Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева


The investigation of the of somatic fragments of picture of the world as reflected



Pdf көрінісі
бет26/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   193
    Бұл бет үшін навигация:
  • Key words
The investigation of the of somatic fragments of picture of the world as reflected 
in language on the basis of binary oppositional pairs 
The article dwells upon the importance of application of linguistic methods in classification of binary oppositional 
pairs of somatic fragments of the picture of the world as reflected in language. The consideration of somatic fragment 
of the picture of the world as reflected in language from the perspective of binary oppositions discloses a peculiar 
feature of linguistic conservation pattern which has a special role in the connection of language and cognition and 
cognitive activity 
Applying the accumulated knowledge as a somatic code for physiological asymmetry of human organism (left / right
and threefold vertical grouping of human body constitution (head, chest, legs) analysis of somatic linguistic units 
resulted in the following: all positive traits are reflected in right and high components ofleft / rightand high / 
low binary oppositions inKazakh cognition. 
Key words: binary opposition, somatic phrases, picture of the world as reflected in the language. 
__________________________________ 
ХХ ғ. 80 жылдарынан мəдениеттанушы, 
лингвист ғалымдар «мəдениеттің екі жақты 
коды» немесе «семантикалық жұп оппозиция» 
деп аталатын бинарлық оппозицияға негіздел-
ген жұптық классификацияны белгілі бір қо- 
ғамның əлеуметтік-мəдени моделінің архетип-
терін жаңғыртудың арқауы, лингвоелтанымдық 
зерттеулердің өзегі етудің маңызы зор екеніне 
айрықша назар аудара бастады 
1.
Н.И. Толстой 
бинарлық жұптарды лингвистикалық зерттеу-
Дүниенің тілдік бейнесінің соматикалық фрагментін бинарлық оппозициялық жұптар негізінде 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1(147). 2014 


28 
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
лердің əдістемелік қондырғыларының бірі ретінде 
пайдаланудың лингвистика үшін маңызын былай 
айқындайды: «По сути дела, это все относится 
не к чисто лингвистическому, а к логическому 
или семиотическому аппарату, и в этом и 
ценность этой методики для лингвистики, так 
как она не изолирует науку о языке, а вводит ее 
в более широкий круг научных дисциплин» 
2, 
181
. Н.И. Толстойдың бұл пікірі гуманитарлық 
ғылымдар саласында ғылыми зерттеудің əдіс-
тəсілдері мен ғылыми ұғымдық аппараты өзара 
тоғыстырылып, пəндер пəнаралық сипат алып 
отырған бүгінгі таңда да өзінің өзектілігін 
жоғалтпаған құнды тұжырымдардың бірі болып 
отыр.
Лингвистикалық зерттеулердегі адамның 
жаратылыс-болмысын оның тілі, сана-зердесі
таным əлемі, адам өмір сүретін табиғи жəне 
қоғамдық орта, адам жасаған мəдени таңбалар 
жүйесі жəне соларға қатысты ұғым-түсініктер 
арқылы зерделеу үдерісі лингвистикалық мето-
дологияны əлеуметтану, логика, математика, 
философия т.б. ғылым салаларында қолданы-
лып келген əдіс-тəсілдермен байыта түсті десек, 
бинарлық оппозициялық жұптар классифика-
циясын лингвистикалық əдіс-тəсілдер қатарын-
да қолдану тілдік фактілерді логика-филосо-
фиялық, логика-когнитивтік, логика-мəдениет-
танымдық, логика-психологиялық тұрғыдан тал-
дауға жаңаша ренк үстемелеп, лингвистикалық 
ғылыми талдаудың кешенді əдістемесін жасау-
ға белгілі дəрежеде ықпал етері сөзсіз. 
Белгілі балкантанушы ғалым Т.В. Цивьян 
өзінің «Модель мира и ее лингвистические ос-
новы. – М.: Ком Книга, 2006. 280-стр.» атты 
еңбегінде бинарлық оппозициялық жүйе жəне 
оның дүние моделін (бейнесін) сипаттаудағы 
əдіс-тəсілдік мəн-маңызы мəселесін жан-жақты 
қарастырады. Ғалым дүние моделі ұғымын «бел-
гілі бір тілдік жəне этномəдени дəстүр аясында 
жүйеленген əлем туралы барлық түсініктердің 
жиынтығы, ғасырлар бойы қордаланған білім 
қоры» деп айқындай отырып, оның мазмұндық 
құрылымы бүкіл əлемнің кеңістіктік-уақыттық, 
себептік-салдарлық, этикалық-ережелік, сан-
дық-мөлшерлік, мəндік-мағыналық, кескіндік-
кейіпкерлік, т.б. негізгі параметрлерін космо-
логиялық тұрғыдан сипаттауға бағытталатынын 
айтады. Осындай ауқымды да əр алуан, аса 
күрделі кешенді түсіну жəне түсіндіру үшін
бинарлық оппозициялық жүйелеу тəсілі қолда-
нылатынын сөз ете келе, Т.В. Цивьян негізінен 
10-12 оппозициялық жұптан тұратын бұл жүйе-
ні іштей:
1) кеңістіктің құрылысына байланысты – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет