НАСЕКОМДАР КЛАСЫ
Сыртқы құрылысы: ересек насекомдардың денесi үш бөлiмнен тұрады: бас, кеуде, құрсақ. Басында қос буынды әртүрлi антенналары (мұртшалары), қарапайым немесе күрделi көздерi және ауыз аппараттары орналасады. Ауыз аппараттарының типiне қарай насекомдарды екi үлкен топқа бөледi: кемiрушiлер (мондибулярлы) және сорушылар (тұмсықтылар). Байқалатын айырмашылықтарына қарамастан бұл насекомдар топтарының ауыз аппараттары гомологты. Кемiргiш ауыз аппараты ең қарапайым. Ересек насекомдарда кемiргiш ауыз аппараты үш қос жақ аппаратынан құралады: мандибулялардан, буынды сезгiш мұртшалы бiрiншi максиллалардан және астыңғы ерiнге айналған екiншi максиллалардан.
Кеуде бөлiмi үш сегменттен тұрады: алдыңғы кеуде, ортаңғы кеуде, артқы кеуде. Ортаңғы және артқы кеуде сегменттерiнде қос тыныс тесiктер орналасқан. Үш сегменттiң әрқайсысында бiр-бiр жұп буындалған аяқтары болады. Аяқтары жүруге, жүгiруге, секiруге, жүзуге, қоректi ұстауға және дыбыс дабылын беруге де ыңғайлануы мүмкiн. Көптеген насекомдардың қанаттары болады, бiрақ кейбiр отрядтардың өкiлдерi қанатсыз болып келедi, мысалы, Thysanura (қылтанқұйрықтылар) және Collembola (аяққұйрықтылар). Екi жұп қанаттары бiр-бiрден ортаңғы және артқы кеуде сегменттерiнде орналасқан. Ең қарапайым болып Hymenoptera (жарғаққанаттылар) және Diptera (қосқанаттылар) отрядтар өкiлдерiнiң жарғақ қанаттары есептеледi. Осы типтi қанаттардың эволюциясы нәтижесiнде түктермен жабылған ручейниктердiң (Trichoptera) қанаттары, көбелектердiң қабыршақты қанаттары (Lepidoptera), тiкқанаттылардың қабықшалы үстiңгi қанаттары (Ortloptera) және қоңыздардың мүйiздi үстiңгi қанаттары (Coleoptera) пайда болды. Қосқанаттылардың екiншi қанаттар жұбы ызылдауыққа айналған.
Құрсақ сегменттерiнiң саны 3 пен 11 аралығында болады. Оларда өсiндiлер болмайды. Тек 8-шi және 9-шы сегменттерiнде жыныс өсiндiлерi болады. Кейбiр түрлерiнiң 11 сегментiнде церкилер болады. Тыныс тесiктерi 1-8 құрсақ сегменттерiнде орналасады.
Iшкi құрылысы. Ас қорыту жүйесi ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, жемсау, ортаңғы және артқы iшектерден тұрады. Әр түрлерде бұл бөлiмдердiң көлемi насекомдардың қорек сипатына қарай ерекшеленедi.
Насекомдардың қан айналу жүйесi жүрек пен арқа қолқасынан құралған. Денесiнiң үстiңгi жағында орналасқан түтiк тәрiздi жүрегiнiң артқы ұшы тұйық, ал алдыңғысы бас қуысына ашылатын арқа қолқасына жалғасады. Жүрек камераларының бүйiрiнде остиялар деп аталатын саңылаулары бар. Жүрек қабырғасына бiткен, қанат тәрiздi бұлшық еттерiнiң әсерiнен жүректiң камералары бiр бағытта жиырылып қанды артқы жағынан алға қарай қолқаға сырғытады. Қолқадан шыққан гемолимофа бас қуысына құйылып, одан кеуде және құрсақ бөлiгiне қарай ағып, ондағы iшкi мүшелердi аралап, қайтадан жүрекке құйылады.
Насекомдардың нерв жүйесi жұтқыншақ үстi немесе бас миы, жұтқыншақ асты ганглия, жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасы және құрсақ нерв тiзбегiнен құралған. Насекомдарда жақсы дамыған антенналар мен көздiң бар болғандығына байланысты, цефализация айқын байқалады.
Насекомдардың газ алмасуы денесiн толық қамтитын бұталанған ауа түтiкшелерiнен тұратын трахея немесе кеңiрдек жүйесi арқылы iске асады. Трахеялар стигма деп аталатын тыныс тесiктерiнен басталады.
Метаболизм нәтижесiнде түзiлген азотты заттардың экскрециясы, насекомдарда түтiкшелер арқылы iске асады. Бұл заттар несеп жолы арқылы шығарылады. Олар артқы iшекке түсiп, нәжiспен бiрге аналь тесiгi арқылы сыртқа шығарылады.
Насекомдар дара жыныстылар. Аналық жыныс жүйесi екi аналық безiнен, екi аналық жолынан, қынаптан, тұқымқабылдағыш қапшығынан және қосалқы бездерiнен тұрады. Аталық жыныс жүйесi екi аталық безiнен, екi аталық жолынан, тұқымшашқыш түтiкшеден, шағылыс мүшесiнен және қосалқы бездерiнен тұрады.
Насекомдардың тiршiлiк циклi сан алуан және орасан күрделi. Көптеген насекомдарда даму метаморфоз арқылы жүредi. Метаморфоз – бүкiл тiршiлiк циклiнде жануарлардың құрылымы мен түрiнiң кенет өзгеруi. Насекомдардың өте қарапайым топтарының личинкалары жиi ересек түрлерiне ұқсас болады. Әдетте әрбiр келесi личинкасы өскен сайын ересек түрге ұқсай бередi. Дамудың мұндай типi гемиметаморфоз деп аталады. Оны нимфалар мен ересек түрлердiң бiр аймақта мекендеп, бiр қорекпен қоректенуiн – бiртiндеп метаморфозы және нимфаларда ересек түрлерiне қарағанда басқа қорекпен қоректенуге бақталастықты тоқтататын және басқа аймақтарды игеруге адаптивтi белгiлерi пайда болғанда метаморфоз деп екi топқа бөледi.
Аса дамыған түрлердiң личинкалары ересек насекомдардан морфологиялық құрылысы бойынша қатты етекшеленедi. Соңғы личинканың түлеуi қуыршақ сатысына алып келедi. Қуыршақ кезiнде насекомдар қоректенбейдi және тыныштық күйде болады. Дамудың мұндай типi голометаморфоз деп аталады.
Метаморфоздың маңызы. Метаморфоз ювенильдi және ересек түрлер арасында бәсекелестiктi төмендетiп түрлi аймақтарды мекендеп, түрлi қорек қорларын пайдалануға мүмкiндiк бередi. Мысалы, инелiк желбезекпен тыныс алып, су насекомдарымен қоректенсе, ересек инелiктердiң қорегi құрлық насекомдардан тұрады және олар трахеямен тыныс алады. Көбелектердiң жұлдыз құрттары қорек ретiнде негiзiнен жыпарықтарды пайдаланады және олардың ауыз аппараттары кемiргiш типтi, ал ересек көбелектер гүлдiң шырынымен қоректенедi, ауыз аппараттары сорғыш типтi.
НАСЕКОМДАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
Омыртқасыздар арасында ең жас және саны жағынан 1 млн. түрдi есептейтiн ең үлкен жануарлар класы. Олар барлық мекен аймақтарын толығымен игердi – суды, әуенi, құрлықты. Оларға күрделi түйсiктi сезiм, жоғары өсiмталдық, кейбiреулерiне қоғамдық тiршiлiк тән. Метаморфозбен дамуда ересек дарақтар мен дернәсiлдер арасында мекендеу орталарын және қорек көздерiн бөлу жүредi. Көптеген насекомдардың эволюция жолы гүлдi өсiмдiктермен тығыз байланысты. Ары дамыған насекомдар – қанаттылар. Табиғаттағы зат айналымда өсiмдiк қалдықтарды тұтынушылар қиконыздар мен көмбекейлер үлкен рөл атқарады, бiрақ сонымен қатар насекомдар ауылшаруашылық өсiмдiктерге, бау-бақшаларға, азық-түлiк, терi, ағаш, жүн, кiтап қорларына үлкен зиян келтiредi. Көптеген насекомдар – жануарлар мен адам ауру қоздырғыштарының тасымалдаушылары. Адам бiрқатар жыртқыш және паразиттi насекомдарды өсiмдiктердiң зиянкестерiнен қорғанысы ретiнде пайдаланады. Адам бал аралар мен түт жiбеккөбелектерiн өсiредi. Табиғи биогеоценоздардың қысқаруы мен пестицидтарды қолдануға байланысты насекомдар түрлерiнiң жалпы саны қысқаруда, сондықтан КСРО Қызыл кiтабына 210 түр енгiзiлген.
Достарыңызбен бөлісу: |