Нано деген префикстің мағынасы 10-9 дәрежесіне, яғни бүтіннің миллиардтық бөлігіне тең болады. Өлшемдері 1 нм-ден 100 нм-ге дейін реттелген заттарды наноқұрылымдар деп атайды.
Нано деген префикстің мағынасы 10-9 дәрежесіне, яғни бүтіннің миллиардтық бөлігіне тең болады. Өлшемдері 1 нм-ден 100 нм-ге дейін реттелген заттарды наноқұрылымдар деп атайды.
Қасиеттері мен жұмыс принциптері наноқұрылымға байланысты болатын материалдар мен техникалық жүйелерді жасау және қолдану нанотехнология деп аталады.
Басқаша анықтамасы: атомдар мен молекулаларды жылжыту жолымен берілген атомдық құрылымы бар өнімдерді алу әдістерінің жиынын нанотехнология деп атайды.
Нанобөлшектердің сызықтық өлшемдерінің әралуандылығынан оларды нөл-, бір-, екі- және үшөлшемді (сәйкесінше, 0D-, 1D-, 2D- және 3D-нанобөлшектер) етіп бөлуге болады.
Нанобөлшектердің сызықтық өлшемдерінің әралуандылығынан оларды нөл-, бір-, екі- және үшөлшемді (сәйкесінше, 0D-, 1D-, 2D- және 3D-нанобөлшектер) етіп бөлуге болады.
Нөлөлшемді наноқұрылымдырға еркін және тұрақтандырылған кластерлер, фуллерендер және кванттық нүктелер жатады. Кластерлермолекулалық кластерлер, газдық лигандсыз кластерлер, коллоидтық кластерлер және қатты денелі кластерлер болып бөлінеді.
Ең белгілі С60 фуллеренінің өлшемі 1 нм, ал молекуласының өзі бір-бірімен коваленттік байланыспен байланысқан 60 көміртегі атомынан тұрады, олардың толық құрылымы футбол добының формасындай болып келеді. Фуллерен көміртегінің жаңа аллотропиялық модификациясы болып табылады, ол идеал шариктері бір-бірімен Ван-дер-Ваальс күштері арқылы байланысқан ерекше құрылым.
С60тан басқа фуллереннің графитті гелий атмосферасында тозаңдатқан кезде түзілетін дөңес көпқырлықтар түріндегі молекулалары да бар. Синтез кезінде көбінесе С60 және С70 молекулалары, сонымен қатар атомдар саны жұп болып келетін жоғарғы фуллерендер түзіледі.
Фуллерен суда нашар ериді және электр тогын өткізбейді, алайда фуллерендік «шар» бетінің модификациясын немесе оның ішкі кеңістігін металл атомдарымен толтырған кезде, оның физикалық қасиеттері елеулі түрде өзгереді, мысалы асқынөткізгіштік күйге өтуі немесе магниттік қасиеттерінің пайда болуы. Қазіргі кезде фуллеренді наноэлектроникада, медицинада, техникада қолдану мүмкіндігі талқылануда. Мысалы, жасанды алмаз синтезінің негізі, кванттық компьютер элементтері ретінде, тканьдерді радиациядан қорғау үшін, дәрілердің және майлайтын заттардың құрамында қолдану.