Қорытынды зерттеу жобаның тақырыбы



Дата02.01.2022
өлшемі25.67 Kb.
#453563
Әдебиетке шолу жазу үлгісі. 2- Қосымша


ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ЖАЗУДЫҢ ҮЛГІСІ

Қорытынды зерттеу жобаның тақырыбы: ... .

Жұмыс құрылымы

Студент берілген дайын сөз, сөз тіркестерін қолданып, зерттеу тақырыбына әдеби шолу жазады.

Кіріспе

Жоғарыда аталған зерттеу жобасы тақырыбына байланысты төрт мақалаға шолу жасалады. Бірінші мақаланың тақырыбы: «», екінші мақала «», ... деп аталады.

Студент әр мақаланың авторы, жарияланған басылымы мен уақыты туралы мәлімет береді.


Негізгі бөлім

- Әр мақала қандай мәселеге арналғандығы туралы баяндалады. (Қандай ғылыми мәселе талқыланады, анықталады).

-Ұсынылған мақаланың өзектілік дәрежесі (Автор қандай мәселеге (термин, концепт, теориялық ой) басты назар аударады, зерттеуге көзқарасы).

- Студент екі мақаланы салыстыра зерттей келе, әр мақаладағы неғұрлым маңызды аспектілерді, оның ұқсас не ерекшеленетін тұстарын анықтайды.

- Студент әр мақаланың қарастырған мәселесін салыстырып, аналитикалық талдау жасайды, негізгі ұстанымдарын анықтайды.

- Статистикалық деректер, факті, алынған нәтиже, тұжырымдар сыни тұрғыда салыстырылып, зерттеу нәтижелері бағаланады.

Қорытынды


- Автор қандай қорытындыға келді?

- Болашақта зерттеу қандай бағытта жүргізілуі керек? Студент оқыған материалдан өз зерттеу жобасына не алды, қандай ойды ары қарай дамытады? (Студент өз сөзімен қорытындылайды)

- Студент шолу жасаған мақалада дереккөздердің рәсімделуін жазады:

- Егер студент қазақ тіліндегі мақалаға шолу жазса, онда әдебиеттік дереккөздер мына ( МемСТ 7.1-2003) рәсімдеу талаптарына сай талданады.

- Егер студент басқа тілді (тілдердегі) мақалаға шолу жазса, онда әдебиеттік дереккөздер стилі (APA citation style, MLA citation style, Chicago citation style) деп тек аталады, оны талдаудың қазақ тіліндегі шолуға қажеті жоқ.

Пайдаланылған әдебиеттердің рәсімделуі


- Әдебиет тізімдері МЕСТ 7.1–2003 «Библиографиялық жазбалар. Библиографиялық сипаттама. Құрастыру ережелері мен жалпы талаптарға» сәйкес рәсімделеді. (2003 жылғы 2 шілдедегі №12 хаттама)». Осы талап бойынша

пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтінде қолдану ретімен беріледі;
– әдебиеттен алынған дәйексөз мәтін ішінде тік жақшаның ішінде беріледі: [1,36].

- нүкте жақшаның сыртына қойылады.

- мұндағы бірінші сан әдебиеттің библиографиялық тізімдегі реті, екінші сан – мәтіннің нақты фрагменті алынған бет нөмері

- егер бір мезгілде бірнеше әдебиетке сілтеме жасалса, олар нүктелі-үтір арқылы ажыратылып, көрсетіледі, мысалы, [3,11-12; 4,10-11].

- дереккөздер араб сандарымен нөмірленеді және азат жолдан бастап жазылады.

- библиографиялық жазба түпнұсқа тілінде орындалады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі төмендегідей үлгіде рәсімделеді. 

Әр дереккөздің техникалық рәсімделу үлгілеріне аса мән беру сұралады.

Сілтемелерді рәсімдеу үлгілері:

Аксартов Р. М., Айзиков М. И., Расулова С. А. Метод количественного определения леукомизина // Вестн. КазНУ. Сер. хим – 2003. – Т. 1. № 8. - С. 40-41 – журналдарда жарық көрген мақалалар

Абимульдина С. Т., Сыдыкова Г. Е., Оразбаева Л. А. Функционирование и развитие инфраструктуры сахарного производства // Инновация в аграрном секторе Казахстана: Матер. Междунар. конф., Вена, Австрия, 2009. – Алматы, 2010. – С. 10-13 –конференция материалдары

Курмуков А. А. Ангиопротекторная и гиполипидемическая активность леукомизина. – Алматы: Бастау, 2007. – С. 35-37 – газет мақалалары

Соколовский Д. В. Теория синтеза самоустанавливающихся кулачковых механизмов приводов [Электрон.ресурс]. – 2006. – URL: http://bookchamber.kz/stst_2006.htm (дата обращения: 12.03.2009) - интернет дереккөздерінен

Петушкова, Г.И. Проектирование костюма : учеб. для вузов / Г.И. Петушкова. - М.: Академия, 2004. - 416 с. – кітап

Laplace, P. S. (1814/1951). A philosophical essay on probabilities (F. W. Truscott & F. L. Emory, Trans.). New York: Dover. – Басқа тілден аударылған немесе қайта жарияланған дереккөздер

Bjork, R. A. (1989). Retrieval inhibition as an adaptive mechanism in human memory. In H. L. Roediger III, & F. I. M. Craik (Eds.), Varieties of memory & consciousness (pp. 309-330). Hillsdale, NJ: Erlbaum. – Кітап тараушасы

Guignon, C. B. (199. Existentialism. In E. Craig (Ed.), Routledge encyclopedia of philosophy (Vol. 3, pp. 493-502). London, England: Routledge. - Энциклопедия

Саметова Ж.Ш. (2019). Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ағымдар (ХХІ ғасыр). Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан. - Диссертация


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет