Көмір сутегілік зат алмасуы. Бауыр галактозаның глюкозаға, фруктозаның глюкозаға айналуына, гликогеннің синтезделуі мен ыдырауына, глюкозаның тотығуына, қатысады.
Липидтік (май) алмасу. Бауыр липидтердің зат алмасуында үлкен де маңызды рөл атқарады. Бауырдың қатысуымен бөлінген өт іштегі майлардың ыдырауын тездетеді.
Ферменттік алмасу. Гепатоциттердің зақымдануы кезінде бір ферменттің мөлшері көбейсе, екіншілері азаяды. Ферменттер- холинэстераз(ХЭ),антикоагулянттар, : лактадегидрогеназа(ЛДГ), аспартатаминотрансфераза(АСТ), аланинаминотрансфераза(АЛТ). Олардың белсенділігін анықтау арқылы гепатоциттердің зақымдануының сипаты мен өзгерістері туралы мәлімет аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |