Н. Төреқұлов атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп математика пәні мұғалімі Кошанова Алима Файзуллаевна



Дата20.08.2024
өлшемі17.94 Kb.
#503193
Документ Microsoft Word (1)


Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп
математика пәні мұғалімі Кошанова Алима Файзуллаевна
Ұстаз – ұлылықтың, адалдықтың символы

Мұғалім -қасиетті ұғым әрі киелі тұлға. Бүкіл адам баласы ұлағатты ұстаздардың алдында құрметпен бас иеді. "Мектептің жүрегі -мұғалім"дер болсақ,сол жүрекке артылар жүктің күн сайын ауырлап бара жатқаны да жасырын емес. Оқу тоғыз айға созылғанымен, орта мектепте болсын, мұғалім өз кәсібінің жемісін жеу үшін жыл он екі ай бойы үздіксіз, қажет кезде күні-түні еңбек етеді. XlXғасыр - бәсекеге қабілетті жандардың ғасыры. Заманның талабы солай. Ұрпақтың білімді,саналы болып қалыптасуы жолында тер төгетін мұғалім Ұстаздарымыздың дәрежесін көтеру қай кезде де маңызды іс. Осындай Ұстаздарымыздың арқасында білім саласы жаңа жетістіктерге жетіп тұр. Дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету мақсатында қала көлемінде түрлі олимпиадалар,ғылыми жобалар, байқаулар, зияткерлік сайыстар ұйымдастырылып ,жеңімпаздары,облыстық ,республикалық жарыстарға қатыстырылады. Ұстаз туралы барлық адамзат жақсы пікір айту керек. Ағылшынның ұлы ағартушысы Уильям Уордтың "Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, ұлы мұғалім шабыттандырады"деген қанатты сөзі бар. Мұғалім -барлық білім беру жүйесінің негізі,жаны және жүрегі. Ұстаздың негізгі басты мақсаты:рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру. "Ұстаз-ұлт болашағының анасы" деген сөздер бекер айтылмаған. Өйткені тек мұғалім оқушының нағыз қабілетін байқайды және сол мүмкіндіктерін әрі қарай дамытуына көмек бере алады. Маған менің Ұстазым солай ашылуыма, менің мүмкіндіктерімді байқап, әрі қарай да оларды дамытуға көмек беріп жүр. Осындай Ұстаздарымның арқасында жақсы сапалы білім алып жүрмін! Барша Ұстаздарыма басымды иемін. "Ұстазы жақсының Ұстамы жақсы" демекші біздің мектебіміздің Ұстаздары нағыз өз ісінің майталман шеберлері деп айта аламын және Ұстаздарыммен мақтанамын!


Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары мына біздерміз. Шын мәнінде бүгінгі жас-ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік,мейірімділік, яғни адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде Ұстаздарымыздың рөлі ерекше. Ұстаздарыма мың алғыс білдіремін!


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет