Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы



бет1/5
Дата22.02.2016
өлшемі389.5 Kb.
#54
  1   2   3   4   5
Мазмұны:

Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы


1

Қазақстан 2050 - Жаңа веб-портал ашылды //Егемен Қазақстан.- 2013.- 11 қыркүйек.- 4 б.

3

2

А. Сейілова, Тарихымыз тың деректермен толығады. //Егемен Қазақстан .-2013.-13 қыркүйек.- 2 б.

5

3

К.ІЛИЯСОВА, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тарихқа талдау қажет//Айқын.-2013.-12 қыркүйек.- б.

6

4

С.Молдағалиұлы, ҚазҰАУ-дың директоры ҰЛТ ТАРИХЫ – ОТАНШЫЛДЫҚ ТІРЕГІ //Ана тілі.-2013.-12 қыркүйек.- 2 б.

9










Қазақстандағы жоғары білім


5

Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы

Астана, Ақорда,2013 жылғы 2 қыркүйек. №633



13

6

Білім және ғылым министрі: Аслан Бәкенұлы СӘРІНЖІПОВ//Егемен Қазақстан.- 2013.- 3 қыркүйек.- 1 б.

13

7

ҚазАТУ-дағы салтанатты мереке//Егемен Қазақстан.- 2013.- 3 қыркүйек.- 9 б.

14

8

Д. КЕНЖАЛИН, Ортақ күнге орайластырылды //Егемен Қазақстан.- 2013.- 3 қыркүйек.- 4 б.

15

9

М. САРЫБЕКОВ, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универ-ситетінің ректоры, Оңтүстік аймақтық ректорлар кеңесінің төрағасы. Ауқымды жобалар арнасы//Егемен Қазақстан.- 2013.- 5 қыркүйек.- 8 б

16

10

М. Шайдаров, Астана медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Медициналық-санита-риялық алғашқы көмекті жетілдіру процесіндегі медициналық білім берудің рөлі//Егемен Қазақстан .-2013.- 6 қыркүйек.-8 б.

18

11

В. Макаров,Блестящий рывок КазНУ//Казахстанская правда.-2013.-12 сентября.-С.3

22

12

Ж. САЛИМОВА,Вуз поднялся в рейтинге. //Казах-станская правда.-2013.-12 сентября.- С.5

23

13

О. Елубай, Білімнің қайнар көзі – ізденісте

//Егемен Қазақстан .-2013.-12 қыркүйек.- 8 б.



24

14

Б.ӘбдіғаппАРҚЫЗЫ, БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ӨЗГЕРІСТЕР БОЛМАҚШЫ//Ана тілі.-2013.-12 қыркүйек.- 2 б.

27

15

Б. СЕКСЕНБАЕВ, ректор Южно-Казахстанской государственной фармацевтической академии. Фармацевтов на юге достаточно, врачей не хватает//Казахстанкая правда.-2013.-13 сентября.- С.26

28

16

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Ертіс» технологиялық ғылыми орталығының атқарушы директоры Жұмабек ОМАРОВПЕН әңгіме. «Бізге бәсекеге қабілетті, жаңашыл технопарктер қажет» //Егемен Қазақстан .-2013.-13 қыркүйек.- 3 б.

31

17

Үздіктер қатарындағы университет //Егемен Қазақстан .-2013.-13 қыркүйек.- 4 б.

34

18

С. Абенова, на гребне технологической волны //Казахстанкая правда.-2013.-14 сентября.- С.8

35










Қызылорда облысының ғылымы, білімі

және мәдениеті

Жоғары білім:




ҚМУ – баспасөз орталығы хабарлайды:




19

Университет жастары «SamsungElectronics» компаниясының грантын иеленді


37


Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде



















20

Ғ.Тұяқбаев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университе-тінің доценті, фил. ғылымдарының кандидаты Азаттықты аңсаған ақын //Қазақ әдебиеті.-2013.- 23-29 тамыз.- 10 б.

38

21

Д.АЯШҰЛЫ,ТІЛЛӘ ЖИМА, ТІЛ ҮЙРЕН//Сыр бойы .- 2013.- 3 қыркүйек.-6 б.

40

22

М.Әміреев,ақын; Ә. Рахымбеков, ақын; А.Ерназаров Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң құрметті профессоры; З.Шермағанбетов Жаңа қорған ауданының құрметті азаматы; А. МАХАТАЕВ, партия, кеңес кызметкері, Б.СЕЙСЕНОВ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң профессоры; Ж.Жайсаңбаев, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң профессоры. Бәріміздің де ұстазымыз еді//Халық.-2013.- 12 қыркүйек.- 6 б.

41

23

С.АЛДАМЖАРОВА,СУЮНШИ ОТ БАБУШКИ И ДЕДУШКИ //Кызылординские вести.-12 сентября.- С.2

43









Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы


Жаңа веб-портал ашылды


Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Астана төрінде өтіп жатқан Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы аясында «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының жүзеге асырылу барысы жайында ақпарат тарататын жаңа веб-порталдың таныстырылымы өтті.

Жиынды ашқан Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев аталған ақпараттық портал «Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын» халыққа және бүкіләлемдік қауымдастыққа түсіндіру мақсатында ашылып отырғанын айта келе, оны еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Қаз­контент» АҚ мекемесі дайындағанын атап өтті.

Бұл ретте, «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Зарина Бақтиева да сөз алып, «Стратегия-2050» веб-пор­талының мақсат-міндеті төңірегінде баяндап берді. «Бұл веб-портал – «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асырылу барысы туралы жедел мәліметтер мен эксклюзивті талдаулар мен сараптаулар шоғыры жинақталатын ақпарат алаңына айналатын болады. Мұнда күн сайын 40-тан астам ақпараттық және талдау материалдары, бейне, фотоматериалдар үш тілде жарық көріп отырады», – деді Зарина Бақтиева өз сөзінде.

Оның айтуына қарағанда, жаңа ақпараттық интерактивті порталды әзірлегенде пайдаланушыларға тиімділік жағы жан-жақты ескерілген және оларға ыңғайлы болу үшін қазіргі заманғы әдіс-тәсілдер толықтай қамтылған. Порталдың көру қабілеті нашар жандарға арналған арнайы нұсқасы да бар көрінеді. «Бұл портал танымал әлеуметтік желілермен кіріктірілген. Яғни, сіздер жаңалықтардың қысқа түрдегі аңдатпасын көруге мүмкіндік аласыздар», – деді З.Бақтиева.

«Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, сондай-ақ, «Стратегия-2050» порталында 2050 жылға дейінгі жобалар тізбегі туралы барлық ақпарат қамтылатынын, порталда интерактивті карта орналасқанын, бұл жерде Қазақстанның жалпы картасы жасалғанын атап өтті. «Мұнда еліміз облыстарының қандай салаларында қанша жоба жүзеге асырылып жатқаны туралы толық мәлімет алуға және көруге болады. Бұған қоса, жобалардың 2050 жылға дейінгі іске асырылу барысына да көз жеткізе аласыздар. Түйіндеп айтсақ, портал оны пайдаланушыларға зор интерактивті мүмкіндіктер ұсынады. Бұл жаңалықтар таспасы және онлайн-трансляция», деді З. Бақтиева.

Парламент Сенатының депутаты Серік Нөгербеков бүгінде қоғам алдында «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру ауқымды міндеті тұрғанын айта келе, G-Global хатшылығы атынан «Стратегия-2050» порталы G-Global коммуникативті алаңының зор қолдауына ие болатынына сенім білдірді. «G-Global бүгінде әлемдегі ірі коммуникативті алаңдардың бірі болып отыр. Ал «Стратегия-2050» порталы G-Global коммуникативті алаңының зор қолдауына ие болады деп санаймын», деді ол бұл турасында.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев бұл Елбасы қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында жасалған үлкен жұмыстың жемісі екенін, бұл ретте, көпфункциялы, интерактивті веб-порталдың өз артықшылығы барын атап өтті. «30 жыл деген демде өте шығатын уақыт. Сондықтан, Мемлекет басшысының ел алдына қойған талаптарын орындау үшін, ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін аянбай қызмет ету керек. Ал ол қызметтің қалай жасалып жатқандығы халықтың назарында болуы тиіс. «Стратегия-2050» веб-порталы, міне, осы мақсатта жасалған ауқымды бастама. Бұл порталдың ерекшелігі – ол тек орталық мемлекеттік органдар деңгейінде атқарылып жатқан іс-шараларды ғана емес, аймақтарда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды да насихаттап отырады», деді А.Қырықбаев.


Онлайн-режімі арқылы байланысқа шыққан Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Өрсариев: «Мен сайтпен, оның алдына қойылған мақсат-міндеттермен танысып шықтым. Интерфейсі, сәтті таңдалып алынған суреттері – бәрі де сүзгіден өтіп, алдын ала ойластырылып жасалғаны көрініп тұр. Талдамалы, сараптамалы материалдар да кездеседі екен. Бір атап өтерлігі, аймақтарға жеке бөлім арналыпты. Бұл – ерекше қуанарлық жайт. Әрине, дәл қазіргі таңда көбіне жаңалықтар жазылуда, ал болашақта талдамалы және сараптамалы дүниелер көбірек жазылса деген ұсынысым бар. Бұл ретте, веб-порталда біздің әкімдіктер мен олардың басқармаларының жоспарын да орналастыруға болатынын айтқым келеді. Осы мақсатта біз қажетті материалдармен және мәліметтермен бөлісіп отыруға дайынбыз», деп атап өтті.

Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов те жаңа веб-порталға қатысты ой-пікірін білдірді.

Сонымен, бұл жобаны дайындаушылардың пікірінше, веб-порталдың негізгі мақсаты – «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асырылу барысы туралы жедел ақпараттар мен эксклюзивті талдаулардың дереккөзін құру.

Демек, алдағы уақытта сіз күн сайын бұл порталдан ақпараттық және талдау материалдарын, сондай-ақ бейне және фотоматериалдарды көріп, ой сүзгісінен өткізуге мүмкіндік аласыз.


«Егемен Қазақстан»,

//Егемен Қазақстан.-2013.- 11 қыркүйек.- 4 б.

Айгүл Сейілова,

Тарихымыз тың деректермен толығады

Алдыңғы күні «Қазмедиа орталығында» Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының қызметкерлері «Мыңжылдық көкжиек» бағдарламасы аясындағы шетелге іссапарларының қорытындылары бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Жиынды жүргізіп отырған Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі, академик Меруерт Әбусейітова «Халық тарих толқынында» атты үлкен бағдарламаның бір тармағы саналатын «Мыңжылдық көкжиек» бағдарламасы аясында бір топ отандық ғалымдардың Қытай Халық Республикасына іссапармен барып қайтқанын айта келіп, «Біздің ғалымдар Қытайдан 283 томды құрайтын бірегей мұрағаттық құжаттарды әкелді. Оның арасында Абылай хан мен Қытай императоры Цяньлунның жазысқан хаттарының көшірмелері де бар. Бұл құжаттарды сенсациялық деп атауға болады. Онда Абылайдан басқа да қазақ хандары мен қытай басқарушыларының арасындағы дипломатиялық байланыстың орнатылғаны жөнінде көрсетілген. Абылай хан мен Цяньлун алысқан көп хаттарда тілек, құттықтау білдірілген, тіпті, Қазақ хандығының Цинь империясында елші тағайындағаны жөнінде мәлімет бар. Қытай мұрағатында бүгінде бізге сыры ашылмаған 3 мыңнан астам құжаттар бар екені анықталды, енді солармен жұмыс істеуге тиіспіз», – деді. Ғалым алдағы уақытта осы құжаттардың электронды нұсқасы мен тізбесін жасау қолға алынатынын мәлімдеді.

Жиынға қатысқан Шығыстану институтының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Жанымхан Ошан неше мыңдаған жылдық жазба тарихы бар Қытай елінің өз көршілері туралы ең көп мәлімет қалдырған ел екенін айтты. Еуразия даласын қоныстанған қазақтардың тікелей ата-бабалары саналатын көне түркі-моңғол тайпаларының мыңдаған жылдық тарихы туралы ең құнды деректердің көбі осы елдің тарихи жазбаларында, мұрағат құжаттарында және тастарында бәдіздеулі екенін жеткізді. «Тас жазбаларды ашу мен зерттеу бұл елде ең қарқынды жұмыстардың бірі. Түркі халықтарына қатысты тарихи тас ескерткіштердің елеулі бөлігі VІ-ІХ ғасырлардағы түркі халықтарының тарихынан сыр шертеді. Бұлар мазмұны жағынан Қытайдың ресми 24 тарихы мен басқа да тарихи шығармаларының ақтаңдақ беттерін толықтырып отыр, аталған ескерткіштердің еліміздің көне тарихын зерттеудегі деректемелік құндылығы, міне, осында», – деді ғалым. Ал, Қытайға іссапармен барған тағы бір ғалым, Шығыстану институтының қызметкері Әсел Мансұрова уақыты бойынша біздің заманымыздың 12-ші ғасырына жататын, Тұрфан, Қашқар, Ганжоу қалаларынан табылған мұралардың ішінде жазулары көне түркі, көне сирия жазуларымен қашалған эпитафиялық ескерткіштердің Жетісу жерінен табылған ескерткіштермен ұқсастығын тілге тиек етті.

//Егемен Қазақстан .-2013.-13 қыркүйек.- 2 б.

Күлпаш Ілиясова, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Тарихқа талдау қажет
Жуырда өткен жалпыұлттық маусым кеңесінде Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин тұжырымды ойларымен тарихшылар қауымына қозғау салды және мемлекеттік саясаттың тарих ғылымындағы ұстанымын жеткізді.

Тәуелсіздіктен бүгінге дейін тарих ғылымында қандай түбегейлі өзгерістер болды, тарихты оқыту мен зерттеудің қазіргі проблемалары, жалпы, ұлттық тарихымыз қалай насихатталып жүр? Аталмыш кеңесте осы және өзге де тарих мәселелері ортаға салынды. Осыған орай Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Күлпаш Ілиясовамен пікір бөлістік.

– Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары негізі қаланған Кеңестер Одағы екінші дүние-жүзілік соғыстан кейін АҚШ-пен текетіреске түскен алып державаға айналды. Алайда бір кездері төрткүл дүниені дүркіреткен Одақтың ғұмыры қысқа болды. Өйткені қоғамның барлық саласы таптық қағидалармен шырмалып, кеңестік идеологиямен қаруланды. Ал тарих ғылымы маркстік-лениндік методологияны басшылыққа алды. Соған сәйкес кеңестік тарихнамада пролетариат диктатурасы асыра дәріптеліп, халықтардың тарихы жазылмай қалды. Алайда сталиндік дәуірдің аяқталуы қоғамдық-гуманитарлық ғылымның барлық салаларына қозғау салды.

Бұл қозғалыстың тарих ғылымындағы «біссімілләсі» 1937 жылғы репрессияның құрбандарын ақтаудан басталды. 1957 жылы Ілияс Жансүгіров, Қошке Кемеңгерұлы, Нәзір Төреқұлов және т.б. ұлттық интеллигенция өкілдерінің алғашқы легі ресми ақтала бастады. Аяқсыз қалған бұл үрдіс «горбачевтік» кезеңде шыңына жетті. «Қайта құру» алпыс жыл бойы ақиқаты айтылмай келген тарихтың «ақтаңдақ» беттерін ашты. Оған саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қомақты үлес қосты. Мысалы, Қошке Кемеңгерұлы сияқты Алаш арыстарының шығармалары жинақталып, оқырманын тауып жатты. Бірақ тағы да қатаң идеология кедергі жасап бақты.

Бұл қозғалыстың қайта жаңғыруы тәуелсіздік қарсаңына тұспа-тұс келеді. Айталық, 1989 жылы Мәскеудегі «Мемориал» қозғалысы үлгісінде құрылған «Әділет» тарихи-ағарту қоғамын басқарған академик Манаш Қозыбаев әріптестерімен бірге нақты іске кірісті. Қазақтың шығу тегінен (my heritige) бастап, ру-тайпалар тарихын жазуға айтарлықтай үлес қосқан Алаш қайраткерлерінің мұралары, шығармашылығы және ғылыми-педагогикалық қызметі жаңа қырынан ашылды.

Зерттеудің нәтижелері 1993-1994 жылдары екі тілде жарық көрген Қазақстан тарихы очерктеріне арқау болды. Сондай-ақ «Қазақ тарихы» ғылыми-әдістемелік журналының алғашқы саны жарық көрді. Бүгінде бұл басылым да жиырма жылды артқа тастады. Аталған журнал мен очерк материалдары жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орындарына аса қажетті оқу құралына айналды. Осының бәрі білім беру мен ғылым жүйесіндегі түбегейлі реформалардың алғашқы көріністері-тін.

Сол себепті бұл өзгерістерді тарих реформасының бірінші кезеңі деп қарастыруға болады (1993 – 2013).

Бұл кезеңде Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси репрессия құрбандарын ақтау туралы» Заңы (1993) шықты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңестің мәжілісінде «Қазақстан Республикасының тарихи санасын қалыптастыру» тұжырымдамасы (1995) қабылданды. 1997 жыл «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 жыл «Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы» (1998) болып аталды. Мемлекет басшысының «Тарих толқынында» атты еңбегі жарық көрді (1999). Сондай-ақ «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы (2003-2004) жарияланды, іргелі және қолданбалы ғылыми жобалар іске асты, көптеген монографиялар, құжаттар мен материалдар жинақтары, фоно-фотоқұжаттар шықты. Сонымен қатар шетелдік мұрағат қорларын игеру, сырттан әкелінген 5000-ға жуық құжаттармен жұмыс жасау қолға алынды.

Ал тарих реформасының екінші кезеңін осы жылғы жалпыұлттық маусым кеңесінен (5 маусым 2013 жыл) бастау өздігінен сұранып тұрғандай. Онда көтерілген мәселелердің мазмұны терең, ауқымы кең болды. Кеңестің тақырыбына сәйкес, қазіргі қалыптасқан мемле­кетіміздің жағдайында тарихты зерттеуден зерделеуге бетбұрыс жасалды, бұл тарих ғылымындағы прогресс. Басқаша айтқанда, тәуел­сіздік жылдарында жарияланған тарих материалдарын қорытудың мезгілі келіп жетті.

Жалпыұлттық кеңесте тиісті министрліктер мен мемлекеттік мекемелерге «Көне дәуірден бүгінге дейінгі ұлттық тарих» және «Қазіргі Қазақстан тарихы» деп аталатын екі негізгі оқулықты дайындау (жазу) жоспарын жасау тапсырылды. Мемхатшы Марат Тәжиннің баяндамасында нақты көрсетілгендей, «Қазіргі Қазақстан тарихы салыстырмалы түрде тарих ғылымындағы жаңа бағыт. Сондай-ақ оның аяқталған жүйелілік сипаты жоқ, яғни дербес ғылыми пән ретінде қалыптаса қоймаған, методологиясы мен оқу-әдістемелік жағынан толық қамтамасыз етуді қажет ететін пән болғандықтан, бізге тез арада осыларды жою маңызды» делінді.

Осы кеңестен кейінгі қысқа мерзімде тарихшылардың белсенділігі артты, БАҚ арқылы аймақтардағы тарихшылардың дауысы жетті. Тарихшылар қауымы бұрынғы оқшаулықтан арылып, бірегейлікке, өркениетке бет түзей бастады. Сөйтіп, бәріміз «бір терінің пұшпағын илеуге» кірістік. Бұл да прогресс. Жалпыұлттық, мемлекеттік маңызы бар ортақ шаруа қашанда бірлікті талап етеді. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді қазақ даналығы.

Кеңесте тарихшылардың жол картасы жасалды деуге болады. Тіпті таяудағы міндеттеріміз анықталып, жұмыс істеу механизмдері көрсетілді. Содан бері қолда бар материалдарды игеру және оларды қорыту ісі қолға алынды. Сосын тарих методологиясын, әсіресе зерттеудің синтездік әдісін жетілдіру, жансыз жатқан дәуір құжаттарын қайта тірілту, тарихты жеткізудің тиімді әдістерін қарастыру бағытында қыруар жұмыстар басталды.

Жоғарыда айтылған Көне дәуірден бүгінге дейінгі ұлттық тарихты жазуда, біз мынадай мәселелерді ескеруіміз керек. Бізге белгілі болғандай, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Қазақтың екі жарым жылдық тарихы бар». Мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің пікірінше, «бұл кездейсоқтық емес. Бұл қола дәуірінің аяқталып, темір дәуірінің басталуымен тұспа-тұс келеді... Осы кезде бірігу, тұтасу кезеңінің негізі қаланған». Бұл тұжырымды қазақ антропологы Оразақ Смағұл да растайды. Ол «біздің жерімізді мекендеген алғашқы қауым – қола дәуіріне (б.з.д. ХХ-ІХ ғғ.) барып тірелетінін» негіздейді. Сондай-ақ халқымыздың этногенезі туралы «протоеуропеидтық тектің тек қазаққа тән болғанын, оның өзгерместен темір дәуіріне жеткенін, содан кейін Орта Азиядан келген тайпалардың әсерімен өзгеріске ұшырағанын және бұл процестің Шыңғыс хан тұсында күшейіп, біздің жердегі халықтың байырғы түрі өзгеріп, монголоидтық түр басымдық алғанын» айта келіп, «қазақтардың төрт мың жыл бұрынғы антропологиялық, генетикалық, биологиялық ерекшелігінің 30% сақталып қалғанын» алға тартады.

Қола дәуірінде біздің арғы ата-бабаларымыз қуатты күшке айналды. Шетелдік тарихнамада «номад» деген атаумен белгілі болған көшпенділер, шынында Еуразия кеңестігінде жаһандануға негіз болды. К.Маркстің сөзімен айтқанда, «шекараны тауар бұзды». Қытайдан Еуропаға дейінгі ұланғайыр аумақта б.з.д. ІІ ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолы Қазақтың ұлы даласы арқылы Еуразия халықтарының өзара кірігуіне жол ашты.

Жалпы, адамзаттық өркениет қағидасы тұрғысынан қарасақ, халқымыздың тарихи тамырлары әлемдік үрдістермен сабақтас. Оған әйгілі грек тарихшысы Геродоттың еңбегіне арқау болған сақ-скифтердің, батыстық және шығыстық саяхатшылардың қолжазбаларындағы түркілердің, одан бергі заманда қалыптасқан көпэтникалық халықтардың тарихы дәлел.

Мамандардың пайымдауынша, қазақ этногенезі проблемасын ғылымның антропология, генетика сияқты салаларынсыз шешу мүмкін емес. Генетикадағы соңғы жетістіктің бірі ДНК (дизоксирибонуклеин қышқылы), медицинада тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуге жауапты нуклеин қышқылының бір түрінің пайда болуымен түсіндіріледі.

Тарих сарайының іргетасын ежелгі тарихқа, қабырғасын орта ғасырлар тарихына, төбесін жаңа заманға, шатырын қазіргі заманға балаған филолог-тарихшы Қойшығара Салғараұлы «Америкадағы үндістердің түпкі тегі – түріктер» деген әлемдік тұжырымның «біздің тарих ғылымындағы түркі халықтары VІ ғасырда пайда болды» деген тұжырымға кереғар келетінін тілге тиек етеді.

Археологтар Есік қорғанынан 1969 жылы табылған алғашқы «Алтын адам» ескерткішінің санын бүгінде жетеуге жеткізді. Отандық археология ғылымы сақ дәуірінен сыр шертетін жер аумағын кеңейтті.

Орта ғасырлық түркі халықтарының Моңғол империясының ықпалына түсуі, моңғолдардың түріктенуі немесе осыған кері процестерге (ассимиляциялану) байланысты ортақ шешім керек. Мысалы, қазақтың шығу тегін Шыңғыс ханнан таратып, Дешті қыпшақта құрылған түрік мемлекеті – Алтынорданы тек қыпшақтарға (қазақтарға) меншіктеу сын көтермейді. Сонда бұл мемлекеттің құрамына кірген Ресейдің еуропалық өңірін, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелерді, Польша, Мажарстан, Бұлғарстан, Солтүстік Кавказ, Хорезмді қайда қоямыз?..

ХV-ХІХ ғасырларды қамтитын Қазақ хандығының құрылу жылдарын нақтылаудың да реті келіп тұр. Бұл туралы тарихшылардың түйінді пікірлері «Халық тарих толқынында» айдарымен эфирге шыққан бағдарламаларда талай рет айтылды. Шындығында, Мұхаммед Хайдар Дулатидің жалғыз дерегін (1465-1466 жж.) жоққа шығарудан ұтылмасақ, ұтпаймыз. Қалай айтсақ та, Қазақ хандығын құру ХV ғасырға сәйкес келетіні анық.

Дәл қазір бізге тарихшы Зардыхан Қинаятұлының Қазақ хандығының құрылуын Керей мен Жәнібектің арғы атасы Ақорданың ханы болған Орыс ханмен байланыстыруы, Ақорда мен Қазақ хандығы іс жүзінде бір мемлекет деген тұжырымы маңыздырақ, жаңа концепция. Автор Ақордадан бастап санайтын болсақ, қазақта 40-қа жуық хан, ал қазақ хандығынан бері санайтын болсақ 31-32 хан болғанын айтады. Сондай-ақ Орыс ханның кезінде «Алаш» қазақтың басын біріктірген жауынгерлік ұран болғанын айтып, кейбір ғалымдарымыздың «алты Алаш» деген сөзді «ол башқұрт, қырғыз және тағы бәленше» деуін құптамайды. Ол «Алаш» ұраны Ақорданың тұсында қазақтың ұлттық идеологиясына айналғанын негіздейді.

Осы ретте Алашорда тарихынан аттап кете алмадық. Өткен жылы «Жас Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси апталығында (22.11.-26.11.2012) тележурналист-алаштанушы Болат Мүрсәлімнің «Алашорда туралы бірер сөз» атты мақаласы жарық көрді. Онда Алаш қайраткері Әлімхан Ермековтің «Жасасын, Алаш автономиясы!» атты мақаласы бойынша Алашорданың құрылған күнін 13 желтоқ­сан емес, одан бір күн бұрын болғаны айтылады. Әрине, контрверсиялық мұндай пікірлердің негізсіздігін айқындайтын деректер жеткілікті. Алайда бұл арнайы қарастыруды қажет ететін тақырып, әрі мына мақаламыздың көлемі көтермейді. Сондықтан, оны алдағы уақыттың еншісіне қалдырайық.

Тәуелсіздік жылдарында Алаш қозғалысына мүше болғандар мен ниеттестер тізімінің бірнеше нұсқалары шықты. Алғашқысы «Қа­зақстан коммунисі» (қазіргі «Ақиқат») журналының 1991 жылғы 8,9,10-сандарында жарияланды. Оған Кеңес Нұрпейіс қосымшалар енгізген. Бұл тізімді 2012 жылы Мәмбет Қойгелдиев пен Болат Мүрсәлім толықтырып, алашордашылардың санын 350-ге жеткізді. Отандық «мұрағат қорларынан 520 алашордашылардың тізімі табылды» деген ақпарат та бар. Бұл тізімге 1917 – 1919 жылдары әртүрлі деңгейде шақырылған Қазақ сьездеріне қатысқан 800-ге жуық өкілдерді де қосуымыз керек.

Тарихты бүгінгі күн тұрғысынан түсіндіруде методологиялық мәселелерді назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақстан тарихын дәуірлеу (периодизация), деректану, тарихнама және зерттеу әдістерінен туындайтын теориялық және методологиялық проблемалар да шаш етектен.

Ұлттық тарихты зерделеуде отандық деректанушылар мен тарихнамашылардың алатын орны ерекше. Өкінішке орай, олар сан жағынан өте аз, кадрлар жетіспейді. Сондықтан, олардың жанайқайын да түсінуге болады. Әрине, тарихтың дерексіз жазылмайтыны айқын.

Деректану – тарих ғылымының бір тармағы, бұл пән негізі теориялық және методологиялық мәселелерге ден қояды (мысалы: дерек түрлері, деректің пайда болуы, сақталуы, өзгеріске ұшырауы, сыни көзқарас, обьект және субьект, деректерді пайдалану әдістері және т.б.). Деректанудың аудиториясы студенттер мен магистранттар екені жасырын емес. Ал қалыптасқан қазіргі жағдайда деректанушылар тарихтың деректік негіздерін анықтап, оларды тарихи талдаудан өткізуге, сараптамалық қорытындылар жасауға басымдық берсе нұр үстіне нұр болар еді.


Сұхбаттасқан Әйгерім ӘЛІМЖАН,

//Айқын.-2013.-12 қыркүйек.- 5б.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет