Бірөлшемді наноқұрылымдар класына нанообъектілердің бірнеше түрі кіреді: наностержендер, наножіптер, нанотүтіктер және наноленталар.
Бірөлшемді наноқұрылымдар класына нанообъектілердің бірнеше түрі кіреді: наностержендер, наножіптер, нанотүтіктер және наноленталар.
Наностержендер үшін ұзындықтың диаметрге ең аз қатынасы сәйкес келеді: шамамен 10, ұзындық өлшемі 1ден 100 нмге дейінгі интервалда жатады. Наножіптерге қарағанда наностержендер қаттырақ және серпімдірек болып келеді. Металдық (Au, Fe, Cu, Ag және т.б.) және жартылайөткізгіштік (ZnO, GaN, TiO2, SnO2 және т.б.) наностержендерді алу үшін темплатты синтезді, литографияны, кристалдау әдістерін қолданады.
Наностержендерді пайдалану (өздігінен қарастыру). Наножіптер немесе виксерлер диаметрі бірнеше нм-ден бірнеше мкм-ге дейін жететін және ұзындығының диаметріне қатынасы 1000нан көп жіптектес кристалдар болып келеді. Виксерлер бойында микроқұрылымдық ақаулардың аз болуымен сипатталады, сондықтан олар өте тығыз болып келеді және оларды көбінесе беріктеткіш талшықтар ретінде қолданады. Наножіптердің беттік ауданы үлкен, сондықтан оларды катализаторлар, сорбенттер, фильтрлер ретінде қолданған қолайлы.
А) Б)
В)
1-сурет. Нанотүтіктердің кескіні (А - Жабық нанотүтік, Б - Ауыспалы диаметрлі нанотүтік, В - Иілгіш нанотүтік)
Екіөлшемді наноқұрылымдарішінен қалыңдығы жүздеген нм-ге дейін жететін жұқа қабыршақтарды, гетероқұрылымдарды, Лэнгмюр-Блоджетт қабыршақтарын, наноқабыршақтарды, адсорбциялық және өзі жиналатын моноқабаттарды, сонымен қатар өлшемдері нанометрлік диапозонда жататын екіөлшемді объектілер массивін қарастыруға болады.
Екіөлшемді наноқұрылымдар ішінен қалыңдығы жүздеген нм-ге дейін жететін жұқа қабыршақтарды, гетероқұрылымдарды, Лэнгмюр-Блоджетт қабыршақтарын, наноқабыршақтарды, адсорбциялық және өзі жиналатын моноқабаттарды, сонымен қатар өлшемдері нанометрлік диапозонда жататын екіөлшемді объектілер массивін қарастыруға болады.
Лэнгмюр-Блоджетт қабыршағы моноқабат немесе төсенішке қондырылған заттың моноқабаттарының жүйелілігі болып табылады. Мұндай қабыршақты алу үшін дистельденген суы бар ванна, органикалық ерітіндідегі беттік активті зат (поверхностно-активное вещество (ПАВ)) және қатты төсеніш пайдаланылған. БАЗды суға салған, БАЗдың молекулалары суға батпайды және бетке қатысты біркелкі болып орналасады. Қозғалмалы тосқауылдарды пайдалана отырып, ваннаның сулы беттік ауданын кішірейтуге болады. Судың бетіндегі молекулаларды сығу арқылы жұқа қабыршақтың моноқабатын алуға болады. Мономолекулалы қабыршақты қатты төсенішке көшіру үшін оны моноқабат арқылы суға тігінен батырады, кейін оны көтереді немесе бетке горизонтальды тигізіп қояды. Моноқабаттарды тосқауылдармен сығу деңгейінің өзгеруі элементарлы ұяшықтардың симметриясы мен параметрлерінің, реттелген домендердегі байланыстардың (цепочки) өзара еңкеюлерінің өзгеруіне әкеледі.
Моноқабаттарды жүйелі түрде көшіру арқылы көпқабатты наноөлшемді қабыршақ дайындауға болады.