«бекітемін» «келісемін» Мектеп директоры: Тәрбие ісінің меңгерушісі: Б. Ж. Букаева М. С. Еділ



бет1/6
Дата23.02.2022
өлшемі5.45 Mb.
#455697
  1   2   3   4   5   6
Тұғыры биік Тәуелсіздік


«Рахат ауылдық округі №1 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСЕМІН»
Мектеп директоры: Тәрбие ісінің меңгерушісі:
Б.Ж.Букаева М.С.Еділ
«_____»___________ «_____»__________



Тұғыры биік тәуелсіздік



10 «Ә» сыныбының жетекшісі: Муханжанова А.Н.

Тұғыры биік тәуелсіздік
(Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған азаматтық және патриоттық сабақ)
Мақсаты:

  • Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін еске түсіріп, егемендіктің қазақ тарихындағы алатын орнын, құндылығын талдау, жас ұрпақтың бойында жоғарғы патриоттық сананы қалыптастыру, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыштарын орындауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Тәуелсіздік жетістіктері» слайд, бейнекөрсетілім;
Күтілетін нәтижелер: 

  • Оқушылар еліміздің ертеңі-білімді де, білгір, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді.

  • Оқушылар бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, идеяларымен бөлісуге төселеді.

  • Оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдап, бір-біріне қолдау көрсетуді үйренеді және әркімнің пікірі құнды екенін ұғынады.

  • Оқушылар еліміздің даму бағытын түсініп, болашақ жастардың қолында екенін саралайды.

Түйінді идея:
Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады. /Н.Ә.Назарбаев/
Тәрбие сағатының өту барысы:
Ұйымдастыру
Амандасу, түгелдеу. Психологиялық ахуал
«Шаттық шеңбері»
– оқушылар ара қашықтық сақтап шеңберде тұрып, «Мен тәуелсіз елдің қандай ұрпағымын?» деген сұраққа кезекпен жауап береді.
Мысалы : «Мен тәуелсіз елімнің бақытты ұрпағымын»
Мұғалім сөзі:
Ел тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт – тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды! Азаттық деген сонау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Тәуелсіздік оңай келмеді.
Топқа бөлу
1-топ. «Көшпенді ел» (кешегі қазақ елі)
2-топ. «Егемен ел» (бүгінгі қазақ елі)
3-топ. «Мәңгілік ел» (келешек қазақ елі)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет