Stud.kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Сабақ тақырыптары:
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.
Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану.
Теңдеулер.
Бақылау жұмысы №1
Қатынастар
Қатынастарды қысқарту.
Берілген қатынаста бөлу.
Берілген қатынаста бөлуге есептер шығару.
Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті
Процентке берілген есептерді пропорцияны пайдаланып шығару.
Бақылау жұмысы №2
Тура пропоционалар шамалар
Санның модулі.
Өзендегі қозғалысқа күрделі есептер (қосымша оқу үшін)
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Бақылау жұмысы №5
Рационал сандарды азайтуға есептер шығару
Рационал сандарды азайту. Өзіндік жұмыс №5
Рационал сандарды көбейту.
Рационал сандарға барлық амалдар қолдану арқылы жаттығулар орындау.
Проценттерге күрделі есептер
Алгебралық өрнек құрастыруға есептер шығару
Өрнектерді тепе - тең түрлендіру
Бақылау жұмысы №8
ІY тарауды қайталауға арналған жаттығулар. 4. 5. Сатылы бөлшектер.
Санды теңдіктер. Тура санды теңдіктердің қасиеттері.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешудің дербес жағдайлары
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуге есептер шығару.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулермен берілген қозғалыс есептері.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулермен берілген қолданбалы есептері.
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың бөлінгіштігі.
Математика 6 сынып.
Сілтеме: Білім стандарты, пән бағдарламасы,“Математика” Математика 6 сынып, төрінші басылым. Т. А. Алдамұратова, Т. С. Байшоланов, Е. С. Байшоланов Алматы Атамұра 2015 ж.
Жалпы мақсаттар: Білім берудің жаңа тәсілдері мен АКТ - ны пайдаланып оқытуды қолдана отырып өткен тақырыпты қайталау, түсіну, кез - келген проблеманы шешу қабілеттерін дамыту, жас ерекшеліктеріне қарай есеп шығару дағдыларын зерделеу; тапсырмалар арқылы ойын қорыта алу.
Оқыту нәтижесі: Ойы толығады; өзіндік ойын ортақ пікірге қосып айта біледі; әрекетті сыни ойлауды үйренеді; сөйлеу мәнері қалыптасады; сұхбат арқылы кері байланысты үйренеді. Оқушылардың дүниетанымы кеңейеді ой ұшқырлығы дамиды.
Негізгі идеялар: Натурал сандардың бөлінгіштігі анықтап, өмірде қолдану.
Тапсырмалар: 1. Ой шақыру. Натурал сандардың бөлінгіштігі дегеніміз не?
2. Анықтама құрастыру, айту, толықтыру.
Міндеттері: 1. Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалау.
2. Балалардың сөйлеу мәдениетін, өзіндік ой ұшқырлығын дамытуды қалыптастыру.
3. Балалар ынтымақтастығын ұйымдастыру.
4. Көшбасшылық қабілеттерін анықтау.
Бағалау: Бірін - бірі бағалау, 2 жұлдыз, бір ұсыныс.
Кейінгі тапсырмалар: Оқулықпен жұмыс. №12 - 15
Кері байланыс: Рефлексия БҮҮ
1. Ұйымдастыру. Өткен материалдарды сұрап, қосымша сұрақтар беріп, жауаптарын толықтырып қорытамын.
2. Ой шақыру. Натурал сандар, Натурал сандардың бөлінгіштігі туралы не білетіндерін сұрау, жауаптарын толықтыру.
Натурал сандар Қандай да бір нәрсені есептеу үшін 1, 2, 3, 4 және т. б. сандар қолданылатыны белгілі. Санау үшін пайдаланылатын сандар натурал сандар деп аталады.
Өсу ретімен жазылған 1, 2, 3, 4, 5,... натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды.
1 саны натурал қатардың ең кіші саны, ал ең үлкен сан болмайды.
Әрбір натурал саннан кейін алдынғысынан бір санға артық тағы бір натурал сан келеді.
Нөл натурал сан емес
Сандар 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 белгілері арқылы жазылады.
Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер цифрлар деп аталады.
0, 2, 4, 6, 8 цифрлары жұп цифрлар деп аталады.
1, 3, 5, 6, 7, 9 цифрлары тақ цифрлар деп аталады.
Әрбір натурал сан разрядтарға бөлінеді. Разрядтар оңнан солға қарай бірлік, ондық, жүздік және т. с. с. оқылады
Санның жазылуындағы алғашқы үш разряд бір топқа біріктіріліп, бірліктер класы деп аталады. Бұл класс бірліктер, ондықтар, жүздіктерден тұрады.
Төртінші, бесінші, алтыншы разрядтар мыңдықтар класын құрайды. Оған мың, он мың, жүз мыңдардың бірліктері кіреді.
Кестеде көрсетілгендей, мыңдықтар класынан кейін миллиондар класы, одан кейін миллиардтар класы және т. б. жалғаса береді.
Сабақты пысықтап, қорыту: оқушыларға оқулықтағы есептерді бөліп беріп, мағынасын ашқызып, есеп шығартамын. Сәйкестендіру тесттерін құрастырту, жауаптарын тапқызып, бір - біріне бағалату. Жалпылама сұрақтар беріп, жауаптарын толықтырып, қорытамын.
Үйге тапсырма беріп, оқушыларды бағалаймын.
Математика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлар (6 сынып) жүктеу
Достарыңызбен бөлісу: |