1. Турагенттiң туристiк өнiмдi сату жөніндегі қызметтi жүзеге асырған кезде туристiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды олардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi болып табылады.
2. Сақтанушының туристке туристiк қызметтер көрсету кезiнде оның мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактici турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
3. Турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі турагенттің туристке зиян келтірудегі кінәсі болған кезде ғана басталған болып саналады. Егер туристік қызмет туроператордың кінәсі (туроператордың банкроттығы, туроператордың турды ұсынбауы және т.с.) бойынша көрсетілмесе, онда турагенттің туристер алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталмайды.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 18-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
5. Сақтанушының:
1) сақтандырушыдан турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптары мен тәртібін, турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) сақтандыру полисін жоғалтып алған жағдайда оның телнұсқасын алуға;
3) сақтандыру төлемі мөлшеріне сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген бағалаудың нәтижелерімен танысуға;
4) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін азайту туралы шешімі бойынша Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен дауласуға;
5) турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартты мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы бар.
6. Сақтанушы:
1) турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартты тиісті лицензиясы бар сақтандырушымен жасауға;
2) сақтандыру сыйлықақыларын турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде төлеуге;
3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болғаннан бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға (ауызша, жазбаша) міндетті. Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен жазбаша түрде расталуға тиіс. Егер сақтанушының дәлелді себептермен аталған іс-әрекеттерді орындауға мүмкіндігі болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиіс;
4) сақтандыру жағдайы басталғанда сақтанушының келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi туындайтын сақтандыру жағдайы келтiрілген зиянның сипаты мен мөлшерi туралы мән-жайды анықтау үшiн қажеттi қолда бар құжаттарды сақтандырушыға беруге;
5) сақтандыру жағдайының залалдарын азайту үшiн шаралар қолдануға;
6) туристiң зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелердi peттeугe қатысу үшiн сақтандырушыға мүмкiндiк беруге, бұл орайда сақтандыру жағдайы келтiрілген залалдарды дәлелдеу сақтанушының мойнында болады;
7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге;
8) турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына енгізу үшiн қажеттi мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
7. Сақтандырушы:
1) турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтердi талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретіне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiне және сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн анықтауға байланысты құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға;
3) сақтанушының туристiк қызметтер көрсетуге байланысты мiндеттердi өзi орындауы нәтижесiнде келтiрген зиянды өтеу туралы туристердiң талаптарына байланысты мәселелердi реттеуге қатысуға;
4) осы Заңның 19-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға керi талап құқығын қоюға;
5) осы Заңның 20-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
8. Сақтандырушы:
1) сақтанушыны мiндеттi сақтандырудың талаптарымен және тәртібімен таныстыруға, оның турагенттiң жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;
2) турагенттiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру полисiн беруге;
3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алынған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды жүргiзуге, сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабын көрсете отырып, сақтандыру актiсiн жасауға және оны танысу үшiн пайда алушыға табыс етуге;
4) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда көзделген тәртiппен және шарттармен сақтандыру төлемiн жүргiзуге;
5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға) оның сақтандыру жағдайы кезiнде залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге мiндеттi.
9. Турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы туристік қызметтер көрсету аумағымен шектеледі.
|
1. Объектом обязательного страхования гражданско-правовой ответственности турагента является имущественный интерес турагента, связанный с его обязанностью, установленной гражданским законодательством Республики Казахстан, возместить вред, причиненный имущественным и (или) иным интересам туриста при осуществлении деятельности по реализации туристского продукта.
2. Страховым случаем по договору обязательного страхования гражданско-правовой ответственности турагента признается факт наступления гражданско-правовой ответственности страхователя по возмещению вреда, причиненного имущественным и (или) иным интересам туриста при предоставлении ему туристских услуг.
3. Гражданско-правовая ответственность турагента считается наступившей только при наличии вины турагента в причинении вреда туристу. Если туристские услуги не оказаны по вине туроператора (банкротство туроператора, непредставление тура туроператором и т.п.), то гражданско-правовая ответственность турагента перед туристами не наступает.
4. Страховая выплата производится страховщиком не позднее семи рабочих дней со дня получения им документов, предусмотренных пунктом 2 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности туроператора и турагента» (далее – Закон).
5. Страхователь имеет право:
1) требовать от страховщика разъяснения условий и порядка обязательного страхования гражданско-правовой ответственности турагента, своих прав и обязанностей по договору обязательного страхования гражданско-правовой ответственности турагента;
2) получить дубликат страхового полиса в случае его утери;
3) ознакомиться с результатами оценки размера страховой выплаты, произведенной страховщиком или независимым экспертом;
4) в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, оспорить решение страховщика об отказе в осуществлении страховой выплаты или уменьшении ее размера;
5) досрочно прекратить договор обязательного страхования гражданско-правовой ответственности турагента.
6. Страхователь обязан:
1) заключить договор обязательного страхования гражданско-правовой ответственности турагента со страховщиком, имеющим соответствующую лицензию;
2) уплатить страховую премию в размере, порядке и сроки, которые установлены договором обязательного страхования гражданско-правовой ответственности турагента;
3) в срок не позднее десяти рабочих дней, когда ему стало известно о наступлении страхового случая, уведомить об этом страховщика (устно, письменно). Сообщение в устной форме должно быть в последующем подтверждено письменно. Если страхователь по уважительным причинам не имел возможности выполнить указанные действия, он должен подтвердить это документально;
4) предоставить страховщику имеющиеся документы, необходимые для выяснения обстоятельств о характере и размерах причиненного вреда страховым случаем, с наступлением которого у страхователя возникает обязанность возместить причиненный вред;
5) принять меры к уменьшению убытков от страхового случая;
6) предоставить страховщику возможность для участия в урегулировании вопросов, связанных с требованиями туриста о возмещении вреда, при этом доказывание причиненных страховым случаем убытков лежит на страхователе;
7) обеспечить переход к страховщику права обратного требования к лицу, ответственному за наступление страхового случая;
8) при заключении договора обязательного страхования гражданско-правовой ответственности турагента представить страховщику сведения, необходимые для внесения в договор обязательного страхования гражданско-правовой ответственности турагента.
7. Страховщик вправе:
1) при заключении договора обязательного страхования гражданско-правовой ответственности турагента требовать от страхователя предоставления информации о предшествующих договорах обязательного страхования ответственности турагента, страховых случаях, страховых выплатах и иных сведений, необходимых для заключения договора обязательного страхования гражданско-правовой ответственности турагента;
2) запрашивать в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, у соответствующих государственных органов и организаций, исходя из их компетенции, документы и сведения, связанные с фактом наступления страхового случая и определением размера вреда, причиненного в результате наступления страхового случая;
3) принимать участие в урегулировании вопросов, связанных с требованиями туристов о возмещении вреда, причиненного страхователем в результате выполнения им обязанностей, связанных с предоставлением туристских услуг;
4) предъявлять право обратного требования к лицу, ответственному за причинение вреда, в случаях, предусмотренных статьей 19 Закона;
5) отказать в осуществлении страховой выплаты полностью или частично по основаниям, предусмотренным статьей 20 Закона.
8. Страховщик обязан:
1) ознакомить страхователя с условиями и порядком обязательного страхования, разъяснить его права и обязанности, возникающие из договора обязательного страхования гражданско-правовой ответственности турагента;
2) при заключении договора обязательного страхования гражданско-правовой ответственности турагента выдать страховой полис;
3) в течение пяти рабочих дней с момента получения сообщения о наступлении страхового случая произвести оценку размера причиненного вреда, составить страховой акт с указанием расчета размера страховой выплаты и представить его на ознакомление выгодоприобретателю;
4) при наступлении страхового случая произвести страховую выплату в порядке и на условиях, предусмотренных Законом;
5) обеспечить тайну страхования;
6) возместить страхователю (застрахованному) расходы, понесенные им в целях предотвращения или уменьшения убытков при страховом случае.
9. Действие договора обязательного страхования гражданско-правовой ответственности турагента ограничивается территорией оказания туристских услуг.
|