Н. Оралбайдың еңбегі бойынша «Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» тақырыбында тест жұмысы
Жарқын Іңкар
Н. Оралбайдың еңбегі бойынша
«Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі»
тақырыбында тест жұмысы
Х1Х ғасырдың екінші жартысында дәрежесі көтеріле бастаған жұрнақ?
А) -мақ
Ә) -ып
Б) -шы
В) -лау
Г) -ла
2. Аналитикалық тәсілдің неше түрі бар?
А) 2
Ә) 5
Б) 4
В) 3
Г) 6
3. Қай ғалымның пікірі: «Қысқарған сөздерде оның толық түріндегі
мағына сақталады, яғни сөзжасамның жаңа мағына тудыруы қысқарған сөздерде жоқ. Дегенмен қысқарған сөздер сөзжасамға жатады. Мұның
себебі мынада - қысқарған сөздер күрделі толық атаудың бір варианты
ретінде дербес сөз қызметін атқарады. Сөзге қойылатын барлық талапқа
жауап береді. Қысқарған сөздердің белгілі мағынасы бар, тілдегі дайын
сөз, сөйлемге дайын сөз ретінде кіреді, сөйлемде бір сұраққа жауап
береді, бір құрамда қолданылады, яғни құрамы тұрақты, сөйлемнің бір
мүшесі қызметін атқарады, біртұтас қалыпта жазылады, айтылады, бір
екпінмен айтылады. Мұның өзі сөздің белгілері»?
A) С.Нұрқатов
Ә) Н.Оралбай
Б) Б.Қасым
В) С.Исаев
Г) Қ.Есенов
4.Ағайын күрделі сөзін аға йугун сөздерінің сабақтаса байланысуынан
Шықты деген кімнің пікірі?
A) Н.Оралбай
Ә) С.Исаев
Б) А.Ысқақов
В) Қ.Жұбанов
Г) А.Ибатов
5. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» (Алматы, 1989)
Монографиясының авторлары
А) С.Исаев, Ж.Исаева, Л.Жаналина
Ә) Ы.Маманов, С.Исаев, Е.Жанпейісов
Б) Н.Оралбаева, С.Нұрқатов, Қ.Есенов
В) М.Балақаев, А.Қалыбаева, Қ.Есенов, Н.Оралбаева, С.Нұрқатов
Г) М.Балақаев, А.Қалыбаева, Қ.Есенов, Н.Оралбаева, Е.Жанпейісов, С.Нұрқатов
6. Жел деген негізгі түбір сөзден неше туынды түбір жасалған?
А) 100
Ә) 80
Б) 150
В) 110
Г) 120
7. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі неше тәсілдері бар ?
А) 3
Ә) 2
Б) 5
В) 4
Г) 7
8. 1989 жылғы монографияда бас сөзінен неше туынды түбір жасалған?
А) 130
Ә) 146
Б) 127
В) 137
Г) 133
9. Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп тану мәселесі туралы конгресс қай жылы қай жерде болды?
А) 1988 жылы Орынборда
Ә) 1975 жылы Мәскеуде
Б) 1978 жылы Венада
В) 1980 жылы Алматыда
Г) 1990 жылы Санкт-Петербург
10. Сөзжасамды жеке сала деп тану туралы пікірді В.В. Виноградов қай жылы ұсынды?
А) 1970
Ә) 1950
Б) 1960
В) 1980
Г) 1990
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |