Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы



Дата16.11.2023
өлшемі6.13 Mb.
#483497
Самал психология

Қарым-қатынас түсінігі


Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды
Қарым-қатынас формалалары
Жанама
Тұлғаралық
Вербальды
Тікелей
Вербальды емес
Тікелей: бір адамнан екінші адамға ақпарат алмасуы
Жанама: ақпаратты жеткізіп отыратын қосымша делдалдың қатысуымен ерекшеленеді
Тұлғааралық: адамдарды бір-бірінің индивидуальды ерекшеліктерін білумен, жаңашырлықтың, түсінушіліктің, өзара әрекеттесушіліктің болуымен сипатталады.
Вербальды қарым-қатынас: сөздің дыбыстық көрінісі дауыстың ырғақтылығы
Вербальды емес қарым-қатынас: кинесика (жест, мимика, пантомимика)таксика проксемика
Қарым-қатынас жақтары
Коммуникативті
-ақпарат алмасу
-ақпарат беру
-ақпарат тарату
Интерактивті
-ынтымақтастық
-қарсылық
-бұйыру
-тығыз қарым-қатынас
Перцептивті
-идентификация
-эмпатия
-аттракция
-рефлексия
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет