеріне мыналарды жатқызымыз:
1. Демонстративті (білегіндегі қантамырды кесу, улы емес дәрілік құралдармен улану, биіктіктен секіру, т.б.).
2. Аффективті (асылу әрекеті, токсикалық құралдармен улану, т.б.).
3. Шынайы (асылу және улану, т.б.).
Суицидальді әрекетке бел буған адамның қимыл – әрекеті мен мінез – құлқын көрсететін психологиялық симптомокомплексті- суицидальді синдром деп атаймыз. Суицидальды синдромның 2 түрі бар:
1. псевдосуицид (аффект жағдайында жасалады, ол кезде адам өзінің мәселелеріне көңілін аударту мақсатында жасалады);
2. шынайы суицид дегеніміз – өмірден кетуді жіті жоспарлаған мақсат, (жақын–туыстары мен дос–жарандарының және өзгелердің ой–пікірлерін ескермей, олардың қайғы–мұңымен жұмысы болмайды).
Суицид себептерінің 3 тобын бөліп қарастырамыз:
1. Субъектінің тұлғалық деформациясы;
2. Психотравмалық жағдай;
3. Әлеуметтік–экономикалық, қоғамдық мәселелер, т.б.
Жасөспірімдер арасындағы өзіне қол жұмсау әрекеттерінің жиі себептері:
1. Отбасындағы жанжал;
2. Жастар арасындағы тұлғааралық қарым–қатынастың бұзылуы;
3. Жазалану алдындағы қорқыныш;
4. Махаббат мәселелері;
5. Әлеуметтік тұмыстың нашарлығы
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мамандары адамдардың өз өміріне қол жұмсауына себеп болатын мынадай факторларды көрсетеді: денсаулығының нашарлығынан; қаражат қиындығынан; өмір сүрудің ауырлығынан; құмарлықтан; отбасы келіспеушілігінен; рухани дерттен; жазасын өтеуден жалтару мақсатында осындай қатерлі қадамға барады екен. Ал өзін-өзі өлтіру фактілерінің 41 %-ы неден болатыны белгісіз күйде қалып отыр.
Өз-өзіне қол жұмсау ешқашан кездейсоқ болатын әрекет емес. Өз-өзіне қол салу – түсініспеушілік пен жалғыздықтан туындайтын проблема. Адам бір қиындыққа тірелген кезде немесе ол бейімделген қоғамдық орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін-өзі өлтіруге баратынын ғылыми зерттеулер дәлелдеген. Қазіргі жастардың суицидке бару себебі олардың өмір тәжірибелерінің болмауына, олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмау себептеріне және өмір қиындықтарына бетпе-бет келгенде шыдамай алмауына байланысты болады. Бұған жалғыздықтың да әсері бар.
Қарастырылып отырған әрекет
Әдебиет
-
Змановская Е. В.Девиантология: (Психология отклоняющегося поведения) М.2003
-
Лоренц К. Агрессия (так называемое зло). М., 1994.
-
Практикум по социально-психологическому тренингу / Под ред. Б.Д.Парыгина, СПб., 1997.
-
Психологический словарь /Под ред. В.П.Зинченко Б.Г., Сещерякова В.С., М., 1997.
-
Эберлейн Г. Страхи здоровых детей. М., 1981.
-
Елшібаева К.Ғ. Суицидтің алдын алу. Алматы Нұр-Принт 2008
-
Білім беру мекемелеріндегі суицидтің алдын алу жолдары, Алматы облыстық білім басқармасы, Алматы облыстық мамандар кәсіби дамыту институты, Алматы, 2011.
- 104 бет.
ОСОБЕННОСТИ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ РАБОТЫ С ДЕТЬМИ СТРАДАЮЩИМИ АУТИЗМОМ
Ибрагимова Ж. Р.
научный руководитель Джумагельдинов А.Н., PhD психологии
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
Аутизм - это нарушение психического развития, при котором, прежде всего, страдает способность к общению, социальному взаимодействию, что часто сопровождается нарушениями развития речи, психической и умственной задержкой развития. Но уровень интеллекта при аутизме может быть различным: от глубокой умственной отсталости до одаренности в отдельных областях знаний и искусства.
Аутизмом страдают преимущественно дети, и имеет огромные серьезные последствия для их семей и общества. Общепринятая норма распространенности аутизма составляет 4-5 человек на 10 тысяч детей. В большинстве стран среди детей аутизм встречается чаще, чем рак, диабет и СПИД вместе взятых. Если в Казахстане численность детей около 5 млн. человек, то из них больных детей с аутизмом составляет примерно 2,5 тыс. человек.
Однако в последние годы из-за ухудшения экологической ситуации, оценки распространенности этого заболевания растут и по последним данным, количество больных детей почти в 3 раза превышает вышеуказанный показатель. Это означает, что количество детей с аутизмом в нашей стране может составлять более 7 тысяч человек.[1]
На данный показатель также влияет более точная диагностика данного заболевания (многие дети имели раньше другие диагнозы, такие как имбецильность, шизофрения, неврозоподобные заболевания и т.п.)
Постановка ребенку диагноза раннего детского аутизма является для родителей причиной сильного стресса, в первую очередь для матери. Стресс, имеющий пролонгированный характер, оказывает сильное воздействие на жизнь партнеров и становится исходным условием резкого травмирующего изменения сформировавшегося в семье жизненного уклада. Изменяется: сложившийся стиль внутрисемейных взаимоотношений; система отношений членов семьи с окружающим социумом. Многие надежды и ожидания членов семьи в связи с будущим ребенка оказываются тщетными и рушатся в один миг, а осмысление происшедшего и обретение новых жизненных ценностей растягивается порой на длительный период.
Рост числа детей с аутизмом обуславливает необходимость оказания им адекватной и своевременной психологической и коррекционной помощи. Аутичный ребенок постоянно нуждается в поддержке и стимуляции для более успешного развития и социальной адаптации. Этого можно добиться, если семья аутичного ребенка встречает понимание своих нужд и потребностей со стороны общества и различных общественных институтов: детского сада, школы, социального окружения.
В Республике Казахстан реабилитационная помощь детям с аутизмом частично осуществляются государственными учреждениями, находящимися в ведении Министерства труда и социальной защиты, образования и науки, здравоохранения. Вместе с тем, данные институты еще не готовы к принятию и оказанию качественной психолого-педагогической помощи детям, с аутизмом, так как их деятельность ничем не регламентирована (не разработаны стандарты психолого-коррекционной работы и медико-социального обслуживания детей с аутизмом и т.д.), они не обеспечены специально подготовленными кадрами.
Известно, что в своем наиболее характерном виде синдром раннего детского аутизма проявляется в возрасте 2,5-3 года. Между тем признаки неблагополучного развития, которое потом может проявиться ранним детским аутизмом, в большинстве случаев можно разглядеть гораздо раньше.[2]
К сожалению, из-за несовершенства системы ранней диагностики сохраняются случаи постановки диагноза на поздних сроках развития в 4-6 лет, когда пройдены сенситивные периоды созревания мозговых структур и шансы на исправление отклонений сведены до минимума.
По данным британских ученных, если диагностика осуществляется в 1,5 года, только 5% детей имеющих существенные проблемы в дальнейшем, а 95% способны обучаться по обычным программам. [1]
Учитывая вышеизложенное, становится понятно, насколько важным является раннее установление диагноза и ранняя коррекционная помощь аутичному ребенку, которая, способствует более успешному развитию и социальной адаптации.
Методология исследования
В своем исследовании мы исходили из предположения, что проведение организованной психолого-коррекционной работы (в частности программы и среды), способствует улучшению динамики развития детей с аутистическими проявлениями, формированию функциональных навыков и дальнейшей социализации.
Работа проводилось в период с сентября 2011 по март 2012 года. В работе участвовали дети, страдающие аутизмом в возрасте 5 лет, 5,6 лет, 6 лет, мама ребенка с аутизмом, психолог, логопед, педагог-дефектолог.
Этапы исследования
Исследуемый ребенок с аутизмом 6 лет получал интенсивное обучение по 30 часов в неделю индивидуально. Работу проводили психолог, логопед, педагог-дефектолог, мама аутичного ребенка (в дошкольном учреждении по 3 часа 5 раз в неделю, в частном развивающем центре по 1 часу 5 раз в неделю, дома по 1,5 часа ежедневно). Обучение было направлено на расширение словаря, внимание, имитацию, социальное общение, подходящие возрасту самостоятельные игры и самообслуживание
Для сравнения другим детям в возрасте 5 лет, 5,6 лет, проводили обучение менее 6 часов в неделю (индивидуально). Проводили обучение два раза в неделю по 3 часа в неправительственных благотворительных организациях, где обучение было направлено на развитие тех же навыков, что и у 6 летнего ребенка.
Для всех курс обучения составлял – 6 месяцев.
Первый шаг в решении, чему учить состояло в сборе информации о ребенке (анкетирование человека, который знает ребенка лучше всего, наблюдение за ребенком дома, выполнение существующих для этого тестов).
Для определения наиболее зрелых навыков детей, навыков, которые дети учатся выполнять и навыков, которые не входят в их репертуар по каждой сфере развития, было проведено анкетирование мамы и специалиста, непосредственно работающих с данными детьми.
Достарыңызбен бөлісу: |